Астана қаласында Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 23-ші Министрлік конференциясын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 50-ө Өкімі

      2024 жылғы 8 қарашада Астана қаласында Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 23-ші Министрлік конференциясын тиімді ұйымдастырып, өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған Астана қаласында Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 23-ші Министрлік конференциясын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 16 сәуірдегі
№ 50-ө өкімімен
бекітілген

Астана қаласында Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 23-ші Министрлік конференциясын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары



Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімдері

Жауапты
орындаушы

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

Мазмұндық сипаттағы іс-шаралар

1.

Министрлік конференциясының тұжырымдамасы мен бағдарламасын қалыптастыру

конференцияның тұжырымдамасы мен бағдарламасы

2024 жылғы 10 қазанға дейін
 

ҰЭМ, СІМ, СИМ, ӨҚМ, КМ, ЦДИАӨМ, ЭТРМ, ЭМ, СРИМ
 

талап етілмейді

2.

АДБ-мен бірлесіп Министрлік конференциясының күн тәртібін келісу

күн тәртібі

2024 жылғы 15 маусымға дейін

ҰЭМ, СІМ, СИМ, ӨҚМ, КМ, ЦДИАӨМ, ЭТРМ, ЭМ, СРИМ

талап етілмейді

3.

ОАӨЭЫ елдерінің (Әзербайжан, Грузия, Пәкістан, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан) министрлеріне шақыру қағаздарын жіберу

шақыру қағаздарын жіберу

2024 жылғы 15 шілдеге дейін
 

ҰЭМ, СІМ

талап етілмейді

4.

Халықаралық ұйымдарға (ОАӨЭЫ институты, ЕҚДБ, Еуропалық Одақ, ХВҚ, ИДБ, БҰҰДБ, Дүниежүзілік банк, АИИБ және т.б.) шақыру қағаздарын жіберу

шақыру қағаздарын жіберу

2024 жылғы 15 шілдеге дейін
 

ҰЭМ, СІМ

талап етілмейді

5.

Министрлік конференциясына қатысушылар тізімін қалыптастыру

қатысушылардың жалпы тізімі

2024 жылғы 10 тамызға дейін

ҰЭМ, СІМ

талап етілмейді

Ұйымдастырушылық іс-шаралар

6.

Министрлік конференциясына қатысушы елдер министрлерінің келу кестесін қалыптастыру

келу кестесі және болу бағдарламасы

2024 жылғы 7 қазанға дейін
 

ҰЭМ, СІМ
 

талап етілмейді

7.

Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын делегациялар басшыларына бекіту

бекіту тізімі

2024 жылғы 28 қазанға дейін
 

ҰЭМ, СІМ, СИМ, ӨҚМ, КМ, ЦДИАӨМ, ЭТРМ, ЭМ, СРИМ
 

талап етілмейді

8.

ОАӨЭЫ елдері делегацияларын қарсы алуды – шығарып салуды ұйымдастыру

қарсы алу – шығарып салу

2024 жылғы 8 қараша
 

Астана қаласының әкімдігі, ҰЭМ, СІМ

талап етілмейді

9.

Мамандандырылған техникалық қызмет көрсету станцияларында күзетілетін адамдардың автомобильдерін тексеру (ресми сервистік орталық)

автомобильдердің жай-күйі туралы акт

2024 жылғы 8 қарашаға
дейін
 

Астана қаласының әкімдігі,
МКҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді

10.

Шақыруларды (визалық қолдауды) рәсімдеу және келісу. Шақырулардың негізінде делегаттарға визалар беруге жәрдемдесу

визалар

2024 жылғы қазан – қараша

ҰЭМ, ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша), Қаржымині МКК, ҰҚК ШҚ (келісу бойынша), СІМ шет елдердегі мекемелері

талап етілмейді

11.

Министрлік конференциясының ресми делегацияларына, модераторларына және спикерлеріне байланыс офицерлерін бекітуді ұйымдастыру

байланыс офицерлерін бекіту

2024 жылғы 8 қараша

ҰЭМ, СІМ

талап етілмейді

Әуежай / қарсы алу және шығарып салу / протокол

12.

Астана қаласына келетін ресми делегациялар мен алдыңғы қатарлы топтар мүшелерінің әуежайдың VIP-залдары (делегация басшыларына суретке түсірусіз) арқылы өтуін қамтамасыз ету, делегация мүшелері мен БАҚ өкілдерінің паспорттық және кедендік бақылаудан жеделдетілген өтуі үшін "жасыл дәліздер" құру (құрлықтық Мемлекеттік шекарадан өткен жағдайда)

ҰЭМ-не ақпарат

2024 жылғы 5 – 12 қараша
 

КМ, Астана қаласының әкімдігі, ҰҚК ШҚ (келісу бойынша), Қаржымині МКК, МКҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді

13.

Ресми делегациялардың басшылары мен мүшелері үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми қабылдауды ұйымдастыру

жоғары деңгейде қабылдау

2024 жылғы 8 қараша
 

ПІБ (келісу бойынша), Астана қаласының әкімдігі, МКҚ (келісу бойынша)
 

республикалық бюджет

14.

Үкімет басшылары/делегация басшылары үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыру
 

жоғары деңгейде қабылдау кезінде музыкалық сүйемелдеу

2024 жылғы 8 қараша
 

МАМ, ҰЭМ, Астана қаласының әкімдігі
 

республикалық бюджет

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету

15.

Іс-шараға қатысушылар мен ұйымдастырушыларды аккредиттеу

Аккредиттелген қатысушылар мен ұйымдастырушылар

2024 жылғы 7 қарашаға дейін

ҰЭМ, МКҚ
(келісу бойынша)
 

талап етілмейді

16.

Кортеждердің жүру маршруттары бойынша тұрғылықты және іс-шаралар өткізілетін жерлерде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Ресми делегациялардың жүру маршруттары бойынша бірге жүру

құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету/
делегация басшыларымен бірге жүру

2024 жылғы 7 – 8 қараша
 

МКҚ (келісу бойынша), ҰҚК
(келісу бойынша), ІІМ

талап етілмейді

17.

МҚК-ге анықтама деректері бар іс-шараға қатысушылар мен БАҚ-тың тізімін беру

іс-шараға қатысушылардың тізімі

2024 жылғы 15 қазанға дейін
 

ҰЭМ, СІМ, МАМ

талап етілмейді

18.

Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

делегация басшыларын күзету

2024 жылғы 5 – 10 қараша
 

МКҚ (келісу бойынша), ҰҚК
(келісу бойынша),
ІІМ

талап етілмейді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АДБ Азия Даму Банкі;

      АИИБ Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі;

      БАҚ бұқаралық ақпарат құралдары;

      БҰҰДБ Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы;

      ЕҚДБ Еуропа Қайта құру және Даму Банкі;

      ИДБ Ислам Даму Банкi;

      Министрлік конференциясы Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының Министрлік конференциясы;

      КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;

      Қаржымині МКК Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;

      МАМ Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;

      МКҚ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;

      ОАӨЭЫ – Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы;

      ӨҚМ Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;

      ПІБ Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы;

      СИМ Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;

      СРИМ Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;

      СІМ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;

      ҰҚК Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

      ҰҚК ШҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;

      ҰЭМ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ХВҚ Халықаралық валюта қоры;

      ЦДИАӨМ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

      ІІМ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      ЭМ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      ЭТРМ Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады