"Павлодар өнеркәсiп - қаржы альянсы" салааралық өндiрiстiк шаруашылық ассоциациясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1122 қаулысымен бекiтiлген Салааралық өндiрiстiк - шаруашылық ассоциациясы туралы ереженiң 3-тармағына сәйкес Ермак ферроқорытпа заводына, сондай-ақ "Торғай боксит кен басқармасы", "Краснооктябрь боксит кен басқармасы", "Керегетас" (iзбестi карьер) акционерлiк қоғамдарына "Павлодар өнеркәсiп-қаржы альянсы" салааралық өндiрiстiк-шаруашылық ассоциациясының құрамына кiруге рұқсат етiлсiн.
Премьер-министр