Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысын үйлестіру жөнінде комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 2 қарашадағы № 152-ө Өкімі

      Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысы барысындағы мәселелерді қарау бойынша ұсыныстар тұжырымдау мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Комиссия жыл сайын, есепті қаржы жылынан кейінгі 31 наурыздан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныс беріп тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 2 қарашадағы
№ 152-ө өкімімен
бекітілген

Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысын жетілдіру болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі болып табылады.

      5. Комиссияның отырыстары қажет болу шамасына қарай өткізіледі.

2-тарау. Комиссияның міндеттері

      6. Комиссияның міндеттері блоктық бюджет жұмысы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау, сондай-ақ пилоттық жоба шеңберінде қатысушыларды үйлестіру болып табылады.

3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.



  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 2 қарашадағы
№ 152-ө өкіміне
қосымша

  Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамы


Такиев
Мәди Төкешұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға;

Темірбеков
Дәурен Оденұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары;

Ахметов
Олжас Қалымтайұлы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті директорының орынбасары, хатшы;

Энгель
Юлия Федоровна

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі (келісу бойынша);

Жолманов
Азамат Сағатұлы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

Әмрин
Азамат Кемеңгерұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;

Еркінбаев
Ержан Мәлікұлы

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі;

Ыбрайханов
Ерболат Мақсұтханұлы

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі;

Алпысов Ермек Амантайұлы

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;

Қайыпов
Тілепберген Ерсайұлы

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

Ахмедьяров
Әлібек Ғазизұлы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы (келісу бойынша);

Мағауин
Данияр Қалыбекұлы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы (келісу бойынша);

Әушәріпов
Ерлан Серікұлы

Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Экономикалық бөлімінің меңгерушісі (келісу бойынша);

Алдасүгірова
Жанар Әлібиқызы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры;

Әшім
Айгүл Әшімқызы

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Қаржы департаментінің директоры;

Бейсембаев
Олжас Жылқайдарұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджет заңнамасы департаментінің директоры;

Дәрібаева
Гүлсана Аманбайқызы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Бюджет саясаты департаментінің директоры;

Есдәулетова
Әлия Аманбайқызы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры;

Исмағұлов
Сейілхан Қалиақбарұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры;

Қылышпаев
Дінмұхамед Ғайдарұлы

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры;

Мақсұтов
Нұрлан Мақсұтұлы

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің директоры;

Махметов
Момыш Елтайұлы

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару және бюджеттік саясат департаментінің директоры;

Мыңбаев
Маханбет Бақытжанұлы

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлерді талдау және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту департаментінің директоры;

Оспанов
Әуесхан Алтайұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық талдау және даму департаментінің директоры;

Рақымова
Бақыт Балмағамбетқызы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Агроөнеркәсіп кешен, табиғи ресурстар, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бюджеті департаментінің директоры;

Хисматулин
Вагиз Раилович

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжау департаментінің директоры;

Құдайбергенов
Олжас Әбдімәлікұлы

"Стратегиялық бастамалар орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас әріптесі (келісу бойынша).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады