Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының Көмір департаменті "Абай" шахтасындағы аварияның себептерін тергеп-тексеру және салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия құру туралы
Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының Көмір департаменті "Абай" шахтасында 2021 жылғы 7 қарашада болған аварияны тергеп-тексеру мақсатында:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамы Көмір департаментінің "Абай" шахтасындағы аварияның себептерін тергеп-тексеру және салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Комиссия дереу жұмысқа кіріссін, аварияның себептерін жан-жақты тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін, келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Комиссия төрағасы Юрий Викторович Ильин аварияның себептерін тергеп-тексеру нәтижелері және келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндасын.
Премьер-Министр А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 7 қарашадағы
№ 181-ө өкіміне
қосымша
Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының Көмір департаменті "Абай" шахтасындағы аварияның себептерін тергеп-тексеру және салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамы
Ильин Юрий Викторович | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, Комиссия төрағасы |
Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы | - | Қарағанды облысының әкімі, Комиссия төрағасының орынбасары |
Қарабаев Марат Кәрімжанұлы | - | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі |
Біржанов Ержан Ерікұлы | - | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Ғиният Ажар | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Сұнтаев Қайрат Иматұлы | - | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары |
Пірімқұлов Ахметжан Әбдіжәмілұлы | - | Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі |
Басин Вадим Борисович | - | Қарағанды облысы әкімінің орынбасары |
Мақажанов Нығмеджан Қойшыбайұлы | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы |
Танабаев Мұса Тұрманұлы | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары |
Любарская Ирина Юрьевна | - | Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасының басшысы |
Әбенов Әлішер Болатұлы | - | "АрселорМиттал Темиртау" акционерлік қоғамы Көмір департаментінің атқарушы директоры (келісу бойынша) |
Лукин Андрей Рудольфович | - | "Қорғау" көміршілер кәсіподағының бас техникалық инспекторы (келісу бойынша) |
Силинский Геннадий Юрьевич | - | "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қарағанды филиалының директоры (келісу бойынша) |