«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 2-тармағына және 41-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Регламентінің 29-тармағының үшінші абзацына және 34-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы
19 сәуірдегі № 1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің Регламентіне (Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің Жаршысы, 2002 жыл, № 5-басылым; «Юридическая
газета» 2002 жылғы 15 мамырдағы № 19; «Юридическая газета» 2009 жылғы
18 ақпандағы № 25 (1622)) мынадай мазмұндағы өзгеріс енгізілсін:
24-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Конституциялық Кеңестің қаулысын не оның қарар бөлігін төрағалық етуші Конституциялық Кеңес мүшелерінің және Кеңес отырысына қатысушылардың алдында жариялайды.».
2. Осы нормативтік қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ
және орыс тілдерінде жариялансын.
3. Нормативтік қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің
Төрағасы И. Рогов