"Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабы 2-тармағына және 41-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Регламентінің 34-бабына және 29-бабының екінші абзацына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі N 1 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Регламентіне (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы, 2002 жыл, N 5 басылым; "Юридическая газета" 2002 жылғы 15 мамыр, N 19) мынадай мазмұндағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Регламент мәтініндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығы" және "Жарлықтың" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы" және "Конституциялық заңның" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) Регламенттің 29-бабының екінші абзацы "... республикалық ресми басылымдарда ..." деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары Жинағында" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы:
1) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға жіберілсін;
2) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысында, "Юридическая газетада" және "Заң газетінде" жариялансын.
3. Осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің
Төрағасы