Астана қаласында Жаһандық инновациялық индекстің Азия елдері үшін 2024 жылғы есебін жариялауды дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 18 шілдедегі № 101-ө Өкімі

      Астана қаласында Жаһандық инновациялық индекстің Азия елдері үшін 2024 жылғы есебін жариялауды тиімді ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған Астана қаласында Жаһандық инновациялық индекстің Азия елдері үшін 2024 жылғы есебін жариялауды дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 18 шілдедегі
№ 101-ө өкімімен
бекітілген

Астана қаласында Жаһандық инновациялық индекстің Азия елдері үшін 2024 жылғы есебін жариялауды дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындау мерзімдері

Жауапты орындаушы

1

2

3

4

5

Ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар

1.

Жаһандық инновациялық индекстің Азия елдері үшін 2024 жылғы есебін жариялау жөніндегі конференцияға (бұдан әрі – конференция) қатысушылардың тізімін қалыптастыру

қатысушылар тізімі

2024 жылғы 20 шілдеге дейін

Әділетмині, СІМ

2.

Конференция өтетін орынды айқындау және брондау

залды брондау

2024 жылғы 20 шілдеге дейін

Әділетмині, МАМ, СІМ, Астана қаласының әкімдігі

3.

Ұйымдастыру техникасымен, байланыс құралдарымен және синхронды жабдықтармен (аудио-, бейне жабдықтар, брендтеу, жиһаз, қажет болған жағдайда басқа да қосымша жарақтандыру) қамтамасыз етуді қоса алғанда, конференцияны техникалық жарақтандыруды және өткізу орнын ұйымдастыру

қызметтер көрсету туралы шарттар

2024 жылғы тамыз –қыркүйек

Әділетмині, СІМ

4.

Шетелдік және қазақстандық конференцияға қатысушыларға шақыруларды қалыптастыру және жіберу

шақырулар жіберу

2024 жылғы 1 тамызға дейін

Әділетмині, СІМ

5.

Шақырулардың мәртебесін қадағалау

шақырулардың мәртебесі

2024 жылғы тамыз –қыркүйек

Әділетмині

6.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасында бірге жүретін адамдарға жауаптыларды бөлу жөніндегі тізімді қалыптастыру

бекіту тізімі

2024 жылғы
1 қыркүйекке дейін

Әділетмині, МАМ, ҒЖБМ, ҰЭМ, ӨҚМ,
ОМ, СИМ, КМ, ңбекмині, Қаржымині, ЦДИАӨМ, ЭМ, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ (келісу бойынша)

7.

Конференцияға қатысушылардың келу және кету кестесін қалыптастыру

кесте

2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін

Әділетмині, СІМ, МАМ, ҒЖБМ,
ҰЭМ, ӨҚМ, ОМ, СИМ, КМ, Еңбекмині, Қаржымині, ЦДИАӨМ, ЭМ

8.

Делегацияларды қарсы алуды-шығарып салуды ұйымдастыру

қарсы алу-шығарып салу

конференция өтетін күндері

Астана қаласының әкімдігі, Әділетмині, СІМ, МАМ, ҒЖБМ, ҰЭМ, ӨҚМ, ОМ, СИМ, КМ, Еңбекмині, Қаржымині, ЦДИАӨМ, ЭМ, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ (келісу бойынша)

Әуежай / күтіп алу және шығарып салу / протокол

9.

Астана қаласына келетін ресми делегациялар мүшелерінің әуежайдың VIP-залдары арқылы өтуін қамтамасыз ету (делегация басшыларының суретке түсуінсіз), делегация мүшелері мен БАҚ өкілдерінің паспорттық және кедендік бақылаудан жедел өтуі үшін "жасыл дәліздер" құру (құрлықтағы Мемлекеттік шекараны кесіп өткен жағдайда)

Әділетминіне ақпарат

ұшып келу және ұшып кету күні

КМ, Астана қаласының әкімдігі, ҰҚК ШҚ (келісу бойынша), Қаржыминінің МКК

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету

10.

Конференцияға қатысушыларды аккредиттеу

аккредиттел ген қатысушылар тізімі

2024 жылғы 20 қыркүйек

Әділетмині

11.

Бұқаралық ақпарат құралдарын шақыруды ұйымдастыру және аккредиттеу

аккредиттелген БАҚ тізімі

2024 жылғы 20 қыркүйек

МАМ, Әділетмині

12.

Іс-шара өтетін орындарда құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ресми делегациялардың жүру маршруттары бойынша бірге жүру

іс-қимыл жоспары

іс-шараны өткізудің бүкіл мерзімі ішінде

ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша)

Мазмұндық сипаттағы іс-шаралар

13.

Конференцияның тұжырымдамасы мен бағдарламасын әзірлеу

конференцияның тұжырымдамасы мен бағдарламасы

2024 жылғы қыркүйек

Әділетмині

14.

Материалдар дайындау

сөз сөйлеу жобасына ұсыныстар (анықтама лық материалдар)

2024 жылғы 10 тамызға дейін

Әділетмині, МАМ, ҒЖБМ, ҰЭМ, ӨҚМ, ОМ, СИМ, КМ, Еңбекмині, Қаржымині, ЦДИАӨМ, ЭМ, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ (келісу бойынша)

15.

Ресми делегациялардың басшылары мен мүшелері ресми қабылдауды ұйымдастыру

жоғары деңгейде қабылдау

іс-шара өтетін күні

ПІБ (келісу бойынша), Астана қаласының әкімдігі

16.

Делегация басшылары мен ресми делегациялардың мүшелері үшін ресми қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан концерттік бағдарлама ұйымдастыру

жоғары деңгейде қабылдау кезінде музыкалық сүйемелдеу

іс-шара өтетін күні

МАМ, Әділетмині, Астана қаласының әкімдігі

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары;

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      Қаржыминінің МКК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;

      МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;

      ПІБ – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы;

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

      ҰҚК ШҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ – "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады