"Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі жұмысының регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 184 өкімін іске асыру және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 140-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ККО отырыстарына бірінші басшылардың қатысуы осы ККО туралы ережелерге сәйкес көзделгендерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарларының төрағалығымен өткізілетін кеңестерге мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының басқармалары басшыларының қатысуын;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы барлық ККО-ға олардың санын түбегейлі қысқарту, сондай-ақ олардың жұмысына орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуын барынша азайту тұрғысынан ревизия жүргізуді және 2018 жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын енгізуді;";
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты:";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жүктелсін.".
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |