Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 23.07.2024 № 103-ө Өкімімен.
"Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетінің құрамы мен ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 33-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетінің құрамында:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі";
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі";
"Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)" деген жол алып тасталсын.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |