Қапшағай су қоймасының жағалауын казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын аумақ ретінде белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы N 223 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2010 жылы 21 қаңтарда N 2043 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының "Ойын бизнесі туралы" Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Алматы облысының Қапшағай су қоймасының жағалауы казино мен ойын автоматтарының залдарын орналастыру аумағы болып белгіленсін.
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. Баталовқа жүктелсін.
       3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Үмбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады