"Қазақстан Республикасы министрліктерінің цифрлық орынбасарлары жұмысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 124-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасы министрліктерінің цифрлық орынбасарлары жұмысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 124-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының цифрлық орынбасарлары жұмысының кейбір мәселелері туралы";
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бірінші басшыларының цифрлық орынбасарларына арналған KPI бекітілсін.";
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік органдар тоқсан сайынғы негізде есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде KPI-ға қол жеткізу жөніндегі есепті жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде орналастырып тұрсын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жыл сайынғы негізде 15 ақпанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бірінші басшылары цифрлық орынбасарларының KPI-ға қол жеткізуі жөніндегі жиынтық есепті Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізіп тұрсын.";
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бірінші басшыларының цифрлық орынбасарларына арналған салалық KPI осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Премьер-Министр Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы "3" қарашадағы № 170-ө өкіміне қосымша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 124-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының цифрлық орынбасарларына арналған KPI
Р/с № |
Мемлекеттік органның атауы |
1 | 2 |
1 | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
2 | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
3 | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
4 | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
5 | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
6 | Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі |
7 | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
8 | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
9 | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі |
10 | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі |
11 | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі |
12 | Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі |
13 | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
14 | Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі |
15 | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |
Р/с№ | Көрсеткіштің атауы | Өлшем бірлігі | 2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | 2026 жыл | 2027 жыл | Үлес салмағы | Көрсеткішті есептеу формуласы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1. Ауыл шаруашылығы | |||||||||
1 | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің цифрландырылған деректерінің үлесі (мың га) | % | 44,7 | 54,8 | 56,7 | 58,7 | 61,2 | 30 % |
алымы: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің цифрландырылған деректерінің ауданы (мың га) |
2 |
Интернетпен қамтамасыз етілген ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлесі | % | 1 | 2 | 5 | 10 | 50 | 15 % |
алымы: Интернетпен қамтамасыз етілген ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының саны |
3 | АШТӨ субсидия алуға өтінім берген кезде басқа мемлекеттік жүйелерден субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне электрондық нысанда жүктелетін құжаттардың үлесі | % | 30 | 40 | 50 | 60 | 70 | 15 % |
алымы: АШТӨ субсидия алуға өтінім берген кезде басқа мемлекеттік жүйелерден субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне электрондық нысанда жүктелетін құжаттар саны |
4 |
Астық және өзге де ауыл шаруашылығы өсімдік өнімдерін өндіру алаңдары бойынша цифрландырылған деректердің үлесі | % | - | 30 | 50 | 75 | 100 | 20 % |
алымы: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің цифрландырылған деректер ауданы (мың га) |
5 | Есептердің жалпы санынан автоматтандырылған есептердің үлесі | % | 10 | 12 | 15 | 20 | 30 | 20 % |
алымы: автоматтандырылған есептер саны |
2. Әділет | |||||||||
1 | Электрондық нысанда қалыптастырылған және жүргізілген сот сараптамаларының үлесі | % | 35 | 50 | 55 | 60 | 65 | 15 % |
алымы: электрондық нысанда қалыптастырылған және жүргізілген сот сараптамаларының саны |
2 |
Сот сарапшыларының электрондық нысанда жасалған бейіндерінің | % | 90 | 92 | 94 | 96 | 100 | 15 % |
алымы: сот сарапшыларының электрондық нысанда жасалған бейіндерінің саны ("Е-сараптама" АЖ пайдаланушылары) |
3 | Атқарушылық іс жүргізу бойынша автоматтандырылған бизнес-процестердің үлесі | % | 80 | 85 | 90 | 92 | 95 | 15 % |
алымы: атқарушылық іс жүргізу бойынша автоматтандырылған бизнес-процестердің саны |
4 | Электрондық форматта (БНАЖ) берілген нотариалды түрде куәландырылған сенімхаттардың үлесі | % | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 15 % |
алымы: электрондық форматта (БНАЖ) берілген нотариалды түрде куәландырылған сенімхаттардың саны |
5 | Зияткерлік меншік объектілеріне қатысты құқықтық қорғауды ұсынуға электрондық нысанда берілген өтінімдердің үлесі | % | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 10 % |
алымы: зияткерлік меншік объектілеріне қатысты құқықтық қорғауды ұсынуға электрондық нысанда берілген өтінімдердің саны |
6 | Сот, сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сарапшылардың белгілі бір біліктілігін беру бойынша электрондық форматта жүргізілген рәсімдердің үлесі | % | - | 80 | 100 | - | - | 15 % |
алымы: электрондық форматта біліктілікті беру рәсімдерінің саны |
7 | Есептердің жалпы санынан автоматтандырылған есептердің үлесі | % | 25 | 80 | 100 | - | - | 15 % |
алымы: автоматтандырылған есептер саны |
3. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым | |||||||||
1 | ҚР ҒЖБМ ақпараттық жүйелерінің мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялану үлесі | % | 50 | 70 | 80 | 90 | 100 | 15% |
алымы: ҚР ҒЖБМ ақпараттық жүйелерінің мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялану саны |
2 | Барлық академиялық және жеке деректер қамтылған, цифрлық бейіні жүргізілетін Қазақстанның жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы студенттердің үлесі | % | 70 | 80 | 90 | 100 | - | 30 % |
алымы: барлық академиялық және жеке деректер қамтылған, цифрлық бейіні жүргізілетін Қазақстанның жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы студенттер саны |
3 | Электрондық форматта өтініш берген талапкерлер үлесі | % | 40 | 45 | 50 | 70 | 90 | 15 % |
алымы: электрондық форматта өтініш берген талапкерлердің саны |
4 | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы цифрландырылған құжаттардың үлесі | % | 50 | 70 | 80 | 90 | 100 | 25 % |
алымы: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы цифрландырылған құжаттар саны |
5 | Есептердің жалпы санынан автоматтандырылған есептердің үлесі | % | - | 30 | 55 | 85 | 100 | 15 % |
алымы: автоматтандырылған есептер саны |
4. Денсаулық сақтау | |||||||||
1 | Ауылдық жерлердегі халыққа қашықтан көрсетілген медициналық қызметтердің үлесі | % | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 10 % |
алымы: ауылдық жерлердегі халыққа қашықтан көрсетілген медициналық қызметтердің саны |
2 | Қалалық жерлердегі халыққа қашықтан көрсетілген медициналық қызметтердің үлесі | % | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 5 % |
алымы: қалалардың халқына қашықтан көрсетілген медициналық қызметтердің саны |
3 | ТМККК, МӘМС шеңберінде халыққа медициналық қызмет көрсететін және 8 мб/с төмен емес интернетпен қамтамасыз етілген ауылдық жердегі медициналық ұйымдардың үлесі | % | 85 | 90 | 95 | 96 | 97 | 10 % |
алымы: ТМККК, МӘМС шеңберінде халыққа медициналық қызмет көрсететін және 8 мб/с төмен емес интернетпен қамтамасыз етілген ауылдық жердегі медициналық ұйымдардың саны |
4 | ТМККК, МӘМС шеңберінде халыққа медициналық қызмет көрсететін және 20 мб/с төмен емес интернетпен қамтамасыз етілген қалалық медициналық ұйымдардың үлесі | % | 55 | 65 | 75 | 85 | 97 | 10 % |
алымы: ТМККК және МӘМС шеңберінде халыққа медициналық қызмет көрсететін және 20 мб/с-тан төмен емес интернетпен қамтамасыз етілген қалалық медициналық ұйымдардың саны |
5 | Дәрігердің тағайындауын (рецептілер) электрондық түрде ала алатын азаматтардың үлесі | % | 50 | 80 | 95 | 97 | 100 | 15 % |
алымы: дәрігердің тағайындауын (рецептілер) электрондық түрде ала алатын азаматтардың саны |
6 | Клиникалық деректері бар ұлттық электрондық денсаулық паспорттарының үлесі | % | 40 | 60 | 70 | 75 | 80 | 20 % |
алымы: клиникалық деректері бар ұлттық электрондық денсаулық паспорттарының саны |
7 | ҚР ДСМ ақпараттық жүйелерін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау үлесі | % | 60 | 70 | 80 | 90 | 95 | 10 % |
алымы: ҚР ДСМ ақпараттық жүйелерінің мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялану саны |
8 | Өзінің цифрлық медициналық аппараттарын PACS медициналық бейнелерді жинақтау, өңдеу, алмасу және сақтау жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз еткен медициналық ұйымдардың үлесі | % | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 % | алымы: өзінің цифрлық медициналық құрылғыларын PACS медициналық бейнелерді жинақтау, өңдеу, алмасу және сақтау жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз еткен медициналық ұйымдардың саны бөлімі: медициналық ұйымдардың жалпы саны 100-ге көбейту |
9 | Есептердің жалпы санынан автоматтандырылған есептердің үлесі | % | - | 5 | 50 | 70 | 97 | 10 % | алымы: автоматтандырылған есептер саны бөлімі: есептердің жалпы саны 100-ге көбейту |
5. Әлеуметтік-еңбек саласы | |||||||||
1 | Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі арқылы тіркелген еңбек шарттарының үлесі | % | 92 | 97 | 100 | - | - | 25 % |
алымы: тіркелген еңбек шарттарының саны бөлімі: жалдамалы жұмысшылардың жалпы саны |
2 | Тіркелген электрондық еңбек шарттарының үлесі | % | - | 10 | 10 | 10 | 10 | 20 % |
алымы: тіркелген электрондық еңбек істерінің саны. |
3 | Цифрлық жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасқандардың үлесі | % | 35 | 40 | 45 | 50 | 55 | 25 % |
алымы: цифрлық жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасқандар саны |
4 | Мүгедектікті сырттай проактивті белгілеуді енгізу | % | 35 | 50 | 50 | 50 | 50 | 15 % |
алымы: сырттай проактивті форматта белгіленген мүгедектік саны бөлімі: белгіленген мүгедектіктің жалпы саны |
5 | Есептердің жалпы санынан автоматтандырылған есептердің үлесі | % | 90 | 95 | 100 | - | - | 15 % | алымы: автоматтандырылған есептер саны бөлімі: есептердің жалпы саны 100-ге көбейту |
6. Көлік | |||||||||
1 | Жүк автомашиналарының қозғалысын мониторингтеу үшін жүк көлігі құралдарының қозғалысы жөніндегі деректерді қалыптастыратын мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялану үлесі | % | 50 | 75 | 100 | - | - | 10 % | алымы: мониторинг үшін жүк көлігі құралдарының қозғалысы бойынша деректерді қалыптастыратын мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялану саны бөлімі: жүк көлік құралдарының қозғалысы туралы деректерді қалыптастыратын ақпараттық жүйелердің жалпы саны 100-ге көбейту |
2 | Республикалық маңызы бар автожолдардағы жол жабыны ақаулары бойынша цифрландырылған деректердің үлесі | % | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 10 % | алымы: цифрландырылған республикалық маңызы бар автожолдар ұзындығы (км) бөлімі: республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 100-ге көбейту |
3 | Интерактивті картаны республикалық маңызы бар автожолдар мен жол инфрақұрылымы объектілері жөніндегі деректермен ақпараттық толықтыру үлесі | % | 80 | 100 | - | - | - | 10 % | алымы: интерактивті картаға деректер жүктелген республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы (км) бөлімі: республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 100-ге көбейту |
4 | Автокөлік бақылау функцияларының цифрландырылған бизнес-процестерінің үлесі (жүргізілген реинжиниринг нәтижелері бойынша) | % | - | 5 | 40 | 80 | 100 | 15 % | алымы: көліктік бақылау функцияларының цифрландырылған бизнес-процестерінің саны бөлімі: көліктік бақылау функцияларының бизнес-процестерінің жалпы саны 100-ге көбейту |
5 | Теміржол көлігіндегі бақылау функцияларының цифрландырылған бизнес-процестерінің үлесі (жүргізілген реинжиниринг нәтижелері бойынша) | % | - | 5 | 30 | 70 | 100 | 15 % | алымы: теміржол көлігіндегі бақылау функцияларының цифрландырылған бизнес-процестерінің саны бөлімі: теміржол көлігіндегі бақылау функцияларының бизнес-процестерінің жалпы саны 100-ге көбейту |
6 | Су көлігіндегі бақылау функцияларының цифрландырылған бизнес-процестерінің үлесі (жүргізілген реинжиниринг нәтижелері бойынша) | % | - | 30 | 60 | 80 | 100 | 15 % | алымы: су көлігіндегі бақылау функцияларының цифрландырылған бизнес-процестерінің саны бөлімі: су көлігіндегі бақылау функцияларының бизнес-процестерінің жалпы саны 100-ге көбейту |
7 | Әуе көлігіндегі бақылау функцияларының цифрландырылған бизнес-процестерінің үлесі (жүргізілген реинжиниринг нәтижелері бойынша) | % | - | 10 | 35 | 75 | 100 | 15 % | алымы: әуе көлігіндегі бақылау функцияларының цифрландырылған бизнес-процестерінің саны бөлімі: әуе көлігіндегі бақылау функцияларының бизнес-процестерінің жалпы саны 100-ге көбейту |
8 | Есептердің жалпы санынан автоматтандырылған есептердің үлесі | % | 25 | 50 | 75 | 100 | - | 10 % | алымы: автоматтандырылған есептердің саны бөлімі: есептердің жалпы саны 100-ге көбейту |
7. Қаржы | |||||||||
1 | Электрондық каталогты қолдана отырып жүргізілген мемлекеттік сатып алудағы сатып алудың (лоттардың) үлесі | % | 20 | 25 | 30 | 35 | 40 | 15 % | алымы: электрондық каталогты қолдана отырып жүргізілген мемлекеттік сатып алудағы сатып алу (лоттар) саны бөлімі: өткізілген мемлекеттік сатып алудың (лоттардың) жалпы саны 100-ге көбейту |
2 | Бухгалтерлік операциялардың бірыңғай деректер қоймасымен интеграцияланған орталық мемлекеттік органдардың бухгалтерлік есепке алу ақпараттық жүйесінің үлесі | % | 53 | 79 | 92 | 97 | 97 | 10 % | алымы: бухгалтерлік операциялардың бірыңғай деректер қоймасымен біріктірілген орталық мемлекеттік органдардың бухгалтерлік есепке алу ақпараттық жүйесінің саны бөлімі: орталық мемлекеттік органдардың жалпы саны 100-ге көбейту |
3 | Бухгалтерлік операциялардың бірыңғай деректер қоймасымен интеграцияланған жергілікті атқарушы органдардың бухгалтерлік есепке алу ақпараттық жүйесінің үлесі | % | - | - | 1 | 10 | 30 | 15 % | алымы: бухгалтерлік операциялардың бірыңғай деректер қоймасымен біріктірілген жергілікті атқарушы органдардың бухгалтерлік есепке алу ақпараттық жүйесінің саны бөлімі: орталық мемлекеттік органдардың жалпы саны 100-ге көбейту |
4 | Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырған жеке тұлғалардың үлесі | % | 11,8 | 31 | 100 | - | - | 5 % | алымы: активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырған жеке тұлғалардың саны бөлімі: жеке тұлғалардың жалпы саны 100-ге көбейту |
5 | Кедендік ресімдеуге тіркелген кезінен бастап 4 сағаттан астам уақыт кеткен, шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінде берілген кедендік декларациялардың үлесі (ҚР Қаржымині даму жоспарының нысаналы индикатор әдістемесі бойынша есептеу) | % | 50 | 45 | 40 | 35 | 30 | 15 % |
алымы: кедендік ресімдеуге тіркелген кезінен бастап 4 сағаттан астам уақыт кеткен, шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінде берілген кедендік декларациялардың саны (ҚР Қаржымині даму жоспарының нысаналы индикатор әдістемесі бойынша есептеу) |
6 | Тасымалданатын тауарларды тану ЖИ технологиялары арқылы жүргізілген, шекарадағы өткізу пункттерінен өткен автомобиль көлігі құралдарының үлесі | % | - | 5 | 30 | 60 | 80 | 15 % |
алымы: тасымалданатын тауарларды тану ЖИ технологиялары арқылы жүргізілген, шекарадағы өткізу пункттерінен өткен автомобиль көліктерінің саны |
7 | Тауарлар автомобиль көлігі құралдарымен өткізілген және кедендік бақылауда болған кезде ЖИ технологияларын пайдалана отырып анықталған құқық бұзушылықтар үлесі | % | - | 5 | 30 | 60 | 80 | 15 % |
алымы: Тауарлар автомобиль көлігі құралдарымен өткізілген және кедендік бақылауда болған кезде ЖИ технологияларын пайдалана отырып анықталған құқық бұзушылықтар саны |
8 | Есептердің жалпы санынан автоматтандырылған есептердің үлесі | % | 62 | 80 | 90 | 100 | - | 10 % |
алымы: автоматтандырылған есептер саны |
8. Қорғаныс | |||||||||
1 | Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесі арқылы қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілген ҚР ҚК әскери қызметшілерінің үлесі | % | 30 | 70 | 100 | - | - | 10 % |
алымы: АЖ арқылы қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілген Қазақстан Республикасын қарулы күштерінің әскери қызметшілерінің саны |
2 |
АКТ саласында оқудан өткен АБЖ саласындағы ҚР ҚК әскери қызметшілерінің саны | бірл. | 250 | 250 | 250 | 250 | 250 | 15 % | Саналатын көрсеткіш |
3 | Әскери қызметке қабылдауды электрондық форматта жүзеге асыратын ұйымдардың үлесі | % | 40 | 80 | 100 | - | - | 15 % |
алымы: әскери қызметке қабылдауды электрондық форматта жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Қарулы күштері ұйымдарының саны |
4 | Ел ішіндегі көші-қон кезінде әскери есепке қойылған және шығарылған әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың проактивті форматтағы үлесі | % | 40 | 80 | 100 | - | - | 10 % |
алымы: ел ішіндегі көші-қон кезінде әскери есепке қойылған және шығарылған әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың проактивті форматтағы саны |
5 |
Күндізгі нысанда оқуына байланысты проактивті нысанда әскерге шақыру кейінге қалдырылған және босатылған әскери қызметке шақырылушылардың үлесі | % | 50 | 100 | - | - | - | 10 % |
алымы: күндізгі нысанда оқуына байланысты проактивті нысанда әскерге шақыру кейінге қалдырылған және босатылған әскери қызметке шақырылушылардың саны |
6 | Мүгедектігіне байланысты проактивті нысанда әскерге шақыру кейінге қалдырылған және босатылған әскери қызметке шақырылушылардың үлесі | % | 50 | 100 | - | - | - | 10 % |
алымы: мүгедектігіне байланысты проактивті нысанда әскерге шақыру кейінге қалдырған және босатылған әскери қызметке шақырылушылардың саны |
7 | Соттылығының болуына байланысты проактивті нысанда әскерге шақыру кейінге қалдырылған және босатылған әскери қызметке шақырылушылардың үлесі | % | 50 | 100 | - | - | - | 10 % |
алымы: соттылығының болуына байланысты проактивті нысанда әскерге шақыру кейінге қалдырылған және босатылған әскери қызметке шақырылушылардың саны |
8 |
Әскери қызметшілердің кәсіптік даярлығының бағасы қойылған электрондық паспорттарының үлесі | % | 10 | 30 | 40 | 70 | 100 | 10 % |
алымы: әскери қызметшілердің кәсіптік даярлығының бағасы қойылған электрондық паспорттарының саны |
9 | Құқықтық тәртіптің жай-күйін есепке алу жөніндегі электрондық нысанда жасалған құжаттардың үлесі | % | - | 30 | 50 | 70 | 100 | 10 % |
алымы: құқықтық тәртіптің жай-күйін есепке алу жөніндегі электрондық нысанда жасалған құжаттардың саны |
9. Орта білім | |||||||||
1 | Жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз етілген орта білім беру ұйымдарының үлесі (бір мектепке 20 Мбит/с-тен төмен емес, егер мектепте 400-ден астам оқушы болса – 20 оқушыға 1 Мбит/с) | % | 55 | 65 | 75 | 85 | 97 | 10 % |
алымы: жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз етілген орта білім беру ұйымдарының саны (бір мектепке 20 Мбит/с-тен төмен емес, егер мектепте 400-ден астам оқушы болса – 20 оқушыға 1 Мбит/с) |
2 | Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына түсудің толыққанды процесін цифрлық түрде пайдаланатын талапкерлердің үлесі | % | 70 | 75 | 85 | 90 | 95 | 15 % |
алымы: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына түсудің толыққанды процесін цифрлық түрде пайдаланатын талапкерлердің саны |
3 | Цифрлық құзыреттер бойынша біліктілікті арттырудан өткен орта білім беру ұйымдары педагогтерінің үлесі | % | 15 | 30 | 45 | 70 | 90 | 15 % |
алымы: цифрлық құзыреттілік бойынша біліктілігін арттырудан өткен орта білім беру ұйымдары педагогтерінің саны |
4 | Бұлтты бухгалтерияны енгізген орта білім беру ұйымдарының үлесі | % | 60 | 70 | 80 | 90 | 100 | 5 % |
алымы: бұлтты бухгалтерияны енгізген орта білім беру ұйымдарының саны |
5 | ҰБДБ ақпараттық жүйесіндегі техникалық және кәсіптік білім туралы цифрландырылған құжаттар үлесі (2000 жылдан бастап берілген) | % | 30 | 60 | 80 | 90 | 95 | 10 % |
алымы: ҰБДБ ақпараттық жүйесіндегі техникалық және кәсіптік білім туралы цифрландырылған құжаттар саны |
6 | Педагогтер мен техникалық персоналды электрондық форматта қабылдауды жүзеге асыратын орта білім беру ұйымдарының үлесі | % | 25 | 40 | 60 | 80 | 95 | 10 % |
алымы: педагогтер мен техникалық персоналды электрондық форматта қабылдайтын орта білім беру ұйымдарының саны |
7 | ҚР ОМ ақпараттық жүйелерінің мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялану үлесі | % | 30 | 40 | 45 | 50 | 55 | 10 % |
алымы: ҚР ОМ ақпараттық жүйелерінің мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялану саны |
8 | Барлық академиялық және жеке деректер қамтылған цифрлық бейіні жүргізілетін, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлесі | % | 80 | 85 | 90 | 95 | 100 | 10 % |
алымы: барлық академиялық және жеке деректер қамтылған цифрлық бейіні жүргізілетін орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушылар саны |
9 | Цифрлық форматқа көшірілген орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың үлесі | % | 80 | 85 | 90 | 95 | 100 | 5 % |
алымы: цифрлық форматқа көшірілген орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар саны |
10 | Есептердің жалпы санынан автоматтандырылған есептердің үлесі | % | 80 | 85 | 90 | 95 | 100 | 10 % |
алымы: автоматтандырылған есептер саны |
10. Құрылыс | |||||||||
1 | Қаржыландыру мемлекеттік инвестициялар есебінен не олардың қатысуымен көзделген, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы технологиялық күрделі объектілерді салуға арналған жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу кезінде құрылыс объектілеріне ақпараттық модельдеу технологиясын қолдану үлесі | % | - | 20 | 40 | 70 | 100 | 10 % |
алымы: қаржыландыру мемлекеттік инвестициялар есебінен не олардың қатысуымен көзделген, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы технологиялық күрделі объектілерді салуға арналған жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу кезінде құрылыс объектілеріне қолданылған ақпараттық модельдеу технологиялар саны |
2 |
BIM (Building Information Model) ақпараттық модельдеу технологиясын қолдана отырып, ЖАО сәулет басқармасына ұсынылған КТҮ жобаларының үлесі | % | - | 30 | 50 | 70 | 95 | 10 % |
алымы: BIM ақпараттық модельдеу технологиясы қолдана отырып жобаланған КТҮ жобаларының саны |
3 | Республикалық бюджет бойынша түгенделетін аумақтың жалпы көлемін негізге ала отырып, МҚК ААЖ-ның цифрландырылған деректермен толықтырылу үлесі | % | 13 | 15,7 | 17,1 | 18,6 | 20 | 10 % |
алымы: республикалық бюджет бойынша түгенделетін аумақтың жалпы көлемін негізге ала отырып, МҚК ААЖ-ның цифрландырылған деректермен толықтырылған ауданы (га) |
4 |
Жергілікті атқарушы органдардың бюджеті бойынша түгенделетін аумақтың жалпы көлемін негізге ала отырып МҚК ААЖ цифрландырылған | % | 62,4 | 70,1 | 71,5 | 73 | 74,4 | 10 % |
алымы: жергілікті атқарушы билік органдарының бюджеті бойынша түгенделетін аумақтың жалпы көлемін негізге ала отырып, МҚК ААЖ цифрландырылған деректермен толықтырылған ауданы (га) |
5 | МҚК ААЖ-де инженерлік желілер бойынша деректерді өзектілендіретін ТМС үлесі (белгіленген және бос қуаттар, өткізу қабілеттері, желілер мен құрылыстардың орналасқан жері, бос қуаттар, сыйымдылықтар саны) | % | - | 30 | 50 | 70 | 100 | 10 % |
алымы: МҚК ААЖ-де жаңартуды қамтамасыз еткен ТМС саны |
6 |
"Е-құрылыс" АЖ ақпараттық жүйесінде атқарушылық техникалық құжаттаманы жүргізу бойынша бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан объектілердің үлесі | % | 10 | 50 | 70 | 85 | 100 | 10 % |
алымы: өндірістік жұмыстардың электрондық журналдар саны |
7 | "Е-шаңырақ" АЖ-мен интеграцияланған ТКШ саласындағы ТМС үлесі | % | 20 | 40 | 60 | 80 | 100 | 10 % |
алымы: "Е-шаңырақ" АЖ-да интеграцияланған ТКШ саласындағы ТМС саны |
8 |
Деректерді беру автоматтандырылған жалпы үйдегі жылуды есептеу аспаптарымен қамтамасыз етілу деңгейі | % | 82 | 85 | 88 | 91 | 94 | 10 % |
алымы: деректерді беру автоматтандырылған жалпы үйдегі жылуды есептеу аспаптарының саны |
9 |
Деректерді беру автоматтандырылған жалпы үйдегі жылуды есептеу аспаптарымен қамтамасыз етілу деңгейі | % | 76,9 | 80,7 | 84,6 | 88,4 | 92,3 | 10 % |
алымы: деректерді беру автоматтандырылған жалпы үйдегі суды есептеу аспаптарының саны |
10 | Есептердің жалпы санынан автоматтандырылған есептердің үлесі | % | 25 | 50 | 75 | 100 | - | 10 % |
алымы: автоматтандырылған есептер саны |
11. Өнеркәсіп | |||||||||
1 | Өндіріс процестерінде индустрия 4.0 элементтерін пайдаланатын ірі және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын өнеркәсіп орындары өсімінің үлесі | % | 15 | 19 | 23 | 27 | 31 | 25 % |
алымы: өнім өндірудің автоматтандырылған желілерін пайдаланатын ірі және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын өнеркәсіп орындарының саны |
2 | Болжамды талдау технологияларын пайдаланатын ірі және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын өнеркәсіп орындарының үлесі | % | 5 | 5,5 | 6 | 7 | 7,5 | 25 % |
алымы: талдау технологияларын пайдаланатын ірі және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын өнеркәсіп орындарының саны |
3 | Цифрлық технологияларды енгізу бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алған орта және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын өнеркәсіп орындарының үлесі | бірл. | 10 | 15 | 15 | 20 | 20 | 15 % |
Саналатын көрсеткіш |
4 | Есептердің жалпы санынан автоматтандырылған есептердің үлесі | % | 25 | 50 | 75 | 100 | - | 35 % |
алымы: автоматтандырылған есептер саны |
12. Геология және жер қойнауын пайдалану | |||||||||
1 | Ашық электрондық қолжетімділікпен қамтамасыз етілген геологиялық ақпарат үлесі (бастапқы, қайталама) | % | 20 | 50 | 100 | - | - | 30 % |
алымы: ашық электрондық қолжетімділікпен қамтамасыз етілген геологиялық ақпарат саны |
2 | Цифрлық рұқсат беру құжаттарының үлесі | % | 20 | 70 | 100 | - | - | 30 % |
алымы: цифрлық рұқсат беру құжаттарының саны |
3 | Геологиялық бақылау функцияларының цифрландырылған бизнес-процестерінің үлесі (жүргізілген реинжиниринг нәтижелері бойынша) | % | - | 10 | 30 | 50 | 80 | 20 % |
алымы: геологиялық бақылау функцияларының цифрландырылған бизнес-процестерінің саны |
4 | Есептердің жалпы санынан автоматтандырылған есептердің үлесі | % | 25 | 50 | 75 | 100 | - | 20 % |
алымы: автоматтандырылған есептер саны |
13. Сауда | |||||||||
1 | Тұрақтандыру қорларын толықтыру үшін жергілікті атқарушы билік органдары (уәкілетті ұйымдар) цифрлық платформа арқылы сатып алған ӘМАТ үлесі | % | - | 5 | 30 | 60 | 100 | 20 % |
алымы: тұрақтандыру қорларын толықтыру үшін жергілікті атқарушы билік органдары (уәкілетті ұйымдар) цифрлық платформа арқылы сатып алған ӘМАТ сомасы (теңге) |
2 | ӘМАТ тасымалдау бойынша цифрландырылған деректердің үлесі | % | - | 10 | 50 | 80 | 100 | 20 % |
алымы: ӘМАТ тасымалдау бойынша цифрландырылған деректер саны |
3 | Бөлшек сауданың жалпы көлемінен электрондық сауда үлесі | % | 13,2 | 14 | 15 | 15,5 | 16 | 10 % |
алымы: Интернет арқылы жүргізілетін бөлшек сауда көлемі (теңге) |
4 | Отандық экспорттаушыларға export.gov.kz порталы арқылы ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларының үлесі | % | 15 | 30 | 60 | 80 | 100 | 15 % |
алымы: отандық экспорттаушыларға export.gov.kz порталы арқылы ұсынылған мемлекеттік қолдау шараларының саны |
5 | Цифрлық платформа арқылы жасалған сауда объектілеріндегі орындарды жалға алу шарттарының үлесі | % | - | 30 | 60 | 80 | 100 | 20 % |
алымы: цифрлық платформада жасалатын шарттардың саны |
6 | Есептердің жалпы санынан автоматтандырылған есептердің үлесі | % | 20 | 40 | 60 | 80 | 100 | 15 % |
алымы: автоматтандырылған есептер саны |
14. Су шаруашылығы | |||||||||
1 | Суды бақылау функцияларының цифрландырылған бизнес-процестерінің үлесі (жүргізілген реинжиниринг нәтижелері бойынша) | % | - | 20 | 50 | 70 | 100 | 20 % |
алымы: суды бақылау функцияларының цифрландырылған бизнес-процестерінің саны |
2 | ҚР СРИМ "Қазсушар" РМК объектілері суару желісіндегі суды автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесімен жарақтандырылған су шаруашылығы арналарының үлесі | % | - | 20 | 50 | 70 | 90 | 20 % |
алымы: ҚР СРИМ "Қазсушар" РМК объектілері суару желісіндегі суды автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесімен жарақтандырылған су шаруашылығы арналарының саны |
3 | ҚР СРИМ "Қазсушар" РМК объектілеріндегі автоматтандырылған техникалық мониторинг жүйесімен жарақтандырылған гидротехникалық құрылыстардың үлесі | % | - | 20 | 50 | 70 | 90 | 20 % |
алымы: ҚР СРИМ "Қазсушар" РМК объектілеріндегі автоматтандырылған техникалық мониторинг жүйесімен жарақтандырылған гидротехникалық құрылыстардың саны |
4 |
ҚР СРИМ "Қазсушар" РМК гидротехникалық құрылыстарының электрондық паспорттарының | % | - | 20 | 50 | 70 | 90 | 20 % |
алымы: ҚР СРИМ "Қазсушар" РМК гидротехникалық құрылыстарының электрондық паспорттарының саны |
5 | Есептердің жалпы санынан автоматтандырылған есептердің үлесі | % | 10 | 40 | 60 | 80 | 100 | 20 % |
алымы: автоматтандырылған есептер саны |
15. Қауіпсіздік | |||||||||
1 | Бейнебақылау камераларының көмегімен анықталған қоғамдық орындардағы қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың үлесі | % | 70 | 75 | 80 | 85 | 90 | 20 % |
алымы: бейнебақылау камераларының көмегімен анықталған қоғамдық орындардағы қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны |
2 | "Еурохаттама" сақтандыру төлемін жедел жүзеге асыру үшін жол-көлік оқиғаларын полиция қызметкерлерін тартпай-ақ ресімдеудің жеңілдетілген рәсімін енгізу | % | - | 100 | - | - | - | 10 % |
алымы: "Еурохаттама" сақтандыру төлемін жедел жүзеге асыру үшін жол-көлік оқиғаларын полиция қызметкерлерін тартпай-ақ ресімдеудің жеңілдетілген рәсімдерінің саны |
3 |
Астанада, республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында ІІО ЖБО-ға шығарылған қоғамдық орындардағы бейнебақылау камераларының үлесі | % | 10 | 20 | 30 | 35 | 40 | 20 % |
алымы: астанада, республикалық маңызы қалалар мен облыс орталықтарында ІІО ЖБО-ға шығарылған қоғамдық орындардағы бейнебақылау камераларының саны |
4 |
"102" мобильдік қосымшасы арқылы алынған, астананың, республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының ЖБО-на жолданымдар | % | 1 | 1.5 | 2 | 2.5 | 3 | 15 % |
алымы: "102" мобильдік қосымшасы арқылы алынған, астанадағы, республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарындағы полиция органдарына жолданымдар саны |
5 | Полицияның "қадамдық қолжетімділігі" қағидатын қамтамасыз ету | бірл. | 200 | 300 | 400 | 470 | 540 | 5 % | ІІО ЖБО-ға шығарылған қоғамдық орындарда (саябақтар, скверлер, алаңдар және т.б.) орнатылған шұғыл көмекке шақыратын "SOS батырмасы" құрылғыларының саны |
6 | Патрульдік-бекет қызметі қызметкерлері мен учаскелік инспекторларды бейнетіркегіштермен жарақтандыру үлесі | % | 70 | 80 | 90 | 95 | 100 | 15 % |
алымы: бейнетіркегіштермен жарақталған патрульдік-бекет қызметі қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар саны |
7 | Есептердің жалпы санынан автоматтандырылған есептердің үлесі | % | 15 | 30 | 60 | 80 | 100 | 15 % |
алымы: автоматтандырылған есептер саны |
16. Экология | |||||||||
1 | "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" (АЖ) ақпараттық жүйесіне қоршаған ортаға эмиссия бойынша деректерді беруді қамтамасыз ететін өнеркәсіптік кәсіпорындарының үлесі | % | - | 70 | 80 | 95 | 100 | 30 % |
алымы: АЖ-да қоршаған ортаға эмиссия бойынша деректерді беруді қамтамасыз ететін өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны |
2 | Қалдықтардың мемлекеттік кадастры кіші жүйесінің деректер базасындағы операторлар үлесі | % | - | 50 | 85 | 95 | 100 | 10 % |
алымы: қалдықтардың мемлекеттік кадастры кіші жүйесінің мәліметтер базасындағы операторлар саны |
3 | Табиғи ресурстардың интерактивті картасын ҚР ЭТРМ кеңістіктік деректер тізбесі жөніндегі деректерімен ақпараттық толықтыру үлесі | % | - | 50 | 70 | 80 | 100 | 20 % |
алымы: интерактивті картаға деректері жүктелген аумақтардың ауданы (шаршы км) |
4 | Балық өнімдерін аулауға рұқсат алған және "Балықтар мен басқа да су жануарларының мониторингі" ақпараттық жүйесіне деректерді толтыруды қамтамасыз ететін кәсіпкерлік субъектілер үлесі | % | - | 60 | 90 | 100 | - | 15 % |
алымы: балық өнімдерін аулауға рұқсат алған және "Балықтар мен басқа да су жануарларының мониторингі" ақпараттық жүйесіне деректерді толтыруды қамтамасыз ететін кәсіпкерлік субъектілерінің саны |
5 | Автоматтандырылған бақылау-өткізу пункттері бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың үлесі | % | 10 | 45 | 75 | 95 | 100 | 15 % |
алымы: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы автоматтандырылған бақылау-өткізу пункттерінің саны |
6 | Есептердің жалпы санынан автоматтандырылған есептердің үлесі | % | 10 | 40 | 60 | 80 | 100 | 10 % |
алымы: автоматтандырылған есептер саны |
17. Отын-энергетика кешені | |||||||||
1 | Шикі мұнай мен газ конденсатын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған есепке алу аспаптары арқылы деректерді автоматты түрде беретін субъектілер үлесі | % | 50 | 65 | 85 | 100 | - | 15 % |
алымы: шикі мұнай мен газ конденсатын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған есепке алу аспаптары арқылы деректерді автоматты түрде беретін субъектілер саны |
2 | Шикі мұнай мен газ конденсатын қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған есепке алу аспаптары арқылы деректерді автоматты түрде беретін субъектілер үлесі | % | 50 | 60 | 70 | 80 | 100 | 15 % |
алымы: шикі мұнай мен газ конденсатын өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған есепке алу аспаптары арқылы деректерді автоматты түрде беретін субъектілер саны |
3 | Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне мұнай өнімдерінің айналымы бойынша деректерді автоматты түрде беретін мұнай базаларының үлесі | % | - | 50 | 60 | 70 | 80 | 10 % |
алымы: мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне мұнай өнімдерінің айналымы бойынша деректерді автоматты терде беретін мұнай базаларының саны |
4 | Жер қойнауын пайдаланушыларға электрондық форматта жіберілген хабарламалар үлесі | % | 50 | 70 | 100 | - | - | 5 % |
алымы: жер қойнауын пайдаланушыларға электрондық форматта жіберілген хабарламалар саны |
5 | Электрондық нысанда қалыптастырылған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар үлесі | % | 50 | 75 | 100 | - | - | 5 % |
алымы: электрондық нысанда қалыптастырылған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар саны |
6 | Уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне электр энергиясын есепке алу жөніндегі деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін аспаптармен жарақтандырылған ұлттық және өңірлік электр желілерінің үлесі | % | - | - | 5 | 10 | 15 | 10 % |
алымы: электр энергиясын есепке алу жөніндегі деректерді уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін аспаптармен жарақтандырылған ұлттық және өңірлік электр желілерінің ұзындығы |
7 | Уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне температура мен қысымды есепке алу жөніндегі деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін аспаптармен жарақтандырылған ЖЭО үлесі | % | - | 5 | 10 | 15 | 20 | 10 % |
алымы: температура мен қысымды есепке алу жөніндегі деректерді уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін аспаптармен жарақтандырылған ЖЭО саны |
8 |
Энергия өндіруші ұйымдардың электрондық паспорттарының үлесі | % | - | 20 | 40 | 60 | 100 | 5 % |
алымы: энергия өндіруші ұйымдардың электрондық паспорттарының саны |
9 | Энергия өндіруші ұйымдардың электр энергетикасының цифрлық платформасында қалыптастырылатын есептерінің үлесі | % | - | - | 100 | - | - | 5 % |
алымы: энергия өндіруші ұйымдардың ҚР ЭМ электр энергетикасының цифрлық платформасында қалыптастырылатын есептерінің саны |
10 |
Электр энергиясы нарығындағы субъектілердің өзара | % | 10 | 30 | 60 | 80 | 100 | 10 % |
алымы: электр энергиясы нарығындағы субъектілердің өзара іс-қимылы автоматтандырылған бизнес-процестерінің саны |
11 | Цифрландырылған газ тарату желілерінің үлесі | % | 90 | 93 | 95 | 97 | 100 | 5 % |
алымы: цифрландырылған газ тарату деректерінің желісінің бойынша ұзындығы |
12 | Есептердің жалпы санынан автоматтандырылған есептердің үлесі | % | 80 | 85 | 90 | 95 | 100 | 5 % |
алымы: автоматтандырылған есептер саны |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АБЖ – автоматтандырылған басқару жүйесі
АЖ – ақпараттық жүйе
АКТ – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
АШТӨ – ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер
ӘМАТ – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары
БНАЖ – бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
ЖИ – жасанды интеллект
ЖЭС – жылу электр станциялары
КТҮ – көппәтерлі тұрғын үй
ҚР ӘК – Қазақстан Республикасының әуе күштері
ҚР ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
ҚР ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
ҚР СРИМ – Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі
ҚР ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
ҚР ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
МӘМС – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
МҚК ААЖ – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
СЖРА ҰСБ – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
ТКШ – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
ТМККК – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
ТМС – табиғи монополиялар субъектісі
ҰББД – Ұлттық білім беру дерекқоры
ІІО ЖБО – Ішкі істер органдарын жедел басқару орталығы
BIM (Building Information Model) – Құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу
PACS (Picture Archiving and Communication System – суреттерді архивтеу және беру жүйесі) – бұл клиникалық деректерді басқару жүйесі