Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қызметін сүйемелдеуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық офисі (бұдан әрі - Жобалық офис) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Жобалық офистің құрамы;
2) Жобалық офис туралы ереже бекітілсін.
3. Мемлекеттік органдар осы өкімді іске асыру жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 10-ө өкімімен бекітілген |
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық офисінің құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 21.02.2023 № 33-ө өкімімен.
1. | Қасымов Сабыр Ахметжанұлы | "Қаһармандар" республикалық қоғамдық қорының президенті, Жобалық офис жетекшісі (келісу бойынша) |
2. | Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, Жобалық офис жетекшісінің орынбасары (келісу бойынша) |
3. | Жақыпов Мирболат Хабиұлы | "Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша) |
4. | Исаева Светлана Нұрханқызы | "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы" мемлекеттік мекемесінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша) |
5. | Қозыбаева Махаббат Мәлікқызы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жетекші ғылыми қызметкері (келісу бойынша) |
6. | Сейітқасымова Индира Нұрділдіқызы | "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы" мемлекеттік мекемесінің Қылмыстық саясат және криминология проблемаларын зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері (келісу бойынша) |
7. | Хан Виталий Вячеславович | "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы" мемлекеттік мекемесінің арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша) |
8. | Шапақ Унзила Шапаққызы | "M.S. Narikbaev atyndaģy KAZGUU Universiteti" акционерлік қоғамының профессоры, заң ғылымдарының докторы (келісу бойынша) |
9. | Шериязданов Бауыржан Рахымғалиұлы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті "Мемлекет тарихы институты" республикалық мемлекеттік мекемесінің аға ғылыми қызметкері (келісу бойынша) |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 10-ө өкімімен бекітілген |
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жобалық офисі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық офисі (бұдан әрі – Жобалық офис) "Қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамының базасында тұрақты орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) қызметін сүйемелдеуді қамтамасыз ететін ұйымдық және үйлестіруші құрылым болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 05.08.2022 № 121-ө өкімімен.2. Жобалық офис өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 Жарлығын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2-тарау. Жобалық офистін негізгі міндеттері
3. Жобалық офистің негізгі міндеті Мемлекеттік комиссия қызметінің ұйымдастырушылық, үйлестіру және әдіснамалық жұмысына жәрдем көрсету, кіші комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысында сондай-ақ өңірлік комиссиялар мен олардың жұмыс топтарына ұйымдастырушылық-консультациялық көмек көрсету, өзге де ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету болып табылады.
4. Жобалық офис өзіне жүктелген міндеттерді шешу мақсатында мынадай функцияларды орындайды:
Мемлекеттік комиссия отырыстарын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдем керсетеді;
Мемлекеттік комиссияның отырысына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Мемлекеттік комиссияның төрағасына материалдар дайындайды;
Мемлекеттік комиссияның жұмыс топтарының және өңірлік комиссиялардың жұмыс топтарының қызметін үйлестіреді, оларға әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетеді;
мүдделі мемлекеттік органдармен, ғылыми және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-кимыл жасайды;
Мемлекеттік комиссияның және өңірлік комиссиялардың жұмыс топтарынан келіп түсетін материалдарды талдайды және қорытындылайды, нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі - Мемлекеттік комиссияның төрағасына баяндайды;
Мемлекеттік комиссияның қызметіне байланысты өзге де мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 05.08.2022 № 121-ө өкімімен.3-тарау. Жобалық офистің жұмысын ұйымдастыру
5. Жобалық офис Жобалық офистің басшысынан, орынбасардан, ғалымдардан және қоғамдық бірлестік төрағасынан тұрады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 21.02.2023 № 33-ө өкімімен.6. Жобалық офистің басшысы:
жұмысты ұйымдастырады және осы Ережеде Жобалық офиске жүктелген міндеттер мен функцияларды уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
жұмыс топтарының ұсыныстарын, ұсынымдары мен қорытындыларын тұжырымдаудың мемлекеттік тәсілін қамтамасыз етеді;
өңірлік комиссиялардың ұйымдастырушылық жұмысын үйлестіреді;
қызметкерлердің лауазымдық және функционалдық міндеттерін айқындайды және бекітеді;
Мемлекеттік комиссия мен оның органдарының жұмыс топтары қызметінің ағымдағы мәселелерін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Мемлекеттік комиссияның төрағасына баяндайды.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 05.08.2022 № 121-ө өкімімен.7. Жобалық офис басшысының орынбасары Мемлекеттік комиссияның жұмыс топтарымен өзара іс-қимыл жасайды және олардың жұмысын бақылайды, олардың өңірлік комиссиялардың бейінді жұмыс топтарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, Мемлекеттік комиссияның және өңірлік комиссиялардың жұмыс топтарынан келіп түсетін материалдарды талдайды және қорытындылайды, жобалық офистен мемлекеттік органдарға, қоғамдық және өзге де ұйымдарға құжаттардың жобаларын дайындайды.
8. Жобалық офис басшысының орынбасары Мемлекеттік комиссияның жұмыс топтарының ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіреді және бақылайды, Президент архивінде, Орталық мемлекеттік архивте және басқа архивтерінде жұмыс топтарына іздеу-зерттеу жұмыстарына жәрдем көрсетеді, Мемлекеттік комиссия сайтының сапалы толтырылуына және үздіксіз жұмыс істеуіне жауап береді, Жобалық офис басшысының тапсырмаларын орындайды.