2024 жылғы 8 қарашада Астана қаласында Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 23-ші Министрлік конференциясын тиімді ұйымдастырып, өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласында Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 23-ші Министрлік конференциясын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 50-ө өкімімен бекітілген |
Астана қаласында Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 23-ші Министрлік конференциясын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с | Іс-шараның атауы | Аяқтау нысаны | Орындау мерзімдері |
Жауапты | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Мазмұндық сипаттағы іс-шаралар | |||||
1. | Министрлік конференциясының тұжырымдамасы мен бағдарламасын қалыптастыру | конференцияның тұжырымдамасы мен бағдарламасы |
2024 жылғы 10 қазанға дейін |
ҰЭМ, СІМ, СИМ, ӨҚМ, КМ, ЦДИАӨМ, ЭТРМ, ЭМ, СРИМ | талап етілмейді |
2. | АДБ-мен бірлесіп Министрлік конференциясының күн тәртібін келісу | күн тәртібі | 2024 жылғы 15 маусымға дейін | ҰЭМ, СІМ, СИМ, ӨҚМ, КМ, ЦДИАӨМ, ЭТРМ, ЭМ, СРИМ | талап етілмейді |
3. | ОАӨЭЫ елдерінің (Әзербайжан, Грузия, Пәкістан, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан) министрлеріне шақыру қағаздарын жіберу | шақыру қағаздарын жіберу |
2024 жылғы 15 шілдеге дейін | ҰЭМ, СІМ | талап етілмейді |
4. | Халықаралық ұйымдарға (ОАӨЭЫ институты, ЕҚДБ, Еуропалық Одақ, ХВҚ, ИДБ, БҰҰДБ, Дүниежүзілік банк, АИИБ және т.б.) шақыру қағаздарын жіберу | шақыру қағаздарын жіберу |
2024 жылғы 15 шілдеге дейін | ҰЭМ, СІМ | талап етілмейді |
5. | Министрлік конференциясына қатысушылар тізімін қалыптастыру | қатысушылардың жалпы тізімі | 2024 жылғы 10 тамызға дейін | ҰЭМ, СІМ | талап етілмейді |
Ұйымдастырушылық іс-шаралар | |||||
6. | Министрлік конференциясына қатысушы елдер министрлерінің келу кестесін қалыптастыру | келу кестесі және болу бағдарламасы |
2024 жылғы 7 қазанға дейін |
ҰЭМ, СІМ | талап етілмейді |
7. | Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын делегациялар басшыларына бекіту | бекіту тізімі |
2024 жылғы 28 қазанға дейін |
ҰЭМ, СІМ, СИМ, ӨҚМ, КМ, ЦДИАӨМ, ЭТРМ, ЭМ, СРИМ | талап етілмейді |
8. | ОАӨЭЫ елдері делегацияларын қарсы алуды – шығарып салуды ұйымдастыру | қарсы алу – шығарып салу |
2024 жылғы 8 қараша | Астана қаласының әкімдігі, ҰЭМ, СІМ | талап етілмейді |
9. | Мамандандырылған техникалық қызмет көрсету станцияларында күзетілетін адамдардың автомобильдерін тексеру (ресми сервистік орталық) | автомобильдердің жай-күйі туралы акт |
2024 жылғы 8 қарашаға |
Астана қаласының әкімдігі, | талап етілмейді |
10. | Шақыруларды (визалық қолдауды) рәсімдеу және келісу. Шақырулардың негізінде делегаттарға визалар беруге жәрдемдесу | визалар | 2024 жылғы қазан – қараша | ҰЭМ, ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша), Қаржымині МКК, ҰҚК ШҚ (келісу бойынша), СІМ шет елдердегі мекемелері | талап етілмейді |
11. | Министрлік конференциясының ресми делегацияларына, модераторларына және спикерлеріне байланыс офицерлерін бекітуді ұйымдастыру | байланыс офицерлерін бекіту | 2024 жылғы 8 қараша | ҰЭМ, СІМ | талап етілмейді |
Әуежай / қарсы алу және шығарып салу / протокол | |||||
12. | Астана қаласына келетін ресми делегациялар мен алдыңғы қатарлы топтар мүшелерінің әуежайдың VIP-залдары (делегация басшыларына суретке түсірусіз) арқылы өтуін қамтамасыз ету, делегация мүшелері мен БАҚ өкілдерінің паспорттық және кедендік бақылаудан жеделдетілген өтуі үшін "жасыл дәліздер" құру (құрлықтық Мемлекеттік шекарадан өткен жағдайда) | ҰЭМ-не ақпарат |
2024 жылғы 5 – 12 қараша | КМ, Астана қаласының әкімдігі, ҰҚК ШҚ (келісу бойынша), Қаржымині МКК, МКҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді |
13. | Ресми делегациялардың басшылары мен мүшелері үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми қабылдауды ұйымдастыру | жоғары деңгейде қабылдау |
2024 жылғы 8 қараша |
ПІБ (келісу бойынша), Астана қаласының әкімдігі, МКҚ (келісу бойынша) | республикалық бюджет |
14. |
Үкімет басшылары/делегация басшылары үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыру | жоғары деңгейде қабылдау кезінде музыкалық сүйемелдеу |
2024 жылғы 8 қараша |
МАМ, ҰЭМ, Астана қаласының әкімдігі | республикалық бюджет |
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету | |||||
15. | Іс-шараға қатысушылар мен ұйымдастырушыларды аккредиттеу | Аккредиттелген қатысушылар мен ұйымдастырушылар | 2024 жылғы 7 қарашаға дейін |
ҰЭМ, МКҚ | талап етілмейді |
16. |
Кортеждердің жүру маршруттары бойынша тұрғылықты және іс-шаралар өткізілетін жерлерде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. |
құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету/ |
2024 жылғы 7 – 8 қараша |
МКҚ (келісу бойынша), ҰҚК | талап етілмейді |
17. | МҚК-ге анықтама деректері бар іс-шараға қатысушылар мен БАҚ-тың тізімін беру | іс-шараға қатысушылардың тізімі |
2024 жылғы 15 қазанға дейін | ҰЭМ, СІМ, МАМ | талап етілмейді |
18. | Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету | делегация басшыларын күзету |
2024 жылғы 5 – 10 қараша |
МКҚ (келісу бойынша), ҰҚК | талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АДБ – Азия Даму Банкі;
АИИБ – Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі;
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары;
БҰҰДБ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы;
ЕҚДБ – Еуропа Қайта құру және Даму Банкі;
ИДБ – Ислам Даму Банкi;
Министрлік конференциясы – Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының Министрлік конференциясы;
КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;
Қаржымині МКК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;
МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
МКҚ – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;
ОАӨЭЫ – Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы;
ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;
ПІБ – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы;
СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;
СРИМ – Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
ҰҚК ШҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ХВҚ – Халықаралық валюта қоры;
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.