Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Қ.Ә.Әбiшев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлi - Президент Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк-құқық басқармасының бөлiм меңгерушiсi М.А.Пақырдiновтiң,
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсiнiң депутаттары Е.Ж.Жұмабаев пен Ж.Н.Әбдиевтiң,
республика Орталық сайлау комиссиясының хатшысы В.К.Фоостың,
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл Б.К.Байқадамовтың,
республика Жоғарғы Сотының судьясы Л.Г.Полторабатьконың,
республика Бас прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың,
республика бiрiншi Әдiлет вице-министрi И.Д.Меркельдiң,
Азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру және дамыту жөнiндегi ұсыныстарды талдап жасайтын тұрақты кеңестiң өкiлi П.В.Своиктiң қатысуымен,
өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентiнiң, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Конституциялық заңды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында тексеру туралы өтiнiшiн қарады.
Конституциялық iс жүргiзу материалдарын және сарапшылардың - Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөнiндегі Қазақстан халықаралық бюросының директоры Е.А.Жовтистiң және "Қазақстандағы Интерлигал" саяси-құқықтық зерттеулер қоғамдық қорының президентi C.М.Золотниковтың қорытындыларын зерделеп, баяндамашыны - Конституциялық Кеңестiң мүшесi А.К.Котовты, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады:
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Конституциялық заңды республика Парламентi 2004 жылғы 15 наурызда қабылдап, 2004 жылғы 24 наурызда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына берген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті, жоғарыда аталған Конституциялық заңның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн қарау тұрғысында Конституциялық Кеңеске өтiнiш енгiзген.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңды Конституцияға сәйкестiгi тұрғысында қарай отырып, Кеңес оның тұтастай және жекелеп алғанда:
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның, тiркелу уақытына қарай өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандық белгiсi бойынша азаматтың сайлануға құқығын шектеудi белгiлейтiн, 4-бабының 4-тармағын жазу туралы 1-бабы 1) тармақшасының;
Конституциялық заңның 10-бабының жаңа редакциясындағы аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрылу принциптерiн өзгерту туралы 1-бабы 4) тармақшасының;
"Электрондық сайлау жүйесiнiң" анықтамасы мен мақсаты (50-1-бап) және электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету жөнiндегi маманның дауыс беруге арналған үй-жайда бола алатыны (50-3-баптың 2-тармағы) бөлігінде Конституциялық заңды 9-1-тараумен толықтыру туралы 1-бабы 39) тармақшасының;
Конституциялық Кеңестiң, Қазақстан Pecпубликасының Конституциясынан келiп туындайтын, сайлау құқығы мәселелерi бойынша нормативтiк қаулыларында тұжырымдалған құқықтық позицияларын заң шығарушы ескеруiнiң;
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңды Қазақстан Республикасы Парламентінің қабылдау тәртiбiнiң конституциялылығын талдап шықты.
1. Конституцияның 33-бабы 2 және 3-тармақтарда Қазақстан Республикасының сайлау құқығының бастауларын бекiтедi.
Мемлекеттік органдар мен жергіліктi өзін-өзi басқару органдарын сайлау және оларға сайлану, сондай-ақ республикалық референдумға қатысу құқығын Конституцияның 33-бабының 2-тармағы Қазақстан Республикасының азаматтығына ғана бередi.
Негiзгi Заңның 33-бабының 3-тармағында, республика азаматтарының iшiнен кімнiң және қандай себептермен сайлау корпусының құрамынан шығарылатыны, яғни, белсенді де, бәсең де сайлау құқық субъектiлiгiне ие бола алмайтыны және сайлауда қатыспайтыны айтылған. "Сот ic-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмi бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың, - делінген "Конституцияның 33-бабының 3-тармағында, - сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ".
Бұл конституциялық нормада белсендi сайлау құқығы (сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы) және бәсең сайлау құқығы (сайлану құқығы), сот іс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмi бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар бастапқыдан-ақ оған ие бола алмайтын және сондықтан да Конституция бойынша ие емес құқықтық бiрлiк күйінде алынған. Азаматтардың субъективтiк сайлау құқықтарының жекелеп алғанда шектелуіне жол берiлмейтiндiгі туралы Конституцияның 33-бабының 3-тармағында айтылмайды.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1966 жылғы 16 желтоқсанда қабылдап, оған Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 15 қарашада қосылған, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінiң 25-бабы дауыс беру құқығын және сайлану құқығын негiзсiз-шектеуге тыйым салады. Пакт, мұндай шаралар мемлекеттердiң халықаралық құқық бойынша өзге мiндеттемелерiмен сыйыспайтын болып табылмайтын және нәсiлдiк, реңдiк, жыныстық, тiлдiк, дiни және әлеуметтiк шығу тегінiң белгiлерi негізiнде кемсiтуге алып келмейтiн болса, азаматтық және саяси құқықтардың, соның iшiнде сайлау құқығының, негiзделiп шектелуiн жоққа шығармайды (Пактiнiң 4 және 5-баптары).
БҰҰ-ның 2003 жылғы 31 қазандағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қатысушы мемлекеттердiң, өздерiнiң құқықтық жүйесiнiң конституциялық принциптерiне жауап беретiн шамада, жария лауазымдарға, соның iшiнде заң шығарушы органдарда, орналасу құқығын айырудың рәсiмiн белгiлеуiн көздейдi (Конвенцияның 30-бабының 2 және 7-тармақтары).
Қазақстан Республикасы, Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтарын танып және оларға кепiлдiк бере отырып ( 12-баптың 1-тармағы), азаматтар құқықтарының негiзделiп шектелуiне жол бередi. Олар "конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада ғана және тек заңмен шектелуi мүмкiн" ( 39-баптың 1-тармағы).
Конституциялық заңның, Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, өкiлдi органдардың депутаттығына кандидат ретiнде "тiркелу уақытына қарай сотталғандығы заңда белгіленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам тiркеуге жатпайды" деген ережесi Конституцияның 39-бабының 1-тармағында аталған мақсатқа жауап бередi және қандай да болсын белгi бойынша кемсiтушiлiк сипатқа ие емес. Конституциялық заңның бұл ережесi кез келген деңгейдегi өкiлдi органға немесе Президент қызметiне сайлауда дауысқа түсуге ниет бiлдiрген республиканың барлық азаматына тең түрде таралады.
Сайлаушылардың қалған көпшiлiгiне қарағанда, бәсең сайлау құқығын жүзеге асыратын ел азаматтарына Конституцияның қоятын талабы анағұрлым жоғары, өйткенi оларға заң шығарушылық пен мемлекеттiк шешiмдердiң жүгiн арқалауға тура келедi. Тiркелу уақытына қарай кандидаттың өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығы болмауы туралы Конституциялық заңның нормасы, әркiмнiң бiрiншi конституциялық мiндетiнен - Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтаудан, басқа да адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуден келiп шығады (Конституцияның 34-бабының 1-тармағы). Сотталғандықтың заңмен белгiленген тәртiппен алып тасталуы немесе өтелуi, азаматтың сайлануға құқығын iске асыруына кедергi келтiрмеуi керек.
Конституциялық Кеңес, азаматтардың бәсең сайлау құқықсубъектiлiгiн жүзеге асыруына қойылатын Конституциялық заңның жоғары талаптары конституциялық құндылықтарды қорғауға бағытталған деп есептейдi, бұл құндылықтардың мүддесiн көздей отырып, негiзгi Заң азаматтардың құқықтарын шектеуге жол бередi. Кеңес бұл талаптарды негiзделген деп таниды. Адамның және азаматтың ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс құқықтары мен бостандықтары туралы баптардың толық тiзбесiне Конституцияның 39-бабының 3-тармағы азаматтардың сайлау құқығын жатқызбайды. Конституциялық заңның республика азаматтарының бәсең сайлау құқықсубъектілігiне қоятын талаптары олардың Конституция бойынша жалпыға бірдей белсендi құқығын шектемейдi.
2. Конституциялық заңның 1-бабының 4) тармақшасына сай аумақтық, округтік және учаскелiк сайлау комиссияларын, әрбiрi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы саяси партиялардың ұсыныстары негiзiнде сайлау, мемлекет iсiне қоғамдық бiрлестiктердiң "заңсыз араласуына" және қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктeугe тыйым салатын Конституцияның 5-бабының 2-тармағында қайшы келмейді. Бұл қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне сайлау комиссияларының жұмысына қатысуына Конституциялық заң нұсқама бередi (10-баптың жаңа редакциясының 3-тармағы).
Конституциялық заңның бұл ережесi Конституцияның демократиялық принциптерi мен рухына сәйкес келедi, республика азаматтарының тiкелей де, өз өкілдерi арқылы да мемлекет iсін басқаруға қатысуға құқығы туралы Конституцияның 33-бабының 1-тармағын iске асыруға септігін тигiзетiн болады.
3. Конституция республикада Қазақстан Республикасының Президентiн ( 41-баптың 1-тармағы), Қазақстан республикасы Парламентi Мәжілісінің депутаттарын ( 51-баптың 1-тармағы) және мәслихат депутаттарын ( 86-баптың 2-тармағы) сайлау үшiн жасырын дауыс беру кезінде жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығын бекiтедi.
Елде Конституцияға сәйкес, бара-бар сайлау жүйесiнiң элементтерiмен толықтырыла отырып, мажоритарлық сайлау жүйесінің варианттары қолданылады.
Түрлi елдердiң сайлау туралы заңнамасында сайлау жүйесi дегенде сайлау өткiзу тәртiбiн және сайлау қорытындыларын анықтау тәсiлiн түсiнеміз.
Конституциялық Кеңес, Конституциялық заңның тиiстi нормаларымен белгiленіп отырған мағынасы мен мақсатына қарай "электрондық сайлау жүйесiн", сайлау өткiзудiң және оның қорытындыларын шығарудың Конституция нормаларында негiзi салынған сайлау жүйелерi белгiлейтiн түрлеріне қарағанда, дербес бiр сайлау жүйесiн немесе сайлау өткiзудiң және оның қорытындыларын шығарудың басқа бiр түрін енгiзу деп түсінбеген жөн екенiн атап көрсетедi. Келешекте мүмкін болғандықтан енгізіліп отырған "электрондық сайлау жүйесінің" қосалқы ақпараттық-технологиялық мақсаты, оған Конституциялық заңмен қойылатын: Конституция мен қаралып отырған Конституциялық заң нормаларының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi талаптармен расталады (жаңа 90-2-баптың 1-тармағы).
Сайлаушылардың электрондық дауыс беру арқылы дауыс беру тәсілі, дауыс берушіден басқа, өзге адамдардың болуына тыйым салынатын кабинада жасырын дауыс беру мiндеттілігiнiң күшiн жоймайды. Демек, электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда маманның бола алатыны туралы жаңа 50-3-баптың 2-тармағын қолдану, сайлаушы жасырын дауыс беруге арналған кабинада тiкелей дауыс берген сәтке дейiн осы системаға техникалық қызмет көрсету үшiн ғана заңды болып табылады. Сайлаушылардың epік бiлдiруiн бақылауға Конституция бойынша жол берiлмейдi.
"Электрондық сайлау жүйесін" пайдаланып дауыс берудiң қорытындыларына, дауыс берудің әдеттегi тәсілдерi сияқты, жоғары тұрған сайлау комиссиясына немece сотқа шағымдануға болады (Конституциялық заңның 50-8 жаңа бабы).
4. Конституциялық Кеңестiң "Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы 17 мамырдағы N 7/2 және "Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 1 және 5-тармақтарын, 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және 74-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсанындағы N 19/2 қаулыларында құқықтық позициялар негiзделдi, бұл қаулыларға сай, саяси партиялар осы партиялардың мүшелерi табылмайтын болып адамдарды Мәжiлiс депутаты болып сайлану үшін партиялық тiзiмдерге қосуға хақылы емес; және партиялық тiзім негiзiнде сайланған Парламент депутатының осы партиядағы мүшелiгiнiң тоқтатылуы, депутаттық өкiлеттікті жоғалтуға негiз болып табылады.
Кеңестiң бұл қаулыларында "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның нормаларын Конституция нормаларына сәйкестендiру қажет екендігіне назар аударылған болатын. Оның 87-бабы 2-тармағының жаңа редакциясында және жаңа 97-1-бабының 5-тармағында Конституциялық Кеңес қаулыларының жоғарыда аталған құқықтық ережелерi толығымен ескерiледi.
Сәйкестiгi тұрғысында тексерiлiп жатқан Конституциялық заңның 1-бабының 100) тармақшасында, Конституциялық Кеңестiң "Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағын, 51-бабының 5-тармағын, 52-бабының 4 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" 2003 жылғы 11 ақпандағы N 1 қаулысында Парламентке кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарын сайлау бөлігінде тұжырымдалған құқықтық позициясы өз көрiнiсiн тапты (129-баптың жаңа редакциясының 2 және 3-тармақтары). Сол арқылы сайлау туралы конституциялық заңнамадағы кемшіліктің орны толтырылды.
Конституциялық Кеңестiң "Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2004 жылғы 12 ақпандағы N 1 қаулысы, бiр әкiмшілік-аумақтық бiрлiк шегiндегi бiр мандатты аумақтық сайлау округтерiндегi сайлаушылар санының айырмашылығы мейлiнше аз болуға тиiс деп түсіндірді. Кеңестiң бұл құқықтық позициясын қабылдап алып, Конституциялық заң 1-баптың 15) тармақшасында түрлі сайлау округтерiндегі сайлаушылар санының жол берiлетiн ауытқуының нақты шегін "жиырма бес проценттен" "он бес процентке" дейiн төмендеттi (21-баптың жаңа редакциясының 2-тармағы), бұл тең сайлау құқығы тең сайлау құқығы туралы конституциялық принциптi қамтамасыз етуге қызмет iстейдi.
Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, тұтас алғанда Парламенттiң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңғаөзгерiстер мен толықтырулар енгізуi сайлаудың барлық сатысында жариялылықты кеңейтіп, сайлау процесiндегі қаржылық ашықтықты және баламалылықтың құқықтық кепiлдiгiн белгілейді. Конституциялық заңда сайлау комиссиялары құрамының сандық параметрлерiн, кандидаттардың сенiм білдiрген адамдары мен байқаушылар санын, жиналатын қолдардың санын, сайлау қорларының мөлшерiн және басқа да өлшемдердi белгiлеу Парламенттiң заң шығарушылық қарауы аясында жатады.
5. Конституция Парламенттiң заң актілерiн қабылдауының тәртiбi мен рәсiмiн көздейдi.
Тексерiлiп жатқан Конституциялық заң Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының бiрлескен отырысында үш оқылым өткiзу барысында әр палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнен көпшiлiгi "жақтап" дауыс беруiмен қабылданған болатын.
Конституциялық заңның реттеу нысаны, Конституцияның 61-бабының3-тармағымен Парламентке берiлген, аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар шығару жөнiндегi төтенше құзыр шеңберiне жауап бередi. Конституцияның 41-бабының 1-тармағына және 51-бабының 5-тармағына сәйкес, елдiң Президентi мен Парламентi депутаттарын сайлау тәртiбiн айқындау Конституциялық заң түріндегі заңнамалық актi арқылы жүзеге асырылады.
Конституцияның 45-бабының 3-тармағына және Конституциялық Кеңестiң "Республика Президентiнiң Парламент актілерiне қол қояр алдында оларға өз қолдарын қоюға мiндеттi лауазымды адамдар тобы бөлiгiндегi Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының 3-тармағын және 44-бабының 2-тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы 29 мамырдағы N 13 қаулысына сай, бұл Конституциялық заңға, осы актiнiң заңдылығы үшiн заңдық жауапкершiлiк жүктелетiн Республика Парламентi Сенаты мен Мәжiлiсi Төрағаларының қолдары қойылып тиянақталған.
Осылайша, Конституциялық Кеңес, Парламент 2004 жылғы 15 наурызда қабылдап, 2004 жылғы 24 наурызда Республика Президентiнің қол қоюына берген, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормалары мазмұны жағынан да, қабылдану рәсiмi жағынан да Конституцияға қайшы келмейдi, деп есептейдi.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2011.04.27 № 4 нормативтік қаулысымен.
Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы2-тармағының 1) тармақшасын, 31-33 және 37-баптарын , 38-бабының 1) тармақшасын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қаулы етедi:
1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің
Төрағасы