Мемлекеттiң шет ел кредиторлары алдындағы мiндеттемелерiн орындау туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 7 қазан N 474-ө
Мемлекеттiң шет ел кредиторлары алдындағы мiндеттемелерiн
орындау және дефольттың туындауына жол бермеу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Стройфарфор",
"Павлодартрактор" акционерлiк қоғамдары үшiн жалпы сомасы
5 815 413, 79 немiс маркасы болатын берешектi, сондай-ақ 1996 жылға
арналған республикалық бюджеттiң "Сыртқы экономикалық қызмет" бөлiмi
бойынша көзделген шеңберде есептелген айыппұл санкцияларының сомасын
шет ел банктерi ұсынған шоттар негiзiнде өтесiн.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi
"Стройфарфор" акционерлiк қоғамын банкрот деп тану үшiн республиканың
сот органдарына материалдар берсiн және республикалық бюджетке
алынған қаражаттарды қайтару мақсатында банкроттыққа байланысты
процедураларды жүргiзсiн.
3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Премьер-Министр
О погашении задолженности
Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 7 октября 1996 г. N 474-р
В целях выполнения обязательств государства перед иностранными
кредиторами и во избежание возникновения дефолта:
1. Министерству финансов Республики Казахстан на основании
предъявляемых счетов иностранных банков погасить задолженность в
общей сумме 5 815 413,79 немецких марок за акционерные общества
"Стройфарфор", "Павлодартрактор", а также сумму начисленных штрафных
санкций в пределах, предусмотренных в республиканском бюджете на
1996 год по разделу "Внешнеэкономическая деятельность".
2. Государственному Экспортно импортному банку Республики
Казахстан передать в судебные органы республики материалы для
признания акционерного общества "Стройфарфор" банкротом и провести
связанные с банкротством процедуры в целях возврата в республиканский
бюджет отвлеченных средств.
3. Контроль за исполнением настоящего распоряжения возложить на
Министерство финансов Республики Казахстан.