1. Қоса беріліп отырған, қабылдануы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары:
1) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
2) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Премьер-Министр О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы |
Премьер-Министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 11-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілерді сапалы, уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы | БП (келісу бойынша) | 2025 жылғы наурыз | Ж.Ж. Өмірәлиев |
2. | Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы | әкімдіктің қаулысы | ЖАО | 2025 жылғы наурыз | облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар.