Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының цифрлық орынбасарлары жұмысының кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 124-ө өкімі.

      Ескерту. Өкімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 03.11.2023 № 170-ө өкімімен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 03.11.2023 № 170-ө өкімімен;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бірінші басшыларының цифрлық орынбасарларына арналған KPI бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 03.11.2023 № 170-ө өкімімен.

      2. Мемлекеттік органдар тоқсан сайынғы негізде есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде KPI-ға қол жеткізу жөніндегі есепті жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде орналастырып тұрсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 03.11.2023 № 170-ө өкімімен.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жыл сайынғы негізде 15 ақпанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бірінші басшылары цифрлық орынбасарларының KPI-ға қол жеткізуі жөніндегі жиынтық есепті Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізіп тұрсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 03.11.2023 № 170-ө өкімімен.

      Премьер-Министр      Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 16 тамыздағы
№ 124-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасы министрліктерінің цифрлық орынбасарларына арналған ортақ KPI

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 03.11.2023 № 170-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 16 тамыздағы
№ 124-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының цифрлық орынбасарларына арналған KPI

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 24.10.2024 № 151-ө өкімімен.

Р/с

Мемлекеттік органның атауы


1

2

1

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

2

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

3

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

4

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

5

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

6

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

7

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

8

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

9

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

10

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

11

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

12

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі

13

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

14

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

15

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі


Р/с

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Үлес салмағы

Көрсеткішті есептеу формуласы


1

2

3

4

5

6

7

8

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының цифрлық орынбасарларына арналған жалпы KPI

1

Ағымдағы кезеңде цифрлық трансформациялау жөніндегі жобаны табысты іске асыру
Жоба келесі өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
- бизнес-процестердің реинжинирингін жүргізу;
- SDU-мен интеграциялау (SDU-ға деректер беру);
- QazTECH платформасында құрылған;
- жасанды интеллектті қолдану;
(цифрлық трансформациялау карталары шеңберінде)

%

-

100

100

40 %

өлшемшарттардың жалпы салмағы 100 %-ды құрайды, атап айтқанда:
35 % – бизнес-процестердің реинжинирингін жүргізу;
30 % – SDU-мен интеграциялау (SDU-ға деректер беру);
15 % – QazTECH платформасында құрылған;
20 % – жасанды интеллектті қолдану.
* жобаны 2025 жылдан бастап іске асыру (QazTECH платформасы өнеркәсіптік пайдалануға берілгеннен кейін)

2

Мемлекеттік органның және ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің істен шығуға төзімділігі

%

99,61

99,62

99,63

5 %

S=100 %-tтұралауtжалпы=100 %
мұндағы:
S – көрсеткіш;
t тұралау – ОМО-дағы ақпараттық жүйенің тұралау уақыты;
t жалпы = 365 күн = 8760 сағат;
t жалпы = 366 күн = 8784 сағат. (*2024 жылы – 366 күн)

3

Дербес деректерге қол жеткізуді бақылау сервисіне қосылған мемлекеттік ақпараттық жүйелердің үлесі

%

10

50

100

5 %

алымы: дербес деректерге қол жеткізуді бақылау сервисіне қосылған мемлекеттік ақпараттық жүйелердің саны
бөлімі: дербес деректерге қол жеткізуді бақылау сервисіне міндетті түрде қосылуға жататын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің жалпы саны
100-ге көбейту

4

ЭҮ ақпараттандыру объектілерінің қорғалу деңгейі

%

80

100

100

5 %



мұндағы:
S – ақпараттық жүйелер қорғалуының жалпы деңгейі;
Ia – МО ақпараттық жүйелерінде (сынақтар хаттамаларында) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі сынау нәтижелері бойынша актінің болуы бойынша пайыздық көрсеткіш, ол ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақтар актілері бар ақпараттық жүйелердің санын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінің жалпы санына бөлу және 100-ге көбейту арқылы есептеледі;
Ib – ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына қосылған ақпараттық жүйелердің пайыздық көрсеткіші, ол АҚЖО-на қосылған ақпараттық жүйелердің санын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінің жалпы санына бөлу және 100-ге көбейту арқылы есептеледі.

5

Мемлекеттік органның цифрландырылған салалық деректері (бірегей атрибуттары) толықтығының архитектуралық порталдағы ағымдағы деректерге қатысты 15 %-ға өсуіне қол жеткізу

%

15 %-ға өсу

15 %-ға өсу

15 %-ға өсу

5 %

алымы: есепті кезеңде цифрланған деректер саны
бөлімі: архитектуралық порталдағы мемлекеттік орган деректерінің (бірегей атрибуттарының) жалпы саны
100-ге көбейту

6

Қолжетімді (жұмыс істейтін) автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үлесі*

%

100

100

100

5 %

А=100-( bc)*100
мұндағы:
А – көрсеткіш;
b – жұмыс істемейтін автоматтандырылған мемлекеттік қызметтердің саны (кіші түрлерін ескере отырып);
c – Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы саны (кіші түрлерін ескере отырып).
* мемлекеттік органдардың өзге де ақпараттық жүйелерінің жұмысқа жарамсыздығы себебінен мемлекеттік көрсетілетін қызмет қолжетімсіз болған жағдайда, балл толық көлемде есептеледі

7

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ арқылы көрсетілген қызметтерге қатысты электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі

%

50

60

70

5%

А=100-( bc)*100
мұндағы:
А – көрсеткіш;
b – "ХҚКО" интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны (кіші түрлерін ескере отырып);
c – электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны (кіші түрлерін ескере отырып).

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының цифрлық орынбасарларына арналған салалық KPI

Р/с

Көрсеткіштің атауы

Өлшем

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Үлес салмағы

Көрсеткішті есептеу формуласы


1

2

3

4

5

6

7

8

1. Ауыл шаруашылығы

1

Ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу және есептен шығару кезінде, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар (вакцинациялау, диагностикалық зерттеулер) кезінде ветеринариялық дәрігерлердің "Vetmobile" мобильді қосымшасын пайдалану үлесі

%

30
 

70

90
 

10 %

алымы: "Vetmobile" қосымшасы арқылы электрондық түрде тіркелген, есептен шығарылған ауыл шаруашылығы жануарларының, профилактикалық іс-шаралардың саны
бөлімі: қосымша арқылы электрондық түрде тіркелген, есептен шығарылған ауыл шаруашылығы жануарларының, профилактикалық іс-шаралардың жалпы саны
100-ге көбейту

2

АӨК саласындағы субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдаудың цифрландырылған шараларының үлесі
 

%

70

80

90

10 %

алымы: АӨК саласындағы субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдаудың цифрландырылған шараларының саны
бөлімі: АӨК саласындағы субсидиялау жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларының жалпы саны
100-ге көбейту

3

"Torttulik" мобильді қосымшасын пайдаланатын ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің үлесі

%

30

50

70

10 %

алымы: "Torttulik" мобильді қосымшаларын пайдаланатын ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің саны
бөлімі: ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің жалпы саны
100-ге көбейту

2. Әділет

1

Нотариат куәландырған сенімхаттардың жалпы санынан eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы электрондық форматта (БНАЖ) берілген нотариат куәландырған сенімхаттардың үлесі

%

3

5

7

10 %

алымы: электрондық форматта берілген нотариат куәландырған сенімхаттардың саны
бөлімі: нотариат куәландырған сенімхаттардың жалпы саны
100-ге көбейту

2

Қаулылар мен зерттеу объектілерін ұсыну негізінде электрондық нысанда қалыптастырылған және жүргізілген сот сараптамаларының үлесі

%

45

65

75

10 %

алымы: электрондық нысанда қалыптастырылған және жүргізілген сот сараптамаларының саны
бөлімі: жүргізілген сот сараптамаларының жалпы саны
100-ге көбейту

3

Борышкерлер мен атқарушылық іс жүргізу тараптарына процестік әрекеттердің жасалуы туралы Push-хабарлама және СМС жіберу арқылы мүдделі тараптарды хабардар ету арналарының санын ұлғайту

бірл.

3

5

7

10 %

сандық көрсеткіш

3. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым

1

Цифрлық жетілудің ең төмен талаптарына сәйкес келетін ЖЖОКБҰ үлесі

%

30

50

100

10 %

алымы: цифрлық жетілудің ең төмен талаптарына сәйкес келетін ЖЖОКБҰ
бөлімі: ЖЖОКБҰ жалпы саны
100-ге көбейту

2

Жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламасын енгізген ЖЖОКБҰ саны

бірл.

14

28

28

10 %

сандық көрсеткіш

3

Уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы "студент үшін ақша" қағидаты бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыландырылған ЖЖОКБҰ үлесі

%

80

90

100

10 %

алымы: "студент үшін ақша" қағидаты бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыландырылған ЖЖОКБҰ саны
бөлімі: мемлекеттік тапсырысқа қатысатын ЖЖОКБҰ жалпы саны
100-ге көбейту

4. Денсаулық сақтау

1

Қазақстан Республикасының медициналық бейнелердің орталықтандырылған вендор-бейтарап архивіне қосылған медициналық ұйымдардың PACS жүйелерінің саны

бірл.

0

0

100

10 %

сандық көрсеткіш

2

ТМККК/МӘМС шеңберінде медициналық ұйымдардағы қабылдаулардың жалпы санынан пациенттер растаған дәрігерге бару үлесі (цифрлық сәйкестендіру құралдары)

%

0,1

50

70

10 %

алымы: медициналық ұйымдар бойынша пациенттерді қабылдауды растау саны
бөлімі: АЕК АЖ-нан медициналық ұйымдар бойынша қабылдаулардың жалпы саны
100-ге көбейту

3

Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйесіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі
(02.09.2024 ж. Жолдауды іске асыру жөніндегі ЖҰЖ 60-тармағы)

%

0

50

100

10 %

алымы: БМАЖ-ге қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының саны
бөлімі: денсаулық сақтау ұйымдарының жалпы саны
100-ге көбейту

5. Әлеуметтік-еңбек саласы

1

Проактивті форматта сырттай белгіленген мүгедектіктің үлесі

%

35

40

45

10 %

алымы: проактивті форматта сырттай белгіленген мүгедектіктің саны
бөлімі: белгіленген мүгедектіктің жалпы саны
100-ге көбейту

2

Еңбек ресурстары порталында электрондық еңбек шарттарын тіркеген ОМО ведомстволық бағынысты ұйымдарының үлесі

%

50

70

100

10 %

алымы: еңбек ресурстары порталында еңбек шарттарын электрондық форматта тіркеген ОМО ведомстволық бағынысты ұйымдарының саны
бөлімі: ОМО ведомстволық бағынысты ұйымдарының жалпы саны
100-ге көбейту

3

Цифрлық мансап орталықтары арқылы жұмысқа орналасқандардың үлесі

%

35

40

8450

10 %

алымы: цифрлық мансап орталықтары арқылы жұмысқа орналасқандар саны
бөлімі: ЭЕБ арқылы жұмыс іздеп жүрген тіркелген тұлғалардың жалпы саны
100-ге көбейту

6. Көлік

1

Автожолдарда автоматты көліктік бақылауды қамтамасыз ететін автоматтандырылған өлшеу станцияларының санын ұлғайту

бірл.

30

70

100

10 %

сандық көрсеткіш

2

Бірыңғай терезе қағидаты бойынша электрондық түрде темір жол логистикасы саласында көрсетілетін көлік-логистикалық қызметтердің үлесі

%

10

50

100

10 %

алымы: электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны
бөлімі: көрсетілген қызметтердің жалпы саны
100-ге көбейту

3

Жүктерді автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдауға арналған рұқсаттардың электрондық бланкілерін бірлесіп айырбастауға көшкен шет мемлекеттер санын ұлғайту

бірл.

1

2

3

10 %

сандық көрсеткіш

7. Қаржы

1

Электрондық нысанда берілетін салықтық есептіліктің үлесі

%

96

82

84

10 %

алымы: электрондық түрде ұсынылған салықтық есептілік нысандарының саны
бөлімі: көрсетілген кезеңде ұсынылған салықтық есептілік нысандарының жалпы саны
100-ге көбейту

2

ЭШФ тіркеу және шығару кезінде биометриялық сәйкестендіруді қолдану

бірл.

200

200

240

10 %

сандық көрсеткіш

3

Құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуда цифрлық теңге пайдаланылатын жобалар саны

бірл.

1

15

30

10 %

сандық көрсеткіш

8. Қорғаныс

1

"Электрондық үкімет" порталы арқылы келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданған әскери қызметшілердің үлесі

%

30

50

100

10 %

алымы: "электрондық үкімет" порталы арқылы келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданған әскери қызметшілердің саны
бөлімі: келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданған әскери қызметшілердің жалпы саны
100-ге көбейту

2

Цифрлық форматта медициналық комиссиядан өткен әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілердің үлесі

%

10

40

100

10 %

алымы: цифрлық форматта медициналық комиссиядан өткен әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілердің саны
бөлімі: медициналық комиссиядан өткен әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілердің жалпы саны
100-ге көбейту

3

Цифрландырылған қорлардың үлесі (ғимараттар, құрылысжайлар, жер учаскелері және әскери инфрақұрылымның басқа да объектілері)

%

20

80

100

10 %

алымы: цифрландырылған қорлардың саны (ғимараттар, құрылысжайлар, жер учаскелері және әскери инфрақұрылымның басқа да объектілері)
бөлімі: қорлардың жалпы саны (ғимараттар, құрылысжайлар, жер учаскелері және әскери инфрақұрылымның басқа да объектілері)
100-ге көбейту

9. Орта білім

1

Бірыңғай электрондық кезекке қосылған балабақшалардың үлесі

%

50

70

100

10 %

алымы: бірыңғай электрондық кезекке қосылған балабақшалардың саны
бөлімі: балабақшалар жалпы саны
100-ге көбейту

2

Педагогтер мен техникалық персоналды электрондық форматта қабылдауды жүзеге асыратын орта білім беру ұйымдарының үлесі

%

40

80

100

10 %

алымы: педагогтер мен техникалық персоналды электрондық форматта қабылдауды жүзеге асыратын орта білім беру ұйымдарының саны
бөлімі: орта білім беру ұйымдарының жалпы саны
100-ге көбейту

3

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына цифрлық түрде түсудің толыққанды процесін пайдаланатын талапкерлердің үлесі

%

75

90

100

10 %

алымы: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына цифрлық түрде түсудің толыққанды процесін пайдаланатын талапкерлер саны
бөлімі: талапкерлердің жалпы саны
100-ге көбейту

10. Құрылыс

1

"Қазтізілім" ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта тіркелген үлестік қатысу шарттарының үлесі

%

10

30

100

5 %

алымы: "Қазтізілім" ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта тіркелген үлестік қатысу шарттарының саны
бөлімі: үлестік қатысу шарттарының бір жылдағы жалпы саны
100-ге көбейту

2

МҚК ААЖ арқылы қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдардың (сәулет және қала құрылысы бөлімдері) үлесі

%

30

60

100

5 %

алымы: МҚК ААЖ арқылы қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің саны
бөлімі: жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің жалпы саны
100-ге көбейту

11. Өнеркәсіп

1

Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда өнеркәсіптік заттар интернетін (IIoT) енгізу үлесі

%

5

10

15

5 %

алымы: өнеркәсіптік заттар интернеті (IIoT) енгізілген ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны
бөлімі: ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың жалпы саны
100-ге көбейту

2

ҚР ӨҚМ цифрлық өнеркәсіп тіркелімінде тіркелген химия өнеркәсібі, қара металлургия, көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының үлесі

%

0

10

50

5 %

алымы: ҚР ӨҚМ цифрлық өнеркәсіп тіркелімінде тіркелген химия өнеркәсібі, қара металлургия, көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының саны
бөлімі: химия өнеркәсібі, қара металлургия, көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының жалпы саны
100-ге көбейту

12. Геология және жер қойнауын пайдалану

1

Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасында электрондық нысанда берілген тарату қорын пайдалануға арналған рұқсаттардың (нөмірі, берілген күні, рұқсаттың берілген күні, БСН, келісімшарт нөмірі, келісімшарт жасалған күн, жер қойнауын пайдалану түрі, кен орны, ӘАОЖ, ЖСН) үлесі

%

10

70

100

5 %

алымы: жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасында электрондық нысанда берілген тарату қорын пайдалануға арналған рұқсаттар саны
бөлімі: тарату қорын пайдалануға берілген рұқсаттардың жалпы саны
100-ге көбейту

2

Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасында электрондық нысанда берілген барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты басқа жерге апаруға арналған рұқсаттардың (нөмірі, берілген күні, алынған күні, БСН, лицензия нөмірі, лицензия күні, мақсаты, көлемі, кен орны, ӘАОЖ, ЖСН) үлесі

%

10

70

100

5 %

алымы: жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасында электрондық нысанда берілген барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты басқа жерге апаруға арналған рұқсаттар саны
бөлімі: барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты басқа жерге апаруға берілген рұқсаттардың жалпы саны
100-ге көбейту

13. Сауда

1

Ұлттық тауарларды қадағалап отыру жүйесі арқылы ӘМАТ-тың тіркелген өнім берушілерінің, оларды өндірушілердің және өткізушілердің саны

бірл.

800

1000

1200

10 %

сандық көрсеткіш

2

Аккредиттеуге жататын субъектілердің жалпы санынан техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы аккредиттелген субъектілердің үлесі

%

80

95

100

10 %

алымы: техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы аккредиттелген субъектілер саны
бөлімі: аккредиттеу субъектілерінің жалпы саны
100-ге көбейту

3

Техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде шығарылған салыстырып тексеру сертификаттарының шығарылған салыстырып тексеру сертификаттарының жалпы санынан үлесі

%

80

90

100

10 %

алымы: техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде шығарылған салыстырып тексеру сертификаттарының саны
бөлімі: шығарылған салыстырып тексеру сертификаттарының жалпы саны
100-ге көбейту

14. Су шаруашылығы

1

Су ресурстары бойынша интерактивті картаны су қоймалары, өзендер, көлдер бойынша деректермен толықтыру көлемі

%

40

50

70

10 %

алымы: су ресурстары бойынша интерактивті картаға енгізілген су қоймаларының, өзендердің, көлдердің саны
бөлімі: су қоймаларының, өзендердің, көлдердің жалпы саны
100-ге көбейту

2

ҚР СРИМ "Қазсушар" РМК каналдарында суды есепке алу жөніндегі ақпараттық жүйеде тіркелген су пайдаланушылардың үлесі

%

50

70

100

10 %

алымы: ҚР СРИМ "Қазсушар" РМК каналдарында суды есепке алу жөніндегі ақпараттық жүйеде тіркелген су пайдаланушылардың саны
бөлімі: ҚР СРИМ "Қазсушар" РМК каналдарынан су алатын су пайдаланушылардың жалпы саны
100-ге көбейту

3

ҚР СРИМ "Қазсушар" РМК-ның автоматтандырылған есепке алу жүйелерімен жарақтандырылған суару каналдарының үлесі

%

10

40

70

10 %

алымы: ҚР СРИМ "Қазсушар" РМК-ның автоматтандырылған есепке алу жүйелерімен жарақтандырылған суару каналдарының ұзындығы (км)
бөлімі: 3500 км
100-ге көбейту

15. Қауіпсіздік

1

ПД қызметкерлері ресімдеген материалдық залалы бар ЖКО жалпы санынан еуропротокол бойынша ресімделген ЖКО үлесі

%

7

9

11

10 %

алымы: жасалған еуропротоколдар саны
бөлімі: ҚР ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігі бойынша жасалған әкімшілік хаттамалардың жалпы саны
100-ге көбейту

2

Бейнебақылау камераларының көмегімен анықталған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың үлесі

%

51

52,5

53

10 %

алымы: бейнебақылау камераларының көмегімен анықталған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар саны
бөлімі: тіркелген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жалпы саны
100-ге көбейту

3

Екінші деңгейдегі банктердің және eGov Mobile мобильді қосымшалары арқылы тіркелген көлік құралдарының үлесі

%

40

50

60

10 %

алымы: екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары және eGov Mobile арқылы тіркелген КҚ саны
бөлімі: тіркелген (алу/қою) КҚ жалпы саны
100-ге көбейту

16. Экология

1

Орман өрттерін ерте анықтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің үлесі

%

10

50

100

10 %

алымы: орман өрттерін ерте анықтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер саны
бөлімі: мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің жалпы саны
100-ге көбейту

2

"Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесіне (АЖ) қоршаған ортаға эмиссиялар бойынша деректер беруді қамтамасыз ететін өнеркәсіптік кәсіпорындардың үлесі

%

20

50

100

10 %

алымы: АЖ-ға қоршаған ортаға эмиссиялар бойынша деректер беруді қамтамасыз ететін өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны
бөлімі: өнеркәсіптік кәсіпорындардың жалпы саны
100-ге көбейту

3

"Tabigat табиғи ресурстардың интерактивті картасы" ақпараттық жүйесіне енгізілген табиғи ресурстар мен жануарлар дүниесін есепке алу объектілерінің үлесі

%

30

50

70

10 %

алымы: "Tabigat табиғи ресурстардың интерактивті картасы" ақпараттық жүйесіне енгізілген табиғи ресурстар мен жануарлар дүниесін есепке алу объектілерінің саны
бөлімі: табиғи ресурстар мен жануарлар дүниесін есепке алу объектілерінің жалпы саны
100-ге көбейту

17. Отын-энергетика кешені

1

Мұнай өнімдерінің айналымы бойынша деректерді уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін мұнай базаларының үлесі

%

35

50

70

10 %

алымы: уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне деректерді автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін есепке алу аспаптарымен жарақтандырылған шикі мұнай мен газ конденсатын қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілердің саны
бөлімі: шикі мұнай мен газ конденсатын қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілердің жалпы саны
100-ге көбейту

2

Электрондық нысанда қалыптастырылған жер қойнауын пайдалануға арналған аукционның қорытындылары бойынша келісімшарттардың үлесі

%

50

75

100

10 %

алымы: электрондық нысанда қалыптастырылған жер қойнауын пайдалануға арналған аукционның қорытындылары бойынша келісімшарттардың саны
бөлімі: жер қойнауын пайдалануға арналған аукционның қорытындылары бойынша келісімшарттардың жалпы саны
100-ге көбейту

3

Алгоритмдерді пайдалана отырып, болжау жолымен сұйытылған мұнай газын (СМГ) жеткізу жоспарын автоматтандыру үлесі

%

25

50

100

10 %

алымы: электрондық түрде қалыптастырылған сұйытылған мұнай газы (СМГ) жеткізілімдерінің саны
бөлімі: сұйытылған мұнай газын (СМГ) бір жылдағы жеткізу жоспары
100-ге көбейту

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЖ – ақпараттық жүйе

      АҚЖО – ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы

      АӨК – агроөнеркәсіптік кешен

      ӘМАТ – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары

      БНАЖ – бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі

      ЖЖОКБҰ – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

      ЖИ – жасанды интеллект

      ЖКО – жол-көлік оқиғасы

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі

      КҚ – көлік құралы

      ҚР ӘҚБтК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі

      ҚР ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      ҚР СРИМ – Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі

      МӘМС – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

      МҚҚК ААЖ – мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі

      ОМО – орталық мемлекеттік орган

      СМГ – сұйытылған мұнай газы

      ПД – полиция департаменті

      ТжКБ – техникалық және кәсіптік білім

      ТМККК – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

      ҰБДҚ – ұлттық білім беру дерекқоры

      ЭАОЖ – әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші

      ЭҮ – электрондық үкімет

      SDU – Smart Data Ukimet


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады