Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары мен олардың цифрлық орынбасарлары жұмысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1157 қаулысы

      Цифрлық трансформациялау жөніндегі жұмысты күшейту мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары мен олардың цифрлық орынбасарларының цифрландыру саласындағы қызметінің түйінді көрсеткіштері бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар тоқсан сайынғы негізде, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары мен олардың цифрлық орынбасарларының цифрландыру саласындағы қызметінің түйінді көрсеткіштері бойынша есептік деректерді Smart Data Ukimet-те орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-ы күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары мен олардың цифрлық орынбасарларының цифрландыру саласындағы қызметінің түйінді көрсеткіштерін Smart Data Ukimet-те бағалауды жүзеге асырып отырсын.

      4. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1157 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары мен олардың цифрлық орынбасарларының цифрландыру саласындағы қызметінің түйінді көрсеткіштері

Р/с №

Мемлекеттік органның атауы

1 2

1

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

2

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

3

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

4

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

5

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

6

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

7

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

8

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

9

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

10

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

11

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

12

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі

13

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

14

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

15

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

16

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2025 жыл

2026 жыл

Үлес салмағы

Көрсеткішті есептеу формуласы








1 2 3 4 5 6 7

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары мен олардың цифрлық орынбасарларының цифрландыру саласындағы қызметінің жалпы түйінді көрсеткіштері

1

Ағымдағы кезеңде цифрлық трансформациялау жөніндегі жобаны табысты іске асыру
Жоба мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
бизнес-процестердің реинжинирингін жүргізу (цифрлық трансформациялау карталарына сәйкес);
платформалық бағдарламалық өнімдерді бірыңғай QazTECH әзірлеу платформасында іске асыру;
ЖИ элементтерін және KazLLM-ді қоса алғанда, ЖИ ұлттық платформасын енгізу есебінен азаматтар мен бизнестің сұрау салуларын өңдеу уақытын 20 %-ға қысқарту

%

100

100

20 %

өлшемшарттардың жиынтық салмағы 100 %-ды құрайды, атап айтқанда:
30 % ‒ бизнес-процестердің реинжинирингін жүргізу;
25 % ‒ QazTECH платформасында платформалық бағдарламалық өнімдер құру;
25 % ‒ ЖИ көмегімен азаматтар мен бизнестің сұрау салуларын өңдеу уақытын 20 %-ға қысқарту;
20 % ‒ KazLLM қолдану

2

Мемлекеттік органның және ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің істен шығуға төзімділігі

%

99,74

99,63

5 %

A=100 % -

*100 %, мұндағы:

A – көрсеткіш;
t тұралау – ОМО-дағы ақпараттық жүйенің тұралау уақыты;
t жалпы = 365 күн = 8760 сағат

3

Дербес деректерге қол жеткізуді бақылау сервисіне қосылған мемлекеттік ақпараттық жүйелердің үлесі

%

50

100

5 %

алымы: дербес деректерге қол жеткізуді бақылау сервисіне қосылған мемлекеттік ақпараттық жүйелердің саны
бөлімі: дербес деректерге қол жеткізуді бақылау сервисіне міндетті түрде қосылуға жататын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің жалпы саны
100-ге көбейту

4

ЭҮ ақпараттандыру объектілерінің қорғалу деңгейі

%

100

100

5 %

мұндағы:

S – ақпараттық жүйелер қорғалуының жалпы деңгейі;
Ia – МО ақпараттық жүйелерінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақтар нәтижелері (сынақтар хаттамаларында) жөніндегі актінің болуы бойынша пайыздық көрсеткіш, ол ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақтар актілері (сынақтар хаттамалары) бар ақпараттық жүйелердің санын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінің жалпы санына бөлу және 100-ге көбейту арқылы есептеледі;
Ib – Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына қосылған ақпараттық жүйелердің пайыздық көрсеткіші, ол АҚЖО-на қосылған ақпараттық жүйелердің санын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінің жалпы санына бөлу және 100-ге көбейту арқылы есептеледі.

5

Мемлекеттік органның цифрландырылған салалық деректері (бірегей атрибуттары) толықтығының архитектуралық порталдағы ағымдағы деректерге қатысты 15 %-ға өсуіне қол жеткізу

%

15 %-ға өсу

15 %-ға өсу

5 %

алымы: есепті кезеңде цифрландырылған деректер саны
бөлімі: архитектуралық порталдағы мемлекеттік орган деректерінің (бірегей атрибуттарының) жалпы саны
100-ге көбейту

6

Қолжетімді (жұмыс істейтін) автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үлесі

%

100

100

5 %

мұндағы:

А – көрсеткіш;

b – жұмыс істемейтін автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны (кіші түрлерін ескере отырып);

c – Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы саны (кіші түрлерін ескере отырып)

* мемлекеттік органдардың өзге де ақпараттық жүйелерінің жұмысқа жарамсыздығы себебінен мемлекеттік көрсетілетін қызмет қолжетімсіз болған жағдайда балл толық көлемде есептеледі

7

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ арқылы көрсетілген қызметтерге қатысты электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі

%

60

70

5 %

мұндағы:

A – көрсеткіш;
b – "ХҚКО" интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны (кіші түрлерін ескере отырып);
c – электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны (кіші түрлерін ескере отырып)

8

Деректер сапасын арттыру
Деректер сапасының деңгейі мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
"Smart Bridge" платформасында орналастырылған сервистердің сипаттамасы, ол сервис мақсатының, функционалдың сипаттамасын және орналастырылып қойылған бірегей хэштегтердің болуын қамтиды;
"электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына кестелер мен өрістерді сипаттай отырып, ведомстволық ақпараттық жүйелердің анықтамалықтарына қолжетімділікті ұсыну;
"электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына эталондық деректерді көрсете отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдаланылатын кестелерге қолжетімділікті ұсыну;
дерекқорлардағы деректер сапасын телнұсқаларды жою, қалып қойған мәндерді толтыру, деректерді бірыңғай форматқа келтіру (стандартты өлшем бірліктерін, бірдей қысқартуларды пайдалану), деректердің құрылымы мен мәнін құжаттау (өрістер мен кестелерді сипаттаудың болуы) арқылы жақсарту

%

100 %

100 %

20 %

өлшемшарттардың жиынтық салмағы 100 %-ды құрайды, атап айтқанда:
20 % ‒ "Smart Bridge" платформасында орналастырылған сервистердің сипаттамасы;
20 % ‒ ЭҮ АКИ операторына кестелер мен өрістерді сипаттай отырып, ведомстволық ақпараттық жүйелердің анықтамалықтарына қолжетімділікті ұсыну;
30 % ‒ ЭҮ АКИ операторына эталондық деректерді көрсете отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдаланылатын кестелерге қолжетімділікті ұсыну;
30 % ‒ дерекқорлардағы деректер сапасын жақсарту

9

Азаматтар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ-на алу үшін өтініш беретін проактивті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді (оңтайландыруға жататын) (топ-5) іске асыру

бірлік

2

2

5 %

Азаматтар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ-на алу үшін өтініш беретін проактивті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді (оңтайландыруға жататын) (топ-5) іске асыру

10

Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі жол карталарының орындалуын мониторингтеу кезінде жобалық басқаруды пайдалану

%

100 %

100 %

10 %

Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі жол карталарының орындалуын мониторингтеу процесін жобалық басқару арқылы жүзеге асыру

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары мен олардың цифрлық орынбасарларының цифрландыру саласындағы қызметінің салалық түйінді көрсеткіштері

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2025жыл

Үлес салмағы

2026 жыл

Үлес салмағы

Көрсеткішті есептеу формуласы









1 2 3 4 5 6 7 8

1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

1

Картографиялық материалдарды өңдеуді қоса алғанда, бекітілген техникалық тапсырмаға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" АЖ-ны іске асыру

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

2

Ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу және есептен шығару, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар (вакцинациялау, диагностикалық зерттеулер) кезінде ветеринариялық дәрігерлердің "Vetmobile" мобильді қосымшасын пайдалану үлесі

%

70

5 %

90

10 %

алымы: "Vetmobile" қосымшасы арқылы электрондық түрде тіркелген, есептен шығарылған ауыл шаруашылығы жануарларының, профилактикалық іс-шаралардың саны
бөлімі: қосымша арқылы электрондық түрде тіркелген, есептен шығарылған ауыл шаруашылығы жануарларының, профилактикалық іс-шаралардың жалпы саны
100-ге көбейту

3

Gosagro.kz-тегі АӨК саласындағы субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдаудың цифрландырылған шараларының үлесі

%

80

10 %

90

10 %

алымы: АӨК саласындағы субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдаудың цифрландырылған шараларының саны
бөлімі: АӨК саласындағы субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау шараларының жалпы саны
100-ге көбейту

4

"Torttulik" мобильді қосымшасын пайдаланатын ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің үлесі

%

50

5 %

70

10 %

алымы: "Torttulik" мобильді қосымшасын пайдаланатын ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің саны
бөлімі: ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің жалпы саны
100-ге көбейту

5

"Өсімдік шаруашылығындағы қадағалап отыру" АЖ-ды енгізу

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

6

ЖИ құралдарын пайдалана отырып, биометрия көмегімен жануарларды тану сәйкестендіру жүйесі

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

1

Нотариат куәландырған сенімхаттардың жалпы санынан eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы электрондық форматта (БНАЖ) берілген нотариат куәландырған сенімхаттардың үлесі

%

5

5 %

7

10 %

алымы: электрондық форматта берілген нотариат куәландырған сенімхаттардың саны
бөлімі: нотариат куәландырған сенімхаттардың жалпы саны
100-ге көбейту

2

Қаулылар мен зерттеу объектілерін ұсыну негізінде электрондық нысанда қалыптастырылған және жүргізілген сот сараптамаларының үлесі

%

65

5%

75

10 %

алымы: электрондық нысанда қалыптастырылған және жүргізілген сот сараптамаларының саны
бөлімі: жүргізілген сот сараптамаларының жалпы саны
100-ге көбейту

3

Борышкерлер мен атқарушылық іс жүргізу тараптарына процестік әрекеттердің жасалуы туралы Push-хабарламалар және СМС жіберу арқылы мүдделі тараптарды хабардар ету арналарының санын ұлғайту

бірлік

5

5 %

7

10 %

сандық көрсеткіш

4

"E-Zannama" АЖ-да заң шығарудағы ЖИ-ді енгізу

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

5

"Е-заң көмегі" АЖ-да құқықтық көмек экожүйесін құру

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

6

"E-Zannama" АЖ-да KazLLM енгізу

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

1

Оқу кітаптарын, ғылыми материалдарды мемлекеттік тілге аударуды қоса алғанда, KazLLM-ді практикалық қолдануға енгізу

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

2

ЖИ бойынша білім беру бағдарламасын енгізген ЖЖОКБҰ саны

бірлік

28

5 %

28

10 %

сандық көрсеткіш

3

Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы арқылы "ақша студенттің соңынан ереді" қағидатымен мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыландырылған ЖЖОКБҰ үлесі

%

90

5 %

100

10 %

алымы: "ақша студенттің соңынан ереді" қағидатымен мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыландырылған ЖЖОКБҰ саны
бөлімі: мемлекеттік тапсырысқа қатысатын ЖЖОКБҰ жалпы саны
100-ге көбейту

4

"AI Talapker" ҰБТ өткізу және грантқа түсу қағидалары бойынша консультантты (ЖИ- көмекші) енгізу

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

5

QAZGRAMMA – қателерді автоматты түрде тани отырып, қазақ тілінің грамматикасын, пунктуациясын және стилін тексеруге арналған құралды енгізу

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

6

ҰБТ тапсыру кезінде академиялық адалдықты арттыруда ЖИ қолдану

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

1

Қазақстан Республикасы медициналық бейнелердің орталықтандырылған вендор-бейтарап архивіне қосылған медициналық ұйымдардың PACS жүйелерінің саны

бірлік

0

5 %

30

10 %

сандық көрсеткіш

2

ТМККК/МӘМС шеңберінде медициналық ұйымдардағы қабылдаулардың жалпы санынан пациент растаған дәрігерге бару үлесі (цифрлық сәйкестендіру құралдары, оның ішінде QR-код, биометрия және т.б.)

%

50

5 %

70

10 %

алымы: медициналық ұйымдар бойынша пациенттер қабылдауларды растау саны
бөлімі: "АЕК" АЖ-дан медициналық ұйымдар бойынша қабылдаулардың жалпы саны
100-ге көбейту

3

Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйесіне қосылған (ЖИ қолдана отырып) денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі

%

50

5 %

100

10 %

алымы: БМАЖ-ге қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының саны
бөлімі: денсаулық сақтау ұйымдарының жалпы саны
100-ге көбейту

4

Топ-5 медициналық анықтаманы (069/у, 073/у, 076/у, 075/у, 038/у, 026/у, 052-2/у, аурухана парағын, жеке медициналық (санитариялық) кітапшаны) цифрландыру

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

5

Дәрілік заттарды тіркеу процесін цифрландыру

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

6

ТМККБК/МӘМС-те көрсетілген қызметтерге ақы төлеуді мониторингтеу кезінде ЖИ енгізу

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

5. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

1

Еңбек ресурстары порталында электрондық еңбек шарттарын тіркеген ОМО ведомстволық бағынысты ұйымдарының үлесі

%

100

5 %

0

алымы: еңбек ресурстары порталында еңбек шарттарын электрондық форматта тіркеген ОМО ведомстволық бағынысты ұйымдарының саны
бөлімі: ОМО ведомстволық бағынысты ұйымдарының жалпы саны
100-ге көбейту

2

Цифрлық мансап орталықтары арқылы жұмысқа орналасқандардың үлесі

%

40

5 %

45

10 %

алымы: цифрлық мансап орталықтары арқылы жұмысқа орналасқандар саны
бөлімі: ЭЕБ арқылы тіркелген, жұмыс іздеп жүрген тұлғалардың жалпы саны
100-ге көбейту

3

Еңбек ресурстарын дамыту жөніндегі пайымды қалыптастыру үшін "Адам ресурстарын басқару" талдамалық кейсін іске асыру

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

4

Ізденушілердің мамандықтары негізінде ЖИ пайдалана отырып, олар үшін бос жұмыс орындарын автоматты түрде айқындау тетігін енгізу

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

5

Сырттай куәландыру кезінде ЖИ арқылы мүгедектікті автоматты түрде айқындау тетігін енгізу

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

6

Байланыс орталығында клиенттермен өзара іс-қимылды автоматтандыру үшін интеллектуалды чат-ботты енгізу

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

6. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

1

Әуежайларда ЖИ пайдалана отырып, жолаушыларды биометриялық сәйкестендіруді енгізу

бірлік

1

5 %

2

5 %

сандық көрсеткіш

2

Автомобиль жолдарында автоматты көліктік бақылауды қамтамасыз ететін автоматтандырылған өлшеу станцияларының санын ұлғайту

бірлік

70

5 %

100

10 %

сандық көрсеткіш

3

"Бірыңғай терезе" қағидаты бойынша электрондық түрде теміржол логистикасы саласында көрсетілетін көлік-логистикалық қызметтердің үлесі

%

50

5 %

100

10 %

алымы: электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны
бөлімі: көрсетілген қызметтердің жалпы саны
100-ге көбейту

4

Жүктерді автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдауға арналған рұқсаттардың электрондық бланкілерін бірлесіп алмасуға көшкен шет мемлекеттер санын ұлғайту

бірлік

2

5 %

3

10 %

сандық көрсеткіш

5

Теміржол саласында ЖИ енгізу (пойыздар құрамдарын, пойыздардың қозғалыс кестесін қалыптастыру)

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

6

"e-Joldar" АЖ әзірлеу

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

1

Синтетикалық есірткіге арналған прекурсорлар мен компоненттерді таңбалауды оларды шекараны іс жүзінде кесіп өткеннен бастап тұтынушыға дейінгі барлық кезеңдерде толық қадағалауды қамтамасыз ете отырып және БСН/ЖСН деңгейінде сәйкестендіре отырып енгізу

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

2

ЕАЭО сыртқы шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерін реконструкциялау жұмыстарын аяқтау

бірлік

9

5 %

0

сандық көрсеткіш

3

Электрондық нысанда берілетін салықтық есептіліктің үлесі

%

82

2,5 %

90

10 %

алымы: электрондық түрде ұсынылған салықтық есептілік нысандарының саны
бөлімі: көрсетілген кезеңде ұсынылған салықтық есептілік нысандарының жалпы саны
100-ге көбейту

4

ЭШФ-ны тіркеу және жазып беру кезінде биометриялық сәйкестендіруді қолдану

бірлік

200

2,5 %

240

10 %

сандық көрсеткіш

5

Мемлекеттік сатып алуда цифрлық теңге пайдаланылатын жобалар саны

бірлік

15

5 %

30

10 %

сандық көрсеткіш

6

Инспекциялық тексеріп қарау кешенінің рентген-суреттерінде тауарлар санаттарын тану бойынша ЖИ қолдану

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

7

Кедендік және салықтық әкімшілендірудегі ЖИ

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

8

Мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын мониторингтеу кезінде ЖИ пайдалану

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

8. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

1

МАЖ-мен интеграциялау арқылы алынған деректерді ескере отырып, цифрлық форматта медициналық комиссиядан өткен әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілердің үлесі

%

40

6 %

100

10 %

алымы: цифрлық форматта медициналық комиссиядан өткен әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілердің саны
бөлімі: медициналық комиссиядан өткен әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілердің жалпы саны
100-ге көбейту

2

"Қорды басқару" АЖ-да цифрландырылған қордың (ғимараттар, құрылысжайлар, жер учаскелері және әскери инфрақұрылымның басқа да объектілері) үлесі

%

80

6 %

100

10 %

алымы: цифрландырылған қорлардың (ғимараттар, құрылысжайлар, жер учаскелері және әскери инфрақұрылымның басқа да объектілері) саны
бөлімі: қорлардың (ғимараттар, құрылысжайлар, жер учаскелері және әскери инфрақұрылымның басқа да объектілері) жалпы саны
100-ге көбейту

3

ЖИ қолдана отырып, бейнеталдау жүйесін енгізу

бірлік

1

6 %

0

сандық көрсеткіш

4

"Smart военкомат". ЖИ қолдана отырып, әскерге шақырылушыларды әскери қызметке бөлу

бірлік

1

6 %

0

сандық көрсеткіш

5

ЖИ қолдана отырып, жауынгерлік даярлықтың тиімділігін арттыру

бірлік

1

6 %

0

сандық көрсеткіш

9. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

1

ҰБДҚ арқылы балаларды есепке алудың, кезектіліктің және жолдамалар берудің бірыңғай базасы арқылы қабылдауды жүзеге асыратын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі

%

70

10 %

100

10 %

алым: білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы балаларды есепке алудың, кезектіліктің және жолдамалар берудің бірыңғай базасы арқылы қабылдауды жүзеге асыратын мектепке дейінгі ұйымдардың саны
бөлімі: мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы саны
100-ге көбейту

2

Педагогтер мен техникалық персоналды электрондық форматта ҰБДҚ арқылы қабылдауды жүзеге асыратын орта білім беру ұйымдарының үлесі

%

80

10 %

100

10 %

алымы: педагогтер мен техникалық персоналды электрондық форматта қабылдауды жүзеге асыратын орта білім беру ұйымдарының саны
бөлімі: орта білім беру ұйымдарының жалпы саны
100-ге көбейту

3

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына цифрлық түрде түсудің толыққанды процесін пайдаланатын талапкерлердің үлесі

%

90

5 %

100

10 %

алымы: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына цифрлық түрде түсудің толыққанды процесін пайдаланатын талапкерлер саны
бөлімі: талапкерлердің жалпы саны
100-ге көбейту

4

Педагогтің ЖИ-ассистенті

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

5

Мектептер мен колледждерді қоса алғанда, білім беру мекемелерінде биометриялық сәйкестендіруді ауқымды түрде қолдану

%

70

5 %

100

5 %

алымы: биометриялық сәйкестендіруді енгізген білім беру мекемелерінің саны
бөлімі: білім беру мекемелерінің жалпы саны
100-ге көбейту

10. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (құрылыс)

1

Ғимараттарды ақпараттық модельдеу технологиясы (BIM) қолданылатын мемлекеттік инфрақұрылымдық жобалардың үлесі

%

80

2,5 %

100

5 %

алымы: BIM қолданылатын жобалар саны
бөлімі: мемлекеттік инфрақұрылымдық жобалардың жалпы саны
100-ге көбейту

2

Жобалау-сметалық құжаттаманы қарауды автоматтандыру үшін сараптаманың сапасы мен дәлдігін сақтай отырып, жобаларды өңдеу уақытын екі есеге қысқартуды қамтамасыз ететін ЖИ енгізу

бірлік

1

2,5 %

0

сандық көрсеткіш

3

МҚК ААЖ арқылы қызметтер көрсететін жергілікті атқарушы органдардың (сәулет және қала құрылысы бөлімдері) үлесі

%

60

2,5 %

100

5 %

алымы: МҚК ААЖ арқылы қызметтер көрсететін жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің саны
бөлімі: жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің жалпы саны
100-ге көбейту

4

Бірыңғай төлем құжатын ауыл деңгейіне дейін кең ауқымда қолдану

бірлік

1

2,5 %

0

сандық көрсеткіш

(өнеркәсіп)

1

Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда өнеркәсіптік Заттар интернетін (IIoT) енгізу үлесі

%

5

10

15

5 %

алымы: өнеркәсіптік Заттар интернеті (IIoT) енгізілген ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны
бөлімі: ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың жалпы саны
100-ге көбейту

2

ҚР ӨҚМ цифрлық өнеркәсіп тіркелімінде тіркелген химия өнеркәсібі, қара металлургия, көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының үлесі

%

10

5 %

50

5 %

алымы: ҚР ӨҚМ цифрлық өнеркәсіп тіркелімінде тіркелген химия өнеркәсібі, қара металлургия, көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының саны
бөлімі: химия өнеркәсібі, қара металлургия, көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының жалпы саны
100-ге көбейту

3

Ұлттық өнеркәсіптің ақпараттық жүйесі шеңберінде экспорттық бақылауда ЖИ қолдану жөніндегі пилоттық жоба

бірлік

1

10 %

0

сандық көрсеткіш

(геология және жер қойнауын пайдалану)

1

"Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы" АЖ -да электрондық нысанда берілген тарату қорын пайдалануға арналған рұқсаттардың (нөмірі, берілген күні, рұқсаттың берілген күні, БСН, келісімшарт нөмірі, келісімшарт жасалған күн, жер қойнауын пайдалану түрі, кен орны, ӘАОЖ, ЖСН) үлесі

%

70

5 %

100

5 %

алымы: "Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы" АЖ-да электрондық нысанда берілген тарату қорын пайдалануға арналған рұқсаттар саны
бөлімі: тарату қорын пайдалануға берілген рұқсаттардың жалпы саны
100-ге көбейту

2

"Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы" АЖ-да электрондық нысанда берілген барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты басқа жерге апаруға арналған рұқсаттардың (нөмірі, берілген күні, алынған күні, БСН, лицензия нөмірі, лицензия күні, мақсаты, көлемі, кен орны, ӘАОЖ, ЖСН) үлесі

%

70

5 %

100

5 %

алымы: "Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы" АЖ-да электрондық нысанда берілген барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты басқа жерге апаруға арналған рұқсаттар саны
бөлімі: барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты басқа жерге апаруға берілген рұқсаттардың жалпы саны
100-ге көбейту

3

"Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы" АЖ-ды енгізу: лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерді тексеруді алгоритмдеу

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

11. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

1

Өнімнің сапа стандарттарына сәйкестігінің барлық құжаттарын (сертификаттар, декларациялар, сынақтар хаттамалары және тағы басқасы), оның ішінде бас тарту хаттары бойынша құжаттарды берудің цифрлық жүйесі

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

2

Нақты уақыт режимінде автоматтандырылған талдау мен шешімдер қабылдауды қамтамасыз ете отырып, тұтынушылардың тауарларға шағымдары туралы деректерді жинау және талдау функционалын енгізе отырып, "eOtinish" платформасын жаңғырту

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

3

Өнімнің сапа стандарттарына сәйкестігін тексеру бойынша іздеу, өтінімдер беру процестерін және зертхана жұмысының процестерін оңтайландыру

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

4

EGov және eGov Mobile-да пайдаланушыларға тауарлардың шығарылған жері туралы ақпаратты және сәйкестікті растайтын басқа құжаттарды алу үшін олардың штрих-кодтарын (белгілі бір санаттарды қоспағанда) сканерлеуге мүмкіндік беретін функционалды іске асыру

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

5

EGov арқылы өлшеу аспаптарының дұрыстығын проактивті түрде онлайн- тексеру

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

6

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша ЖИ қолдана отырып, виртуалды көмекшіні жасау

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

12. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі

1

Суару үшін су беру шарттарын жасасу жөніндегі бизнес-процесті цифрландыру

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

2

Су ресурстары бойынша интерактивті картаны "Су ресурстары" ұлттық жүйесінде су қоймалары, өзендер, көлдер бойынша деректермен толықтыру көлемі

%

50

10 %

70

10 %

алымы: су ресурстары бойынша интерактивті картаға енгізілген су қоймаларының, өзендердің, көлдердің саны
бөлімі: су қоймаларының, өзендердің, көлдердің жалпы саны
100-ге көбейту

3

ҚР СРИМ "Қазсушар" РМК каналдарында суды есепке алу жөніндегі ақпараттық жүйеде тіркелген су пайдаланушылардың үлесі

%

70

5 %

100

10 %

алымы: ҚР СРИМ "Қазсушар" РМК каналдарында суды есепке алу жөніндегі ақпараттық жүйеде тіркелген су пайдаланушылардың саны
бөлімі: ҚР СРИМ "Қазсушар" РМК каналдарынан су алатын су пайдаланушылардың жалпы саны
100-ге көбейту

4

Су деңгейін және шығынын автоматтандырылған есепке алу жүйелерімен жарақтандырылған суару каналдарының, өзендердің және басқа да су объектілерінің үлесі

%

10

5 %

40

10 %

алымы: ҚР СРИМ "Қазсушар" РМК-ның автоматтандырылған есепке алу жүйелерімен жарақтандырылған суару каналдарының ұзындығы (км)
бөлімі: 3500 км
100-ге көбейту

5

ЖИ пайдалана отырып, суды талдау және тұтыну бойынша, оның ішінде далалық зерттеулер мен ғарыштық мониторинг деректері негізінде АЖ құру

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

13. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

1

Бет-әлпетті тануға арналған бейнебақылау камераларының бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істеуін ауқымды түрде қолдану

бірлік

500

10 %

500

10 %

сандық көрсеткіш

2

ПД қызметкерлері ресімдеген материалдық залалы бар ЖКО жалпы санынан Еуропротокол бойынша ресімделген ЖКО үлесі

%

9

5 %

11

5 %

алымы: жасалған Еуропротоколдар саны
бөлімі: Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 610-бабының бірінші бөлігі бойынша жасалған әкімшілік хаттамалардың жалпы саны
100-ге көбейту

3

Бейнебақылау камераларының көмегімен анықталған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың үлесі

%

52,5

5%

53

5 %

алымы: бейнебақылау камераларының көмегімен анықталған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар саны
бөлімі: тіркелген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жалпы саны
100-ге көбейту

4

Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары және eGov Mobile арқылы тіркелген көлік құралдарының үлесі

%

43

5 %

46

10 %

алымы: екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары және eGov Mobile арқылы тіркелген көлік құралдарының саны
бөлімі: тіркелген (есептен алу/оған қою) көлік құралдарының жалпы саны
100-ге көбейту

5

"Қорғау" мобильді қосымшасын енгізу

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

14. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

1

Орман өрттерін ерте анықтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін (ОӨЕА ААЖ) ауқымды түрде қолдану, сондай-ақ ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығының базасында жүйелерді біріздендіру

%

50

10 %

100

10 %

алымы: орман өрттерін ерте анықтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің саны
бөлімі: мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің жалпы саны
100-ге көбейту

2

Лимиттерден асып кетуге ден қою жөніндегі бақылау шараларын автоматтандыруды ескере отырып, 1-ші санаттағы операторларды МАЖ-ға (мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесі) қосу

%

50

5 %

100

10 %

алымы: қоршаған ортаға эмиссия бойынша деректерді АЖ-ға беруді қамтамасыз ететін өнеркәсіп кәсіпорындарының саны
бөлімі: өнеркәсіп кәсіпорындарының жалпы саны
100-ге көбейту

3

Табиғи ресурстардың интерактивті картасын орман және жануарлар дүниесі бөлігінде кеңістіктік деректермен толықтыру

%

50

5 %

100

10 %

алымы: "Tabigat.gov.kz" ақпараттық жүйесіне енгізілген табиғи ресурстар мен жануарлар дүниесін есепке алу объектілерінің саны
бөлімі: табиғи ресурстар мен жануарлар дүниесін есепке алу объектілерінің жалпы саны
100-ге көбейту

4

ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығының базасында орман өрттерінің таралуын предиктивтік анықтау, мониторингтеу, модельдеу және республикалық диспетчерлік қызметтің (РДҚ) есептіліктерін автоматтандыру

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

5

ЖИ көмегімен ғарыштық мониторингті қолдана отырып, ағаштың санкцияланбаған кесілуін анықтау жөніндегі процестерді автоматтандыру

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

6

Санкцияланбаған қоқыс үйінділерін анықтау және бақылау үшін ЖИ технологияларын пайдалана отырып, автоматтандырылған жүйені енгізу

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

15. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

1

Мұнай өнімдерінің айналымы бойынша деректерді уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін мұнай базаларының үлесі

%

50

5 %

70

10 %

алымы: уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне деректерді автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін есепке алу аспаптарымен жарақтандырылған, шикі мұнай мен газ конденсатын қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілердің саны
бөлімі: шикі мұнай мен газ конденсатын қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілердің жалпы саны
100-ге көбейту

2

"ББМЖ" АЖ-да электрондық нысанда қалыптастырылған жер қойнауын пайдалануға арналған аукционның қорытындылары бойынша келісімшарттардың үлесі

%

75

5 %

100

10 %

алымы: "ББМЖ" АЖ-да электрондық нысанда қалыптастырылған жер қойнауын пайдалануға арналған аукционның қорытындылары бойынша келісімшарттардың саны
бөлімі: жер қойнауын пайдалануға арналған аукционның қорытындылары бойынша келісімшарттардың жалпы саны
100-ге көбейту

3

Алгоритмдерді пайдалана отырып, болжау арқылы сұйытылған мұнай газын беру жоспарын автоматтандыру үлесі

%

50

5 %

100

10 %

алымы: электрондық түрде қалыптастырылған сұйытылған мұнай газын беру саны
бөлімі: сұйытылған мұнай газын бір жылдағы беру жоспары
100-ге көбейту

4

ЖИ пайдалана отырып, мұнай беруді автоматтандыру

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

5

ЖИ пайдалана отырып, сұйытылған мұнай газын беруді автоматтандыру

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

6

Күзгі-қысқы кезеңге дайындықты және оның өтуін мониторингтеуді автоматтандыру

бірлік

1

5 %

0

сандық көрсеткіш

7

Жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшарттарды цифрландыру

бірлік

0

1

5 %

сандық көрсеткіш

8

Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жасасуды (қол қоюды) және келісімшарттарға қосымша келісімдерді цифрландыру

бірлік

0

1

5 %

сандық көрсеткіш

9

ЖИ қолдана отырып, келісімшарттық міндеттемелердің орындалу мониторингін автоматтандыру

бірлік

0

1

5 %

сандық көрсеткіш

16. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1

Ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесін іске қосу

бірлік

0

1

5 %

сандық көрсеткіш

2

Әрбір көрсетілетін қызметке үш реттен асырмай шерту арқылы қол жеткізуді қамтамасыз ететін ыңғайлы және түсінікті интерфейстер арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді (оңтайландыруға жататын) автоматтандыру.
Интерфейстердің мүмкіндігі шектеулі пайдаланушылар үшін инклюзивтілік талаптарына 100 % сәйкес келуіне қол жеткізу.
Пайдаланушының пайдалану тарихы мен қажеттіліктері негізінде интерфейстердің дербестендірілген ұсынымдарын іске асыру.
EGov 2.0-де біріздендірілген интерфейс элементтерін (батырмалар, енгізу өрістері, түстер палитралары) 100 % сақтай отырып, барлық цифрлық платформаларда стандартты UI/UX-киттер енгізу

бірлік

0

1

5 %

сандық көрсеткіш

2

"Мемлекеттік қызметшінің ассистенті" жобасы шеңберінде ЖИ технологияларын пайдалана отырып, "eOtinish" ақпараттық жүйесінде жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды генерациялау үшін бірыңғай білім базасын қалыптастыру

бірлік

0

1

5 %

сандық көрсеткіш

3

Байланыс операторлары үшін "SIM-card, оның ішінде eSIM-ді қатаң түрде биометрия бойынша беру" реттеушілік нормасын енгізу

бірлік

0

1

5 %

сандық көрсеткіш

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЖ – ақпараттық жүйе

      АҚЖО – ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы

      "АЕК" АЖ – "Амбулаториялық-емханалық көмек" ақпараттық жүйесі

      АӨК – агроөнеркәсіптік кешен

      ӘАОЖ – әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші

      ӘМАТ – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары

      "ББМЖ" АЖ – "Басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" ақпараттық жүйесі

      БНАЖ – бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі

      ЖЖОКБҰ – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

      ЖИ – жасанды интеллект

      ЖКО – жол-көлік оқиғасы

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі

      КҚ – көлік құралы

      ҚР ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      ҚР СРИМ – Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі

      МАЖ – медициналық ақпараттық жүйе

      МӘМС – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

      МҚК ААЖ – мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі

      ОМО – орталық мемлекеттік орган

      ПД – Полиция департаменті

      ТжКБ – техникалық және кәсіптік білім беру

      ТМККК – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

      ҰББД – Ұлттық білім беру дерекқоры

      ЭҮ – электрондық үкімет

      "ЭСФ" АЖ – "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі

      PACS – (ағылш. Picture Archiving and Communication System) DICOM-кескіндерді беру және архивтеу жүйесі

      SDU – Smart Data Ukimet

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1157 қаулысына
2-қосымша

Күші жойылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысының 15-тармағы.

      2. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының цифрлық орынбасарлары жұмысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 124-ө өкімі.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 236 қаулысының 57-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасы министрліктерінің цифрлық орынбасарлары жұмысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 124-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 3 қарашадағы № 170-ө өкімі.

      5. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының цифрлық орынбасарлары жұмысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 124-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 151-ө өкімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады