"Телерадиохабарларын тарату және деректер берудің ұлттық серіктік
жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 26
қыркүйектегі N 1284
қаулысын іске асырылу барысын тексеру және
телерадиобағдарламаларды таратуға республикалық бюджеттен бөлінетін
қаражаттың пайдаланылуының тиімділігін анықтау мақсатында:
1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Өтембаев Ержан - Қазақстан Республикасының
Әбілхайырұлы Стратегиялық жоспарлау және реформалар
жөніндегі агенттігінің төрағасы, жетекші
(келісім бойынша)
Андрющенко Александр - Қазақстан Республикасының Премьер-
Иванович Министрі Кеңсесінің Ақпарат және талдау
бөлімінің меңгерушісі, жетекшінің
орынбасары
Жұмыс тобының мүшелері:
Ақпенова Раушан - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Төлеқызы және қоғамдық келісім министрлігінің
БАҚ департаменті
Телекоммуникациялар бөлімінің
бастығы
Аминов Михаил - "Қазақстан теледидары мен радиосы"
Тавиевич республикалық корпорациясының
техникалық бөлімінің бастығы
Бахмутова Елена - Қазақстан Республикасы Қаржы
Леонидовна министрлігінің Бюджет департаменті
директорының орынбасары
Камалова Виктория - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Владимировна және қоғамдық келісім министрлігінің
Ішкі әкімшілік департаменті жоспарлау
және қаржы бөлімінің бастығы
Қанешев Біржан - Қазақстан Республикасының
Бисекенұлы Стратегиялық жоспарлау және реформалар
жөніндегі агенттігінің Қазақстан Республикасының
инфрақұрылымын дамыту стратегиясы
басқармасының бастығы
Ключникова Валентина - "Хабар" агенттігі" ЖАҚ-ның техника
Ефимовна жөніндегі директоры
Маляренко Андрей - "TNS-PLUS" АҚ-ның президенті
Григорьевич (келісім бойынша)
Нәсиев Асқар - Қазақстан Республикасы Көлік және
Қайратұлы коммуникациялар министрлігінің Почта және
телекоммуникациялар департаментінің
директоры
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.12. N 225 өкімімен.
2. Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, он күн мерзімде жұмыс тобы үшін сарапшылар ретінде халықаралық аудиторлық фирма мен жетекші халықаралық спутниктік операторды айқындасын.
3. "Кателко" акционерлік қоғамына бір ай мерзімде халықаралық
аудиторлық фирманы жұмысқа тарту және 1998 жылғы 31 желтоқсанға дейін
жұмыс тобының жетекшісіне толық аудиторлық қорытындыны тапсыру
ұсынылсын.
4. Жұмыс тобы толық аудиторлық қорытындыны зерделесін және 1999 жылғы
1 ақпанға дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс
енгізсін.
ЕСКЕРТУ. 2,3-тармақтар жаңа редакцияда, 4-тармақпен толықтырылды -
ҚРҮ-нің 1998.12.12. N 225 өкімімен.
Премьер-Министр