1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, мемлекеттік авиация, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен қабылдануы негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі ақпаратты талдап, қорытындыласын және айдың 5-і күнінен кештірмей жиынтық ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы "7" қарашадағы № 177-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, мемлекеттік авиация, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен қабылдануы негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қорғанысмині |
2023 жылғы |
С.Б. Қамалетдинов |
2. | "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ӨҚМ |
2023 жылғы | А.Ө. Бейісбеков |
3. | "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ӨҚМ |
2023 жылғы | А.Ө. Бейісбеков |
4. | Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Бұйрық | Қорғанысмині |
2023 жылғы |
М.Р. Құсайынов |
5. | Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуына объективті бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Бұйрық | Қорғанысмині |
2023 жылғы |
М.Р. Құсайынов |
6. | Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиация персоналына сыныптық біліктілік беру (растау және төмендету) туралы нұсқаулықты бекіту туралы | Бұйрық | Қорғанысмині |
2023 жылғы |
М.Р. Құсайынов |
7. | Оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кәдеге жарату объектілерінің өндірістік қызметін ұйымдастыру, осы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кәдеге жарату объектілерін күзету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы | Бұйрық | ӨҚМ |
2023 жылғы | А.Ө. Бейісбеков |
8. | "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 829 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Бұйрық | ӨҚМ |
2023 жылғы | А.Ө. Бейісбеков |
9. | "Тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижелеріне сынақтар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 862 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Бұйрық | ӨҚМ |
2023 жылғы | А.Ө. Бейісбеков |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ӨҚМ – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.