1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық (келісу бойынша):
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Конституциялық заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдасын, қорытындыласын және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырсын.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 194-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындаумерзімі | Құқықтық актілердің сапалы, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 992 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | АҚҰО (келісу бойынша) | 2023 жылғы қаңтар | Ә.С. Омаров |
2. | "Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АҚҰО (келісу бойынша) | 2023 жылғы қаңтар | Ә.С. Омаров |
3. | "Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АҚҰО (келісу бойынша) | 2023 жылғы қаңтар | Ә.С. Омаров |
4. | Шағымдарды қарау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы | АҚҰО (келісу бойынша) | 2023 жылғы қаңтар | Ә.С. Омаров |
5. | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы | АҚҰО (келісу бойынша) | 2023 жылғы қаңтар | Ә.С. Омаров |
6. | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы сараптама кеңесі туралы ережені бекіту туралы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы | АҚҰО (келісу бойынша) | 2023 жылғы қаңтар | Ә.С. Омаров |
7. | Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы | АҚҰО (келісу бойынша) | 2023 жылғы қаңтар | Ә.С. Омаров |
8. | Алдын ала бару үшін ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардан топтар қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы | АҚҰО (келісу бойынша) | 2023 жылғы қаңтар | Ә.С. Омаров |
9. | Алдын ала бару жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы | АҚҰО (келісу бойынша) | 2023 жылғы қаңтар | Ә.С. Омаров |
10. | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің рәмізі мен туының ережесі мен сипаттамасын бекіту туралы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы | АҚҰО (келісу бойынша) | 2023 жылғы қаңтар | Ә.С. Омаров |
11. | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баяндамаларын дайындау және тарату тәртібін бекіту туралы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы | АҚҰО (келісу бойынша) | 2023 жылғы қаңтар | Ә.С. Омаров |
12. | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдерінің функционалдық міндеттерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы | АҚҰО (келісу бойынша) | 2023 жылғы қаңтар | Ә.С. Омаров |
13. | Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің құрылымын бекіту туралы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы | АҚҰО (келісу бойынша) | 2023 жылғы қаңтар | Ә.С. Омаров |
14. | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы | АҚҰО (келісу бойынша) | 2023 жылғы қаңтар | Ә.С. Омаров |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚҰО – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық