Тұрмыстық приборларға сұранысты қамтамасыз ету туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 2 желтоқсан N 542
1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi бiр ай мерзiмде суық және жылу суды, жылуды, газ бен электр энергиясының шығыстарын есептейтiн тұрмыстық приборлар шығаруы мүмкiн қорғаныс өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарын айқындасын және Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне аталған өнiм өндiрiсiне мүдделi кәсiпорындардың бизнес-жоспарларын ұсынуды қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi:
кәсiпорындардың ұсынылған бизнес-жоспарларын қарасын және аталған тұрмыстық өлшеуiш приборларының өндiрiсi бойынша мейлiнше тиiмдiлерiн 1997-1998 жылдарға арналған басым инвестициялық жобалардың тiзбесiне енгiзсiн;
1997 жылы конверсиялау бағдарламасын орындауға республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу кезiнде, Қорғаныс өнеркәсiбiн ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған дамыту мен оны конверсиялаудың мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес, олардың тұрмыстық өлшеуiш приборлардың өндiрiсiн әзiрлеуге кәсiпорындарға бөлудi ескерсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз