"Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 194-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық (келісу бойынша):

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Конституциялық заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдасын, қорытындыласын және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырсын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 194-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с № Құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындаумерзімі Құқықтық актілердің сапалы, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам
1 2 3 4 5 6

1.

"Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 992 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

АҚҰО (келісу бойынша)

2023 жылғы қаңтар

Ә.С. Омаров

2.

"Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АҚҰО (келісу бойынша)

2023 жылғы қаңтар

Ә.С. Омаров

3.

"Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АҚҰО (келісу бойынша)

2023 жылғы қаңтар

Ә.С. Омаров

4.

Шағымдарды қарау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы

АҚҰО (келісу бойынша)

2023 жылғы қаңтар

Ә.С. Омаров

5.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы

АҚҰО (келісу бойынша)

2023 жылғы қаңтар

Ә.С. Омаров

6.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы сараптама кеңесі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы

АҚҰО (келісу бойынша)

2023 жылғы қаңтар

Ә.С. Омаров

7.

Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы

АҚҰО (келісу бойынша)

2023 жылғы қаңтар

Ә.С. Омаров

8.

Алдын ала бару үшін ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардан топтар қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы

АҚҰО (келісу бойынша)

2023 жылғы қаңтар

Ә.С. Омаров

9.

Алдын ала бару жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы

АҚҰО (келісу бойынша)

2023 жылғы қаңтар

Ә.С. Омаров

10.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің рәмізі мен туының ережесі мен сипаттамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы

АҚҰО (келісу бойынша)

2023 жылғы қаңтар

Ә.С. Омаров

11.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баяндамаларын дайындау және тарату тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы

АҚҰО (келісу бойынша)

2023 жылғы қаңтар

Ә.С. Омаров

12.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдерінің функционалдық міндеттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы

АҚҰО (келісу бойынша)

2023 жылғы қаңтар

Ә.С. Омаров

13.

Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің құрылымын бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы

АҚҰО (келісу бойынша)

2023 жылғы қаңтар

Ә.С. Омаров

14.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы

АҚҰО (келісу бойынша)

2023 жылғы қаңтар

Ә.С. Омаров

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚҰО – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады