1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi шетел банктерiнiң ұсынған шоттары негiзiнде мерзiмi өткен және алдағы төленетiн жалпы сомасы 1 497 341 (бiр миллион төрт жүз тоқсан жетi мың үш жүз қырық бiр) АҚШ долларын дәрменсiз займшылар үшiн қосымшаға сәйкес, сондай-ақ 1996 жылға арналған бюджетте "Сыртқы экономикалық қызмет" бөлiмi бойынша көзделген қаражаттар есебiнен есептелген айыппұлдар сомасын төлесiн.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экспорт-импорт банкi уақытша
алынған қаражатты республикалық бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi барлық шараны қолдансын. 3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн. Премьер-Министр Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 желтоқсандағы N 572 өкiмiне қосымша Шетел несиелерiн өтеу жөнiндегi мерзiмi өткен және алдағы төленетiн төлемдердiң СОМАСЫ АҚШ долларында ___________________________________________________________________ Займшы-ұйым | Төлем | Оның iшiнде |сомасы |____________________________________ | |негiзгi борыш |проценттер|басқасы ___________________________________________________________________ Испания несие желiсi| | | | | | | | "Қайнұр" ӨКФ |724 995,99 700 572,50 | 24 423,49| - | | | | Канада несие желiсi | | | | | | | | "Ақтөбемұнай" АҚ |278 295,26 239 285,71 | 35 467,46|3 542,09 | | | | АҚШ несие желiсi | | | | | | | | "Тағам" АҚ |494 049,62 - |458 932,23|35 117,39 ___________________________________________________________________ Барлығы |1 497 340,87 939 858,21 |518 823,18|38 659,48 ___________________________________________________________________