Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік, индустриялық аймақтар, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, энергетика, табиғи монополиялар және ішкі істер органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік, индустриялық аймақтар, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, энергетика, табиғи монополиялар және ішкі істер органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) белгіленген тәртіппен тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және тізбеде белгіленген мерзімде қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 28 сәуірдегі
№ 86-ө өкімімен
бекітілген
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік, индустриялық аймақтар, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, энергетика, табиғи монополиялар және ішкі істер органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2021 жылғы маусым | А.Д. Калайчиди |
2. | "Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭГТРМ | 2021 жылғы маусым | Е.Н. Нысанбаев |
3. | "Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 864 қаулысының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ТЖМ | 2021 жылғы маусым | М.Қ. Пішембаев |
4. | "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ТЖМ | 2021 жылғы маусым | А.С. Тиес |
5. | "Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 151 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2021 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
6. | "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2021 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
7. | "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2021 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
8. | "Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2021 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
9. | "Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2021 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
10. | "Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2021 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
11. | "Елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 253 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 33 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы | ИИДМ, ҰЭМ | 2021 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев, Т.М. Жақсылықов |
12. | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2021 жылғы шілде | Қ.Б. Рахымов |
13. | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушыларын даярлаудың үлгілік бағдарламаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
14. | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамына қойылатын талаптарды және олардың штат санын есептеу нормативтерін, оларды жарақтандыру нормаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы мамыр | М.Қ. Пішембаев |
15. | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
16. | Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқыс оқиғаларға тергеп-тексеруді және есепке алуды, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларына техникалық тергеп-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
17. | Көлбеу рельсті-арқанды көтергіштерді (фуникулерлерді) орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
18. | Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
19. | Жолаушылар аспалы арқан жолдарын орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
20. | Жүк аспалы арқан жолдарын орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
21. | Эскалаторларды орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
22. | Мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
23. | Дәнекерлеушілерді және дәнекерлеу өндірісінің мамандарын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
24. | Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
25. | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
26. | Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
27. | Нормативтік қызмет ету мерзімі өтелген жүк көтергіш машиналарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
28. | Қызмет ету мерзімі өткен жалпы мақсаттағы өздігінен жүретін тізбекті крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
29. | Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға, цистерналарға, бөшкелерге және баллондарға техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
30. | Бу және ыстық су құбыржолдарын тексеру және техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
31. | Қызмет ету мерзімі өткен мұнаралы крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
32. | Қызмет ету мерзімі өткен монтаждық крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
33. | Қызмет ету мерзімі өткен көпір түріндегі крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
34. | Қызмет ету мерзімі өткен көтергіштерді (мұнараларды) одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
35. | Қызмет ету мерзімі өткен, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында оларға тексеру жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
36. | Қызмет ету мерзімі өткен лифтілерді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
37. | Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
38. | Қызмет ету мерзімі өткен, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғыларды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында оларға техникалық диагностикалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
39. | Тұтқырлығы жоғары, күкіртті мұнайды өндіруге арналған жабдықты қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
40. | Жерасты құрылысжайлары мен метрополитендерді салу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
41. | Қара металлургия кәсіпорындарының газ шаруашылығындағы қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
42. | Технологиялық құбырларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
43. | Ауаны бөлу өнімдерін өндіру және тұтыну кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
44. | Қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
45. | Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
46. | Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауiптi техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
47. | "Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 1206 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 814 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы | ТЖМ, ҰЭМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев, Т.М. Жақсылықов |
48. | "Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2021 жылғы шілде | Т.М. Жақсылықов |
49. | "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
50. | "Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
51. | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
52. | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2021 жылғы шілде | М.Қ. Пішембаев |
53. | "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы | ЦДИАӨМ | 2021 жылғы шілде | Ә.Н. Тұрысов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі