1. "Цифрлық үкімет офисінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 94-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Жобалық басқару жөніндегі уәкілетті органның базасында Цифрлық үкімет кеңсесінің құрылымында Ұлттық жобалау офисі құрылсын.";
көрсетілген өкіммен бекітілген Цифрлық үкімет офисі туралы ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Офистің негізгі ұйымдық құрылымдары Цифрлық трансформация орталығы, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бірыңғай ахуалдық орталығы және Ұлттық жобалау офисі болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3, 2-4 тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Офистің міндеттері мен функцияларын сараптамалық-талдамалық және ұйымдастырушылық-әдіснамалық сүйемелдеу, орындау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ЦҮҚО) жүзеге асырылады.
2-2. Ұлттық жоба кеңсесі матрицалық құрылым болып табылады, оның құрамына мыналар кіреді:
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жобалық басқару саясаты департаменті;
Президенттік жобалық офисі (Delivery Unit);
ЦҮҚО Мониторинг және жобаларды басқару орталығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік басқарудағы Жобалық менеджментті дамыту орталығы;
мемлекеттік органдардың жобалау офистері.
Ұлттық жобалау офисі ұлттық жобаларды және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарын іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзге де құрылымдық бөлімшелерін, жобаларды басқару, инвестициялар және қаржы саласындағы халықаралық және ұлттық жоғары білікті сарапшыларды тарта алады.
2-3. Ұлттық жобалау офисі қызметінің регламентін Цифрлық үкімет офисінің басшысы бекітеді.
2-4. Ұлттық жобалық офистің қызметін қамтамасыз ету және оның қызметінің проблемалы мәселелерін жедел шешу мақсатында Офис басшысының шешімімен Ұлттық жобалық офистің Басқарушы кеңесі құрылып, оған мүдделі мемлекеттік органдар енгізіледі.".
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жобалау қызметін үйлестіру және әдіснамалық сүйемелдеу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының орындалуына, сондай-ақ басым реформалар мен стратегиялық инвестициялық жобаларына жедел мониторингті қамтамасыз ету, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының берілген көрсеткіштерінен ауытқуларды уақтылы түзету жөнінде ұсыныстар әзірлеу, жобалық басқаруды мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне бейімдеу және кешенді енгізу.
2. Мыналар:
1) "Ұлттық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу офисін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 37-ө өкімі;
2) "Ұлттық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу офисін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 37-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 85-ө өкімі".
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |