"Мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1207
қаулысын орындау үшiн:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк
және жекешелендiру департаментi:
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң, Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң қатысуымен 1998
жылдың бiрiншi тоқсанында жекешелендiру және акциялардың мемлекеттiк
пакеттерiн сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шарттарына сәйкес мына
акционерлiк қоғамдардың қаржылық және шаруашылық қызметiне тексеру
жүргiзсiн:
"Жезқазғантүстiмет" АҚ
"Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты" АҚ
"Бөрлi" АҚ
"Павлодар мұнай өңдеу зауыты" АҚ
"Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ
"Лисаков кен байыту комбинаты" АҚ
"Оңтүстiкмұнайгаз" АҚ
"Қаражамбасмұнайгаз"
"Павлодар ЖЭО-2" АҚ
"Павлодар ЖЭО-3" АҚ
"Петропавл ЖЭО-2" АҚ
"Северный" кенiшi" АҚ;
1998 жылдың 1 мамырына дейiн мерзiмде Үкiмет отырысында қарау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне тексеру нәтижелерi бойынша есептердi енгiзсiн.
2. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.
Премьер-Министр