Мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1207.

      Қазақстан Республикасының Президентiндегi кеңесте Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, кәсiпорындары мен ұйымдарының басшы қызметкерлерiнiң қатысуымен қабылданған 1997 жылғы 19 маусымдағы N И-192 хаттамалық шешiмнiң 3-тармағына сәйкес, мемлекеттiк меншiктi және оның жекешелендiрiлу барысын жүйелi түрде есепке алу мен олардың мониторингiн, ақпаратты жинау мен өңдеу тәртiбiн жүйелеудi және әртүрлi мемлекеттiк органдар қалыптастыратын деректер базаларын бiрегейлендiрудi енгiзудi көздейтiн "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл бағдарламасын" орындау мақсатында, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру және оның пайдаланылуына бақылау жасау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.03.21. N 246 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi (бұдан әрi - Департамент) Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмiн қалыптастыруға тартылған басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, 1997 жылдың 1 қазанына дейiн мерзiмде қолда бар деректер базасына түгендеу жүргiзсiн және жоғарыда аталған Тiзiлiмдi Ережеге сәйкес қалыптастырсын.

      3. Министрлiктер, ведомстволар және Қазақстан Республикасының өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдары ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк кәсiпорындар мен өзге де ұйымдардың жартыжылдықтардың нәтижесi бойынша қаржы шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы әрбiр кәсiпорынға (ұйымға) шаққандағы есебiн Департаментке және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысан бойынша тұрақты түрде ұсынуын қамтамасыз етсiн.

      Департамент акционерлер жиналысының қарауына акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi шаруашылық серiктестiктерiнiң қаржы шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы ақпаратты ұсыну туралы мәселенi белгiленген тәртiппен енгiзсiн.

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылдың 15 тамызына дейiн мерзiмде жоғарыда аталған есептердi ұсыну нысандарын бекiтiп, олар туралы министрлiктердi, ведомстволарды және өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды хабардар етсiн.

      4. Департамент және басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Департаменттiң келiсiмi бойынша ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұйымдардың) бiрiншi басшыларымен кәсiпорындардың (ұйымдардың) қызметiнiң қаржылық көрсеткiштерiне және олардың республикалық бюджеттiң кiрiсiне жасаған аударымдарына (салық және өзге де мiндеттi төлемдердi қоспағанда) қарай оларға еңбекақы төлеудiң шарттарын белгiлей отырып, келiсiм-шарттар жасауды (бұрын жасалғандарын қайта қарауды) қамтамасыз етсiн.

      Департамент акционерлер жиналысының қарауына осы тармақтан туындайтын өзгерiстердi акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi шаруашылық серiктестiктерiнiң бiрiншi басшыларымен жасалған өз күшiндегi келiсiм-шарттарға өзгерiс енгiзу туралы мәселенi белгiленген тәртiппен енгiзсiн және осындай әдiстi жаңадан сайланған басшылармен келiсiм-шарт жасасуда пайдалануды ұсынсын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. N 1504 қаулысымен.

      6. Департамент Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi қызметкерлерiнiң шаруашылық серiктестiктерiнiң тексеру комиссияларының құрамына 3-қосымшаға сәйкес тұрақты негiзде қатысуын заңдарда белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.

      Жоғарыда аталған шаруашылық серiктестiктерiнде жүргiзiлген әрбiр тексерудiң нәтижелерi туралы ақпарат Департаментке ұсынылуға тиiс деп көзделсiн.

      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi қызметкерлерiнiң мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тексеру комиссиясының құрамында қатысу тәртiбi туралы ереженi әзiрлеп, бекiтсiн;

      Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмiн ұйымдастыру және оны жүргiзу жөнiндегi 1997 жылға арналған жұмыстарды қаржыландыруға қажеттi қаражатты қарастырсын;

      1998 жылдан бастап тiзiлiм қызметтерiн қаржыландыруға қажеттi қаржыны бөлудi көздесiн.

      8. Департамент Мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсе отырып, саудаластыққа бiрнеше рет қойылғаннан кейiн сатылмаған шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тiзбесiн айқындап, "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру мен тарату жөнiндегi агенттiк" акционерлiк қоғамының қатысуымен оларды қайта ұйымдастыру мен таратуды жүзеге асырсын.

      9. Департамент тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы қаулының орындалу барысы туралы есеп ұсынатын болсын.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрi

  1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 1 тамыздағы
N 1207 қаулысымен
бекiтiлген

Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк қатысу үлесi бар шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмi туралы ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Күшi жойылды – ҚР Үкіметінiң 1998.03.21. N 246 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 1 тамыздағы
N 1207 қаулысына
2 қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. N 1504 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 1 тамыздағы
N 1207 қаулысына
3 қосымша

Тексеру комиссиясының құрамына мемлекеттiк өкiлдер енгiзiлетiн акционерлiк қоғамдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.06.28 N 702 қаулысымен.

      1. "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ

      2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.06.28 N 702 қаулысымен.

      3. "KEGOS" АҚ

      4. "Эйр Қазақстан" ЖҮАҚ

      5. "Шұбаркөл кенiшi" АҚ

      6. "Борлы" АҚ

      7. "Батыскөлiкгаз" АҚ

      8. "Алаугаз" АҚ

      9. "Павлодармұнайөңдеу заводы" АҚ

      10. "Атакент" АҚ

      11. "Заңғар" Сауда үйi" АҚ

      12. "Балалар әлемi" "Әмбебап дүкенi" АҚ

      13. "405 ГА авиажөндеу заводы" АҚ

      14. "406 ГА авиажөндеу заводы" АҚ

      15. "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ

      16. "Үлбi металлургия заводы" АҚ

      17. "Жезқазғантүстiмет" АҚ

      18. "Оңтүстiк Топар кен басқармасы" АҚ

      19. "Шалқия кен басқармасы" АҚ

      20. "Соколов-Сарыбай КБӨП" АҚ

      21. "Қостанайхимжiбек" АҚ

      22. "Екiбастұзшахтықұрылыс" АҚ

      23. "Жезкент КБК" АҚ

      24. "Химфарм" АҚ

      25. "Қазақстан алюминий" АҚ

      26. "Қазхром" КҰҚ

      27. "Целинный кен-химия комбинаты" АҚ

      28. "Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты" АҚ

      29. "Ертiс химия-металлургия заводы" АҚ

      30. "Ақбақай КБК" АҚ

      31. "Суперфосфат заводы" АҚ

      32. "Нодфос" АҚ

      33. "Қаратау" АҚ

      34. "Сарытас" АҚ

      35. "Промтранс" АҚ

      36. "Қазжөндеуэнерго" АҚ

      37. "Ақтөбе ЖЭО" АҚ

      38. "Талдықорған ЖЭО" АҚ

      39. "Теплоцентраль (Қызылорда ЖЭО-6)" АҚ

      40. "Шымкент ЖЭО" АҚ

      41. "Ақтөбе ТЭК" АҚ

      42. "Қызылорда ТЭК" АҚ

      43. "Солтүстiк Қазақстан ТЭК" АҚ

      44. "Батыс Қазақстан ТЭК" АҚ

      45. "Жамбыл ТЭК" АҚ

      46. "Маңғыстау ТЭК" АҚ

      47. "Павлодар ТЭК" АҚ

      48. "Талдықорған ТЭК" АҚ

      49. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" АҚ

      50. "Қазақстан Халықтық Банкi" АБ

      51. "Тұран Әлем" АБ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады