"Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі жұмысының регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 184 өкімін іске асыру және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 140-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 16 қарашадағы № 181-ө өкімі.

      "Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі жұмысының регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 184 өкімін іске асыру және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 140-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ККО отырыстарына бірінші басшылардың қатысуы осы ККО туралы ережелерге сәйкес көзделгендерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарларының төрағалығымен өткізілетін кеңестерге мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының басқармалары басшыларының қатысуын;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы барлық ККО-ға олардың санын түбегейлі қысқарту, сондай-ақ олардың жұмысына орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуын барынша азайту тұрғысынан ревизия жүргізуді және 2018 жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын енгізуді;";

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты:";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жүктелсін.".

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады