Қарағанды облысының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұсынысы бойынша "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 47-бабы 5-тармағының конституциялылығын тексеру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 3 нормативтік қаулысы

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Қ.Ә. Мәми, Кеңес мүшелерi А.Қ. Дауылбаев, В.А. Малиновский, И.Д. Меркель, Р.Ж. Мұқашев, Ә.А. Темірбеков және У. Шапак қатысқан құрамда, мыналардың:

      өтініш беру субъектісінің өкілі – Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.К. Сейдалинаның,

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Э.Ә. Әзімованың,

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Д.Р. Құсдәулетовтың,

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілі – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Н. Жайылғанованың,

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ғ.Б. Ақ-қуованың,

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары М.М. Ахметжановтың,

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өкілі – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С.М. Айтпаеваның,

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің өкілі – Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы А.Ә. Сарбасовтың,

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілі – Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н.А. Оршубековтың,

      Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы С.Ж. Оспановтың қатысуымен,

      өзінің ашық отырысында Қарағанды облысының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 47-бабының 5-тармағын Конституцияға сәйкес емес деп тану туралы ұсынысын қарады.

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі У.Шапактың баяндамасын, отырысқа қатысушылардың, "Право" Қоғамдық қорының директоры О.В. Рыльдің, сарапшы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры А.М. Нұрмағамбетовтың сөйлеген сөздерін тыңдап; сарапшылар: Қазақ-Америка университетінің қауымдастырылған профессоры Б.А. Жандарбектің, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры М. Жасқайраттың қорытындыларымен танысып; "Бөбек" Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің, Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, "Университет КАЗГЮУ" Акционерлік қоғамының, Каспий университетінің, "Қазақстан Республикасының заңнама институты" Мемлекеттік мекемесінің және "Ана Үйі" Қоғамдық қорының қорытындыларын, сондай-ақ конституциялық іс жүргізудің өзге де материалдарын зерделеп, жекелеген шет елдердің заңнамасы мен практикасын талдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

      анықтады:

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне 2018 жылғы 12 наурызда Қарағанды облысының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 47-бабының 5-тармағын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы келiп түстi.

      Ұсынысқа қарағанда, аталған соттың өндірісінде Ә.Ә. Жанақбаеваның Е.Т. Жәкешке әке болуды анықтау, баланы күтіп-бағуға арналған алимент, босанғанға дейінгі кезеңде және бала үш жасқа толғанға дейін өзін күтіп-бағуға ақшалай қаражат өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс бар.

      Дауласушы жақтар заңды некеде тұрмаған.

      Е.Т. Жәкеш балаға қатысты өзінің әке екендігін ерікті түрде мойындамай, балаға және оның анасына материалдық көмек көрсетуден бас тартқан. Осыған байланысты талапкер көрсетілген талап арызымен Кодекстің 47-бабының 5-тармағына сілтеме жасай отырып, сотқа жүгінген. Кодекстің 147 және 148-баптарында көзделгендей, талапкер ортақ баласы үш жасқа толғанға дейін өзін жауапкер күтіп-бағуын талап етеді.

      Азаматтық іс материалдарын қарау барысында ауданаралық сот Кодекстің 47-бабының 5-тармағы Негізгі Заңның 14-бабының 2-тармағына және 27-бабының 1 және 2-тармақтарына қайшы деген пікірге келіп, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адамның және азаматтың құқықтарына нұқсан келтіреді деп есептейді.

      Сондықтан, сот Конституцияның 78-бабына сәйкес азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрып, Кодекстің 47-бабы 5-тармағының некесіз туған баланың анасын күтіп-бағу мерзімін босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі кезеңдермен шектейтін бөлігін Конституцияға сәйкес емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінді.

      Кодекстің 47-бабы 5-тармағының конституциялылығын тексерген кезде Конституциялық Кеңес мынаны негізге алды.

      1. Конституцияның 1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін... әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

      Конституцияның I-бөлiмiнің бұл ережесi, Қазақстан, мемлекеттің мүмкiншiлiгiне қарай отырып, өзiнің азаматтарына игiлiктi өмiр сүру үшiн және жеке адамның еркiн дамуына жағдай жасауға мiндеттеме алатын мемлекет ретiнде дамуға ниет танытады дегендi бiлдiредi. Бұл ереже Негiзгi Заңның мынадай: жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негiздерде азаматтардың әлеуметтiк қамсыздандырылуына кепiлдiк берiлуi, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасаудың және қайырымдылықтың көтермеленуі (28-бап); неке мен отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттiк қорғау (27-баптың 1-тармағы) сияқты әртүрлi нормаларында ашылады (Конституциялық Кеңестің 2001 жылғы 21 желтоқсандағы № 18/2, 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 3 нормативтік қаулылары).

      Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешімдерінде құқықтардың немесе бостандықтардың нақты бiр түрiнiң конституциялық құқық деңгейiне көтерілуі және Конституцияда оның кепілділігінің жариялануы мемлекеттің осы құқықтар мен бостандықтарды іске асыруды қамтамасыз етуді міндетіне алғандығын білдіреді, деп бірнеше рет түсіндірілген болатын. Аталған құндылықтарды ең қымбат қазына деп тану, мемлекет үшін адамға, оның материалдық жағынан әл-ауқаты болуына қамқорлық жасаудан аса маңызды міндет жоқ екенін білдіреді. Мемлекет адамның лайықты өмір сүруі үшін қолынан келген барлық жағдайды жасауға міндетті (1999 жылғы 12 наурыздағы № 3/2, 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 3, 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 3, 2005 жылғы 1 шілдедегі № 4, 2007 жылғы 28 мамырдағы № 5 нормативтік қаулылары).

      2. Конституцияға сәйкес ана мен бала, неке мен отбасы, әке мемлекеттің қорғауында болады (27-баптың 1-тармағы).

      Конституциялық Кеңестің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 3 нормативтік қаулысында Конституцияның осы ережелері балалардың арнайы құқықтық мәртебесін, құқықтары мен бостандықтарын, оларды іске асыру кепілдіктерін салалық заңнамада бекіту және реттеу үшін, мызғымас конституциялық құндылық ретінде баланы қорғаудың кешенді мемлекеттік жүйесінің әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық бастауларын қалайды деп түсіндірілген.

      Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті (Конституцияның 27-бабының 2-тармағы).

      Бұл конституциялық ұйғарым ретінде ата-ана парызын адал орындауды талап етеді және жоғарыда аталған конституциялық нормалармен өзара ықпалдаса келе, мазмұнын ата-ана міндеттері мен балалардың тиісті құқықтары құрайтын ерекше құқықтық қатынастардың туындауына негіз болады, сондай-ақ бала құқығына нұқсан келтіру осы әлеуметтік құндылықтың табиғатына сай келмейтінін білдіреді.

      Конституциялық Кеңестің осы құқықтық ұстанымдары Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын жалпыға танылған халықаралық актілердің ережелеріне де негізделген.

      Айталық, 1948 жылғы 10 желтоқсандағы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында ана және нәресте болу жағдайы айрықша қамқорлық пен көмек алуға құқық береді деп бекітілген. Некелі немесе некесіз туған балалардың бәрі бірдей әлеуметтік қорғауды пайдаланады (25-баптың 2-тармағы).

      Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 1966 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қарашадағы № 87 Заңымен ратификацияланған, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіде аналарға, бала туғанға дейiнгi және одан кейiнгi тиiстi уақыт iшiнде айрықша қамқорлық көрсетiлуi тиiс деп анықталған. Барлық балалар мен жасөспiрiмдерге шығу тегiне байланысты немесе өзге бiр белгiсi бойынша қандай да болмасын кемсiтусiз қорғау мен жәрдемнiң ерекше шаралары қабылдануға тиiс (10-баптың 2 және 3-тармақтары).

      Бала құқықтары туралы конвенцияға (Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 1989 жылы 20 қарашада қабылдаған, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы № 77-XIII қаулысымен ратификацияланған) сәйкес ең бірінші кезекте баланың мүдделерін барынша толық қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді. Қатысушы мемлекеттер әр баланың дене бітімі, ақыл-есі, рухани, имандылық және әлеуметтік тұрғыдан қажетті өмір деңгейіне деген құқығын таниды (3-баптың 1-тармағы, 27-баптың 1-тармағы).

      Конституция және оған негізделген Қазақстан Республикасының заңнамасы және халықаралық-құқықтық актілер олардың шығу тегіне, баланың немесе ата-анасының мәртебесіне және өзге де жағдайларға қарамастан, бала құқықтарының теңдігіне негізделеді. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы балалардың теңқұқықтылығы қағидатын бекітеді, яғни некеден де және некесіз де туған балалар тең, әрi жан-жақты қорғауды пайдаланады (4-бап).

      Осылайша, сот өтініші бойынша, Конституциялық Кеңес Негізгі Заңның 1, 12 және 27-баптарынан туындайтын Қазақстан Республикасы әлеуметтік саясатының конституциялық мақсаттары өзара байланысты, кешенді сипатқа ие және балалардың дене бітімі, рухани, имандылық және психикалық толыққанды дамуына кепілдік беретін, соның ішінде отбасын, ана мен баланы мемлекеттік қолдау, сондай-ақ балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу бойынша ата-аналардың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету жолымен, жағдайлар жасауға бағытталған, деп пайымдайды.

      3. Конституцияның және халықаралық-құқықтық актілердің келтірілген ережелерін нақтылау үшін Кодекс неке-отбасы заңнамасының қағидаттарын белгілейді (2-баптың 2-тармағы). Олардың негізінде отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы, ал Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдар арасындағы құқықтар мен міндеттерді, мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды бекітеді (Кодекстің 3-бабы 1) тармақшасы).

      Негізгі Заңның 61-бабы 3-тармағының 1) және 7) тармақшаларына сәйкес жұмыс істеуге қабілетті ата-ананың өз баласына немесе оның анасына алимент төлеу тәртібін, шарттары мен мөлшерін айқындау Қазақстан Республикасы Парламентінің құзыретіне кіреді. Ол салалық заңнамада балалардың және бала игiлiгіне қатысы бар өзге де тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғауға кепілдік беретін тиісті тиімді құқықтық тетіктерді белгілеуге уәкілетті. Бұл ретте, заң шығарушы әлеуметтік өтемдер мен жеңілдіктердің нақты түрлері мен оларды алу шарттарын анықтауға, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын әлеуметтік-негізделген өлшемдер бойынша жіктеуге хақылы (Конституциялық Кеңестің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 3 нормативтік қаулысы).

      Кодекстің 47-бабының 5-тармағына сәйкес, егер баланың әкесі екендігі анықталған болса, әкесінен баланың анасы босанғанға дейiнгi және босанғаннан кейiнгi кезеңдерде өзiн күтіп-бағуға тиісті ақша қаражатын сот тәртiбiмен талап етуге құқығы бар. Бұндай талап арыздары түскен жағдайда, сот тараптардың материалдық, отбасылық және басқа да мүдделерiн ескере отырып, ақша қаражатының мөлшерiн және төлемдердің кезеңділігін айқындауға құқылы.

      Конституциялық Кеңес баланың әкесінен әйелге, соның ішінде некеде тұрмайтын әйелге, жүкті болуына және ортақ баланы өмірге әкелуіне байланысты күтіп-бағу үшін ақша қаражатын өндіріп алуды ана мен баланы қорғау туралы конституциялық ережелерді іске асыруды, сондай-ақ балаға қамқорлық жасау және оны тәрбиелеу бойынша ата-ана міндеттерін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі деп пайымдайды. Сәбидің қалыптасуы, оның өмірге келуі мен бала ретінде дамуы орын алатын босанғанға дейінгі және одан кейінгі кезеңде бала да, оған қамқор ана да, өзінің отбасы жағдайының қандай болуына қарамастан, арнайы қорғауға, соның ішінде материалдық қолдауға мұқтаж.

      Табиғи жаратылыстану заңдарына байланысты жүктілік кезеңінде және бала өмірінің алғашқы жылдарында баланың мүддесін оның анасынан бөліп қарау мүмкін емес. Бұл кезеңде баланың негізгі мүдделерінің кепілі сәбидің бастапқы өмірлік сұраныстарын қанағаттандыра алатын анасы, ал ана үшін, сәйкесінше, перзентінің қажеттіліктері бірінші кезекте тұруы керек және оның бар күш-жігері баланы тиісінше бағып-күтуге бағытталған.

      Оларға күтіп-бағу үшін тұрақты түрде төленетін қаражат өмір сүруіне негізгі қаражат көзі болуы мүмкін. Сондықтан, осы маңызды кезеңде ананың және баланың құқықтары мен заңды мүдделерін барабар қорғауға кепілдік беру қажет.

      Өз кезегінде, бұл баланың әкесі болып табылатын ер адамға қарағанда, әлеуметтік-осал жағдайдағы баланың да, оның қамқоры болып отырған ананың да тыныс-тіршілігін қажетті деңгейде барынша сақтауды қамтамасыз ететін тиімді құқықтық тетіктерді белгілеуді білдіреді.

      Сот күмән келтіріп отырған құқықтық норма мәні ұқсас негіздер бойынша некеде болмаған әйелдер үшін, некеде тұрған немесе болған әйелдермен салыстырғанда, күтіп-бағудың төмен көлемін белгілей отырып, ана мен баланың маңызды мүдделеріне әсерін тигізеді. Кодексте некеде тұрған немесе болған әйелдерге қатысты жұбайлары (бұрынғы жұбайлары) тарапынан материалдық қолдаудың көтеріңкі шаралары белгіленген (Кодекстің 147-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы, 148-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы). Онда жұбайлардың (бұрынғы жұбайлардың) алимент алуы үшін одан да ұзақ мерзімдері көрсетілген.

      Конституциялық Кеңес әйелдің жүктілігі, баласын босану кезеңінде және одан кейінгі уақытта өзін күтіп-бағуға баланың әкесінен қаражат алуға құқығын олардың арасында заңды некелік қарым-қатынастардың болуына немесе болмауына байланысты жіктеу мемлекеттің некеге негізделген отбасы институтын қорғау міндеттемелерін іске асырумен байланысты деп тұжырымдайды.

      Осылайша, Кодекстің 47-бабы 5-тармағы дискриминация болып табылмайды және Негізгі Заңның 14-бабы 2-тармағына және 27-бабының 1 және 2-тармақтарына қайшы келмейді, өйткені неке мен отбасы, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ ата-ананың конституциялық міндеттерін орындау конституциялық мәні бар құндылықтар мен мақсаттарды көздейді.

      4. Кодекстің 47-бабы 5-тармағын Конституцияға сәйкес деп тани отырып, Конституциялық Кеңес қаралып отырған заңнамалық ережелерде әке және ерекше қорғауды талап ететін ана мен баланың құқықтары мен бостандықтарын келістірудегі Негізгі Заңның конституциялық-құқықтық мағынасы мен әлеуеті жеткіліксіз пайдаланылған деп санайды.

      Сонымен қатар, Кодекстің 47-бабының 5-тармағында көзделген "босанғанға дейінгі кезең" және "босанғаннан кейінгі кезең" деген ұғымдардың мазмұнын және олардың уақыт шектерін заңнамада анықтау керек.

      Конституциялық Кеңес бірқатар нормативтік қаулыларында, кез келген заң заңдық тұрғыдан дәлме-дәл және оның әкеп соқтыратын салдары болжаулы болуға тиіс, яғни оның нормалары жеткiлiктi дәрежеде анық тұжырымдалып және заң ережелерiн өзiнше пайымдау мүмкiндiгiн жоққа шығаратын түсiнiктi өлшемдерге негiзделуге тиiс деп көрсетіп кеткен (2008 жылғы 27 ақпандағы № 2, 2009 жылғы 11 ақпандағы № 1, 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 5 және басқалар).

      Осыған орай, Конституциялық Кеңес Кодекстің 47-бабының 5-тармағы көздеген ана мен баланың мүдделерін толығырақ қамтамасыз ету мақсатында, конституциялық құндылықтарды мемлекеттік қорғау шараларын барынша үйлестіруге, неке-отбасы заңнамасын жетілдіруге және заңнамада қолданылатын арнайы терминдерді бірегейлендіруге бағытталған тиісті заңнамалық түзетулер қабылдау мақсатқа сай келеді деген конституциялық іс жүргізудегі бірқатар қатысушылардың пікірімен келісетінін білдіреді.

      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37, 40-баптарын және 41-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

      қаулы етеді:

      1. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексі 47-бабының 5-тармағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметіне ана мен бала құқықтары мен бостандықтарын неғұрлым толық қамтамасыз ету мақсатында "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне Конституциялық Кеңестің осы нормативтік қаулысында мазмұндалған құқықтық ұстанымдарына сәйкес, түзетулер енгізуге бастамашылық жасау туралы мәселені қарастыруға ұсыным берілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес нормативтік қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.

      4. Осы нормативтік қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

      Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің
Төрағасы
Қ.Ә. Мәми

О проверке конституционности пункта 5 статьи 47 Кодекса Республики Казахстан "О браке (супружестве) и семье" по представлению Специализированного межрайонного суда по делам несовершеннолетних Карагандинской области

Нормативное постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 10 апреля 2018 года № 3

      Конституционный Совет Республики Казахстан в составе Председателя К.А. Мами, членов Совета А.К. Даулбаева, В.А. Малиновского, И.Д. Меркеля, Р.Ж. Мукашева, А.А. Темербекова и У. Шапак с участием:

      представителя субъекта обращения – председателя судебной коллегии по гражданским делам Карагандинского областного суда Ж.К. Сейдалиной,

      представителя Правительства Республики Казахстан – заместителя Министра юстиции Республики Казахстан Э.А. Азимовой,

      представителя Сената Парламента Республики Казахстан – депутата Сената Парламента Республики Казахстан Д.Р. Куставлетова,

      представителя Мажилиса Парламента Республики Казахстан – депутата Мажилиса Парламента Республики Казахстан А.Н. Жаилгановой,

      представителя Верховного Суда Республики Казахстан – судьи Верховного Суда Республики Казахстан Г.Б. Аккуовой,

      представителя Генеральной прокуратуры Республики Казахстан – заместителя Генерального Прокурора Республики Казахстан М.М. Ахметжанова,

      представителя Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан – члена Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан, депутата Сената Парламента Республики Казахстан С.М. Айтпаевой,

      представителя Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан – Председателя Комитета труда, социальной защиты и миграции А.А. Сарбасова,

      представителя Министерства образования и науки Республики Казахстан – Председателя Комитета по защите прав детей Н.А. Оршубекова,

      представителя Уполномоченного по правам человека в Республике Казахстан – Руководителя Национального центра по правам человека С.Ж. Оспанова

      рассмотрел в открытом заседании представление Специализированного межрайонного суда по делам несовершеннолетних Карагандинской области о признании неконституционным пункта 5 статьи 47 Кодекса Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года "О браке (супружестве) и семье".

      Заслушав сообщение докладчика – члена Конституционного Совета Республики Казахстан У. Шапак, выступления участников заседания, Директора Общественного фонда "Право" О.В. Рыль, эксперта – профессора Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева А.М. Нурмагамбетова; ознакомившись с заключениями экспертов: Б.А. Джандарбека – ассоциированного профессора Казахско-американского университета, М.Жаскайрат – профессора Карагандинского государственного университета имени Е.А. Букетова; изучив заключения Республиканского государственного казенного предприятия "Национальный научно-практический, образовательный и оздоровительный центр "Бөбек", Уполномоченного по правам ребенка в Республике Казахстан, Представительства Детского фонда Организации Объединенных Наций в Республике Казахстан, Казахского Национального университета имени аль-Фараби, Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева, Карагандинского государственного университета имени Е.А. Букетова, Акционерного общества "Университет КАЗГЮУ", Каспийского университета, Государственного учреждения "Институт законодательства Республики Казахстан" и Общественного фонда "Ана Үйі", а также другие материалы конституционного производства, проанализировав законодательство и практику отдельных зарубежных стран, Конституционный Совет Республики Казахстан

      установил:

      В Конституционный Совет Республики Казахстан 12 марта 2018 года поступило представление Специализированного межрайонного суда по делам несовершеннолетних Карагандинской области о признании неконституционным пункта 5 статьи 47 Кодекса Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года "О браке (супружестве) и семье" (далее – Кодекс).

      Из представления следует, что в производстве указанного суда находится гражданское дело по иску Жанакбаевой А.А. к Жәкеш Е.Т. об установлении отцовства, взыскании алиментов на содержание ребенка и денежных расходов на свое содержание в течение дородового периода и до достижения ребенком трех лет.

      Спорящие стороны не состоят в законном браке. Е.Т. Жәкеш в добровольном порядке не признал свое отцовство в отношении ребенка и не оказывает материальной поддержки ребенку и его матери. Поэтому истица обратилась в суд с указанными исковыми требованиями со ссылкой на пункт 5 статьи 47 Кодекса. Она настаивает на предоставлении ей содержания ответчиком до достижения общим ребенком трехлетнего возраста, по аналогии со статьями 147 и 148 Кодекса.

      Исследовав материалы гражданского дела, межрайонный суд усмотрел ущемление закрепленных Конституцией Республики Казахстан прав человека и гражданина в связи с противоречием пункта 5 статьи 47 Кодекса пункту 2 статьи 14 и пунктам 1 и 2 статьи 27 Конституции Республики Казахстан.

      Поэтому суд в соответствии со статьей 78 Конституции приостановил производство по гражданскому делу и обратился в Конституционный Совет с представлением о признании неконституционным пункта 5 статьи 47 Кодекса в части ограничения срока материального содержания женщины, родившей ребенка вне брака, дородовым и послеродовым периодом.

      При проверке конституционности пункта 5 статьи 47 Кодекса Конституционный Совет исходит из следующего.

      1. В соответствии с пунктом 1 статьи 1 Конституции Республика Казахстан утверждает себя… социальным государством, высшими ценностями которого являются человек, его жизнь, права и свободы.

      Из содержания указанного положения Раздела I следует, что Казахстан намерен развиваться как государство, которое берет на себя обязательство создавать условия для достойной жизни своим гражданам и свободного развития личности, адекватные возможностям государства. Оно раскрывается в различных нормах Основного Закона страны, таких как: гражданам гарантируется социальное обеспечение по возрасту, в случае болезни, инвалидности, потери кормильца и по иным законным основаниям, поощряются создание дополнительных форм социального обеспечения и благотворительность (статья 28); государственная защита брака и семьи, материнства, отцовства и детства (пункт 1 статьи 27) (нормативные постановления Конституционного Совета от 21 декабря 2001 года № 18/2, от 20 апреля 2004 года № 3).

      В итоговых решениях Конституционного Совета неоднократно подчеркивалось, что возведение конкретной разновидности прав или свобод до конституционного уровня и объявление в Конституции о его гарантированности означает, что государство возлагает на себя обязанность обеспечить реализацию этих прав и свобод. Признание их высшей ценностью предполагает, что государство не имеет более важной задачи, чем забота о человеке, его материальном благополучии. Государство обязано создать все зависящие от него условия для достойного существования человека (нормативные постановления от 12 марта 1999 года № 3/2, от 20 апреля 2004 года № 3, от 29 апреля 2005 года № 3, от 1 июля 2005 года 4, от 28 мая 2007 года № 5).

      2. Согласно Конституции материнство и детство, равно как брак и семья, отцовство находятся под защитой государства (пункт 1 статьи 27).

      В нормативном постановлении Конституционного Совета от 18 мая 2015 года № 3 разъяснено, что данные положения Конституции закладывают социально-экономические и политико-правовые начала комплексной системы защиты детства, как незыблемой конституционной ценности, для последующего закрепления и регулирования в отраслевом законодательстве особого правового статуса детей, их прав и свобод, гарантий их реализации.

      Забота о детях и их воспитание являются естественным правом и обязанностью родителей (пункт 2 статьи 27 Конституции).

      Как конституционное предписание оно подразумевает добросовестность выполнения родительских функций и во взаимодействии с отмеченными конституционными нормами обусловливает возникновение особых правоотношений, содержание которых составляют обязанности родителей и соответствующие им права детей, и предполагает, что ущемление прав ребенка несовместимо с самой природой этой социальной ценности.

      Данные правовые позиции Конституционного Совета основаны также и на положениях общепризнанных международных актов, участницей которых является Республика Казахстан.

      Так, во Всеобщей декларации прав человека от 10 декабря 1948 года установлено, что материнство и младенчество дают право на особое попечение и помощь. Все дети, родившиеся в браке или вне брака, должны пользоваться одинаковой социальной защитой (пункт 2 статьи 25).

      В Международном пакте об экономических, социальных и культурных правах, принятом Генеральной Ассамблеей Организации Объединенных Наций 16 декабря 1966 года и ратифицированном Законом Республики Казахстан от 21 ноября 2005 года № 87, определено, что особая охрана должна предоставляться матерям в течение разумного периода до и после родов. Особые меры охраны и помощи должны приниматься в отношении всех детей и подростков без какой бы то ни было дискриминации по признаку семейного происхождения или по иному признаку (пункты 2 и 3 статьи 10).

      Согласно Конвенции о правах ребенка (принята Генеральной Ассамблеей Организации Объединенных Наций 20 ноября 1989 года, ратифицирована постановлением Верховного Совета Республики Казахстан от 8 июня 1994 года № 77-XIII) Новый первоочередное внимание уделяется наилучшему обеспечению интересов ребенка. Государства-участники признают право каждого ребенка на уровень жизни, необходимый для физического, умственного, духовного, нравственного и социального развития ребенка (пункт 1 статьи 3, пункт 1 статьи 27).

      Конституция и основанное на ней законодательство Республики Казахстан и международно-правовые акты исходят из равенства прав детей, независимо от их происхождения, статуса ребенка, его родителей и каких-либо иных обстоятельств. Обновленный Закон Республики Казахстан от 8 августа 2002 года № 345 "О правах ребенка в Республике Казахстан" закрепляет принцип равноправия детей, равную и всестороннюю защиту детей, рожденных как в браке, так и вне его (статья 4).

      Таким образом, касательно предмета обращения суда, Конституционный Совет полагает, что вытекающие из статей 1, 12 и 27 Основного Закона конституционные цели социальной политики Республики Казахстан взаимосвязаны, носят комплексный характер и направлены на создание условий, гарантирующих полноценное физическое, нравственное, духовное и психическое развитие детей, в том числе путем государственной поддержки семьи, материнства и детства, а также обеспечения выполнения родителями обязанностей по заботе о детях и их воспитанию.

      3. В порядке конкретизации приведенных положений Конституции и международно-правовых актов Кодекс устанавливает принципы брачно-семейного законодательства (пункт 2 статьи 2). На их основе определяются права и обязанности, имущественные и личные неимущественные отношения между членами семьи: супругами, родителями и детьми, а в случаях и в пределах, предусмотренных брачно-семейным законодательством Республики Казахстан, также между другими родственниками и иными лицами (подпункт 1) статьи 3 Кодекса).

      В силу подпунктов 1) и 7) пункта 3 статьи 61 Основного Закона определение порядка, условий и размера алиментных выплат трудоспособным родителем своему ребенку или его матери входит в компетенцию Парламента Республики Казахстан. Он уполномочен в отраслевом законодательстве устанавливать соответствующие эффективные правовые механизмы, гарантирующие приоритетную защиту прав и интересов детей и иных лиц, от которых зависит благополучие ребенка. При этом законодатель вправе определять конкретные виды и условия получения социальных компенсаций и льгот, а также производить дифференциацию прав граждан по социально оправданным критериям (нормативное постановление Конституционного Совета от 29 апреля 2005 года № 3).

      Согласно пункту 5 статьи 47 Кодекса, если достоверность отцовства мужчины установлена, мать ребенка вправе в судебном порядке требовать с него соответствующие денежные средства на ее содержание в течение дородового и послеродового периодов. При поступлении таких исков суд уполномочен определять размер денежных средств и периодичность выплат исходя из материального и семейного положения и других интересов сторон.

      Конституционный Совет полагает, что взыскание с отца ребенка денежных средств на содержание женщины, в том числе не состоящей с ним в браке, в связи с зачатием ими и рождением ею общего ребенка, является одним из способов реализации конституционных положений о защите материнства и детства, а также обеспечения выполнения обязанностей родителя по заботе и воспитанию детей. В дородовой и последующий период, в течение которого происходят формирование, появление на свет и развитие младенца, как ребенок, так и его мать, заботящаяся о нем, независимо от ее семейного положения, нуждаются в специальной защите, в том числе материальной поддержке.

      В силу естественных законов природы в период беременности и в первые годы жизни детей невозможно рассматривать интересы ребенка в отрыве от его матери. Основным гарантом интересов ребенка в этот период является его мать, которая способна удовлетворить первоначальные жизненные запросы ребенка, а для матери потребности ребенка являются первостепенными и все ее усилия направлены на обеспечение надлежащего ухода за ним.

      В этот важный этап необходимо гарантировать адекватную защиту прав и законных интересов матери и ребенка, для которых регулярное получение средств на содержание может являться одним из основных источников средств к существованию.

      В свою очередь, это предполагает установление эффективных правовых механизмов, посредством которых максимально обеспечивалось бы сохранение необходимого уровня жизнеобеспечения как ребенка, так и матери, заботящейся о нем, которые находятся в социально-уязвимой ситуации по отношению к мужчине - отцу ребенка.

      Оспариваемая судом правовая норма затрагивает существенные интересы матери и ребенка, так как устанавливает по схожим по сути основаниям меньший объем содержания для незамужней женщины по сравнению с матерью, состоящей (состоявшей) в браке. В Кодексе в отношении последних установлены повышенные меры материальной поддержки со стороны супругов либо бывших супругов (подпункт 2) пункта 2 статьи 147, подпункт 1) пункта 1 статьи 148 Кодекса). В нем предусмотрены и более длительные сроки для получения алиментов супругами (бывшими супругами).

      Конституционный Совет считает, что дифференциация права женщины на получение содержания от мужчины в период ее беременности, рождения ребенка и в последующее время в зависимости от наличия или отсутствия между ними брачных взаимоотношений связана с реализацией государством своих обязательств по защите института семьи, основанной на браке.

      Таким образом, пункт 5 статьи 47 Кодекса не является дискриминационным и не противоречит пункту 2 статьи 14 и пунктам 1 и 2 статьи 27 Основного Закона, так как преследует конституционно-значимые ценности и цели по защите брака и семьи, материнства и детства, а также исполнению конституционных обязанностей родителями.

      4. Признавая конституционность пункта 5 статьи 47 Кодекса, Конституционному Совету представляется недостаточным использование в рассматриваемых законодательных положениях конституционно-правового смысла и потенциала Основного Закона в согласовании прав и обязанностей отца, а также нуждающихся в особой защите матери и ребенка.

      Кроме того, в законодательстве следует определить содержание предусмотренных в пункте 5 статьи 47 Кодекса понятий "дородовой период" и "послеродовой период" и их временные рамки.

      В ряде нормативных постановлений Конституционный Совет указывал, что закон должен соответствовать требованиям юридической точности и предсказуемости последствий, то есть его нормы должны быть сформулированы с достаточной степенью четкости и основаны на понятных критериях, исключающих возможность произвольной интерпретации положений закона (от 27 февраля 2008 года № 2, от 11 февраля 2009 года № 1, от 7 декабря 2011 года № 5 и другие).

      В связи с этим, Конституционный Совет выражает согласие с мнением ряда участников конституционного производства о том, что в целях наилучшего обеспечения интересов матери и ребенка, права которых затрагиваются рассматриваемым положением пункта 5 статьи 47 Кодекса, целесообразны соответствующие законодательные меры, направленные на максимальную гармонизацию мер государственной защиты конституционных ценностей, совершенствование брачно-семейного законодательства и унификацию используемой в нем специальной терминологии.

      На основании изложенного, руководствуясь пунктом 2 статьи 72 Конституции Республики Казахстан, подпунктом 1) пункта 4 статьи 17, статьями 31-33, 37, 40 и подпунктом 2) пункта 1 статьи 41 Конституционного закона Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года № 2737 "О Конституционном Совете Республики Казахстан", Конституционный Совет Республики Казахстан

      постановляет:

      1. Признать пункт 5 статьи 47 Кодекса Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года "О браке (супружестве) и семье" соответствующим Конституции Республики Казахстан.

      2. Рекомендовать Правительству Республики Казахстан с целью более полного обеспечения прав и свобод матери и ребенка рассмотреть вопрос об инициировании поправок в Кодекс Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года "О браке (супружестве) и семье" в соответствии с правовыми позициями Конституционного Совета, содержащимися в настоящем нормативном постановлении.

      3. В соответствии с пунктом 3 статьи 74 Конституции Республики Казахстан нормативное постановление вступает в силу со дня его принятия, является общеобязательным на всей территории Республики, окончательным и обжалованию не подлежит.

      4. Опубликовать настоящее нормативное постановление на казахском и русском языках в официальных республиканских печатных изданиях.

      Председатель Конституционного
Совета Республики Казахстан
К.А. Мами