"Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық офисі туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 10-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық офисі туралы ережеде:
1-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
"1. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық офисі (бұдан әрі – Жобалық офис) "Қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамының базасында тұрақты орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) қызметін сүйемелдеуді қамтамасыз ететін ұйымдық және үйлестіруші құрылым болып табылады.";
"Мемлекеттік комиссияның отырысына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Мемлекеттік комиссияның төрағасына материалдар дайындайды;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік комиссияның отырысына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Мемлекеттік комиссияның төрағасына материалдар дайындайды;";
"Мемлекеттік комиссияның және өңірлік комиссиялардың жұмыс топтарынан келіп түсетін материалдарды талдайды және қорытындылайды, нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Мемлекеттік комиссияның төрағасына баяндайды;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік комиссияның және өңірлік комиссиялардың жұмыс топтарынан келіп түсетін материалдарды талдайды және қорытындылайды, нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі - Мемлекеттік комиссияның төрағасына баяндайды;";
"Мемлекеттік комиссия мен оның органдарының жұмыс топтары қызметінің ағымдағы мәселелерін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Мемлекеттік комиссия төрағасына баяндайды." деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік комиссия мен оның органдарының жұмыс топтары қызметінің ағымдағы мәселелерін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Мемлекеттік комиссияның төрағасына баяндайды.";
көрсетілген өкіммен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық офисінің құрамында:
"Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры, Жобалық офис жетекшісінің орынбасары (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры, Жобалық офис жетекшісінің орынбасары (келісу бойынша)";
"Имамбаев Мейрам Өткелбайұлы – Жобалық офис жетекшісінің орынбасары (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Ілияс Айбар Жағыпарұлы – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі (келісу бойынша) – Жобалық офис жетекшісінің орынбасары (келісу бойынша)";
"Ілияс Айбар Жағыпарұлы – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі (келісу бойынша)" деген жол алып тасталсын.
"Қаныбеков Серік Маханбетәлиұлы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мейрамова Ботагөз Мейрамқызы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы хатшылығының бас сарапшысы (келісу бойынша)";
"Серікбаева Салтанат Жұмабайқызы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің басқарма басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Бичуинова Әйгерім Серікқанқызы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің бас сарапшысы";
"Алғалиев Серік Сәкенұлы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің бас сарапшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Алғалиев Серік Сәкенұлы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің бас сарапшысы";
"Бейсембаева Ақмарал Рашидқызы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аға ғылыми қызметкері (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Нұрбаев Жасұлан Есейұлы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының жетекші ғылыми қызметкері (келісу бойынша)".
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |