Дефолт фактiлерiн болдырмау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 18 желтоқсан N 572

      Шетел несиешiлерiнiң алдындағы Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау, сондай-ақ дефолт фактiлерiн болдырмау мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi шетел банктерiнiң ұсынған шоттары негiзiнде мерзiмi өткен және алдағы төленетiн жалпы сомасы 1 497 341 (бiр миллион төрт жүз тоқсан жетi мың үш жүз қырық бiр) АҚШ долларын дәрменсiз займшылар үшiн қосымшаға сәйкес, сондай-ақ 1996 жылға арналған бюджетте "Сыртқы экономикалық қызмет" бөлiмi бойынша көзделген қаражаттар есебiнен есептелген айыппұлдар сомасын төлесiн.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экспорт-импорт банкi уақытша

алынған қаражатты республикалық бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету жөнiнде 
қажеттi барлық шараны қолдансын.
     3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.

     Премьер-Министр 
     
                                   Қазақстан Республикасы
                                         Үкiметiнiң
                                 1996 жылғы 18 желтоқсандағы
                                      N 572 өкiмiне
                                          қосымша

          Шетел несиелерiн өтеу жөнiндегi мерзiмi өткен
                және алдағы төленетiн төлемдердiң
                             СОМАСЫ
                                           АҚШ долларында
___________________________________________________________________
 Займшы-ұйым        | Төлем   |             Оның iшiнде
                    |сомасы   |____________________________________
                    |         |негiзгi борыш  |проценттер|басқасы
___________________________________________________________________
Испания несие желiсi|         |               |          |
                    |         |               |          |
"Қайнұр" ӨКФ        |724 995,99  700 572,50   | 24 423,49|    -
                    |         |               |          |
Канада несие желiсi |         |               |          |
                    |         |               |          |
"Ақтөбемұнай" АҚ    |278 295,26  239 285,71   | 35 467,46|3 542,09
                    |         |               |          |
АҚШ несие желiсi    |         |               |          |
                    |         |               |          |
"Тағам" АҚ          |494 049,62      -        |458 932,23|35 117,39
___________________________________________________________________
     Барлығы        |1 497 340,87  939 858,21 |518 823,18|38 659,48
___________________________________________________________________ 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады