Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 155-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 32-баптың екінші бөлігі:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын," деген сөздермен толықтырылсын;

      "құқығынан айыру" деген сөздерден кейін ", қоғамдық жұмыстарға тарту" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 33-бапта:

      тақырып "адвокаттардың," деген сөзден кейін "заң консультанттарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      бірінші бөлік "адвокаттар," деген сөзден кейін "заң консультанттары," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 41-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) қоғамдық жұмыстар;";

      4) 42-баптың бірінші бөлігі "қамаққа алу" деген сөздерден кейін ", қоғамдық жұмыстар" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 44-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы 13) тармақшасындағы "құнының пайызымен көрсетiледi." деген сөздер "құнының;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

      "14) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлікті сатып алуға арналған шығыстарының көрсетілген мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздерінің сомасынан асып кетуі мен айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшері арасындағы айырманың пайызымен көрсетіледі.";

      екінші бөліктің екінші абзацы "адвокатқа," деген сөзден кейін "заң консультантына," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) мынадай мазмұндағы 49-1 және 49-2-баптармен толықтырылсын:

      "49-1-бап. Қоғамдық жұмыстар

      1. Сот қоғамдық жұмыстарды жеке тұлғаларға қатысты қолданады.

      2. Сот әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке тұлғаның келісімі болған кезде қоғамдық жұмыстарды қолданады.

      3. Қоғамдық жұмыстар әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның өзінің тұрғылықты жерінде орналасқан қоғамдық орындарда жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз жұмыстарды орындауынан тұрады.

      4. Қоғамдық жұмыстар сағатпен есептеледі және он сағаттан бір жүз сағатқа дейінгі мерзімге белгіленеді.

      Қоғамдық жұмыстарды орындау күніне бір сағаттан кем болмауға және төрт сағаттан аспауға тиіс.

      Қоғамдық жұмыстар жұмыстан және оқудан бос уақытта орындалады.

      5. Тұрақты жұмыс орны жоқ және оқу орындарында оқымайтын адамдар қоғамдық жұмыстарды күніне кемінде бір сағат және сегіз сағаттан асырмай, бірақ аптасына қырық сағаттан асырмай орындайды.

      6. Қоғамдық жұмыстарды орындаудың жалпы ұзақтығы төрт айдан аспауға тиіс.

      7. Қоғамдық жұмыстар:

      1) жүкті әйелдерге;

      2) үш жасқа дейiнгi жас балалары бар әйелдерге;

      3) үш жасқа дейiнгi жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ерлерге;

      4) он сегіз жасқа толмаған адамдарға;

      5) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      6) елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге;

      7) алпыс үш жастағы және ол жастан асқан ерлерге;

      8) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылмайды.

      8. Қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңінде осы баптың жетінші бөлігінде көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда, сот жергілікті атқарушы органдардың өтінішхаты бойынша мұндай адамды қоғамдық жұмыстарды орындаудан босатады.

      49-2-бап. Қоғамдық жұмыстардан жалтару

      1. Мынадай:

      1) қоғамдық жұмыстарды тағайындау туралы сот қаулысын орындау үшін жергілікті атқарушы органның шақыруы бойынша дәлелсіз себептермен келмеген;

      2) қоғамдық жұмыстарды орындауға кірісуден бас тартқан;

      3) ұйымға қоғамдық жұмыстарды орындау мерзімі ішінде екі реттен артық дәлелсіз себептермен келмеген;

      4) қоғамдық жұмыстарды орындауға келіп, қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық куәландырумен расталған алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде болған және (немесе) жүрген;

      5) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге дәлелсіз себептермен кеткен адам қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған адам деп танылады.

      Ескертпе. Құқық бұзушының сырқаттанып қалуы және оны қоғамдық жұмыстарды орындау үшін уақтылы келу мүмкіндігінен айыратын, құжатпен расталған басқа да мән-жайлар оның қоғамдық жұмыстарды орындау үшін белгіленген мерзімде келмеуінің дәлелді себептері деп танылады.";

      7) 50-баптың бірінші бөлігіндегі "төтенше жағдайлар режимі" деген сөздер "төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 57-баптың 9) тармақшасындағы "зілзала жағдайларында немесе басқа да төтенше жағдайлар" деген сөздер "зілзала, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кездерінде не басқа да төтенше мән-жайлар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 62-бапта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жеке тұлға лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны, қоғамдық жұмыстардан жалтарғаны, әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне тексерулер жүргізу, қоршаған ортаны қорғау, бәсекелестікті қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар жасағаны, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, мемлекеттік құпиялар, табиғи монополиялар, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, дербес деректер және оларды қорғау, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір жыл өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.

      Заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір жыл өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.

      Заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін, сондай-ақ техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау рәсімдерін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.

      Заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "2-1. Жеке тұлға салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласында, кеден ісі саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін ол жасалған күннен бастап бір жыл өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) салық салу саласындағы, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар үшін құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен (Салық кодексі), "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен ескіру мерзімі бес жыл болып белгіленген заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) тиісінше салық салу саласындағы, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар үшін құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      Заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы құқық бұзушылықтар үшін құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.";

      бесінші бөлікте:

      бірінші абзац "жіберілген кезден бастап" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ одан әрі іс жүргізілуіне кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі жағдайларында" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "жеткізілген" деген сөзден кейін ", сондай-ақ еңсерілмейтін күштің әсері тоқтаған" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші абзац алып тасталсын;

      сегізінші бөліктегі "Жоғарғы Сот Төрағасының, Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының" деген сөздер "кассациялық сот төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпелер.

      1. Осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгiнiң бабында көзделген белгiлi бiр іс-әрекеттiң бiрыңғай құрамының үздiксiз жүзеге асырылуымен сипатталатын және анықталған кезінде аяқталмаған әкімшілік құқық бұзушылық созылып кеткен бұзушылық деп танылады.

      2. Іс бойынша одан әрі іс жүргізуге кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсері деп осы жағдайлар кезіндегі төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайларды (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, төтенше жағдай және сол сияқтылар) түсінген жөн.";

      10) 66-баптың үшінші бөлігіндегі "қамаққа алуды" деген сөздер "қамаққа алу мен қоғамдық жұмыстарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 73-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "не" деген сөзден кейін "жиырма сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "он тәулікке" деген сөздер "қырық сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не он тәулікке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 79-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацында:

      "он" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "адвокаттарға," деген сөзден кейін "заң консультанттарына," деген сөздермен толықтырылсын;

      "жиырма" деген сөз "алпыс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "отыз" деген сөз "бір жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жетпіс" деген сөз "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацында:

      "елу" деген сөз "бір жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жетпіс бес" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бір жүз" деген сөздер "үш жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "екі жүз" деген сөздер "алты жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацында:

      "елу" деген сөз "бір жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бір жүз, орта" деген сөздер "үш жүз, орта" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бір жүз елу" деген сөздер "төрт жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "екі жүз" деген сөздер "алты жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктің екінші абзацында:

      "бес жүз" деген сөздер "жеті жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жеті жүз" деген сөздер "бір мың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бір мың" деген сөздер "екі мың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 85-бап алып тасталсын;

      14) 91-бапта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы ", сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы шарттар жасасу тәртібін" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші абзацтағы "төрт жүз" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;

      он бірінші және он екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) олардың үлестес тұлғаларының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бермеуі және (немесе) уақтылы бермеуі –

      жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      12. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) олардың үлестес тұлғаларының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне анық емес және (немесе) толық емес есептілікті, мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) беруі –

      жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпелер.

      1. Осы баптың бірінші және он екінші бөліктерінің мақсаттары үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) осы баптың бірінші және он екінші бөліктерінде жауаптылығы көзделген бұзушылықтарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның жол берілген бұзушылық туралы хабарламасы алынған күнге дейін өз бетінше жойған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      2. Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталып қалмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болған заңға сәйкес белгіленетін бір айлық есептік көрсеткіштен аз болған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      3. Осы баптың он бірінші бөлігінің мақсаттары үшін жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты беру мерзімдері аяқталған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты берген жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.";

      15) 93-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      бесінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "ескерту жасалғаннан" деген сөздер "әкімшілік жаза қолданылғаннан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацта:

      "шағын" деген сөз "лауазымды адамдарға, шағын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жиырма, орта" деген сөздер "қырық, орта" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "отыз" деген сөз "алпыс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "бір жүз жиырма" деген сөздер "екі жүз қырық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы бөлікте:

      бірінші абзац "орындамауы және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      екінші абзацта:

      "шағын" деген сөз "лауазымды адамдарға, шағын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жиырма" деген сөз "қырық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "отыз" деген сөз "алпыс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "сексен" деген сөз "бір жүз жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші бөліктің екінші абзацында:

      "шағын" деген сөз "лауазымды адамдарға, шағын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қырық" деген сөз "сексен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "алпыс" деген сөз "бір жүз жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бір жүз жиырма" деген сөздер "екі жүз қырық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 94-баптың екінші абзацындағы "ескерту жасауға немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      17) 95-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацында:

      "отыз бес" деген сөздер "алпыс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "жетпіс" деген сөз "бір жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бір жүз қырық" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацында:

      "жетпіс" деген сөз "бір жүз жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бір жүз қырық" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "екі жүз сексен" деген сөздер "төрт жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 96-бапта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац "туралы" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзацта:

      "жетпіс" деген сөз "бір жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бір жүз бес" деген сөздер "бір жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бір жүз қырық" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацында:

      "бір жүз қырық" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "екі жүз он" деген сөздер "үш жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "екі жүз сексен" деген сөздер "төрт жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 100-бап алып тасталсын;

      20) 153-баптың ескертпелерінде:

      1-тармақта:

      "бір мың" деген сөздер "екі мың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      3-тармақтағы "бір мың" деген сөздер "екі мың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 154-баптың тақырыбы мен бірінші абзацындағы "заңнамасында" деген сөз "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      22) 158-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "158-бап. Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын заңсыз пайдалану";

      бірінші абзацта:

      "көрсету белгісін немесе" деген сөздер "көрсету белгісін, географиялық нұсқаманы," деген сөздермен ауыстырылсын;

      "сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану," деген сөздер алып тасталсын;

      екінші абзац "көрсету белгісі," деген сөздерден кейін "географиялық нұсқама," деген сөздермен толықтырылсын;

      23) 164-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы "авиация саласында" деген сөздерден кейін ", су қорын пайдалану және қорғау саласында" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөліктің бірінші абзацындағы "уәкілетті органға" деген сөздер "уәкілетті орган мен су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктің бірінші абзацы "авиация саласында" деген сөздерден кейін ", су қорын пайдалану және қорғау саласында" деген сөздермен толықтырылсын;

      24) 169-бапта:

      оныншы бөліктің бірінші абзацындағы "жүзеге асырмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундтеуге лицензиясы жоқ" деген сөздер "және (немесе) мұнай өнімдерін компаундтеуді және (немесе) химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндіруді жүзеге асырмайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "биоотын нарығының қатысушылары" деген сөздер "биоотын нарығына қатысушылар мен химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндірушілер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он екінші бөліктің бірінші абзацындағы "биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундтеуге лицензиясы жоқ" деген сөздер "биоотын нарығына қатысушылар болып табылмайтын және (немесе) биоотын өндіруді және (немесе) мұнай өнімдерін компаундтеуді және (немесе) химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндіруді жүзеге асырмайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 170-бапта:

      жетінші бөліктің екінші абзацындағы "аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып," деген сөздер алып тасталсын;

      он екінші бөліктің екінші абзацындағы "және аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып" деген сөздер алып тасталсын;

      26) 173-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "173-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу

      1. Осы Кодекстің 164-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының, квазимемлекеттік сектордың, табиғи монополиялар субъектілерінің, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан, өзге де ұйымдардың заңсыз актілер шығару, заңсыз тапсырмалар беру, құқыққа сыйымсыз шешімдер қабылдау, сол сияқты заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіретін әрекеттер (әрекетсіздік) жасау арқылы дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың қызметіне заңсыз араласуы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.".

      27) 175-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "175-бап. Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібін бұзу

      1. Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібін бұзу, оның ішінде:

      1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу негіздерінің болмауы;

      2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабының 3-тармағында көзделген тергеп-тексеруді жүргізу үшін негіздердің болмауы;

      3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;

      4) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізу туралы хабарламаның болмауы, сол сияқты хабардар ету мерзімдерінің сақталмауы;

      5) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 151-бабында көзделген шектеулерді бұзу;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тергеп-тексеру жүргізу тәртібін бұзу;

      7) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 149-бабында көзделген өнім үлгілерін іріктеу тәртібін бұзу;

      8) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген талаптарға сәйкестігіне бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезеңділігін бұзу;

      9) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні бақылау мен қадағалау субъектісіне ұсынбау;

      10) мемлекеттік органдардың өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындауы;

      11) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру туралы актіні мемлекеттік құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеу міндетті болғанда, оны тіркемей бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу;

      12) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді және тергеп-тексеруді жүргізудің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мерзімдерін бұзу;

      13) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 131-бабының 5-тармағына сәйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай алдын ала профилактикалық бақылаусыз бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу;

      14) тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүзеге асырылатын бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегін сақтамау бөлігінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 7-тармағының талаптарын бұзу;

      15) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіні бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктіріп бақылау мен қадағалау субъектісіне табыс ету –

      лауазымды адамға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      28) 175-1-бап алып тасталсын;

      29) 190-баптың бесінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      30) 201-баптың бірінші бөлігіндегі "сауда қызметі" деген сөздер "ішкі сауда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 202-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қызметінің негізгі түрі ірі сауда объектілеріндегі, сондай-ақ сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беру, мұндай объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және олардың жұмысын ұйымдастыру болып табылатын дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың сауда объектілеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін ішкі сауда субъектілерінің (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізетін) назарына жазбаша нысанда жеткізбеуі –";

      32) 204-2-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "204-2-бап. Сауда базарлары мен ірі сауда объектілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзу

      1. Қызметінің негізгі түрі ірі сауда объектілеріндегі, сондай-ақ сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беру болып табылатын дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын:

      1) ірі сауда объектісінің, сауда базарының ішкі сауда субъектілері мен олардың әкімшілігінің жұмыскерлері үшін жұмыс режимін қамтитын бекітілген жұмыс регламентінің болмауы;

      2) ішкі сауда субъектілеріне сауда объектілері мен сауда инфрақұрылымына тең қолжетімділік бермеу;

      3) ішкі сауда субъектілеріне ірі сауда объектілері, сауда базарлары ұсынатын қосымша көрсетілетін қызметтердің бекітілген тізбесінің (бар болса) болмауы;

      4) ақпараттық жүйеде тіркелудің, сол сияқты өз қызметін ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асыру үшін оған қолжетімділіктің болмауы;

      5) ақпараттық жүйеде жасалған жалға алу шартының болмауы, сол сияқты оған өзгерістер енгізбеу;

      6) сауда инфрақұрылымын жаңғыртудың болмауы, сол сияқты оны іске асыру үшін тиісті жағдайлар жасамау;

      7) ірі сауда объектісінің, сауда базарының аумағындағы көтерме және бөлшек саудада сату аймағының, сол сияқты оның аражігін ажыратудың болмауы;

      8) аумақтарында техникалық жағдайлар болған кезде сауда базарларында автодүкендерден сауданы ұйымдастырудың болмауы;

      9) сауда орнын жалға алғаны (пайдаланғаны) үшін төлемді ақпараттық жүйе арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен не екінші деңгейдегі банктер арқылы төлеуге шот жазып беру арқылы қабылдауды қамтамасыз етпеу түрінде жасаған бұзуы –

      ескерту жасауға алып келеді.";

      33) 204-4 бапта:

      тақырып "үстемесінің" деген сөзден кейін "шекті" деген сөзбен толықтырылсын;

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац "үстемесінің" деген сөзден кейін "шекті" деген сөзбен толықтырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      екінші бөліктің екінші абзацында:

      "шағын" деген сөз "жеке тұлғаларға, шағын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жетпіс бес" деген сөздер "жетпіс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      34) 206-бапта:

      үшінші бөліктің бірінші абзацы "Банктердің," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      ескертпелерде:

      2-тармақ "банктерді," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын," деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ "Банктер," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары," деген сөздермен толықтырылсын;

      35) 207-баптың ескертпелері 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бесінші бөлікте – тапсырыс берушінің бірінші басшысын не жүктелген өкілеттіктерге сәйкес шешім қабылдаған адамды не оның міндетін атқаратын адамды, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысын не оның міндетін атқаратын адамды;";

      36) 208-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кредиттік бюроның, оның ішінде мемлекет қатысатын кредиттік бюроның кредиттік тарихтарды қалыптастыру мен кредиттік есептерді ұсыну жөніндегі қызметтің негізгі түрлеріне, қызметтің қосымша түрлеріне жатпайтын қызметті жүзеге асыруы, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюроның сақтандыру жөніндегі дерекқорды қалыптастырумен және жүргізумен және кредиттік скорингті есептеу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынумен байланысты емес қызметті жүзеге асыруы –";

      37) 211-бапта:

      бесінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың клиенттермен жасалатын микрокредит беру туралы шарттарда, сондай-ақ микрокредит бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін көрсетпеуі, анық емес көрсетуі –";

      мынадай мазмұндағы 5-1 және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:

      "5-1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерінен асыруы –

      заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      "8. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткені туралы хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      ескертпелердің 2-тармағында:

      "бесінші" деген сөзден кейін ", 5-1" деген цифрлармен толықтырылсын;

      "екінші деңгейдегі банк," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы," деген сөздермен толықтырылсын;

      38) 211-1-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасайтын коллекторлық агенттік жұмыскерінің мынадай жосықсыз әрекеттер жасауы:

      1) борышкерді және (немесе) оның өкілін және (немесе) үшінші тұлғаны банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыруы;

      2) борышкерге және (немесе) оның өкіліне және (немесе) үшінші тұлғаға анық емес тегін және (немесе) атын және (немесе) әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ жұмыс орны және (немесе) лауазымы туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді хабарлауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      39) 211-2-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қарыз алушы үшін банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын жақсарту жағдайларын қоспағанда, оларды біржақты тәртіппен өзгерту –";

      ескертпелердің 1-тармағы "банк," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы," деген сөздермен толықтырылсын;

      40) 212-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "212-бап. Қаржы ұйымдары мен өзге де тұлғалардың қаржылық есептілікті, бухгалтерлік есепке алу деректері жөніндегі есептілікті немесе өзге де есептілікті ұсыну мерзімдерін бұзуы";

      бірінші бөліктің бірінші абзацында:

      "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың," деген сөздер алып тасталсын;

      "есептілікті" деген сөзден кейін ", бухгалтерлік есепке алу деректері жөніндегі есептілікті" деген сөздермен толықтырылсын;

      41) 213-бап мынадай мазмұндағы он бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "15. Банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың инкассаторлар бригадаларын қалыптастыру, автомобильмен инкассаторлық тасымалдау кезінде келу карточкалары мен жол парақтарын жасау, пломбаларды пайдалану, инкассаторларды керек-жарақпен, жеке қорғаныш құралдарымен, оның ішінде броньды кеудешелермен, каскалармен (шлемдермен), сондай-ақ қызметтік қарумен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзуы –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      42) 214-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы, екінші бөлігінің екінші абзацы, үшінші бөлігінің екінші абзацы, төртінші бөлігінің екінші абзацы, бесінші бөлігінің екінші абзацы, алтыншы бөлігінің екінші абзацы, жетінші бөлігінің екінші абзацы, сегізінші бөлігінің екінші абзацы, тоғызыншы бөлігінің екінші абзацы, оныншы бөлігінің екінші абзацы, он бірінші бөлігінің екінші абзацы, он екінші бөлігінің екінші абзацы "ірі кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      43) мынадай мазмұндағы 215-1-баппен толықтырылсын:

      "215-1-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында

      Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұзу

      1. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасының банк заңнамасын мыналардан:

      1) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың маңызды ақпараттық активтер қамтылған ақпараттық жүйелердің деректерін, ақпараттық жүйенің жұмысқа жарамды көшірмесін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін олардың файлдары мен теңшеулерін резервтік сақтауды қамтамасыз етпеуінен;

      2) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның маңызды ақпараттық активтерін үшінші тұлғаларға беру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық, банк заңнамасына, Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес үшінші тұлғаларға беруге жол берілмейтін ақпаратқа үшінші тұлғалардың қол жеткізу мүмкіндігін болғызбау жөніндегі шараларды қабылдамауынан;

      3) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бөлімшесінің және (немесе) ішкі аудит бөлімшесінің банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйін бағалау бөлігінде тексерулер жүргізбеуінен;

      4) банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметрінен шығатын телекоммуникациялық қосылуларды (қалалық телефон желісі арқылы қосылуларды қоспағанда) шифрлаудың болмауынан;

      5) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың желіаралық экрандарда белгіленген қол жеткізу қағидаларын, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық активтерінің жұмыс істеуі үшін пайдаланылмайтын қосылуларды бұғаттау жөніндегі талаптарды сақтамауынан және (немесе) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметрінде кірулерді анықтау мен болғызбау құралдарының болмауынан;

      6) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың пайдаланушыларға ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметрінің шектеріне байланысты шифрланбаған арна арқылы банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметрі ішіндегі маңызды ақпараттық активтеріне қолжетімділік беруінен және (немесе) пайдаланушыларға ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметрінің шектеріне байланысты, қос факторлы аутентификациялау әдістерін пайдаланбай, маңызды ақпараттық активтер қамтылған ақпараттық жүйелерге қолжетімділік беруінен;

      7) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың пайдаланушылардың Интернет ресурстарына қол жеткізу қауіпсіздігін және (немесе) сыртқы электрондық поштаны пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуінен;

      8) банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда маңызды ақпараттық активтер қамтылған ақпараттық жүйелердің әкімшілері тізбесінің және (немесе) маңызды ақпараттық активтер қамтылған ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру функцияларын орындау кезінде қосарланған бақылаудың және (немесе) артықшылық берілген есептік жазбалардың пайдаланылуын бақылайтын арнаулы кешендердің болмауынан;

      9) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың маңызды ақпараттық активтерінде маңызды ақпараттық активте қосылуларды орнату, сәйкестендіру, аутентификациялау және авторизациялау оқиғаларын, қауіпсіздік теңшеулерін түрлендіру оқиғаларын, пайдаланушылардың топтары мен олардың өкілеттіктерін түрлендіру оқиғаларын, пайдаланушылар мен олардың өкілеттіктерінің есептік жазбаларын түрлендіру оқиғаларын, өзгерістердің ақпараттық жүйеде орнатылғанын көрсететін оқиғаларды, аудит параметрлерін өзгерту оқиғаларын, жүйелік параметрлер өзгерістерінің оқиғаларын көрсететін аудиторлық жазба функциясының болмауынан;

      10) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың маңызды ақпараттық активтерге осалдықтарының бар-жоғы тұрғысынан жартыжылдық сканерлеуді жүргізбеуінен және (немесе) анықталған осалдықтарды жою жөніндегі түзету шаралары туралы ұсынымдар көрсетілген ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы есеп түріндегі сканерлеу нәтижелерінің болмауынан;

      11) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мониторингтеуге жататын ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары тізбесінің, осындай оқиғалар дереккөздерінің, ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу кезеңділігінің, тәртібі мен әдістерінің болмауынан және (немесе) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою тәртібінің іске асырылғанын растайтын құжаттардың, мәліметтер мен фактілердің болмауынан көрінген ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етпеуінен;

      12) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу мен талдауды және (немесе) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын сыныптау мен оларға басымдық беруді жүзеге асырмауынан;

      13) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты шоғырландыруды, жүйелеуді, сақтауды, оның тұтастығын және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы, қабылданған шаралар және ұсынылатын түзету шаралары туралы ақпарат көрсетілген ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын есепке алу журналында сақталуын қамтамасыз етпеуінен көрінген бұзушылық –

      орта кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері мен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында маңызды ақпараттық активтердің тізбесін қалыптастыру мен кейіннен жаңартып отыру жөніндегі іске асырылған процестердің болмауынан және (немесе) маңызды ақпараттық активтер үшін ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау жөніндегі іске асырылған процестердің болмауынан көрінген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұзу –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері мен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      44) 217-баптың тақырыбындағы "клиенттердің валюталық операциялары" деген сөздер "валюталық операциялар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      45) 218-баптағы "ұйымдастыру" деген сөз "жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      46) 225-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген" деген сөздер "мәмілелер жасасу орнына, әдісі мен тәсіліне, мәмілелер бойынша есеп айырысу қағидаттарына, қаржы құралдарына инвестициялау лимиттеріне қойылатын, туынды қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерге, зейнетақы активтерін депозиттерге (салымдарға) орналастыру мерзімдеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ мәмілелердің кейбір түрлеріне салынған тыйымдар бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      47) 226-баптың тақырыбы "таратуға" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      48) 227-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "Банктердің" деген сөз "Осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, банктердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың өздері қабылдаған және (немесе) оларға жазбаша нұсқама және (немесе) жазбаша келісім нысанында қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, төлем жүйелері операторларының, төлем жүйелері операциялық орталықтарының және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің өздері қабылдаған және (немесе) оларға шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы –

      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      төртінші бөліктің бірінші абзацындағы "(қайта сақтандыру) ұйымының" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;

      49) 228-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "228-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру тобы бас ұйымының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген сол бір пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан көп рет) бұзуы –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалдарына үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының сақтанушыларға өзінің тұрақты жұмыс істейтін органының, оқшауланған бөлімшесінің тұрған жерінің өзгергені немесе атауының өзгергені туралы уақтылы хабарламауы –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының өздерінің қызметіне байланысты құжаттарды есепке алу мен сақтау мерзімдерін бұзуы –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi сақтау туралы мәлiметтердiң бұрмалануына алып келген есептiлiктi жасауы –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті немесе төтенше жарналарды, сондай-ақ бастапқы біржолғы және қосымша жарналарды төлемеуі, уақтылы төлемеуі не толық көлемде төлемеуі –

      екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қаржылық есептiлiкті, бухгалтерлік есепке алу деректері жөніндегі есептілікті және өзге де мәліметтерді масс-медиада жарияламауы, уақтылы жарияламауы –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      7. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпарат беру және сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасаспауы және осы ұйымда тіркелуді жүзеге асырмауы –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпе. Осы баптың төртінші бөлігінің мақсаттары үшін бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда әкімшілік жауаптылық басталады.";

      50) 230-бапта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац "Сақтандыру ұйымының" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзацтағы "заңды тұлғаға" деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші бөлікте:

      бірінші абзац "ұйымының" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзацтағы "заңды тұлғаға" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші бөлікте:

      бірінші абзац "ұйымының" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзацтағы "заңды тұлғаларға" деген сөздер алып тасталсын;

      бесінші бөлікте:

      бірінші абзац "ұйымының" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзацтағы "заңды тұлғаларға" деген сөздер алып тасталсын;

      алтыншы бөлікте:

      бірінші абзац "ұйымының" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзацтағы "заңды тұлғаларға" деген сөздер алып тасталсын;

      51) 233-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы "ұйымның банкке" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына" деген сөздермен толықтырылсын;

      52) 234-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы "банктердегі" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарындағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      53) 239-бапта:

      үшінші бөліктің бірінші абзацындағы ", микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші бөліктің бірінші абзацындағы ", микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздер алып тасталсын;

      54) 244-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беруге өтініш жасау мерзімін бұзуы –";

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа немесе шетелдік банктегі шотқа есептік нөмір беруге өтініш жасау мерзімін бұзуы –

      ескерту жасауға алып келеді.";

      екінші бөлікте:

      бірінші абзацта:

      "бірінші бөлігінде", "іс-әрекет" деген сөздер тиісінше "бірінші немесе 1-1- бөліктерінде", "іс-әрекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      екінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      төртінші бөліктің екінші абзацы "шағын кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      алтыншы бөліктің екінші абзацы "шағын кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      сегізінші бөліктің екінші абзацы "шағын кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      55) 247-баптың тоғызыншы бөлігінің 4) тармақшасындағы "бұзуы;" деген сөз "бұзуы –" деген сөзбен ауыстырылып, 3) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

      56) 251-баптың ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе. Осы бапта көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі өткеннен кейін есепке жатқызылмаған ұлттық валютаның және (немесе) шетел валютасының сомасы шекті мәні асып кеткенде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен нормативтік құқықтық актісіне сәйкес репатриациялау талабының орындалуын бақылауға жататын шекті мәннен асатын жағдайда басталады.";

      57) 252-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы жүргізбеу" деген сөздер "уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы төлемдерді жүзеге асырмау, сол сияқты оларды қабылдамау және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      58) мынадай мазмұндағы 252-1-баппен толықтырылсын:

      "252-1-бап. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды және айырбастау пункттерінің жұмыс істеу шарттарын бұзу

      1. Уәкілетті ұйымдардың өз банктік шоттарында және (немесе) айырбастау пунктінің кассасында теңгемен немесе шетел валютасымен ақшаның, сондай-ақ жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерінің кемінде бір жүз пайызы мөлшерінде құймалардағы аффинирленген алтынның (бар болса) күн сайын болуын қамтамасыз етпеуі –

      сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің жұмыс режимін бұзуы –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктінің қызметін күнтізбелік отыз күннен астам мерзімге уақытша тоқтата тұру, айырбастау пунктінің қызметін қайта бастау туралы хабарламаларды ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері операциялық кассаларының үй-жайларында өздерінің қызметіне қатысы жоқ ақшаны сақтауы, сондай-ақ осы ұйымның жұмыскерлерін қоспағанда, бөгде адамдардың болуы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      7. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың бағамдарды белгілеу туралы өкімсіз қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүргізуі, бағамдарды белгілеу туралы өкімде белгіленген сатып алу, сату бағамдарына сәйкес келмейтін валюталарды сатып алу және (немесе) сату бағамдарын ақпараттық стендте орналастыруы –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      8. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін сақтамауы –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      9. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімдері журналында клиенттің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірін (бар болса), ал заңнамада көзделген жағдайларда – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, заңды мекенжайын тіркеп көрсетпеуі –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      10. Осы баптың үшінші, төртінші, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      59) 253-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "253-бап. Төлем балансын қорғау жөніндегі шараларды бұзу";

      бірінші абзацтағы "Арнаулы валюталық режимді" деген сөздер "Төлем балансын қорғау жөніндегі шараларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "арнаулы валюталық режимді" деген сөздер "төлем балансын қорғау жөніндегі шараларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      60) 255-бап алып тасталсын;

      61) 256-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы:

      "шағын кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      "ірі кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлікте:

      бірінші абзац "уәкілетті органға" деген сөздерден кейін "және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац:

      "шағын кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      "ірі кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      ескертпелерде:

      1-тармақтағы "білікті инвесторлар туралы мәліметтерді қамтитын есептілік," деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы баптың екінші бөлігіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын есептілік деп Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес ұсынылатын есептілік түсініледі.";

      62) 257-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығару шарттарында белгіленген облигациялар бойынша сыйақы төлеудің және (немесе) оларды өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзуы –";

      63) 259-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "259-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында әрекеттер жасау

      1. Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және өзге де тұлғалардың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ әрекеттер жасауы –

      жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      64) 260-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;

      65) 262-бапта:

      төртінші бөліктің екінші абзацы "ірі кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "7. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде өз қызметін бағалы қағаздар нарығында жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының жарияланған күніне шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      8. Номиналды ұстаушының орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде номиналды ұстаушының атына ашылған және оның клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын біріктіріп есепке алуға арналған номиналды ұстаушының қосалқы шоты жөніндегі электрондық деректерді орталық депозитарийге сақтауға бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынбауы және (немесе) уақтылы ұсынбауы –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      9. Номиналды ұстаушының орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген көлемде және тәртіппен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде номиналды ұстаушының атына ашылған және оның клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын біріктіріп есепке алуға арналған номиналды ұстаушының қосалқы шоты жөніндегі анық емес және (немесе) толық емес электрондық деректерді орталық депозитарийге сақтауға бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынуы –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      66) 264-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "264-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының және инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасын бұзуы";

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарын, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын жеке есепке алуды жүзеге асырмауы –";

      екінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Инвестициялық портфельді басқарушының қабылданған инвестициялық шешімдерді орындау мақсатында инвестициялық портфельді басқару процесінде бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарттың, кастодиан, инвестициялық портфельді басқарушы және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалған кастодиан шартының талаптарын, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың талаптарын орындау тәртібін ірі залал келтірмей бұзуы –

      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      екінші бөлікте:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті немесе зейнетақы активтері есебінен мәміле жасау үшін инвестициялық шешімнің болуына, мәміле жасалатын нарықтың типіне, мәмілені жасасу әдісі мен тәсіліне, мәміленің баға параметрлеріне, мәміле бойынша есеп айырысу қағидатына, сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне, қаржы құралдарына инвестициялау мөлшеріне (лимитіне), активтерді депозиттерге (салымдарға) орналастыру мерзіміне қойылатын талаптарды, мәмілелердің кейбір түрлеріне салынған тыйымды бұза отырып мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруы, зейнетақы активтерін инвестициялық декларацияны бұза отырып инвестициялауы, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін салыстырып тексеруді жүзеге асыруға қойылатын талаптарды бұза отырып операцияларды жүзеге асыруы –";

      екінші абзацтағы "әкеп соғады" деген сөздер "алып келеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      67) 268-бапта:

      бесінші және алтыншы бөліктер алып тасталсын;

      он бірінші бөліктің бірінші абзацында:

      "сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға" деген сөздер "монополияға қарсы органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "есептілік нысандарын", "көрінеу жалған" деген сөздер тиісінше "есептілікті", "көрінеу жалған есептілікті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он үшінші және он төртінші бөліктер алып тасталсын;

      68) 273-бапта:

      тақырып "трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті" деген сөздерден кейін ", халықаралық топқа қатысу туралы өтініштерді" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөліктің бірінші абзацы "трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті" деген сөздерден кейін "және халықаралық топқа қатысу туралы өтініштерді" деген сөздермен толықтырылсын;

      69) 275-бапта:

      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде меншік құқығындағы мүлкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасының болуы туралы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда, кірістер мен мүлік туралы декларацияда, жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтерді активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда, кірістер мен мүлік туралы декларацияда, жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетпеу арқылы жасаған жасыруы –";

      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "3-1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар, лауазымды адамдар, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) жұмсаған шығыстардың аталған адамдардың кірістеріне сәйкес келмеуі, атап айтқанда есепті күнтізбелік жыл ішінде аталған адамдар сатып алған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлікті сатып алуға арналған шығыстардың көрсетілген мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздерінің сомасынан бір мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам мөлшерде асып кетуі –

      осы бөліктің бірінші абзацында көрсетілген мүлікті сатып алуға арналған шығыстардың көрсетілген мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздерінің сомасынан бір мың еселенген айлық есептік көрсеткіш шегере отырып асып кету мөлшерінің тоқсан пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      ескертпелердің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін адамның Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны, жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсынбауы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде меншік құқығындағы мүлкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасының болуы туралы мәліметтерді көрсетпеуіне теңестіріледі.";

      70) 278-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы ", егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса," деген сөздер алып тасталсын;

      71) 285-бапта:

      тақырып "Банктердің" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердің" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      1) тармақшада:

      ", жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат" деген сөздер "немесе жеке практикамен айналысатын адам" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "хабарламалардың кепілді жеткізілімін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы банк шотын ашқаны туралы олар ашылғаннан кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей не хабарламаны қағаз жеткізгіште жіберген кезде – үш жұмыс күні ішінде" деген сөздер "банктік шоттар ашқаны не "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген жағдайларда банктік шоттағы жеке сәйкестендіру кодының өзгергені туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша "банктің" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) тармақшадағы ", жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат" деген сөздер "немесе жеке практикамен айналысатын адам" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақша "банкте" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "банктің" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацы "Банктердің" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-1-бөліктің бірінші абзацы "Банктердің" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердің" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      1) тармақшада:

      "салық төлеушi – заңды тұлғаға, резидент еместі қоса алғанда,", ", жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат" деген сөздер тиісінше "бейрезидентті қоса алғанда, салық төлеушi заңды тұлғаға", "немесе жеке практикамен айналысатын адам" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "азаматтығы жоқ тұлғаға" деген сөздер "азаматтығы жоқ адамға банктік шоттарды жабу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "хабарламалардың кепілдік берілген жеткізілімін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы банк шотын жабу туралы ол ашылғаннан кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей не хабарламаны қағаз жеткізгіште жіберген кезде – үш жұмыс күні ішінде хабарламау" деген сөздер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен және мерзімдерде хабарламауы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшада:

      "банкке" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына" деген сөздермен толықтырылсын;

      "банктің" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) тармақшадағы "жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат" деген сөздер "немесе жеке практикамен айналысатын адам" деген сөздермен ауыстырылсын;

      72) 285-1-бапта:

      тақырып "сақтандыру ұйымдарының," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөліктің бірінші абзацындағы "сақтандыру ұйымдарының" деген сөздер "сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      73) 286-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың заңды немесе жеке тұлғалардың банктік шоттары бойынша операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсынуы, сол сияқты осы банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының іс жүзіндегі қаржылық жай-күйімен көрінеу қамтамасыз етілмеген кепілгерліктер, кепілдіктер және өзге де міндеттемелер беруі, егер бұл әрекеттер жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке ірі залал келтіруге алып келмесе, –";

      74) 299-баптың бірінші бөлігі бірінші абзацының 2) тармақшасы алып тасталсын;

      75) 317-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы "сәйкес келмейтін және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      76) 321-баптағы "және авторлық" деген сөздер "және (немесе) авторлық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      77) 334-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "ескерту жасауға немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      78) 344-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 4-1-бөліктермен толықтырылсын:

      "2-1. Осы Кодекстің 434-2-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеткізу үшін көлік құралдары пайдаланылған кездейсоқ қоқыстардың түзілуі (қалдықтарды арнаулы белгіленген орындардан тыс жерге шығарып тастау) –

      жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      "4-1. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –

      бұзушылықты жасау құралы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      79) 357-баптың екінші абзацындағы "не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады" деген сөздер "алып келеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      80) 377-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы "тасымалдау," деген сөзден кейін "өткізу," деген сөзбен толықтырылсын;

      81) 386-баптың екінші абзацындағы "ескерту жасауға немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      82) 400-баптың бірінші бөлігі бірінші абзацының 15) тармақшасындағы "қамтамасыз етпеу;" деген сөздер "қамтамасыз етпеу түрінде жасалған бұзушылық–" деген сөздермен ауыстырылып, 16) тармақшасы алып тасталсын;

      83) 403-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы "зиянды" деген сөзден кейін "және аса қауіпті зиянды" деген сөздермен толықтырылсын;

      84) 409-баптың төртінші бөлігі бірінші абзацының 5) тармақшасындағы "сақтамау түрінде жасалған бұзушылық;" деген сөздер "сақтамау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын сақтамау;

      7) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын сақтамау;

      8) мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын сақтамау түрінде жасалған бұзушылық–";

      85) 410-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      86) 415-баптың бірінші бөлігі бірінші абзацының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығару;

      2) техникалық регламенттері қолданысқа енгізілген, сәйкестікті бағалаудан өтпеген, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы құжаттары болмай немесе техникалық реттеу тізілімінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімдерінде мұндай құжаттардың бар-жоғы туралы мәліметтер болмаған кезде өнімді айналымға шығару түрінде жасалған бұзушылық –";

      87) 417-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "417-бап. Тауар шығарылған елді айқындау тәртібін бұзу

      1. Тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың тауардың шығу тегі туралы сараптама актілерін жасауы және сараптама ұйымының тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі қағидаларды бұза отырып, тауардың шығу тегі туралы сараптама актілерін беруі –

      тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар аттестаттарының қолданылуын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, сараптама ұйымдарына үш айға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы тиісінше ресімделген сараптама актісі, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруден бас тарту –

      тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Өтінім беруші сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша құжаттарды ұсынбаған жағдайда, шығарған елін айқындау өлшемшартын дұрыс айқындамай, тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі қағидалар бұзыла отырып берілген тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің негізінде уәкілетті ұйымның тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруі –

      тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу үшiн сауда қызметін реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін тiзбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын бұрмаланған және (немесе) анық емес құжаттарды ұсыну –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он екі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын қолданудан айыра отырып, тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымға – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, сараптама ұйымдарына үш айға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып, алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      88) 419-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "бір мың алты жүз" деген сөздер "алты жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "екі мың" деген сөздер "бір мың екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      89) 423-1-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацында:

      "он бес" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "жиырма бес" деген сөздер "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "қырық" деген сөз "сексен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "бір жүз" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацында:

      "отыз" деген сөз "алпыс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "елу" деген сөз "бір жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "сексен" деген сөз "бір жүз алпыс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "екі жүз" деген сөздер "төрт жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      90) 424-1-баптың екінші абзацындағы "не жиырма тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға" деген сөздер "не денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыруға не онсыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      91) 425-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      92) 434-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма сағаттан алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бестен он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "алпыс сағаттан бір жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не он бестен отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.";

      93) 434-2-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не қырық сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға алып келеді.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сексен сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға алып келеді.";

      94) 438-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "отыз" деген сөз "алпыс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацында:

      "алпыс" деген сөз "бір жүз жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "айыппұл салуға әкеп соғады" деген сөздер "айыппұл салуға не қырық сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға алып келеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацында:

      "ескерту жасауға немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      "он бес" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      95) 440-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы "айыппұл салуға" деген сөздерден кейін "немесе жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      96) мынадай мазмұндағы 440-1-баппен толықтырылсын:

      "440-1-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну

      1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса –

      жеке тұлғаға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.";

      97) 443-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы "айыппұл салуға" деген сөздерден кейін "немесе жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      98) 449-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы "айыппұл салуға" деген сөздерден кейін "немесе жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      99) 463-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "ірі кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы "ірі кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      100) 464-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "ірі кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы "ірі кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      101) 465-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы "бас тарту" деген сөздерден кейін ", егер мұндай әрекеттер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуға және (немесе) заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіретін әрекеттер (әрекетсіздік) жасауға алып келмесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      102) 466-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға алып келеді.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға алып келеді.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      103) 468-баптың бірінші бөлігінің бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:

      сәйкестендіру нөмірін ескермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қалыптастыру алгоритміне сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірінің және (немесе) есептеу алгоритміне сәйкес жеке сәйкестіндіру нөміріндегі бақылау разрядының дұрыс көрсетілуін бақыламау түрінде жасаған –";

      104) 470-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында:

      3) тармақшадағы "6-тармағының" деген сөздер "4 және 6-тармақтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "арнаулы" деген сөз "нысанды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      105) 471-бапта:

      екінші бөліктің екінші абзацы "лауазымды адамдарға" деген сөздерден кейін ", нотариустарға" деген сөзбен толықтырылсын;

      төртінші бөліктің екінші абзацы "лауазымды адамдарға" деген сөздерден кейін ", нотариустарға" деген сөзбен толықтырылсын;

      106) 472-баптың бірінші бөлігі бірінші абзацының 4) тармақшасындағы "арнайы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға" деген сөздер "мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға беруге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      107) 478-бапта:

      тақырыптағы "Төтенше жағдай" деген сөздер "Төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "Төтенше жағдай" деген сөздер "Төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      108) 479-баптағы "қылмыстар" деген сөз "қылмыстық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      109) 490-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға не жеке тұлғаларға – жиырма бес, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға не Қазақстан Республикасының азаматтарына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      жетінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға не Қазақстан Республикасының азаматтарына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      110) 496-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "бір жүз" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімнен асып кеткен мерзімде хабарлау –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге алып келеді.";

      үшінші бөлікте:

      бірінші абзац "органдарда" деген сөзден кейін ", сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      111) 504-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуге жіберілген немесе бұрын жіберілген адамдардың мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі белгіленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –";

      112) 506-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары немесе арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар күзететін объектіге, сондай-ақ жеке күзет ұйымы күзететін аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектіге және стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталында акцияларының (қатысу үлестерінің) бақылау пакетін мемлекет тікелей немесе жанама түрде иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі экономика салаларының объектісіне, қауіпті өндірістік объектіге заңсыз кіру, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –";

      113) 510-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке басын куәландыратын құжаттарсыз Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның;";

      2) тармақша алып тасталсын;

      төртінші бөліктің бірінші абзацы "Осы баптың" деген сөздерден кейін "бірінші," деген сөзбен толықтырылсын;

      бесінші бөліктің бірінші абзацындағы "бірінші бөлігінде" деген сөздер "бірінші және екінші бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      114) 512-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "512-бап. Қазақстан Республикасының ішкі және аумақтық суларының режимдерін бұзу";

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және iшкi суларындағы" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және iшкi суларында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының ішкі және аумақтық суларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      115) 543-баптың 1-1-бөлігінің екінші абзацындағы "әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз," деген сөздер алып тасталсын;

      116) 559-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "ескерту жасауға немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1 және 5-1-бөліктермен толықтырылсын:

      "1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      "5-1. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      117) 567-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "567-бап. Рейс мәртебесі өзгерген кезде тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы

      1. Рейс мәртебесі өзгерген кезде тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы –";

      118) 571-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы "халықаралық" деген сөзден кейін "және ішкі" деген сөздермен толықтырылсын;

      119) 571-1-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "571-1-бап. Жүкті, жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актісін), жол парағын ұсынбауы немесе мұндай тасымалдарды тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актісін), жол парағын көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркемей жүзеге асыруы

      1. Жүкті, жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актісін), жол парағын ұсынбауы немесе мұндай тасымалдарды тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актісін), жол парағын көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркемей жүзеге асыруы, сол сияқты осы құжаттарды толтырмауы немесе оларға көрінеу жалған мәліметтерді енгізуі –";

      120) 572-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацында:

      "шағын" деген сөз "жеке тұлғаларға – бес, шағын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      121) 573-баптың бірінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, шетелдік тасымалдаушының Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен халықаралық тасымалдауды рұқсатсыз немесе арнаулы рұқсатсыз, сондай-ақ тасымалдау түріне сәйкес келмейтін рұқсатты пайдаланып жүзеге асыруы –

      бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      "5. Шетелдік тасымалдаушының толтырылмаған немесе Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаудың рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидаларын бұза отырып толтырылған отандық рұқсатты пайдалануы –

      бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      122) 593-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "Жолаушыларды" деген сөз "Осы баптың 1-2-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жолаушыларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-2-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-2. Жолаушыларды көлік құралының кабинасынан (салонынан) тыс тасымалдау, сол сияқты олардың көлік құралы жүріп келе жатқанда оның терезелері мен люктерінен денесін шығаруына, есікті ашуына жол беру –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      123) 596-бап мынадай мазмұндағы 3-1 және 4-1-бөліктермен толықтырылсын:

      "3-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 46-бабының төртінші бөлігіне сәйкес арнайы құқықтан айыру қолданылмайтын адамдар жасаған әрекет –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      "4-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол құрылысжайларының және өзге де құрылысжайлардың не өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтірген әрекет –

      тоғыз ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді.";

      124) 597-бапта:

      4-1-бөліктің екінші абзацындағы "үш" деген сөз "бір" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-2-бөліктің екінші абзацындағы "бес" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      125) 598-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "жеті" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацында:

      "он бес" деген сөздер "қырық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "айыппұл салуға" деген сөздерден кейін "немесе жиырма сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      126) 607-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "он" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарының, жүктердің, жол құрылысжайларының және өзге де құрылысжайлардың не өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтірген әрекеттер –

      тоғыз ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді.";

      127) 608-баптың алтыншы бөлігіндегі ", екінші" деген сөз алып тасталсын;

      128) 610-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады" деген сөздер "алып келеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған не жәбірленушінің денсаулығына жеңiл зиян келтiруге алып келген әрекет –";

      129) 615-бапта:

      төртінші бөліктің екінші абзацы "айыппұл салуға" деген сөздерден кейін "немесе он екі сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "5. Көлік құралы жүріп келе жатқанда жолаушының көлік кабинасының (салонының) сыртында болуы –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      130) 637-бапта:

      жетінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      сегізінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып немесе байланыс саласындағы қызметті немесе байланыс саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау болмаған жағдайда, байланыс саласындағы мұндай қызметті тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      тоғызыншы бөліктегі "Ұялы байланыс" деген сөздер "Байланыс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "16. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісі иесінің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтың сақталуы мен қауіпсіздігін, үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті орындамауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      17. Пошта операторының пошта байланысы желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарды пошта байланысының барлық желісінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен, пошта операторы көрсететін қызметтерді пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау жөніндегі міндеттерді орындамауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      18. Пошта операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізуді, дербес деректер туралы ақпаратты жинау мен сақтауды қамтамасыз ететін техникалық құралдарды және жабдықтарды пошта желілерінде орнату жөніндегі міндеттерді орындамауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      19. Осы баптың он жетінші және он сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      131) 640-бапта:

      екінші бөліктің бірінші абзацы "ашық" деген сөзден кейін "және жабық" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 6-бөліктермен толықтырылсын:

      "2-1. Тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының немесе куәландырушы орталықтың:

      1) тіркеу куәліктерін беру шарттарын;

      2) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау тұрғысынан тексеруді сақтамауынан көрінген бұзушылық –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2-2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру функционалының болмауынан көрінген электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру қағидаларын бұзу –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      "6. Басқа адамның электрондық цифрлық қолтаңбасының жабық кілтін пайдалану –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      132) 641-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін лауазымды адамдар деп тиісті бұйрықтармен міндеттерді орындау жүктелген бірінші басшыларды, басшылардың орынбасарларын, аппараттар басшыларын не оларды алмастыратын адамдарды түсінген жөн.";

      133) 646-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы "әскери есепке алуды жүзеге асыратын органға" деген сөздер "тиісті жергілікті әскери басқару органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      134) 647-баптың бірінші абзацындағы "тұрақты тұрғылықты жерге немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      135) 648-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "комиссияның" деген сөз "тіркеу комиссиясының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      136) 653-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "айыппұл салуға" деген сөздерден кейін "немесе жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы "айыппұл салуға" деген сөздерден кейін "немесе қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      137) 659-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "кезде және медициналық қызмет сараптамасын жүргiзу барысында органға (лауазымды адамға)" деген сөздер "кездегі және медициналық қызмет сараптамасын жүргiзу барысындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертпедегі "осыған уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) iс бойынша шешiм шығарғанға" деген сөздер "iс бойынша шешiм шығарылғанға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      138) 667-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты олардың заңды өкіміне немесе талабына бағынбау, олардың заңды қызметіне кедергі келтіру, сол сияқты былапыт сөйлеуден, құрметтемеушілік танытудан, лайықсыз мінез-құлықтан, арандатушылықтан, мазақ қылудан, әбес қылықтар (белгілер), заттар көрсетуден, оның ішінде масс-медианы немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы көрінген араласу –";

      139) 668-бапта:

      тақырып "Адвокаттың" деген сөзден кейін ", заң консультантының" деген сөздермен толықтырылсын;

      бірінші абзац "кеңсенің" деген сөзден кейін ", заң консультанттарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      140) 669-баптың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзац "егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға" деген сөздерден кейін "немесе жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      141) 675-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жеке күзет ұйымының күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерінің нысанды киімін заңсыз киiп жүру (пайдалану) –

      нысанды киім тәркіленіп, жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      142) 681-бапта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жұмысқа қабылдауы, сондай-ақ олардың одан әрі жұмыс істеуіне жол беруі –";

      екінші абзацтағы "әкеп соғады" деген сөздер "алып келеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      143) 684-бапта:

      бірінші бөлікте:

      "80 (2-2 және төртінші бөліктерінде)" деген сөздер "80 (2-2-бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "85, 99, 100," деген цифрлар алып тасталсын;

      "170 (жетінші, оныншы және он екінші бөліктерінде)" деген сөздер "170 (оныншы және он екінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "175-1, 176,", "182," деген цифрлар алып тасталсын;

      "247 (7-1, тоғызыншы және он бірінші бөліктерінде)" деген сөздер "247 (он бірінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "283-1" деген цифрлар "283-1 (бесінші және алтыншы бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "299 (екінші бөлігінде), 312 (екiншi бөлiгiнде), 313, 314, 316 (екiншi бөлiгiнде), 317 (төртінші бөлiгiнде), 317-1 (екінші бөлігінде), 317-2 (екінші бөлігінде)", "320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "344 (бірінші бөлігінде)" деген сөздер "344 (бірінші және 4-1-бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "401 (алтыншы және жетінші бөліктерінде), 402 (төртінші бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "409 (7-1 және 7-8-бөліктерінде)" деген сөздер "409 (7-8-бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "415-1 (екінші бөлiгiнде),", "417 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 419 (екінші бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "434," деген цифрлардан кейін "434-2," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "436," деген цифрлардан кейін "438 (екінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "440 (үшінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "440-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "543 (1-1, үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздер "543 (үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "596 (үшінші бөлігінде)" деген сөздер 596 (үшінші, 3-1 және 4-1-бөліктерінде), 598 (екінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "607 (екінші бөлігінде)" деген сөздер "607 (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "618," деген цифрлар алып тасталсын;

      "637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "651," деген цифрлар алып тасталсын;

      екінші бөліктің 2) тармақшасында:

      "135," деген цифрлардан кейін "156-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "430 (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші бөлік "Жоғарғы Соттың," деген сөздерден кейін "кассациялық соттың," деген сөздермен толықтырылсын;

      144) 685-бапта:

      бірінші бөлікте:

      "434-2," деген цифрлар алып тасталсын;

      "438 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздер "438 (бірінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)" деген сөздер "559 (бірінші, 1-1, екінші, төртінші, бесінші және 5-1-бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "598" деген цифрлар "598 (бірінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "615 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      2) тармақшада:

      "434-2," деген цифрлар алып тасталсын;

      "438 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздер "438 (бірінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "598 (екінші бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      3) тармақшада:

      "559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)" деген сөздер "559 (бірінші, 1-1, екінші, төртінші, бесінші және 5-1-бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "iшкi iстер органдары полициясының желілік бөлімдерінің, бөлiмшелерiнiң" деген сөздер "iшкi iстер органдарының көліктегі полиция бөлімшелерінің, полиция бөлiмшелерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) осы Кодекстің 440 (бірінші және екінші бөліктерінде) (пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға қатысты)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – пробация қызметінің қызметкерлері;";

      4) тармақшада:

      "434-2," деген цифрлар алып тасталсын;

      "615 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздер "615 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      145) 686-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "438 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздер "438 (бірінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      146) 688-бапта:

      бірінші бөліктегі "170 (бірінші, 1-1, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)" деген сөздер "170 (бірінші, 1-1, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "және оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары" деген сөздер ", сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      147) 688-1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға уран өндіру саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.";

      148) 689-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.";

      149) 690-1-баптың бірінші бөлігі "Кодекстің" деген сөзден кейін "297," деген цифрлармен толықтырылсын;

      150) 691-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы "616," деген цифрлардан кейін "618," деген цифрлармен толықтырылсын;

      151) 692-баптың бірінші бөлігіндегі "637 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он бірінші, он екінші, он төртінші және он бесінші бөліктерінде)" деген сөздер "637" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      152) 695-бапта:

      тақырыптағы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды," деген сөздер "Заңды тұлғаларды және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөлікте:

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды," деген сөздер "Заңды тұлғаларды және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "464 және 466" деген сөздер "466 және 491" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды," деген сөздер "заңды тұлғаларды және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      153) 697-баптың бірінші бөлігіндегі "344 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)" деген сөздер "344 (екінші, 2-1, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      154) 698-баптың бірінші бөлігіндегі "299 (бірінші бөлігінде)" деген сөздер "299 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      155) 698-1-бапта:

      бірінші бөліктегі "190-1 және 297-1-баптарында" деген сөздер "297-1-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.";

      156) 699-баптың екінші бөлігі "бастықтары" деген сөзден кейін "мен олардың орынбасарлары" деген сөздермен толықтырылсын;

      157) 700-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы "426 (бірінші, 2-1 және 2-2-бөліктерінде)," деген сөздерден кейін "428, 429 (екінші бөлігінде), 430," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацында:

      "80 (2-1 және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "80 (2-1, үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "82 (бірінші бөлігінде)" деген сөздерден кейін ", 230 (екінші бөлігінде) (медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру бойынша денсаулық сақтау субъектілері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      158) 701-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы Кодекстің 93 (екінші және бесінші бөліктерінде), 203, 425 (бірінші бөлігінде), 428, 429 (бірінші бөлігінде), 431, 433 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.";

      159) 703-бапта:

      бірінші бөліктегі "406-бабында" деген сөздер "406, 415 (бірінші бөлігінде)-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "406-бабына" деген сөздер "406, 415 (бірінші бөлігінде)-баптарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      160) 704-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар құқылы.";

      161) 708-баптың бірінші бөлігі:

      "141," деген цифрлардан кейін "164," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "299 (бірінші" деген сөздерден кейін ", екінші" деген сөзбен толықтырылсын;

      162) 713-баптың бірінші бөлігіндегі "163-1-баптарында" деген сөздер "163-1, 185 (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржаларының жұмыскерлері жасаған кезде), 268, 464-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      163) 715-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстің 190-1, 193 (бірінші бөлігінде), 415 (бірінші бөлігінде), 415-1, 417, 418 (бірінші және екінші бөліктерінде), 419, 464, 638 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.";

      164) 715-1-баптың бірінші бөлігіндегі "190 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 193 (бірінші бөлігінде)-баптарында" деген сөздер "157, 190 (бірінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 193 (бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      165) 718-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Объектiлердiң салыну сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 309, 312, 313, 314, 315, 316, 317, 317-1, 317-2, 318, 321, 322, 323 және 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.";

      166) 719-баптың екінші бөлігіндегі "органдарының" деген сөз "бөлімшелерінің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      167) 720-баптың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік кіріс органдары осы Кодекстің 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 92-1, 151 (бірінші бөлігінде), 153, 155, 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 176, 177, 178, 179, 180, 181, 181-1, 182, 194, 195, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 244 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 246-1 (бұл бұзушылықтарға салықтар бойынша аудит жүргізу кезінде жол берілген кезде), 266, 269, 270, 271, 272, 273, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 280-1, 281 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2 және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2, бесінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 283-1 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 284, 285, 285-1, 286, 287, 288, 460-1, 460-2, 464, 471, 472, 473, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 532 (бірінші бөлігінде), 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (бірінші, 1-1 және екінші бөліктерінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558, 571 (бірінші, екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде), 571-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.";

      "3. Мемлекеттік кіріс органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

      мемлекеттік кіріс органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған, осы Кодекстің барлық баптары бойынша – мемлекеттік кіріс органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары;

      осы Кодекстің 91 (алтыншы бөлігінде), 92 (екінші бөлігінде), 92-1 (бірінші бөлігінде), 177 (бесінші және он бірінші бөліктерінде), 179 (төртінші, он төртінші, он бесінші және он жетінші бөліктерінде), 181 (бесінші, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 194 (бірінші бөлігінде), 195 (бірінші бөлігінде), 269 (бірінші бөлігінде), 270 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 271 (бірінші бөлігінде), 272 (бірінші және 2-1-бөліктерінде), 276 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 280-1 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 284 (бірінші, үшінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы, он бірінші, он үшінші, он бесінші, он жетінші және он тоғызыншы бөліктерінде), 288 (бірінші бөлігінде), 460-2 (бірінші бөлігінде), 525 (бірінші бөлігінде), 535 (бірінші бөлігінде), 558 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ескерту түрінде, сондай-ақ 897-бабында көзделген тәртіппен айыппұл түрінде, сондай-ақ кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік жаза – мемлекеттік кіріс органдарының басшысы уәкілеттік берген лауазымды адамдары құқылы.";

      168) 721-баптың бірінші бөлігі "89 (мемлекеттік қызметшімен қарым-қатынастағы жұмыс беруші жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде)" деген сөздерден кейін ", 99" деген цифрлармен толықтырылсын;

      169) 722-баптың бірінші бөлігінде:

      "207," деген цифрлардан кейін "207-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "247 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, жетінші және оныншы бөліктерінде)" деген сөздер "247 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, жетінші, 7-1, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      170) 724-баптың бірінші бөлігінде:

      "213 (бесінші бөлігінде)" деген сөздер "213 (бесінші және он бесінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "227 (бірінші (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты) және үшінші (төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты) бөліктерінде)" деген сөздер "227 (бірінші (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты), 1-1 және үшінші (төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты) бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "244 (бірінші, екінші (экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарды қоспағанда)" деген сөздер "244 (1-1, екінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "252," деген цифрлардан кейін "252-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      171) 724-1-баптың бірінші бөлігінде:

      "91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде)" деген сөздер "91 (бірінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 185 (бұл бұзушылықтарды банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, коллекторлық агенттіктер жасаған кезде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "211 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде)" деген сөздер "211" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "213 (төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде)" деген сөздерден кейін ", 215-1" деген цифрлармен толықтырылсын;

      "(эмитенттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты)" деген сөздер "(бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "228 (бесінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он алтыншы, он жетінші және он тоғызыншы бөліктерінде)" деген сөздер "228" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға" деген сөздер алып тасталсын;

      "255," деген цифрлар алып тасталсын;

      "464 (бірінші бөлігінде)" деген сөздер "464" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      172) 726-бапта:

      екінші бөлік "органдарының" деген сөзден кейін ", қалалық, аудандық басқармаларының (бөлімдерінің, бөлімшелерінің)" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшысы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі аумақтық бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары – ескерту жасауға не жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шекара басқармаларының, шекаралық бақылау басқармаларының бастықтары, жағалау күзеті дивизиондарының командирлері мен олардың орынбасарлары – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

      3) шекаралық бақылау бөлімдерінің, шекара бөлімдерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

      4) шекаралық бақылау бөлімшелерінің, шекара бөлімшелерінің бастықтары, корабльдер мен катерлердің командирлері және олардың орынбасарлары – жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

      5) шекаралық бақылау бөлімдері (бөлімшелері) топтарының (ауысымдарының) бастықтары – жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

      6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді орындайтын бақылаушылар, шекара нарядтарының аға қызметшілері ескерту жасауға құқылы.";

      173) 727-баптың бірінші бөлігінде:

      "434-2," деген цифрлар алып тасталсын;

      "598," деген цифрлар "598 (бірінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "615 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздерден кейін ", 651 (әскери қызметшілерге, жергілікті әскери басқару органдарының, әскери бөлімдердің (мекемелердің) медициналық, әскерге шақыру, іріктеу комиссияларының төрағаларына, орынбасарларына және мүшелеріне қатысты)" деген сөздермен толықтырылсын;

      174) 728-бап алып тасталсын;

      175) 729-бапта:

      бірінші бөлікте:

      "204," деген цифрлардан кейін "205," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "320 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)" деген сөздер "320" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "401 (үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "401 (үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ", 491" деген цифрлар алып тасталсын;

      екінші бөліктегі "Әкімшілік" деген сөз "Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әкімшілік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "2-1. Осы Кодекстің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға жергілікті атқарушы органның тілдерді дамыту саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.";

      үшінші бөлікте:

      "320 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)" деген сөздер "320" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      ", 491" деген цифрлар алып тасталсын;

      "505" деген цифрлардан кейін ", 633, 634" деген цифрлармен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 169 (бірінші, үшінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.

      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және осы Кодекстің 169 (бірінші, үшінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.";

      176) 730-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1 Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 84, 409 (екінші, үшінші, төртінші, 4-1, 4-2, бесінші, алтыншы, жетінші, 7-1, 7-2, 7-3, 7-4, 7-5, 7-6, 7-7 және 7-9-бөліктерінде), 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.";

      177) мынадай мазмұндағы 730-2-баппен толықтырылсын:

      "730-2-бап. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган

      1. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 409 (төртінші, 4-1, 4-2, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.

      2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.";

      178) 733-баптың бірінші бөлігінде:

      "185 (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржаларының жұмыскерлері жасаған кезде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "268," деген цифрлар алып тасталсын;

      179) 734-бап алып тасталсын;

      180) 740-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өтінішхатты қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тарту туралы шешім ұйғарым түрінде шығарылады, ол соттың істі қарау мерзімін кейінге қалдыруы және ұзартуы туралы өтінішхаттарды қоспағанда, өтінішхатты мәлімдеген адамның назарына жеткізіледі.";

      181) 741-бапта:

      бірінші бөлікте:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғаға қатысты нақ сол факт бойынша судьяның, органның (лауазымды адамның) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысының, осы Кодекстің 811 және 897-баптарында белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұлдың орындалғанын (төленгенін) растайтын құжаттың не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтату туралы күші жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша тұлғаны күдікті деп тану туралы қаулының болуы;";

      10) және 12) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14) төтенше жағдай қолданылуының тоқтатылуы салдарынан;

      15) осы Кодекстің 759-бабында көзделген тәртіппен инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімге прокурордың келісуі болмаған жағдайда.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "3. Осы Кодекстің 809-бабына сәйкес іс жүргізуінде іс жатқан орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайларды анықтағанда іс жүргізудің кез келген сатысында істің ведомстволық бағыныстылығына қарамастан істі тоқтату туралы қаулы шығаруға міндетті.

      Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлға осы Кодекстің 743-бабында көзделген тәртіппен іс жүргізуді тоқтату және тоқтату негіздері туралы хабардар етіледі.";

      182) 742-баптағы "64-1-бабында көзделген жағдайда" деген сөздер "64, 64-1-баптарында көзделген жағдайларда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      183) 744-бапта:

      бірінші бөліктегі "сотта" деген сөз алып тасталсын;

      екінші бөлік "сотқа" деген сөзден кейін "немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органның (лауазымды адамның) істі қарауына" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөлік "қамаққа алу," деген сөздерден кейін "қоғамдық жұмыстарға тарту," деген сөздермен толықтырылсын;

      184) 748-бапта:

      екінші бөлікте:

      "адвокаттар қатысады" деген сөздер "адвокаттар, заң консультанттары қатысады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "адвокаттармен бірге" деген сөздер "адвокаттармен, заң консультанттарымен бірге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші бөлік "Адвокат" деген сөзден кейін "және заң консультанты" деген сөздермен толықтырылсын;

      185) 750-бапта:

      бесінші бөлік "Адвокаттың" деген сөзден кейін ", заң консультантының" деген сөздермен толықтырылсын;

      алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Кодекстiң 749-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген, адвокат, заң консультанты жеке тұлғаға қатысты жүргізілетін іс бойынша іс жүргізуге тағайындау бойынша қатысқан жағдайда да адвокаттардың, заң консультанттарының еңбегiне ақы төлеу бойынша шығыстар бюджет қаражаты есебiнен жүргізіледі.

      7. Адвокат өзінің адвокат куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсеткен кезде, заң консультанты куәлігін немесе тізілімнен үзінді көшірмені және өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамның жазбаша келісімін көрсеткен кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қорғаушы ретінде кіріседі. Адвокаттың, заң консультантының нақты істі жүргізуге өкілеттіктерін растайтын өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады. Осы Кодекстің 748-бабының екінші бөлігінде көрсетілген басқа да адамдар өздерінің іске қорғаушы ретінде қатысу құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлікті, сондай-ақ осы Кодекстің 746-бабының үшінші бөлігінде және 747-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды) ұсынады.";

      186) 753-баптың бірінші бөлігі "адамдар" деген сөзден кейін ", сондай-ақ заң консультанты мәртебесі бар адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;

      187) 759-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "759-бап. Прокурор

      1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу процесінде заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды мемлекет атынан, инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімдерді келісуді не келісуден бас тартуды тікелей де, өзіне бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.

      Прокурор өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде тәуелсіз болады және заңға ғана бағынады.

      2. Прокурор осы Кодексте көзделген өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында: инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімдерді келісуге не оларды келісуден бас тартуға; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысуға; дәлелдемелерді ұсынуға және оларды зерттеуге қатысуға; iстi қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп отырған тұлғаның кiнәлiлiгi туралы, сондай-ақ iстi қарау процесiнде туындайтын басқа да мәселелер жөнiнде өз пiкiрiн білдіруге; iстi қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) заңның ережелерiн қолдану және әкiмшiлiк жаза қолдану не одан босату туралы ұсыныс айтуға құқылы.

      3. Прокурор кәмелетке толмаған адам жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық, сондай-ақ әкімшілік қамаққа алуға, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберуге алып келетін құқық бұзушылық туралы істің қаралатын орны мен уақыты туралы міндетті түрде хабардар етiледi. Ол болмағанда, iстiң қаралатын орны мен уақыты туралы прокурорға уақтылы хабарланғаны туралы деректер болған және егер одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспеген жағдайларда ғана, мұндай iс қаралуы мүмкiн.

      4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін негіздердің бар-жоғын растайтын материалдары бар, инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде прокурорға жіберіледі.

      Прокурордың осы бөлікте көрсетілген шешімді келісуі не келісуден бас тартуы Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындаған тәртіппен, әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

      5. Прокурор инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді үш жұмыс күні ішінде келіседі не оны келісуден бас тартады және осындай шешімді шығарған адамға қайтарады.

      Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім прокурормен келісілген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауға уәкілеттік берілген адам бұл туралы инвесторды хабардар етеді.

      Қосымша материалдарды талап ету және зерделеу қажет болған жағдайда, прокурор инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді он жұмыс күні ішінде келіседі не оны келісуден бас тартады.

      Прокурордың инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісуден бас тартуына жоғары тұрған прокурорға шағым жасалуы мүмкін, ол Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындаған тәртіппен шағымды бес жұмыс күні ішінде қарайды.";

      188) 767-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацы "орган" деген сөзден кейін "немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам)" деген сөздермен толықтырылсын;

      189) 785-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы "қаулыны" деген сөзден кейін ", айыппұл төлеу қажеттігі туралы ресімделген нұсқаманы" деген сөздермен толықтырылсын;

      190) 786-баптың бірінші бөлігінің 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режимiн, шекара режимі мен кедендік режимдi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегi режимді бұзушылықтар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi әскери қызметшiсiнiң, өзге де әскерлер, әскери құралымдар әскери қызметшiлерiнiң, iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң заңды өкiмiне немесе талабына қаскөйлікпен бағынбаушылық жасалған кезде – әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының (полиция) қызметкерi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету жөнiндегi мiндеттердi атқаратын басқа жеке тұлға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне, iшкi iстер органына (полицияға), жергiлiктi басқару органына;";

      "6) осы Кодекстің 804-бабы бірінші бөлігінің 30) тармақшасына сәйкес бұл жөніндегі істер бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері;";

      191) 787-баптың 8) тармақшасындағы "4) тармақшасына" деген сөздер "4) және 5) тармақшаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      192) 789-баптың екінші бөлігі "Төтенше жағдай" деген сөздерден кейін "немесе соғыс жағдайы" деген сөздермен толықтырылсын;

      193) 790-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "790-бап. Күштеп әкелу

      1. Осы Кодекстің 785-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін шақыру бойынша дәлелсіз себептермен келмеген кезде өзіне қатысты әкімшілік іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке тұлға не заңды тұлғаның өкілі, әкімшілік жауаптылыққа тартылатын кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі күштеп әкелінуі мүмкін.

      Күштеп әкелудің жалпы мерзімі бір айдан аспайды.

      2. Шақыру туралы тиісінше хабардар етілген адамның келмеуінің дәлелді себептері болып: адамды келу мүмкіндігінен айырған сырқаты, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзалалар, адамды белгіленген мерзімде келу мүмкіндігінен айыратын өзге де себептер танылады. Өзіне қатысты әкімшілік іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке тұлға не заңды тұлғаның өкілі, әкімшілік жауаптылыққа тартылатын кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі шақыру бойынша белгіленген мерзімде келуге кедергі келтіретін дәлелді себептердің бар екендігі туралы өздерін шақырған органды хабардар етуге міндетті.

      3. Күштеп әкелуді әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негізінде ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган және экономикалық тергеп-тексеру қызметі жүргізеді.

      4. Күштеп әкелу туралы ұйғарым өзіне қатысты әкімшілік іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке тұлғаға не заңды тұлғаның өкіліне, әкімшілік жауаптылыққа тартылатын кәмелетке толмаған адамның заңды өкіліне оны орындаудың алдында хабарланады, бұл олардың ұйғарымға қол қоюымен куәландырылады.

      5. Күштеп әкелуді түнгі уақытта жүргізуге болмайды.

      6. Он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар, он сегіз жасқа толмаған адамдар – олардың заңды өкілдері хабардар етілместен, жүкті әйелдер, он төрт жасқа толмаған балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған әйелдер мен ерлер, сондай-ақ дәрігер куәландыруға тиісті денсаулық жағдайына байланысты өзінің тұрғылықты жерінен кете алмайтын немесе кетпеуге тиісті науқастар күштеп әкелінуге жатпайды.";

      194) 797-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында:

      1) тармақша "406 (жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда)," деген сөздерден кейін "463," деген цифрлармен толықтырылсын;

      2) тармақшада:

      "400" деген цифрлар "377, 400" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "476 (екінші бөлігінде)" деген сөздер "476" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "қаулы орындалғанға дейiн" деген сөздер "қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама орындалғанға дейiн немесе қысқартылған іс жүргізу бойынша айыппұл төленгенге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      195) 802-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мыналар негіз болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізілген тексерудің немесе тергеп-тексерудің нәтижесі;

      2) табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар салаларында уәкілетті лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiнің тiкелей анықталуы.

      Осы бөліктің күші Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 4, 5, 6, 8, 11 және 12-тармақтарында, сондай-ақ 13-тармағының 3) тармақшасында көзделген салаларда бақылау мен қадағалау жүзеге асырылған кезде, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылау респонденттерге қатысты бармай жүзеге асырылған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "3-1. Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім прокурормен міндетті түрде келісілгеннен кейін қабылданады. Келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.";

      196) 804-бапта:

      бірінші бөлікте:

      1) тармақшада:

      "85, 100," деген цифрлар алып тасталсын;

      "434," деген цифрлардан кейін "434-2," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "438 (үшінші бөлігі)" деген сөздер "438 (екінші және үшінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "440 (үшінші бөлігі)," деген сөздерден кейін "440-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "596 (үшінші бөлігі)" деген сөздер "596 (үшінші, 3-1 және 4-1-бөліктері), 598 (екінші бөлігі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "607 (екінші бөлігі)" деген сөздер "607 (екінші және үшінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшада:

      "299 (екінші бөлігі (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда)," деген сөздер алып тасталсын;

      "312 (екінші бөлігі), 314," деген сөздер алып тасталсын;

      "433 (екінші бөлігі)," деген сөздерден кейін "438 (екінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) тармақшада:

      "434," деген цифрлардан кейін "434-2," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "596 (үшінші бөлiгi)" деген сөздер "596 (үшінші және 4-1 бөліктері), 598 (екінші бөлігі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "607 (екiншi бөлiгi)" деген сөздер "607 (екінші және үшінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "651 (әскери қызметшілерге, жергілікті әскери басқару органдарының, әскери бөлімдер мен мекемелердің медициналық, шақыру, іріктеу комиссияларының төрағаларына, орынбасарларына, мүшелеріне қатысты)" деген сөздер алып тасталсын;

      5) тармақшада:

      "596 (үшінші бөлігі) деген сөздер "596 (үшінші және 4-1-бөліктері), 598 (екінші бөлігі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "607 (екiншi бөлiгi)," деген сөздер "607 (екінші және үшінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "434," деген цифрлардан кейін "434-2," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "әскери қызметшілері жасаған" деген сөздерден кейін ", 440 (үшінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі)-баптары бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, жұмыскерлері және әскери қызметшілері жасаған" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) тармақшада:

      "506" деген цифрлар "434-2, 506" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "590 (2-1, төртінші және 4-1-бөліктері), 596 (үшінші бөлігі)" деген сөздер "590 (төртінші бөлігі), 596 (үшінші және 4-1-бөліктері, 598 (екінші бөлігі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "607 (екiншi бөлiгi)" деген сөздер "607 (екінші және үшінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақшадағы "299 (екінші бөлігі) (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоспағанда)," деген сөздер алып тасталсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) ветеринария саласындағы уәкілетті органның (415 (екінші бөлігі), 416 (ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімдеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463-баптар);";

      10) тармақшадағы "344 (бірінші бөлігі)" деген сөздер "344 (бірінші және 4-1-бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) тармақшадағы "биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздер "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының (319, 462, 463-баптар);";

      22) тармақшада:

      "312 (екінші бөлiгi), 314," деген сөздер алып тасталсын;

      "426 (екінші және үшінші бөліктері), 430 (екінші бөлігі)," деген сөздер алып тасталсын;

      23) тармақшадағы "637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктері)," деген сөздер алып тасталсын;

      26) тармақшадағы ", 618" деген цифрлар алып тасталсын;

      27) тармақшадағы "247 (7-1, тоғызыншы және он бірінші бөліктері)" деген сөздер "247 (он бірінші бөлігі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) тармақша алып тасталсын;

      30) тармақша "173," деген цифрлардан кейін "439," деген цифрлармен толықтырылсын;

      31) тармақшада:

      "150,", "176,", "182," деген цифрлар алып тасталсын;

      "283-1" деген цифрлар "283-1 (бесінші және алтыншы бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "398," деген цифрлар алып тасталсын;

      "543 (1-1, үшінші және төртінші бөліктері)" деген сөздер "543 (үшінші және төртінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ", 679" деген цифрлар алып тасталсын;

      34) тармақшадағы "312 (екінші бөлігі), 313, 314, 316 (екінші бөлігі)," деген сөздер алып тасталсын;

      36) және 37) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның (175, 462, 465-баптар);

      37) техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы органдар мен олардың аумақтық органдарының (415 (екінші бөлігі), 462, 463-баптар);";

      42) тармақшада:

      "170 (жетінші, оныншы және он екінші бөліктері)" деген сөздер "170 (оныншы және он екінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "462 (үшінші бөлігі)" деген сөздер "462 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      49) тармақшадағы "409 (7-1 және 7-8-бөліктері)" деген сөздер "409 (7-8-бөлігі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "49-1) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның (462 және 463-баптар);";

      50) тармақшада:

      "320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері)," деген сөздер алып тасталсын;

      "401 (алтыншы және жетінші бөліктері), 402 (төртінші бөлігі)," деген сөздер алып тасталсын;

      52) тармақшадағы "80 (2-2 және төртінші бөлiктерi)" деген сөздер "80 (2-2-бөлігі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      60) тармақшадағы "99," деген цифрлар алып тасталсын;

      65) тармақшадағы "135" деген цифрлар "135, 462" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      69) тармақшадағы "(653-1-бап) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар." деген сөздер "(653-1-бап);" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 70) тармақшамен толықтырылсын:

      "70) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның (462-бап) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.";

      екінші бөліктегі "және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға" деген сөздер алып тасталсын;

      2-1-бөліктегі ", микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға" деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші бөлік 5) тармақшасындағы "485-баптары) құқығы бар." деген сөздер "485-баптар);" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне, жұмыскерлері мен әскери қызметшілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары лауазымды адамдарының (437, 440 (бірінші және екінші бөліктері), 444 (екінші бөлігі)-баптар) құқығы бар.";

      197) 805-баптың бірінші бөлігіндегі "100," деген цифрлар алып тасталсын;

      198) 806-бапта:

      алтыншы бөліктегі "228 (бесінші және он екінші бөліктерінде)" деген сөздер "228 (бірінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші бөлік:

      "зерттеуі" деген сөзден кейін ", прокурормен келісу" деген сөздермен толықтырылсын;

      "қорытындысы" деген сөзден кейін ", прокурордың келісуі" деген сөздермен толықтырылсын;

      199) 807-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "85,", "100," деген цифрлар алып тасталсын;

      200) 810-баптың екінші бөлігінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ескерту жасауды қоспағанда, қолданылатын баптың немесе бап бөлігінің санкциясында өзге де жаза түрлері көзделген;";

      6) тармақшадағы "жасаған жағдайда қолданылмайды." деген сөздер "жасаған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалған жағдайларда қолданылмайды.";

      201) 811-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі тиісінше қолданылмаған жағдайда, осы тараудың қағидалары бойынша қаралған істер қысқартылған іс жүргізуді қолдану туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде прокурордың наразылығы бойынша жалпы тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.";

      202) 817-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан Республикасында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай енгізілген кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау мерзімі төтенше жағдай тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұруы мүмкін.";

      203) 822-бапта:

      бірінші бөліктің 1) тармақшасы "аты-жөні" деген сөздерден кейін "немесе мемлекеттік органның атауы" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөліктегі "лауазымды адамның" деген сөздер "мемлекеттік органның (лауазымды адамның)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "5. Осы Кодекстің 744-бабының бірінші бөлігі, 883-бабының 3-1) тармақшасы тәртібімен енгізілген дереу қарау туралы өтінішхаттың негізінде қаралған іс бойынша сот қысқаша қаулы шығарады.

      Қысқаша қаулы кіріспе, анықтау және қарар бөліктерінен тұрады.

      Сот іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың жазбаша өтінішхаты бойынша не өз бастамасы бойынша кіріспе, сипаттау-уәждеу және қарар бөліктерінен тұратын қаулы дайындайды.";

      204) 823-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кодекстің 811-бабының екінші бөлігінде көзделген құқықты пайдаланбау немесе тиісінше пайдаланбау жағдайларын қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы іс қаралып біткен соң дереу жарияланады.

      Мұндай жағдайларда көлік құралының меншік иесі (иеленушісі) "электрондық үкімет" веб-порталында және (немесе) құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық сервисінде көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөміріне осы Кодекстің Ерекше бөлігінің бабы санкциясында көрсетілген айыппұл сомасын аудару туралы мәтіндік хабар жіберіледі.";

      205) 826-3-бап мынадай мазмұндағы 5-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "5-1. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде шағымды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға наразылықты қарау мерзімі төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұруы мүмкін.";

      206) 827-бапта:

      бірінші бөлік "адам" деген сөзден кейін "нақты деректерге және мән-жайларға сәйкес келмейтін мәліметтер көрсетілген жағдайда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "8. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім қабылданған жағдайда, іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адамның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды судья немесе орган (лауазымды адам) қараусыз қалдырады және шағымды қайтару туралы ұйғарым шығарады.";

      207) 829-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шағымды қарай отырып, судья немесе орган (лауазымды адам) онда жазылған дәлелдерді жан-жақты тексеруге, қажет болған кезде қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, тиісті лауазымды адамдардан, жеке және заңды тұлғалардан шағым жасалып жатқан әрекеттерге (әрекетсіздікке) және шешімдерге қатысты түсіндірмелер алуға міндетті.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде берілген шағым іс жүргізуінде іс жатқан басқа судьяға, органға (лауазымды адамға) олардың бірлесіп қарауы үшін беріледі, ол туралы ұйғарым шығарылады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "2-1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымды қарау мерзімі іс бойынша одан әрі іс жүргізуге кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі жағдайларында тоқтатыла тұруы мүмкін.";

      үшінші бөліктегі "адамға" деген сөз "тұлғаға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      208) 829-5-бапта:

      үшінші бөлік "келетін әкiмшiлiк құқық бұзушылық" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ төтенше жағдай режимін бұзғаны" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімі сараптаманың тағайындалуы, күштеп әкелу, сондай-ақ іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі жағдайларында тоқтатыла тұруы мүмкін.";

      209) 829-10-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Істі, шағымды, наразылықты қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаудың, істе бар, қосымша ұсынылған материалдар бойынша шығарылған қаулылардың заңдылығы мен негізділігі тексеріледі, сондай-ақ осы Кодекстің 829-бабы бірінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес берілген шағымның дәлелдемелері бойынша шешім қабылданады.

      Сот істің, шағымның, наразылықтың дәлелдерімен және мән-жайларымен байланысты емес және істі толық көлемде тексереді, бұл ретте ол жаңа фактілерді анықтауға және жаңа дәлелдемелерді зерттеуге құқылы.

      Сот істі, шағымды, наразылықты қарау кезінде осы Кодекстің 2-бөлімі Ерекше бөлігінің әкімшілік іс жүргізу қозғалған бабы немесе бабының бөлігі шегінде ғана іс-әрекеттің заңдық саралануын өзгерте алады. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның жағдайы жақсарған кезде ғана іс-әрекеттің саралануын өзгертуге жол беріледі.";

      210) 829-12-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

      "14) істің, шағымның, наразылықтың қаралуын кейінге қалдыру немесе ұзарту туралы мәліметтер.";

      211) 829-13-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Сот отырысын кейінге қалдыру немесе істі қарау мерзімдерін ұзарту туралы сот шешімі сот отырысының қысқаша хаттамасына енгізіледі.";

      212) 829-14-баптың екінші бөлігінде:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот қаулысында шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі тиіс болатын мерзім көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот қаулысына осы Кодекстің 45-тарауында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, сондай-ақ жоғары тұрған сот прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша оны қайта қарауы мүмкін.";

      213) 829-16-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Қаулы жария етілгеннен кейін судья оны қабылдаудың құқықтық салдарын, қаулыға шағым жасау тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді және сот отырысын жабық деп жариялайды.";

      214) 832-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның жағдайын жақсартуға алып келетін шағым беру, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіруі адам әкімшілік жазаға тартылған болып есептелетін мерзімдерде жүзеге асырылуы мүмкін. Істі дұрыс шешуге арналған мерзімдерді және олардың мәнін сот шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының мазмұнына қарамастан тексереді.";

      215) 834-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "4. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот қаулысы шағым немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі тиіс болатын, сот көрсеткен мерзімге дейін келіп түскен жағдайда, шағым немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты қаралғанға дейін тоқтатыла тұрады.";

      216) 835-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сараптаманың тағайындалуы және іс бойынша одан әрі іс жүргізуге кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі жағдайларында шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзімі тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардан өтінішхаттар келіп түскен не істің мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған жағдайларда, істі қарап жатқан сот шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзімін ұзартуы, бірақ он тәуліктен асырмай ұзартуы мүмкін. Сот шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзімін азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралатын басқа іс шешілгенге дейін оны қарау мүмкін болмаған кезде тоқтата тұруға міндетті. Мерзімді ұзарту және (немесе) тоқтата тұру туралы шешім уәжді ұйғарым түрінде шығарылады.";

      217) 848-бапта:

      бірінші бөліктегі "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, сот алқасының" деген сөздер "кассациялық соттың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының" деген сөздер "кассациялық сот төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс прокурордан талап етілген жағдайда, кассациялық сатыдағы соттың өтінішхаттың келіп түсуіне байланысты істі талап ету туралы сұрау салуы отыз тәулік ішінде орындалуға жатады.";

      бесінші бөліктегі "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, сот алқасы" деген сөздер "кассациялық сот" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы бөліктің бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқасына" деген сөздер "кассациялық сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегізінші бөліктің 5) тармақшасының екінші абзацы "экономикасы мен" деген сөздерден кейін "ұлттық" деген сөзбен толықтырылсын;

      218) 851-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кассациялық сатыдағы сот кемінде үш судьяның алқалы құрамында кассациялық сот төрағасының ұсынуы, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының наразылығы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген сот қаулысының заңдылығын және негізділігін тексеруге құқылы.";

      төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның жағдайын жақсартуға алып келетін, ұсынуды енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхаттар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы күшіне енген күннен бастап екі жыл ішінде берілуі мүмкін.";

      бесінші бөліктің 1) тармақшасы "экономикасы мен" деген сөздерден кейін "ұлттық" деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:

      "7. Кассациялық сатыдағы сотта іс ақылға қонымды мерзімде, бірақ сотқа келіп түскен күнінен бастап алты айдан аспайтын мерзімде қаралады.

      Істі кассациялық тәртіппен қарау нәтижелері бойынша сот мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) қаулыны – өзгеріссіз, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;

      2) қаулыны өзгерту туралы;

      3) осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулы шығаруға негіз болған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қаулының күшін жою және істі тоқтату туралы;

      4) іс бойынша қаулының күшін жою және жаңа қаулы шығару туралы.

      8. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулының күшін жойған және іс кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберілген жағдайларда, істі кассациялық сатыда қарау осы тараудың қағидалары бойынша жүзеге асырылады.";

      219) мынадай мазмұндағы 46-1-тараумен толықтырылсын:

      "46-1-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау

      851-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот қаулыларын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауының негіздері

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, егер:

      1) қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндірудегі және қолдануындағы біркелкілікті бұзса;

      2) қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзса;

      3) қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарға алып келуі мүмкін болса, заңды күшіне енген сот актілері кассациялық сатыда қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша оларды айрықша жағдайларда қайта қарауы мүмкін.

      2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау туралы наразылықты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша өз бастамасымен де, осы Кодекстің 851-бабының төртінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхатымен де енгізуге құқылы.

      851-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты судьясының ұсынуын енгізу

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы осы Кодекстің 851-бабының төртінші бөлігінде аталған адамдардың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау қажеттігі туралы өтінішхаты бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі зерделеу үшін талап етіп алдыра алады. Істі зерделеу нәтижелері бойынша осы Кодекстің 851-1-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде ұсыну енгізеді, онда мыналар көрсетіледі:

      1) ұсынудың енгізілген күні мен орны;

      2) дау айтылып отырған сот актілері көрсетіле отырып, ұсыну енгізілген іс;

      3) ұсынуды енгізу уәждері мен дәлелдері.

      Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылар сот актісінің орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхат берген жағдайда судья бұл жөнінде ұсынуда көрсетеді.

      851-3-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұру

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы қайта қаралғанға дейін оның орындалуын тоқтата тұруға құқылы.

      851-4-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау

      1. Тараптар заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауды өткізу уақыты мен орны туралы хабардар етіледі.

      2. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауы ақылға қонымды мерзімде жүзеге асырылады.

      3. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бағынысты прокурорларының қатысуы міндетті.

      4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Кодекстің 851-1-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер анықталған жағдайда мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) кассациялық сатыдағы сот қаулысын өзгеріссіз қалдырады;

      2) апелляциялық сатыдағы қаулыны немесе бірінші сатыдағы сот қаулысын өзгеріссіз қалдырып немесе оның күшін жойып, кассациялық сатыдағы сот қаулысын өзгертеді;

      3) бірінші сатыдағы сот қаулысын өзгертіп немесе өзгеріссіз қалдырып, кассациялық және апелляциялық сатылардағы соттар қаулысының күшін жояды;

      4) кассациялық сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібереді;

      5) кассациялық сатыдағы сот қаулысының, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы қаулы мен бірінші сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі тоқтатады.

      5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысы жария етілген күнінен бастап заңды күшіне енеді және түпкілікті болып табылады.";

      220) 47-тараудың тақырыбындағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулыларды" деген сөздер "Заңды күшіне енген, іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдерді, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша қаулыларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      221) 852-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдер, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша қаулылар, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар және шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi бойынша қаулылар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.";

      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "Қаулыларды" деген сөз "Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдерді, қаулыларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      222) 853-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "853-бап. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдерді, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша қаулыларды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар, уәкілетті органдар (лауазымды адамдар)

      Заңды күшіне енген, іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімді, қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша осы шешімді шығарған сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) қайта қарайды.

      Сот органның (лауазымды адамның) іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімін, қаулысын, нұсқамасын қайта қараған және оларды өзгеріссіз қалдырған жағдайларда, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауды осы шешімді шығарған сот жүзеге асырады.";

      223) 854-бапта:

      бірінші бөліктегі "Қаулыны" деген сөз "Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік "тұлғалар" деген сөзден кейін "іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді," деген сөздермен толықтырылсын;

      224) 855-бапта:

      бірінші бөліктегі "Қаулыны" деген сөз "Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің 4) тармақшасы "пікірі бойынша" деген сөздерден кейін "іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді," деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөліктің 2) тармақшасы "өтінішхат берген" деген сөздерден кейін "әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың (ол болған кезде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      225) 856-баптың бірінші бөлігі "сақтай отырып," деген сөздерден кейін "іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді," деген сөздермен толықтырылсын;

      226) 857-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "857-бап. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайтару";

      бірінші бөліктің 3) тармақшасы "арыз берушіге" деген сөздерден кейін "іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді," деген сөздермен толықтырылсын;

      227) 858-баптың 3) тармақшасы "қайта қаралатын" деген сөздерден кейін "іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім," деген сөздермен толықтырылсын;

      228) 859-баптағы "Қаулыны" деген сөз "Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      229) 860-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "860-бап. Соттың, уәкілетті органның (лауазымды адамның) істі қайта қарау туралы қаулысы

      1. Сот, орган (лауазымды адам) іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қарап, арызды қанағаттандырады және іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімнің, қаулының, нұсқаманың күшін жояды не оларды қайта қараудан бас тартады.

      2. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімнің, қаулының, нұсқаманың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша күшін жою туралы және іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы соттардың, органдардың (лауазымды адамдардың) шешімдеріне белгіленген тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

      3. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімнің, қаулының, нұсқаманың күші жойылған жағдайда, сот, орган (лауазымды адам) істі осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша қарайды.";

      230) 895-баптың екінші бөлігі "Банк" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы" деген сөздермен толықтырылсын;

      231) 897-баптың 1-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Әкімшілік айыппұл мөлшерін қысқарту бөлігінде осы баптың бірінші бөлігінің ережесі осы Кодекстің 91 (жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 92-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 266, 275 (бірінші, екінші, 3-1 және бесінші бөліктерінде), 278 (екінші және үшінші бөліктерінде), 279 (бірінші бөлігінде), 280, 281 (үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 282 (үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 283, 460-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 537, 551-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарға қолданылмайды.";

      232) мынадай мазмұндағы 914-1-баппен толықтырылсын:

      "914-1-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысын орындау

      1. Адамды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін орындалуға жатады.

      2. Қоғамдық жұмыстарға тарту туралы заңды күшіне енген сот қаулысын сот әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның тұрғылықты жеріндегі жергілікті атқарушы органға орындау үшін жібереді.

      3. Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін жергілікті атқарушы органдар айқындайды.

      4. Жергілікті атқарушы органдар:

      1) сот қаулысы келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде құқық бұзушыны шақырып, оның жеке деректерін толтырады;

      2) құқық бұзушыға қоғамдық жұмыстарды орындау тәртібі мен шарттарын түсіндіреді;

      3) сот қаулысы келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарына оның орындауға қабылданғаны туралы хабарлама жібереді;

      4) сот қаулысы келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ұйымға қоғамдық жұмыстарды орындау үшін адам жіберілетіні туралы хабарлама жібереді;

      5) қоғамдық жұмыстарды орындау графигі мен кезеңділігін жасайды;

      6) құқық бұзушының қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтару фактісі анықталған кезден бастап дереу ішкі істер органдарын хабардар етеді;

      7) адамды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысы орындалған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сотқа хабарлама жібереді.

      5. Ішкі істер органдары осы баптың төртінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген хабарлама келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде хабарламаны қарайды және осы Кодексте белгіленген тәртіппен шаралар қабылдайды.

      6. Ұйым:

      1) орындалған жұмыстардың актілерін жасайды, жұмыс істеген сағаттар табелін жүргізеді;

      2) қоғамдық жұмыстардың орындалуы туралы есепті тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.

      7. Қоғамдық жұмыстар түрінде әкімшілік жаза қолданылған адам:

      қоғамдық жұмыстарды орындаудың осы Кодексте белгіленген шарттары мен тәртібін сақтауға;

      жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстарды орындауға;

      тұрғылықты жерінің өзгергені туралы жергілікті атқарушы органдарды хабардар етуге міндетті.

      8. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығына адамның қоғамдық жұмыстар орнына бару мен кері қайту уақыты кірмейді.";

      233) 916-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы қаулыны орындау осы Кодекстің 834-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайда тоқтатыла тұрады.";

      234) 917-баптың 2) тармақшасындағы "517 (екінші, төртінші, бесінші бөліктерінде)" деген сөздер "517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 23) және 82) тармақшаларын, 161) тармақшасының екінші абзацын;

      2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 181) тармақшасының сегізінші абзацын, 187) тармақшасын, 195) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 198) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын;

      3) 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9) тармақшасының он алтыншы абзацын, 143) тармақшасының жиырма алтыншы абзацын, 217), 218) және 219) тармақшаларын;

      4) 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1) тармақшасының үшінші абзацын, 3), 4) және 6) тармақшаларын, 10), 11), 92) және 93) тармақшаларын, 94) тармақшасының бесінші абзацын, 95), 97) және 98) тармақшаларын, 125) тармақшасының бесінші абзацын, 129) тармақшасының екінші абзацын, 136) тармақшасын, 140) тармақшасының үшінші абзацын, 143) тармақшасының он төртінші және он бесінші абзацтарын, 144) тармақшасының үшінші, төртінші, алтыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он тоғызыншы абзацтарын, 145) тармақшасын, 173) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 183) тармақшасының төртінші абзацын, 196) тармақшасының бесінші, алтыншы, он үшінші, он бесінші, жиырма екінші және жиырма бесінші абзацтарын, 232) тармақшасын;

      5) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 33) тармақшасының екінші және төртінші абзацтарын;

      6) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 69) тармақшасының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабы 9) тармақшасы үшінші абзацының, 143) тармақшасы он сегізінші абзацының, 196) тармақшасының сегізінші, он алтыншы, жиырмасыншы және жиырма алтыншы абзацтарының қолданысы 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "2. Жеке тұлға лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны, әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне тексерулер жүргізу, қоршаған ортаны қорғау, бәсекелестікті қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар жасағаны, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, мемлекеттік құпиялар, табиғи монополиялар, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, дербес деректер және оларды қорғау, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір жыл өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.";

      "596 (үшінші бөлігінде)" деген сөздер "596 (үшінші, 3-1 және 4-1-бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "596 (үшінші бөлігінде)" деген сөздер "596 (үшінші және 4-1-бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "596 (үшінші бөлігі)" деген сөздер "596 (үшінші, 3-1 және 4-1-бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "596 (үшінші бөлігі)" деген сөздер "596 (үшінші, 3-1 және 4-1-бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "590 (2-1, төртінші және 4-1-бөліктері), 596 (үшінші бөлігі)" деген сөздер "590 (төртінші бөлігі), 596 (үшінші, 3-1 және 4-1-бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;".

      3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген нормалар қолданысқа енгізілген кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қарауында жатқан сот актілері кассациялық сатыдағы соттарға беріледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады