Мемлекеттiң шет ел кредиторлары алдындағы мiндеттемелерiн орындау туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 7 қазан N 474-ө
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Стройфарфор", "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамдары үшiн жалпы сомасы 5 815 413, 79 немiс маркасы болатын берешектi, сондай-ақ 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң "Сыртқы экономикалық қызмет" бөлiмi бойынша көзделген шеңберде есептелген айыппұл санкцияларының сомасын шет ел банктерi ұсынған шоттар негiзiнде өтесiн.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi "Стройфарфор" акционерлiк қоғамын банкрот деп тану үшiн республиканың сот органдарына материалдар берсiн және республикалық бюджетке алынған қаражаттарды қайтару мақсатында банкроттыққа байланысты процедураларды жүргiзсiн.
3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз