2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бұқаралық ақпарат құралдарын қаржыландыру жөнiндегi 1994 жылға арналған республикалық бюджеттiң қаражатын дәлдеу есебiнен "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнiң редакцияларын компьютерлiк техникамен жарақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Баспасөз жеке бұқаралық ақпарат министрлiгiне 280 мың АҚШ долларын бөлсiн.
3. Мемлекеттiк баспасөз құралдары қызметкерлерiнiң жалақысын
арттыруды ескере отырып Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiмен бiрге оларға еңбекақы төлеу жүйесiнiң мәселелерiн пысықтасын. 4. Алматы қаласының әкiмi "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнiң қызметкерлерiне арнап тұрғын үйлер салу үшiн жер учаскесiн бөлсiн. Премьер-министрi