"Егемен Қазақстан" мен "Казахстанская правда" газеттерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 1994 жылғы 13 мамыр N 197

      1. Халықты қоғамдық-саяси өмiрдiң аса маңызды оқиғалары мен экономикалық реформалардың барысы жайында жедел хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi "Егемен Қазақстан" мен "Казахстанская правда" газеттерiнiң ұдайы шығып тұруын қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бұқаралық ақпарат құралдарын қаржыландыру жөнiндегi 1994 жылға арналған республикалық бюджеттiң қаражатын дәлдеу есебiнен "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнiң редакцияларын компьютерлiк техникамен жарақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Баспасөз жеке бұқаралық ақпарат министрлiгiне 280 мың АҚШ долларын бөлсiн.
      3. Мемлекеттiк баспасөз құралдары қызметкерлерiнiң жалақысын

арттыруды ескере отырып Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiмен бiрге оларға еңбекақы
төлеу жүйесiнiң мәселелерiн пысықтасын.
     4. Алматы қаласының әкiмi "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская
правда" газеттерiнiң қызметкерлерiне арнап тұрғын үйлер салу үшiн
жер учаскесiн бөлсiн.

     Премьер-министрi

        
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады