Тұрмыстық приборларға сұранысты қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 2 желтоқсан N 542
Рыноктың суық және жылу суды, жылуды, газ бен электр энергиясын
есептейтiн өлшеуiш тұрмыстық приборларға деген сұранысын қамтамасыз
ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi
бiр ай мерзiмде суық және жылу суды, жылуды, газ бен электр
энергиясының шығыстарын есептейтiн тұрмыстық приборлар шығаруы мүмкiн
қорғаныс өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарын айқындасын және Қазақстан
Республикасының Экономика министрлiгiне аталған өнiм өндiрiсiне
мүдделi кәсiпорындардың бизнес-жоспарларын ұсынуды қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi:
кәсiпорындардың ұсынылған бизнес-жоспарларын қарасын және
аталған тұрмыстық өлшеуiш приборларының өндiрiсi бойынша мейлiнше
тиiмдiлерiн 1997-1998 жылдарға арналған басым инвестициялық
жобалардың тiзбесiне енгiзсiн;
1997 жылы конверсиялау бағдарламасын орындауға республикалық
бюджетте көзделген қаражатты бөлу кезiнде, Қорғаныс өнеркәсiбiн ұзақ
мерзiмдi кезеңге арналған дамыту мен оны конверсиялаудың мемлекеттiк
бағдарламасына сәйкес, олардың тұрмыстық өлшеуiш приборлардың
өндiрiсiн әзiрлеуге кәсiпорындарға бөлудi ескерсiн.
Премьер-Министр
О бытовых измерительных приборах
Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 2 декабря 1996 г. N 542-р
С целью обеспечения потребности рынка в измерительных бытовых
приборах учета расхода холодной и горячей воды, тепла, газа и
электроэнергии:
1. Министерству промышленности и торговли Республики Казахстан
в месячный срок определить предприятия оборонной промышленности, на
которых возможен выпуск бытовых приборов учета расхода холодной и
горячей воды, тепла, газа и электроэнергии, и обеспечить
представление в Министерство экономики Республики Казахстан
бизнес-планов заинтересованных предприятий в производстве указанной
продукции.
2. Министерству экономики Республики Казахстан:
рассмотреть представленные бизнес-планы предприятий и наиболее
эффективные по производству указанных бытовых измерительных приборов
включить в Перечень приоритетных инвестиционных проектов на
1997-1998 годы;
при распределении средств, предусмотренных в республиканском
бюджете на выполнение Программы конверсии в 1997 году, учесть
выделение их на подготовку производства бытовых измерительных
приборов предприятиям оборонной промышленности в соответствии с
Государственной программой развития и конверсии оборонной
промышленности на долгосрочный период.