Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының Көмір департаменті "Абай" шахтасындағы аварияның себептерін тергеп-тексеру және салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 7 қарашадағы № 181-ө өкімі.

      Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының Көмір департаменті "Абай" шахтасындағы аварияның себептерін тергеп-тексеру және салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия құру туралы

      Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының Көмір департаменті "Абай" шахтасында 2021 жылғы 7 қарашада болған аварияны тергеп-тексеру мақсатында:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамы Көмір департаментінің "Абай" шахтасындағы аварияның себептерін тергеп-тексеру және салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Комиссия дереу жұмысқа кіріссін, аварияның себептерін жан-жақты тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін, келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Комиссия төрағасы Юрий Викторович Ильин аварияның себептерін тергеп-тексеру нәтижелері және келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндасын.

      Премьер-Министр      А. Мамин

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 7 қарашадағы
№ 181-ө өкіміне
қосымша

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының Көмір департаменті "Абай" шахтасындағы аварияның себептерін тергеп-тексеру және салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамы

Ильин Юрий Викторович

-

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, Комиссия төрағасы

Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы

-

Қарағанды облысының әкімі, Комиссия төрағасының орынбасары

Қарабаев Марат Кәрімжанұлы

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

Біржанов Ержан Ерікұлы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Ғиният Ажар

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

Сұнтаев Қайрат Иматұлы

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары

Пірімқұлов Ахметжан Әбдіжәмілұлы

-

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі

Басин Вадим Борисович

-

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

Мақажанов Нығмеджан Қойшыбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы

Танабаев Мұса Тұрманұлы

-

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары

Любарская Ирина Юрьевна

-

Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасының басшысы

Әбенов Әлішер Болатұлы

-

"АрселорМиттал Темиртау" акционерлік қоғамы Көмір департаментінің атқарушы директоры (келісу бойынша)

Лукин Андрей Рудольфович

-

"Қорғау" көміршілер кәсіподағының бас техникалық инспекторы (келісу бойынша)

Силинский Геннадий Юрьевич

-

"Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қарағанды филиалының директоры (келісу бойынша)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады