1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары белгіленген тәртіппен тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы ай сайын келесі айдың 10-күніне дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігін хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және тоқсан қорытындылары бойынша келесі тоқсанның 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 149-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
№р/с | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МСМ | 2020 жылғы желтоқсан | Ө.С. Бисақаев |
2. | "Ойын бизнесі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 195 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2020 жылғы желтоқсан | Ө.С. Бисақаев |
3. | "Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2020 жылғы желтоқсан | Ө.С. Бисақаев |
4. | "Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2020 жылғы желтоқсан | Ө.С. Бисақаев |
5. | "Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 227 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 тамыздағы № 373 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы | МСМ ҰЭМ | 2020 жылғы желтоқсан | Ө.С. Бисақаев |
6. | Бәс тігудің әрбір қатысушысы бойынша бәс тігуге қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер туралы ақпаратты қабылдау, есепке алу және сақтау, сондай-ақ оны өзге тұлғаларға беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2020 жылғы желтоқсан | Ө.С. Бисақаев |
7. | Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет, спорт және туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту және бөлу туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2020 жылғы желтоқсан | Ө.С. Бисақаев |
8. | "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2020 жылғы желтоқсан | Қ.А.Өскенбаев |
9. | "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2020 жылғы желтоқсан | Е.М. Әукенов |
10. | "Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2020 жылғы желтоқсан | А.Р. Заппаров |
11. | "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2020 жылғы желтоқсан | Е.М. Әукенов |
12. | "Ақмола облысы Бурабай ауданында казино мен ойын автоматтарының залдарын орналастыруға арналған аумақты анықтау" Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № А-4/129 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы | Ақмола облысының әкімдігі, МСМ келісімі | 2021 жылғы қаңтар | Қ.М. Ыдырысов |
13. | "Қапшағай су қоймасының жағалауын казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын аумақ ретінде белгілеу туралы" Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 223 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Алматы облысы әкімдігінің қаулысы | Алматы облысыны әкімдігі, МСМ келісімі | 2021 жылғы қаңтар | Б.Қ. Байжұманов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі