Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, құрамында Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Н.I.Өкеев, Ж.Д.Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан, мына өкiлдердiң:
өтiнiш субъектiсiнің - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнің депутаты В.Б.Косаревтің,
Республика Әдiлет министрлiгiнің - әдiлет вице-министрi Н.В.Белоруковтың,
Республика Сыртқы iстер министрлiгiнің - халықаралық-құқық департаментiнiң халықаралық шарттар бөлiмi бастығының мiндетiн атқарушы А.Қ.Кинжебаеваның, халықаралық-құқық департаментi халықаралық-құқық проблемалары бөлiмiнің референтi Н.Ш.Мұқаевтің қатысуымен,
өзiнің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiштерiн қарады.
Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашылар - Кеңес мүшелерi Н.I.Өкеев пен Қ.Ә.Омархановтың және отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2001 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының
K951000_
54-бабы 7) тармақшасына ресми түсiндiрме беру жөнiндегi екi өтініші келіп түсті.
Өтiнiш беруге, Республика Үкiметi "Дүниежүзiлiк пошта одағының Жарғысына Бесінші қосымша хаттаманы бекiту туралы"
P010965_
және "Дүниежүзiлiк пошта одағының Жарғысына Алтыншы қосымша хаттаманы бекiту туралы"
P011345_
заңдардың жобасын, сондай-ақ "Халықаралық электр байланысы одағының Жарғысы мен Конвенциясына түзету құжаттарын бекiту туралы"
P010524_
заңның жобасын Республика Парламентi Мәжiлiсiне қарауға енгiзуi себеп болған.
Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 27 тамызда Дүниежүзiлiк пошта одағының Жарғысына (бұдан әрi - ДПО Жарғысы), ДПО-ның төрт қосымша хаттамасына және өзге де құжаттарына, ал 1994 жылғы 28 шiлдеде - Халықаралық электр байланысы одағының Жарғысы мен Конвенциясына (бұдан әрi - ХЭО Жарғысы мен Конвенциясы) қосылды. Бұл халықаралық құжаттар Республика Парламентiнде бекiту рәсiмiнен өтпеген.
Өтiнiште атап көрсетiлгенi, заңдардың жобаларын талқылау барысында жоғарыда аталған халықаралық актiлердi бекiтудің мүмкiндiгi туралы мынадай: олар бекiтуге жатпайды, өйткенi негiзгi құжаттар - ДПО Жарғысы және ХЭО Жарғысы мен Конвенциясы - бекiтiлмеген; оларды заңмен бекiту мүмкiн; Үкiмет актiлерiн қабылдау жеткiлiктi, деген әртүрлi жорамал айтылған.
Баяндалғанды ескерiп, Парламент депутаттары өздерiнің өтiнiштерiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасына жоғарыда аталған жағдайға қатысты қолданыста түсiндiрме берудi сұрайды.
Өтiнiштерде Республика Конституциясының сол бәз бiр нормаларын сол бәз бiр мәселелер бойынша түсiндiру туралы сөз болатындықтан, Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы"
U952737_
конституциялық заң күшi бар Жарлығының 26-бабы 2-тармағына сай өтiнiштер бiр iс жүргiзуге бiрiктiрiлдi.
Республика Конституциясының нормаларын және конституциялық iс жүргiзу материалдарын талдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi.
Республика Конституциясының
K951000_
54-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Республиканың халықаралық шарттарын бекiту және олардың күшiн жою Парламенттің өкілеттiгi болып табылады. Одан тыс, Конституцияның 54-бабы бұл аталған құқықты жүзеге асыру тәртiбiн көздейдi - Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта өз кезегiмен қарау арқылы Республиканың халықаралық шарттарын бекiтедi және олардың күшiн жояды.
Бекiтуге жататын халықаралық шарттардың тiзбесi мен оларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеуге келер болсақ, Конституцияда ол жөнiнде қандай да болсын норма жоқ.
Басқа бiр, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы 3-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2000 жылғы 11 қазандағы N 18/2
S000018_
қаулыда Конституциялық Кеңес сондай-ақ, халықаралық шарттар Конституцияға сәйкес болуға тиiс, және оларды жасасу тәртiбi заңдармен белгiленедi, ал бекiту заңмен белгiленген жағдайларда Республика Парламентiнің тиiстi заң қабылдауы арқылы жүзеге асырылады, деп түсiндiрген болатын.
Осылайша, Республика Конституциясының
K951000_
54-бабы 7) тармақшасы, өтiнiш нысанына қатысты қолданыста, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын бекiту жөнiндегi өкілеттiк Республика Парламентiнің төтенше құзыры болып табылады дегендi бiлдiредi. Бекiтуге жататын шарттардың тiзбесi мен бекiтудi жүзеге асыру тәртiбi заңдармен белгiленедi. Бекiту және күшiн жою туралы заңдардың нормаларын қолдану барысында туындаған нақты жағдайларды бағалау, және олар бойынша шешiм қабылдау Парламенттің құзырына жатқызылған. Конституциялық Кеңестің өкiлеттiгiне бұл кiрмейдi.
Ескерту. Қаулының дәлелдеу бөлігіне өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008.09.24
N 7
Нормативтік қаулысымен.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының
K951000_
72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы"
U952737_
конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37 және 41-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының
K951000_
54-бабы 7) тармақшасы, өтiнiш нысанына қатысты қолданыста, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын бекiту Қазақстан Республикасы Парламентiнің құзыретiне жатады дегендi бiлдiредi. Бекiтуге жататын халықаралық шарттардың тiзбесi мен бекiтудi жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
Қазақстан Республикасының Парламентi Республиканың халықаралық шарттарын бекiту және олардың күшiн жою туралы мәселелердi дербес түрде шешедi.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы 3-тармағына сәйкес осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген
жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады. 3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Мамандар: Қасымбеков Б.А. Багарова Ж.А.