Астана қаласында Жаһандық инновациялық индекстің Азия елдері үшін 2024 жылғы есебін жариялауды тиімді ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласында Жаһандық инновациялық индекстің Азия елдері үшін 2024 жылғы есебін жариялауды дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 18 шілдедегі № 101-ө өкімімен бекітілген |
Астана қаласында Жаһандық инновациялық индекстің Азия елдері үшін 2024 жылғы есебін жариялауды дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындау мерзімдері | Жауапты орындаушы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар | ||||
1. | Жаһандық инновациялық индекстің Азия елдері үшін 2024 жылғы есебін жариялау жөніндегі конференцияға (бұдан әрі – конференция) қатысушылардың тізімін қалыптастыру | қатысушылар тізімі | 2024 жылғы 20 шілдеге дейін | Әділетмині, СІМ |
2. | Конференция өтетін орынды айқындау және брондау | залды брондау | 2024 жылғы 20 шілдеге дейін | Әділетмині, МАМ, СІМ, Астана қаласының әкімдігі |
3. | Ұйымдастыру техникасымен, байланыс құралдарымен және синхронды жабдықтармен (аудио-, бейне жабдықтар, брендтеу, жиһаз, қажет болған жағдайда басқа да қосымша жарақтандыру) қамтамасыз етуді қоса алғанда, конференцияны техникалық жарақтандыруды және өткізу орнын ұйымдастыру | қызметтер көрсету туралы шарттар | 2024 жылғы тамыз –қыркүйек | Әділетмині, СІМ |
4. | Шетелдік және қазақстандық конференцияға қатысушыларға шақыруларды қалыптастыру және жіберу | шақырулар жіберу | 2024 жылғы 1 тамызға дейін | Әділетмині, СІМ |
5. | Шақырулардың мәртебесін қадағалау | шақырулардың мәртебесі | 2024 жылғы тамыз –қыркүйек | Әділетмині |
6. | Мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасында бірге жүретін адамдарға жауаптыларды бөлу жөніндегі тізімді қалыптастыру | бекіту тізімі |
2024 жылғы |
Әділетмині, МАМ, ҒЖБМ, ҰЭМ, ӨҚМ, |
7. | Конференцияға қатысушылардың келу және кету кестесін қалыптастыру | кесте | 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін |
Әділетмині, СІМ, МАМ, ҒЖБМ, |
8. | Делегацияларды қарсы алуды-шығарып салуды ұйымдастыру | қарсы алу-шығарып салу | конференция өтетін күндері | Астана қаласының әкімдігі, Әділетмині, СІМ, МАМ, ҒЖБМ, ҰЭМ, ӨҚМ, ОМ, СИМ, КМ, Еңбекмині, Қаржымині, ЦДИАӨМ, ЭМ, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ (келісу бойынша) |
Әуежай / күтіп алу және шығарып салу / протокол | ||||
9. | Астана қаласына келетін ресми делегациялар мүшелерінің әуежайдың VIP-залдары арқылы өтуін қамтамасыз ету (делегация басшыларының суретке түсуінсіз), делегация мүшелері мен БАҚ өкілдерінің паспорттық және кедендік бақылаудан жедел өтуі үшін "жасыл дәліздер" құру (құрлықтағы Мемлекеттік шекараны кесіп өткен жағдайда) | Әділетминіне ақпарат | ұшып келу және ұшып кету күні | КМ, Астана қаласының әкімдігі, ҰҚК ШҚ (келісу бойынша), Қаржыминінің МКК |
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету | ||||
10. | Конференцияға қатысушыларды аккредиттеу | аккредиттел ген қатысушылар тізімі | 2024 жылғы 20 қыркүйек | Әділетмині |
11. | Бұқаралық ақпарат құралдарын шақыруды ұйымдастыру және аккредиттеу | аккредиттелген БАҚ тізімі | 2024 жылғы 20 қыркүйек | МАМ, Әділетмині |
12. | Іс-шара өтетін орындарда құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ресми делегациялардың жүру маршруттары бойынша бірге жүру | іс-қимыл жоспары | іс-шараны өткізудің бүкіл мерзімі ішінде | ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша) |
Мазмұндық сипаттағы іс-шаралар | ||||
13. | Конференцияның тұжырымдамасы мен бағдарламасын әзірлеу | конференцияның тұжырымдамасы мен бағдарламасы | 2024 жылғы қыркүйек | Әділетмині |
14. | Материалдар дайындау | сөз сөйлеу жобасына ұсыныстар (анықтама лық материалдар) | 2024 жылғы 10 тамызға дейін | Әділетмині, МАМ, ҒЖБМ, ҰЭМ, ӨҚМ, ОМ, СИМ, КМ, Еңбекмині, Қаржымині, ЦДИАӨМ, ЭМ, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ (келісу бойынша) |
15. | Ресми делегациялардың басшылары мен мүшелері ресми қабылдауды ұйымдастыру | жоғары деңгейде қабылдау | іс-шара өтетін күні | ПІБ (келісу бойынша), Астана қаласының әкімдігі |
16. | Делегация басшылары мен ресми делегациялардың мүшелері үшін ресми қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан концерттік бағдарлама ұйымдастыру | жоғары деңгейде қабылдау кезінде музыкалық сүйемелдеу | іс-шара өтетін күні | МАМ, Әділетмині, Астана қаласының әкімдігі |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары;
ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қаржыминінің МКК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;
МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;
ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;
ПІБ – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы;
СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
ҰҚК ШҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ – "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы.