«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 92-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 4, 6, 9, 21, 32-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
4. |
«Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын азық-түлікпен, жабдықпен және асханалық-ас үйлік ыдыспен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1281 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қорғанысмині |
2013 жылғы |
»;
«
6. |
Әскери қызметшіге мүгедектікті белгілеген кезде немесе әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда әскери қызметшіге немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттіге біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қорғанысмині |
2013 жылғы |
»;
«
9. |
«Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу, біржолғы жәрдемақылар тағайындау және оны төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қорғанысмині |
2013 жылғы |
»;
«
21. |
Жоғары оқу орындарында және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары жанындағы әскери факультеттерде әскери даярлық қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қорғанысмині |
2013 жылғы |
»;
«
32. |
Жоғары оқу орындарының әскери факультеттеріне қабылдау қағидаларын және оларда оқытуды ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы |
Қорғанысминінің және БҒМ-нің бірлескен бұйрығы |
Қорғанысмині |
2013 жылғы |
».
Премьер-Министр С. Ахметов