Ядролық физиканы (радиохимияны) дамыту жөніндегі кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 142-ө Өкімі

      Ядролық физиканы (радиохимияны) дамыту мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 19-бабының 1-тармағы 8) тармақшасының негізінде:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Ядролық физиканы (радиохимияны) дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 142-ө өкіміне
қосымша

Ядролық физиканы (радиохимияны) дамыту жөніндегі кеңестің құрамы

      1. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, төраға.

      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, төрағаның орынбасары.

      3. Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, хатшы.

      4. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты.

      5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

      6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі.

      7. Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі.

      8. Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.

      9. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

      10. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

      11. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

      12. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі.

      13. Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі.

      14. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ядролық медицина орталығының басшысы (келісу бойынша).

      15. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (келісу бойынша).

      16. "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (келісу бойынша).

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 142-ө өкімімен
бекітілген

Ядролық физиканы (радиохимияны) дамыту жөніндегі кеңес туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ядролық физиканы (радиохимияны) дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес қызметінің мақсаты ядролық физиканы (радиохимияны) дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау болып табылады.

      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      5. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

2-тарау. Кеңестің міндеттері

      6. Қойылған мақсат шеңберінде Кеңеске:

      1) ядролық физиканы (радиохимияны) дамытудың, оның ішінде ядролық медицина мен ядролық технологияларды дамытудың ұзақ және қысқа мерзімді пайымдауларын қалыптастыру, ғылыми зерттеулер мен инновациялар үшін негізгі бағыттарды айқындау;

      2) ядролық физиканы (радиохимияны) дамыту саласындағы құқықтық реттеу мен нормативтік қамтамасыз етуді жақсарту;

      3) ядролық физиканы (радиохимияны) дамытуды ынталандыру үшін инновациялық жобаларды қаржыландыру және қолдау көздері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау жүктеледі.

3-тарау. Кеңестің қызметін ұйымдастыру мен оның тәртібі

      7. Кеңестің қызметін ұйымдастыру мен оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

О создании Совета по развитию ядерной физики (радиохимии)

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 27 сентября 2024 года № 142-р

      В целях развития ядерной физики (радиохимии), а также на основании подпункта 8) пункта 1 статьи 19 Конституционного закона Республики Казахстан "О Правительстве Республики Казахстан":

      1. Создать Совет по развитию ядерной физики (радиохимии) (далее – Совет) в составе согласно приложению к настоящему распоряжению.

      2. Утвердить прилагаемое Положение о Совете.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Приложение к распоряжению
Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 27 сентября 2024 года № 142-р

Состав
Совета по развитию ядерной физики (радиохимии)

      1. Министр энергетики Республики Казахстан, председатель.

      2. Министр науки и высшего образования Республики Казахстан, заместитель председателя.

      3. Вице-министр энергетики Республики Казахстан, секретарь.

      4. Депутат Сената Парламента Республики Казахстан.

      5. Вице-министр сельского хозяйства Республики Казахстан.

      6. Вице-министр здравоохранения Республики Казахстан.

      7. Вице-министр транспорта Республики Казахстан.

      8. Вице-министр финансов Республики Казахстан.

      9. Заместитель Министра иностранных дел Республики Казахстан.

      10. Вице-министр национальной экономики Республики Казахстан.

      11. Вице-министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      12. Вице-министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      13. Заведующий Отделом социального развития Аппарата Правительства Республики Казахстан.

      14. Руководитель Центра ядерной медицины республиканского государственного предприятия "Больница Медицинского центра Управления делами Президента Республики Казахстан" (по согласованию).

      15. Генеральный директор республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Национальный ядерный центр Республики Казахстан" (по согласованию).

      16. Генеральный директор республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт ядерной физики" (по согласованию).

      ______________________________

  Утверждено распоряжением
Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 27 сентября 2024 года № 142-р

Положение
о Совете по развитию ядерной физики (радиохимии)

Глава 1. Общие положения

      1. Совет по развитию ядерной физики (радиохимии) (далее – Совет) является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан.

      2. Целью деятельности Совета является выработка предложений и рекомендаций по разработке основных направлений государственной политики в области развития ядерной физики (радиохимии).

      3. Совет в своей деятельности руководствуется Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

      4. Рабочим органом Совета является Министерство энергетики Республики Казахстан.

      5. Заседания Совета проводятся по мере необходимости.

Глава 2. Задачи Совета

      6. В рамках поставленной цели на Совет возлагается выработка предложений и рекомендаций по:

      1) формулированию долго- и краткосрочных видений развития ядерной физики (радиохимии), в том числе развития ядерной медицины и ядерных технологий, определению ключевых направлений для научных исследований и инноваций;

      2) улучшению правового регулирования и нормативного обеспечения в сфере развития ядерной физики (радиохимии);

      3) источникам финансирования и поддержке инновационных проектов для стимулирования развития ядерной физики (радиохимии).

Глава 3. Организация и порядок деятельности Совета

      7. Организация и порядок деятельности Совета осуществляются в соответствии с Правилами образования, деятельности и упразднения консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247.

      ________________________