Телерадиобағдарламаларды таратуға республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттың пайдаланылуының тиімділігін анықтау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ӨКІМІ 1998 жылғы 28 қыркүйек N 186

 


     "Телерадиохабарларын тарату және деректер берудің ұлттық серіктік

жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 26

қыркүйектегі N 1284 


P951284_


  қаулысын іске асырылу барысын тексеру және

телерадиобағдарламаларды таратуға республикалық бюджеттен бөлінетін

қаражаттың пайдаланылуының тиімділігін анықтау мақсатында:


     1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:


     Өтембаев Ержан       - Қазақстан Республикасының

     Әбілхайырұлы           Стратегиялық жоспарлау және реформалар

                            жөніндегі агенттігінің төрағасы, жетекші

                            (келісім бойынша)


     Андрющенко Александр - Қазақстан Республикасының Премьер-

     Иванович               Министрі Кеңсесінің Ақпарат және талдау

                            бөлімінің меңгерушісі, жетекшінің

                            орынбасары


             Жұмыс тобының мүшелері:


     Ақпенова Раушан     - Қазақстан Республикасының Ақпарат

     Төлеқызы              және қоғамдық келісім министрлігінің

                           БАҚ департаменті

                           Телекоммуникациялар бөлімінің

                           бастығы


     Аминов Михаил       - "Қазақстан теледидары мен радиосы"

     Тавиевич              республикалық корпорациясының

                           техникалық бөлімінің бастығы


     Бахмутова Елена     - Қазақстан Республикасы Қаржы

     Леонидовна            министрлігінің Бюджет департаменті

                           директорының орынбасары


     Камалова Виктория   - Қазақстан Республикасының Ақпарат

     Владимировна          және қоғамдық келісім министрлігінің

                           Ішкі әкімшілік департаменті жоспарлау

                           және қаржы бөлімінің бастығы


     Қанешев Біржан      - Қазақстан Республикасының

     Бисекенұлы            Стратегиялық жоспарлау және реформалар

                           жөніндегі агенттігінің Қазақстан Республикасының

                           инфрақұрылымын дамыту стратегиясы

                           басқармасының бастығы


     Ключникова Валентина - "Хабар" агенттігі" ЖАҚ-ның техника

     Ефимовна                жөніндегі директоры


     Маляренко Андрей    - "TNS-PLUS" АҚ-ның президенті

     Григорьевич           (келісім бойынша)


     Нәсиев Асқар        - Қазақстан Республикасы Көлік және              

     Қайратұлы             коммуникациялар министрлігінің Почта және      

                           телекоммуникациялар департаментінің

                           директоры



     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.12. N 225 өкімімен. 


R980225_





 
       2. Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, он күн мерзімде жұмыс тобы үшін сарапшылар ретінде халықаралық аудиторлық фирма мен жетекші халықаралық спутниктік операторды айқындасын.
      3. "Кателко" акционерлік қоғамына бір ай мерзімде халықаралық

 

аудиторлық фирманы жұмысқа тарту және 1998 жылғы 31 желтоқсанға дейін

жұмыс тобының жетекшісіне толық аудиторлық қорытындыны тапсыру

ұсынылсын.



     4. Жұмыс тобы толық аудиторлық қорытындыны зерделесін және 1999 жылғы

1 ақпанға дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

енгізсін.



     ЕСКЕРТУ. 2,3-тармақтар жаңа редакцияда, 4-тармақпен толықтырылды -

              ҚРҮ-нің 1998.12.12. N 225 өкімімен. 


R980225_





     Премьер-Министр









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады