Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысы барысындағы мәселелерді қарау бойынша ұсыныстар тұжырымдау мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Комиссия жыл сайын, есепті қаржы жылынан кейінгі 31 наурыздан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныс беріп тұрсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 2 қарашадағы № 152-ө өкімімен бекітілген |
Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысын жетілдіру болып табылады.
3. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі болып табылады.
5. Комиссияның отырыстары қажет болу шамасына қарай өткізіледі.
2-тарау. Комиссияның міндеттері
6. Комиссияның міндеттері блоктық бюджет жұмысы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау, сондай-ақ пилоттық жоба шеңберінде қатысушыларды үйлестіру болып табылады.
3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі
7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 2 қарашадағы № 152-ө өкіміне қосымша |
Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамы
Такиев | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға; |
Темірбеков | – | Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары; |
Ахметов | – | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті директорының орынбасары, хатшы; |
Энгель | – | Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі (келісу бойынша); |
Жолманов | – | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша); |
Әмрин | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі; |
Еркінбаев | – | Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі; |
Ыбрайханов | – | Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі; |
Алпысов Ермек Амантайұлы | – | Қарағанды облысы әкімінің орынбасары; |
Қайыпов | – | Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; |
Ахмедьяров | – | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы (келісу бойынша); |
Мағауин | – | Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы (келісу бойынша); |
Әушәріпов | – | Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Экономикалық бөлімінің меңгерушісі (келісу бойынша); |
Алдасүгірова | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры; |
Әшім | – | Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Қаржы департаментінің директоры; |
Бейсембаев | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджет заңнамасы департаментінің директоры; |
Дәрібаева | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Бюджет саясаты департаментінің директоры; |
Есдәулетова | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры; |
Исмағұлов | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры; |
Қылышпаев |
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры; |
Мақсұтов |
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің директоры; |
Махметов | – | Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару және бюджеттік саясат департаментінің директоры; |
Мыңбаев |
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлерді талдау және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту департаментінің директоры; |
Оспанов | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық талдау және даму департаментінің директоры; |
Рақымова | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Агроөнеркәсіп кешен, табиғи ресурстар, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бюджеті департаментінің директоры; |
Хисматулин |
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжау департаментінің директоры; |
Құдайбергенов | – | "Стратегиялық бастамалар орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас әріптесі (келісу бойынша). |