"Телерадиобағдарламаларды таратуға республикалық бюджеттен бөлінетін
қаражаттың пайдаланылуының тиімділігін анықтау жөніндегі жұмыс тобын құру
туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 28
қыркүйектегі N 186
өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар
енгізілсін:
Нәсиев Асқар - Қазақстан Республикасы Көлік және
Қайратұлы коммуникациялар министрлігінің Почта және
телекоммуникациялар департаментінің
директоры
жұмыс тобының құрамына енгізілсін;
Н.М.Әлібаев, Л.Я.Каптар көрсетілген жұмыс тобының құрамынан
шығарылсын;
2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, он күн мерзімде жұмыс тобы үшін сарапшылар ретінде халықаралық аудиторлық фирма мен жетекші халықаралық спутниктік операторды айқындасын.
3. "Кателко" акционерлік қоғамына бір ай мерзімде халықаралық аудиторлық фирманы жұмысқа тарту және 1998 жылғы 31 желтоқсанға дейін жұмыс тобының жетекшісіне толық аудиторлық қорытындыны тапсыру ұсынылсын";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Жұмыс тобы толық аудиторлық қорытындыны зерделесін және 1999 жылғы 1 ақпанға дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін."
Премьер-Министр