1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" 2021 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық (келісу бойынша):
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын.
3. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық (келісу бойынша) есепті тоқсаннан кейін айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 56 - ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" 2021 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің сапалы, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | АҚҰО (келісу бойынша) | 2022 жылғы наурыз | З.О. Өтебаева |
2 | "Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталық құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 992 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | АҚҰО (келісу бойынша) | 2022 жылғы наурыз | З.О. Өтебаева |
3 | "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | АҚҰО (келісу бойынша) | 2022 жылғы наурыз | З.О. Өтебаева |
4 | Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | АҚҰО (келісу бойынша) | 2022 жылғы наурыз | З.О. Өтебаева |
5 | Шағымдарды қарау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімі | АҚҰО (келісу бойынша) | 2022 жылғы наурыз | З.О. Өтебаева |
6 | Алдын ала бару жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімі | АҚҰО (келісу бойынша) | 2022 жылғы наурыз | З.О. Өтебаева |
7 | Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің рәмізі мен жалауының ережесі мен сипаттамасын бекіту туралы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімі | АҚҰО (келісу бойынша) | 2022 жылғы наурыз | З.О. Өтебаева |
8 | Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдерінің функционалдық міндеттерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімі | АҚҰО (келісу бойынша) | 2022 жылғы мамыр | З.О. Өтебаева |
9 | Баяндамаларды дайындау және тарату қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімі | АҚҰО (келісу бойынша) | 2022 жылғы наурыз | З.О. Өтебаева |
10 | Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің құрылымын бекіту туралы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімі | АҚҰО (келісу бойынша) | 2022 жылғы мамыр | З.О. Өтебаева |
11 | "Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы" Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 18 өкіміне өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімі | АҚҰО (келісу бойынша) | 2022 жылғы наурыз | З.О. Өтебаева |
12 | "Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 өкіміне өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімі | АҚҰО (келісу бойынша) | 2022 жылғы наурыз | З.О. Өтебаева |
13 | "Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтар құру қағидаларын бекіту туралы" Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 21 өкіміне өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімі | АҚҰО (келісу бойынша) | 2022 жылғы наурыз | З.О. Өтебаева |
14 | "Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы" Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 22 өкіміне өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімі | АҚҰО (келісу бойынша) | 2022 жылғы наурыз | З.О. Өтебаева |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
АҚҰО – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық