"Павлодар өнеркәсiп-қаржы альянсы" салааралық өндiрiстiк-шаруашылық ассоциациясын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 6 қазан 1994 ж. N 1122

      Аса маңызды өнiмдер шығаруды ынталандыру, республиканың экспорттық әлеуетiн сақтау, бағаның өсуiн тоқтату, монополист шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мүдделерiн үйлестiру, инвестициялық ресурстарды экономиканы дамытудың басым бағыттарына шоғырландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Павлодар облыстық әкiмшiлiгiнiң, "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының, "Павлодар алюминий заводы" акционерлiк қоғамының, Тың темiр жол басқармасының, "Павлодарэнерго" энергетика және электрлендiру өндiрiстiк бiрлестiгiнiң "Павлодар өнеркәсiп-қаржы альянсы" салааралық өндiрiстiк-шаруашылық ассоциациясын құру туралы ұсынысы қабылдансын. 
      Ассоциацияның қатысушылары бiр ай мерзiм iшiнде "Павлодар өндiрiс-қаржы альянсын" мемлекеттiк тiркеуден өткiзсiн. 
      2. Ассоциацияның атқаратын қызметi сазбалшықты және ферроқорытпаларды өндiру мен өткiзу жөнiндегi альянсқа қатысушылардың бiрлескен қызметiн ұйымдастыру болып саналсын.<*> 
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген - 
               ҚРМК-нiң 1995.04.14. N 476 қаулысымен.  
      3. Ассоциацияның қатысушылары өз өнiмдерiнiң (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) өндiрiлуi мен өткiзiлуiнде, одан әрi ассоциация шеңберiнде пайдаланылмайтын бөлiгiнде бюджетке дербес төлеушi болып табылады. 
      4.<*> 
      Ескерту. 4-тармақ күшiн жойған ҚР Үкiметiнiң 1996.03.05. 
               N 280 қаулысымен.  P960280_  
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесе отырып, 1994 жылдың 1 қарашасына дейiн Қазақстан Республикасы өнеркәсiбiнiң базалық сапаларында өнеркәсiп-қаржы топтарын құру жөнiнде ұсыныс әзiрлесiн. 
      6. Павлодар облысының әкiмi 1995 жылдың бiрiншi жарты жылдығында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне алюминий өндiрiсi жөнiндегi ұлтаралық корпорация құру туралы мемлекетаралық шарттың жобасын енгiзсiн. 
      7. "Павлодар өнеркәсiп-қаржы альянсы" салааралық өндiрiстiк-шаруашылық ассоциациясы туралы Ереже бекiтiлсiн.
     8. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Боксит өндiрудi және дайын алюминий алуды ұлғайту жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 15 қарашадағы N 1124 қаулысы күшi жойылған деп танылсын.
     9. Осы қаулының жүзеге асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Ә.М.Қажыгелдинге жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 6 қазандағы
                                         N 1122 қаулысымен
                                            Бекiтiлген

     Ескерту. ҚР Премьер-министрiнiң 1995.01.17. N 23
              жарлығын қараңыз.

            "Павлодар өнеркәсiп-қаржы альянсы" салааралық
              өндiрiстiк-шаруашылық ассоциациясы туралы
                                 Ереже

                          1. Жалпы қағидалар

      1. "Павлодар өнеркәсiп-қаржы альянсы" салааралық өндiрiстiк-шаруашылық ассоциациясы (бұдан әрi - Ассоциация) Павлодар облысы өнеркәсiп кешенiнiң жұмысын тұрақтандыру және сазбалшықты және ферроқорытпаларды өндiру мен өткiзу жөнiндегi өзара тиiмдi бiрлескен қызметiн жүзеге асыру әрi пайда табу мақсатында құрылады.<*> 
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс пен толықтыру енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1995.04.14. N 476 қаулысымен.
      2. Ассоциацияның құрамына: 
      "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамы; "Алюминий зауыты" акционерлiк қоғамы; "Павлодарэнерго" өндiрiстiк бiрлестiгi; Тың темiр жолының басқармасы кiредi. 
      3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң рұқсатымен Ассоциация құрамына басқа да заңды ұйымдар кiре алады. 
      4. Ассоциация өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулыларын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 
      5. Ассоциация заңды ұйым болып табылады, оның банкте есеп-шоты, мөрi, өз атауы жазылған бланктерi және басқа да деректемелерi болады. 

             2. Ассоциацияның қызметi, мақсаты мен мiндетi 
 
      6. Ассоциацияның мақсаты Павлодар облысының өнеркәсiп кешенiнiң жұмысын тұрақтандыру және өзiнiң қатысушыларының өзара тиiмдi бiрлескен қызметiн жүзеге асыру болып табылады.
     7. Ассоциацияның атқаратын қызметi:
     сазбалшықты  және ферроқорытпаларды өндiру мен өткiзу жөнiндегi Ассоциация қатысушыларының бiрлескен қызметiн ұйымдастыру;<*>
     қатысушылары мен басқа кәсiпорындар арасындағы өзара есеп айырысу жүйесiн ұйымдастыру болып табылады.
     Ескерту. 7-тармақтың бiрiншi абзацына өзгерiс пен толықтыру
              енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1995.04.14. N 476 қаулысымен.
     8. Ассоциацияның негiзгi мiндетi:
     қатысушы кәсiпорындардың тұрақты жұмысын үнемi қамтамасыз етiп отыру;
     түпкiлiктi өнiм - сазбалшықты өндiру тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында қатысушылардың мүдделерiн үйлестiру;
      Ассоциация қатысушылары өнiмдерiнiң (жұмысының, қызмет көрсетуiнiң) өндiрiсi барысында және өткiзуде пайдаланылатын бөлiгiне көтерме баға қалыптастыруды бақылау;<*>
     түпкiлiктi өнiм өндiру мен өткiзуге байланысты тауарларды (жұмысты, қызмет көрсетудi) берiп тұру жөнiндегi Ассоциация қатысушылары арасындағы есеп айырысудың дұрыстығын бақылау;<*>
     Құрылтай шартына сәйкес қатысушылар арасында пайданы бөлу;
     бiрлескен жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн инвестициялық ресурстарды шоғырландыру болып табылады.<*>
     Ескерту. 8-тармақтың 4-шi абзацынан сөздер алынып тасталған
              және 5-шi абзацтағы сөз алмастырылды, 7-абзацына
              өзгерiс енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1995.04.14. N 476 
              қаулысымен. 

                   3. Басқару органдары
 
     9. Ассоциацияны басқарудың жоғары органы қатысушы кәсiпорындар басшыларының Кеңесi (бұдан әрi - Ассоциация Кеңесi) болып табылады. Ассоциация Кеңесiнiң мүшелерi өз қатарынан Кеңестiң төрағасын сайлайды.
     Ассоциация Кеңесiнiң оның қызметiне қатысты кез келген мәселе жөнiнде шешiм қабылдауға өкiлеттiлiгi бар. Ассоциация Кеңесiнiң айрықша құзырына:
     Ассоциацияның бiрлескен қызметiнiң перспективалық және жылдық жоспарларын, бiрлескен жобаларын, бағдарламаларын қарап, бекiту;
     Ассоциацияның пайдасын оның қатысушылары арасында бөлу;
     Ассоциацияның директорын тағайындау;
     Ассоциация қызметiн тоқтату жатады.
     10. Ассоциацияның пайдасын бөлуге және қызметiн тоқтатуға қатысты мәселелер бойынша жоғары органның шешiмдерi толық бiрауыздылық жолымен қабылданады. Ассоциация Кеңесiнiң шешiмдерi барлық қатысушылары мен атқарушы органдар үшiн орындауға мiндеттi болып табылады. 
      11. Ассоциацияның атқарушы органы оның қызметiне күнделiктi басшылық жасайтын дирекция болып саналады. 
      Дирекцияны Ассоциация Кеңесi тағайындайтын директор басқарады. 
      Директор Ассоциацияның бүкiл ағымдағы қызметiне басшылық жасайды және Ассоциацияның атынан қолхатсыз iс-қимыл жасайды, шарттарға, мiндеттемелер мен қолхаттарға қол қояды. 
 
               4. Мүлiк және түскен пайданы бөлу тәртiбi 
 
      12. Ассоциация қатысушылары осы Ережеде айтылғаннан басқа жағдайларда, Ассоциация қызметiнде өздерiнiң шаруашылық, заңдылық, мүлiктiк дербестiгiн сақтайды. 
      13. Сазбалшықты өндiруге байланысты Ассоциация қатысушылары арасындағы тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) бойынша есеп айырысуы есептелетiн iшкi бағалар бойынша (өзiндiк құны бойынша) жүзеге асырылады. Бұл бағаларды Ассоциация бақылайды.<*> 
      Ескерту. 13-тармақтан сөздер алынып тасталған - ҚРМК-нiң 
               1995.04.14. N 476 қаулысымен. 
      14. Ассоциация қатысушылары алдағы уақытта Ассоциация шеңберiнде пайдаланылмайтын өз өнiмдерiн (жұмысын, қызмет көрсетуiн) өндiру мен өткiзу бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген салықтар мен аударымдардың бюджетке дербес төлемшiлерi болып табылады. 
      Ассоциация шеңберiнде пайдаланылатын өнiмдер бойынша салық салудың төмендегiдей тәртiбi белгiленедi: 
      түпкiлiктi өнiм өндiру мен өткiзуге арналған тауарларды (жұмысты, қызмет көрсетудi) берiп тұру бойынша Ассоциация қатысушылары қосылған құнға салық салынудан босатылады.<*> 
       (4-абзац)<*> 
       (5-абзац) 
      Ескерту. 14-тармақтың 3-шi абзацындағы сөз алмастырылды, 
               4-шi абзацы алынып тасталды және 5-шi абзацына 
               өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.04.14. N 476 
               қаулысымен. 
      Ескерту. 14-шi тармақтың 5-абзацы күшiн жойған - ҚРМК-нiң 
               1995.10.06. N 1311 қаулысымен.  P951311_  
      15. Пайдаға салық, қосылған құнға салық бойынша және түпкiлiктi өнiм өндiру мен өткiзуге байланысты қызметi жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бюджетке басқа да аударымдар бойынша төлем жасайтын түпкiлiктi өнiм шығаратын кәсiпорындар болып табылады.<*>
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң 
              1995.04.14. N 476 қаулысымен. 
     16. "Қазақстан Республикасының салық жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салықтардың есептелуi мен төленуi және бюджетке аударылуы жөнiнде түпкiлiктi өнiм шығаратын  кәсiпорындар жауап бередi.<*>
          Ескерту.16 тармаққа өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң 
                  1995.04.14.N 476 қаулысымен.
     17. Ассоциация қатысушылары ассоциация шеңберiнде түпкiлiктi өнiм өндiрумен және сатумен және басқа қызметпен байланысты қызмет  бойынша жеке есеп жүргiзедi.<*>
         Ескерту.17 тармақ жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң
                 1995.04.14.N 476 қаулысымен.
     18. Түпкiлiктi өнiм өткiзуден алынған пайда, түпкiлiктi өнiм шығаратын кәсiпорындар салықтарды төлеп, аударымдар жасағаннан кейiн Құрылтай шартына сәйкес бөлiнуге жатады.<*>
     Ескерту. 18-тармаққа өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1995.04.14. N 476 қаулысымен.

                 5. Қайта құру мен тарату тәртiбi
 
      19. Ассоциацияның тоқтатылуы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысына сәйкес тарату немесе қайта құру жолымен жүргiзiледi. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады