2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 146-бабы екінші бөлігінің жекелеген ережелерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 9 нормативтік қаулысы

                          ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТЫНАН

           2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 146-бабы екінші бөлігінің жекелеген ережелерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы


      Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар А.Қ. Ескендіров, Қ.Т. Жақыпбаев, А.Е. Жатқанбаева, А.Қ. Қыдырбаева, Қ.С. Мусин, Б.М. Нұрмұханов, Е.Ә. Оңғарбаев, Е.Ж. Сәрсембаев және С.Ф. Ударцев қатысқан құрамда,

      өтініш субъектісінің өкілдері – адвокаттар Д.Н. Утебековтің және А.А. Өтесіннің,

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі – депутат Қ.Қ. Тастекеевтің,

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі – Сот әкімшілігі басшысының орынбасары А.С. Мусралиновтың,

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі – Бас Прокурордың кеңесшісі Т.Б. Адамовтың,

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі – Вице-министр Б.Ш. Жақселекованың,

      сарапшы – заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры А.Н. Ақпановтың қатысуымен

      өзінің ашық отырысында азамат К.Д. Молдагалиевтің өтініші бойынша 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 146-бабы екінші бөлігінің жекелеген ережелерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарады.

      Баяндамашылар – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары Е.Ж. Сәрсембаевты және Қ.Т. Жақыпбаевты тыңдап, конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеп, Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық тәжірибеге талдау жасай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

анықтады:

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына азамат К.Д. Молдагалиевтің үйқамақтағы күдіктіге тұрғынжайдан шығуға, кімді болса да үйінде қабылдауға, телефонмен сөйлесуге, хат-хабар алуға және байланыс құралдарын пайдалануға толық тыйым салу бөлігінде ҚПК-нің 146-бабы екінші бөлігінің ережелерін Қазақстан Республикасы Конституциясының 13, 14-баптарына, 15-бабының 1-тармағына, 16-бабының 1 және 3-тармақтарына, 17-бабына, 24-бабының 1-тармағына, 26-бабының 1, 2 және 4-тармақтарына, 27-бабының 1 және 2-тармақтарына, сондай-ақ 29-бабының 1-тармағына сәйкес келмейді деп тану туралы өтініші келіп түсті.

      Өтініш авторы шектеулер өзіне прокуратураға және тергеу сотына тергеушінің әрекеттеріне шағым беруге, тергеу сотының отырыстарына, азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуға және өзінің өзге де құқықтарын қорғауға, заң көмегін алу үшін адвокатты, сондай-ақ ата-анасы мен жақын туыстарын үйінде қабылдауға, өміріне қатер төнген жағдайда шұғыл қызметтерге жүгінуге және тұрғынжайынан эвакуациялануға, үйіне дәрігер шақыруға немесе оларға баруға, дәрі-дәрмек алу үшін дәріханаға баруға немесе олардың жеткізілуіне тапсырыс беруге, таза ауада серуендеуге жалғыз өзі немесе қызымен бірге шығуға, кәсіпкерлік қызметімен айналысуға мүмкіндік бермейді деп есептейді.

      ҚПК-нің 146-бабы екінші бөлігі 1), 2) және 3) тармақтары ережелерінің Конституцияға сәйкестігін қараған кезде өтініш нысанасына қатысты Конституциялық Сот мыналарды негізге алады.

      1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары (Конституцияның 1-бабының 1-тармағы), бұл мемлекет үшін жалпыадамзаттық құндылықтардың басым екендігін куәландырады. Адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат қазына деп тану құқықтық мемлекет негізін қалайтын конституциялық құрылыстың іргелі қағидаты болып табылады. Олардың жүзеге асырылуы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс және олар Конституцияда көзделген жағдайларда шектелуі мүмкін (12, 39-баптар).

      Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылу құқығына кепілдік беріле отырып, Конституцияда оған өз құқықтары мен бостандықтарын, сот арқылы қорғалу және білікті заң көмегін алу құқықтарын қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғау мүмкіндігі беріледі (13-бап). Конституция заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең дегенді белгілейді (14-бап), әркімнің өмір сүруге (15-баптың 1-тармағы), жеке басының бостандығына құқықтарын бекітеді, мұны қамаққа алу және күзетпен ұстау түрінде шектеуге заңда көзделген жағдайларда ғана және тұтқындалған адамға шағым жасау құқығы беріле отырып, тек сот санкциясымен ғана жол беріледі. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адамға сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалану құқығы беріледі (16-бап). Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар (29-баптың 1-тармағы).

      Негізгі Заңда айқындалған адамның жеке басы бостандығының табиғи құқығына мемлекет жеке басқа қолсұғылмаушылық қағидатын іске асыру арқылы кепілдік беруге міндетті. Қандай да бір бұлтартпау шарасы қолданылған әрбір адам қадір-қасиеті бар, ешкім айыра алмайтын және тумысынан тиесілі құқықтары бар жеке тұлға болып табылады.

      Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын құрметтейді (Конституцияның 8-бабы). 1948 жылғы 10 желтоқсандағы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында "ешкім де азапталуға немесе қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленуге немесе жазалануға тиіс емес" (5-бап), "ешкім де негізсіз тұтқындалуға, қамауда ұсталуға немесе қуғынға ұшыратылуға тиіс емес" (9-бап) деп жарияланған. Декларацияда "өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда әр адам тек басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын тиісті түрде тану және құрметтеу мақсаты көзделген жағдайда ғана және демократиялық қоғамдағы моральдің, қоғамдық тәртіп пен игіліктің әділетті талаптарын қанағаттандыру мақсаты көзделген жағдайда ғана, заңмен белгіленген шектеуге ұшырауы тиіс" (29-баптың 2-тармағы) деп бекітіле отырып, адамның құқықтары мен бостандықтарын заңмен шектеудің шекараларын белгілейді.

      БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті (2005 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған) Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге 2014 жылғы 16 желтоқсандағы, CCPR/C/GC/35 № 35, 9-бап (Бостандық және жеке басының өмiрiне қол сұғылмау) жалпы тәртіп ескертуінде: "әрбір адамның бостандыққа және жеке басының өмiрiне қол сұғылмауына құқығы бар" деп көрсетті, бұл ретте "жеке бас бостандығы деп әрекеттердің жалпы еркіндігі емес, адамның нақты оқшаулауға алынған болудан еркіндігі деп түсініледі".

      2. Бұлтартпау шараларын қолдану негіздері мен тәртібі ҚПК-нің 18-тарауында регламенттелген. Мәселен, ҚПК-нің 136-бабының бірінші бөлігінде "күдікті, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынып жүр не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ қылмыстық процестi жүргізетін орган үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде осы адамдарға осы Кодекстiң 137-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бiрiн қолдануға құқылы" деп белгіленген.

      Бұлтартпау шараларының түрлері ҚПК-нің 137-бабының бірінші бөлігінде олардың қатаңдығы дәрежесіне қарай жазылған. Үйқамақтың анағұрлым қатаң бұлтарпау шарасы – адамды күзетпен ұстаудың тікелей алдында орналасуы қатаңдығы жеңіл бұлтарпау шараларымен салыстырғандағы шектеулердің анағұрлым кең ауқымын қолдану ықтималдығын алдын ала айқындайды.

      Тұтқындалған адамға қолданылатын оқшаулау дәрежесі мен шектеулер жасалған қылмыстың ауырлығына, оның жеке басына, беделіне, тұрақты жұмыс орнының, тұрақты тұрғылықты жерінің бар-жоғына және басқа да мән-жайларға қарай айқындалады (ҚПК-нің 138-бабы).

      Заң шығарушы ҚПК-нің 146-бабының екінші бөлігінде күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты үйқамақ қолданылған кезде сот олардың тиісінше мінез-құлқын және қоғамнан оқшаулануын қамтамасыз ететін бір немесе бірнеше шектеуді қолдануы мүмкін деп айқындады. Мұндай шаралар өтініш субъектісі дау айтып отырған: барлық уақытта тұрғынжайдан шығуға; 5) тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, телефонмен сөйлесуге, хат-хабар жөнелтуге және байланыс құралдарын пайдалануға; кімді болса да үйінде қабылдауға тыйым салуға (ҚПК-нің 146-бабы екінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақтары) жол беретін нормаларда қамтылған.

      Қазақстан Республикасында қолданыстағы құқықтың бір бөлігі болып табылатын, Жоғарғы Соттың "Бұлтартпау шараларын санкциялаудың кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 1 нормативтік қаулысында мынадай түсіндіру берілген: "үйқамаққа санкция берілген кезде ҚПК-нің 146-бабының екінші бөлігінде көзделген күдіктінің, айыпталушының жүріп-тұру еркіндігін шектеу және тыйым салулар ақылға қонымды шектерде қолданылуға тиіс екенін соттардың ескергені жөн. Шектеулер адамның отбасы мүшелерімен байланыс жасауына, өзінің қорғаушысымен қарым-қатынас жасауына, өмірлік қажетті әрекеттерді жүзеге асыруына, мысалы, медициналық көмек алуға және т. б. кедергі келтірмеуге тиіс".

      ҚПК-нің 146-бабының бесінші бөлігіне сәйкес айқындалған және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 22 қыркүйекте № 9741 нөмірімен тіркелген) Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау қағидаларында белгіленген шектеулердің сақталуына қадағалауды жүзеге асыратын орган қызметкері "күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны тыйым салынған уақытта, атап айтқанда, тергеушіден, анықтаушыдан, прокурордан шақырту, сот шақыртуын алған кезде; тергеушінің, анықтаушының, прокурордың немесе соттың рұқсаты бойынша кеткен кезде; сырқаттанғанда, табиғи зілзала болғанда тұрғын үйді қалдыру ойы туралы кезекші бөлімге ... хабарлау қажеттігі туралы жазбаша түрде ескертеді" (18-тармақтың 2) тармақшасы) деп нақтыланады. Осылайша тұтқындалған адамға тергеу іс-қимылдарына және сот отырысына қатысу үшін, сондай-ақ шұғыл жағдайларда тыйым салынған уақытта тұрғын үйді қалдыру мүмкіндігі беріледі.

      3. Өтініш субъектісі көрсеткен ҚПК-нің 146-бабы екінші бөлігінің жекелеген ережелерінің Негізгі Заңға сәйкестігі туралы мәселені қараған кезде Конституциялық Сот үйқамақ қатаң бұлтартпау шараларының біріне жатқызылады және "күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстамай, бірақ шектеулер қолданыла отырып, оларды қоғамнан оқшаулауды білдіреді" (ҚПК-нің 146-бабының бірінші бөлігі) дегенді негізге алады.

      Заң шығарушы қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін шектеу шараларын ескере отырып, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 62-бабының төртінші бөлігінде үкiм заңды күшiне енгенге дейiн үйқамақта ұстау уақыты бас бостандығынан айыру, бас бостандығын шектеу, қамаққа алу түрiндегі жаза мерзіміне бiр күнге екi күн есебімен есептеледі деп көздеген.

      Үйқамақ кезіндегі шектеу шаралары күдіктіні, айыпталушыны қоғамнан оқшаулаудың қажетті дәрежесін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл болжалды шаралар анағұрлым жұмсақ бұлтартпау шараларын – ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат, жеке кепiлгерлік, әскери қызметшiнi әскери бөлiм қолбасшылығының байқауда ұстауына беру және басқалары қолданылған кезге қарағанда анағұрлым қатаң болуы мүмкін.

      ҚПК-нің 2-тарауы қылмыстық заңды дұрыс қолдану, адамдарды, қоғамды және мемлекетті қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау қажеттігін (8-бап), соттың, прокурордың, тергеушінің, анықтау органының және анықтаушының қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚПК және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын дәлме-дәл сақтау міндетін (10-бап) атап өте отырып, қылмыстық процесс міндеттері мен қағидаттарын ашып көрсетеді.

      ҚПК-нің осы тарауында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау (12-бап), жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу (13-бап), жеке басқа қолсұғылмаушылық (14-бап) және тағы басқалар туралы конституциялық тұрғыдан танылған нормалардың сақталу қажеттігі жөнінде ережелер қамтылады.

      Үйқамақ жағдайларында Конституцияның 13-бабының 3-тармағында бекітілген құқық тиісті адамның білікті заңгерлердің кәсіби көмегін пайдалану мүмкіндігін көздейді. Бұл Негізгі Заңда бекітілген сот арқылы қорғалу құқығын және сот төрелігі қағидаттарын іске асырумен тығыз байланысты.

      Конституция адвокаттарға жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да – білікті заң көмегін көрсету жөніндегі, ал мемлекетке әркімнің осындай көмекке конституциялық құқығын қамтамасыз ету жөніндегі ерекше міндетті жүктейді (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1999 жылғы 2 шілдедегі № 12/2, 2009 жылғы 20 тамыздағы № 5 және 2021 жылғы 4 маусымдағы № 1 нормативтік қаулылары).

      4. Конституциялық Сот қылмыстық сот ісін жүргізуде үйқамақ мақсаттарына қол жеткізу арасында – қылмыстық сот төрелігінің жария-құқықтық мүдделері мен осы бұлтарпау шарасына тартылған адамдардың конституциялық құқықтарын, сондай-ақ заңды мүдделерін қорғау арасында жеке адамның қалыпты тыныс-тіршілігі үшін айыруға болмайтын, бірінші кезектегі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған ақылға қонымды теңгерім сақталуға тиіс деп есептейді.

      Кез келген бұлтартпау шарасын қолдану күдіктінің (айыпталушының, сотталушының) және қорғаушының ҚПК-де бекітілген құқықтарын (64, 65, 70-баптар) бұзуға жағдай жасамауға тиіс.

      Өтініш субъектісі дау айтып отырған ҚПК-нің ережелері өз арасында не үйқамақтағы адамдарға қатысты қолданылатын өзге де шектеулермен жинақтай келгенде құқық қолдану практикасында оларды конституциялық құқықтарынан айыруға алып келмеуге тиіс. Мұндай шектеулер адамды қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ете отырып, оның өмірі мен денсаулығына төнетін қатер тәуекелін болғызбауға тиіс.

      ҚПК-ден басқа, өзге нормативтік құқықтық актілерде аталған мәселелерді регламенттеу тұтастай алғанда үйқамақ қолданылған адамдардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді. Алайда, бұл бұлтартпау шарасы адамның бірқатар конституциялық құқықтары мен бостандықтарының мәнін қозғайды, осыған байланысты осындай ережелер заңнамалық деңгейде бекітуді талап етеді.

      Заң шығарушы заңдарды қабылдаған кезде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мәнін бұрмаламай және Конституцияның белгілі бір нормаларына сәйкес келмейтін шектеулерді енгізбей, оларды шектеудің жол берілетін конституциялық шегін негізге алуға міндетті.

      Осыған байланысты, ҚПК-нің 146-бабының екінші бөлігінде көзделген шектеулерді Конституцияның көрсетілген нормаларымен, қылмыстық процесс қағидаттарымен және қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтарын регламенттейтін ҚПК-нің өзге де ережелерімен жүйелі түрде тұтас қараған жөн.

      Конституциялық Сот ҚПК-нің дау айтылып отырған ережелеріне осылайша түсіндірме берілген кезде олар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру мақсаттарымен және міндеттерімен байланысты емес құқықтар мен бостандықтарды сот арқылы қорғау құқығын қоса алғанда, адамның конституциялық құқықтарын толық шектеуге немесе олардан айыруға жол бермейді деп есептейді.

      Осылайша, ҚПК-нің 146-бабы екінші бөлігі 1), 2) және 3) тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді.

      Заңдардың және өзге де құқықтық актілердің конституциялылығын тексеру туралы өтінішті қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Сот заңды немесе өзге де құқықтық актіні не олардың жекелеген ережелерін Конституциялық Сот берген түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп тануға құқылы ("Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң) 57-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы).

      Егер Конституциялық Соттың шешімінен құқықтық реттеудегі олқылықтар мен қайшылықтарды жою жөнінде заңнамалық және өзге де шаралар қолдану қажеттілігі туындаса, уәкілетті мемлекеттік органдар, егер Конституциялық Сот өзгеше мерзім белгілемесе, Конституциялық Соттың шешімі жарияланғаннан кейін алты айдан кешіктірмей тиісті заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізуді, өзге де құқықтық актілер қабылдауды қамтамасыз етеді (Конституциялық заңның 64-бабының 4-тармағы).

      Конституциялық Сот адамдарды үйқамақта ұстау бөлігінде ҚПК-нің нормалары жеткілікті дәрежеде анық тұжырымдалуға және заң ережелерін өзінше интерпретациялау мүмкіндігіне жол бермейтін түсінікті және дәлелденген өлшемшарттарға негізделуге тиіс деп атап өтеді.

      Осы жазылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 3-тармағын, 74-бабының 3-тармағын, Конституциялық заңның 23-бабы 4-тармағының 3) тармақшасын, 5558, 6265-баптарын басшылыққа ала отырып, өтініш нысанасына қатысты Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 146-бабы екінші бөлігі 1), 2) және 3) тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты берген төмендегідей түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылсын:

      үйқамақ кезінде көзделген, соттар жеке не тұтастай қолданатын шектеулер тұтқындалған адамның және оның қорғаушысының өмір сүру және денсаулығын сақтау, құқық субъектісі ретінде танылу, өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғау, сот арқылы қорғалу және білікті заң көмегін алу құқықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқықтарының, сондай-ақ олардан туындайтын, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінде бекітілген процестік құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы нормативтік қаулы жарияланғаннан кейін алты айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының осы нормативтік қаулыда жазылған құқықтық ұстанымдарына сәйкес келтіруге бағытталған заң жобасын енгізсін.

      Қолданылған шаралар туралы көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына ақпарат берсін.

      3. Осы нормативтік қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағым жасалуға жатпайды.

      4. Осы нормативтік қаулы заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесінде және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

      Қазақстан Респубикасының
Конституциялық Соты

О рассмотрении на соответствие Конституции Республики Казахстан отдельных положений части второй статьи 146 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан от 4 июля 2014 года

Нормативное постановление Конституционного Суда Республики Казахстан от 11 апреля 2023 года № 9

                          ИМЕНЕМ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

           О рассмотрении на соответствие Конституции Республики Казахстан отдельных положений части второй статьи 146 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан от 4 июля 2014 года


      Конституционный Суд Республики Казахстан в составе Председателя Азимовой Э.А., судей Ескендирова А.К., Жакипбаева К.Т., Жатканбаевой А.Е., Кыдырбаевой А.К., Мусина К.С., Нурмуханова Б.М., Онгарбаева Е.А., Сарсембаева Е.Ж. и Ударцева С.Ф. с участием представителей:

      субъекта обращения – адвокатов Утебекова Д.Н. и Өтесін А.А.,

      Сената Парламента Республики Казахстан – депутата Тастекеева К.К.,

      Верховного Суда Республики Казахстан – заместителя руководителя Судебной администрации Мусралинова А.С.,

      Генеральной прокуратуры Республики Казахстан – советника Генерального Прокурора Адамова Т.Б.,

      Министерства юстиции Республики Казахстан – Вице-министра Жакселековой Б.Ш.,

      эксперта – доктора юридических наук, профессора Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева Ахпанова А.Н.

      рассмотрел в открытом заседании на соответствие Конституции Республики Казахстан отдельные положения части второй статьи 146 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан от 4 июля 2014 года (далее – УПК) по обращению гражданина Молдагалиева К.Д.

      Заслушав докладчиков – судей Конституционного Суда Республики Казахстан Сарсембаева Е.Ж. и Жакипбаева К.Т., изучив материалы конституционного производства, проанализировав законодательство Республики Казахстан и международный опыт, Конституционный Суд Республики Казахстан

      установил:

      В Конституционный Суд Республики Казахстан поступило обращение гражданина Молдагалиева К.Д. с просьбой признать не соответствующими статьям 13, 14, пункту 1 статьи 15, пунктам 1 и 3 статьи 16, статье 17, пункту 1 статьи 24, пунктам 1, 2 и 4 статьи 26, пунктам 1 и 2 статьи 27, а также пункту 1 статьи 29 Конституции Республики Казахстан положения части второй статьи 146 УПК в части полного запрета подозреваемому, находящемуся под домашним арестом, на выход из жилища, принятие у себя кого бы то ни было, ведение телефонных переговоров, получение корреспонденции и использование средств связи.

      Ограничения, как считает автор обращения, не позволяют подавать ему жалобы на действия следователя в прокуратуру и следственный суд, участвовать в заседаниях следственного суда, в гражданском судопроизводстве и защищать свои прочие права, принимать у себя адвоката для получения юридической помощи, а также родителей и близких родственников, обращаться в экстренные службы и эвакуироваться из жилища в случае угрозы его жизни, вызывать к себе врачей или посещать их, ходить в аптеку или заказывать доставку лекарств, выходить на прогулки на свежем воздухе одному или вместе с дочерью, заниматься предпринимательской деятельностью.

      При рассмотрении на соответствие Конституции положений пунктов 1), 2) и 3) части второй статьи 146 УПК применительно к предмету обращения Конституционный Суд исходит из следующего.

      1. Республика Казахстан утверждает себя демократическим, светским, правовым и социальным государством, высшими ценностями которого являются человек, его жизнь, права и свободы (пункт 1 статьи 1 Конституции), что свидетельствует о приоритете для государства общечеловеческих ценностей. Признание человека, его прав и свобод высшими ценностями является фундаментальным принципом конституционного строя, образующим основу правового государства. Их осуществление не должно нарушать прав и свобод других лиц, посягать на конституционный строй и общественную нравственность, и они могут быть ограничены в случаях, предусмотренных Конституцией (статьи 12, 39).

      Гарантируя право каждого на признание правосубъектности, Конституция наделяет его возможностью защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая права на судебную защиту и получение квалифицированной юридической помощи (статья 13). Она устанавливает равенство всех перед законом и судом (статья 14), закрепляет права каждого на жизнь (пункт 1 статьи 15), личную свободу, ограничение которой в виде ареста и содержания под стражей допускается только в предусмотренных законом случаях и лишь с санкции суда с предоставлением арестованному права обжалования. Каждому задержанному, арестованному, обвиняемому в совершении преступления предоставляется право пользоваться помощью адвоката (защитника) с момента, соответственно, задержания, ареста или предъявления обвинения (статья 16). Граждане Республики Казахстан имеют право на охрану здоровья (пункт 1 статьи 29).

      Определенное Основным Законом естественное право человека на личную свободу государство обязано гарантировать через реализацию принципа неприкосновенности личности. Каждое лицо, к которому применена та или иная мера пресечения, является личностью, обладающей достоинством, неотчуждаемыми и принадлежащими от рождения правами.

      Республика Казахстан уважает принципы и нормы международного права (статья 8 Конституции). Всеобщая декларация прав человека от 10 декабря 1948 года провозглашает, что "никто не должен подвергаться пыткам или жестоким, бесчеловечным или унижающим его достоинство обращению и наказанию" (статья 5), "никто не может быть подвергнут произвольному аресту, задержанию или изгнанию" (статья 9). Она устанавливает границы ограничения прав и свобод человека законом закрепляя, что "при осуществлении своих прав и свобод каждый человек должен подвергаться только таким ограничениям, какие установлены законом исключительно с целью обеспечения должного признания и уважения прав и свобод других и удовлетворения справедливых требований морали, общественного порядка и общего благосостояния в демократическом обществе" (пункт 2 статьи 29).

      В Замечании общего порядка № 35, Статья 9 (Свобода и личная неприкосновенность) от 16 декабря 2014 года, CCPR/C/GC/35, к Международному пакту о гражданских и политических правах (ратифицирован Законом Республики Казахстан от 28 ноября 2005 года) Комитет по правам человека ООН указал, что "каждый человек имеет право на свободу и личную неприкосновенность", при этом "под личной свободой понимается свобода человека от того, чтобы быть подвергнутым физической изоляции, а не общая свобода действий".

      2. Основания и порядок применения мер пресечения регламентированы главой 18 УПК. Так, в части первой статьи 136 УПК установлено, что "при наличии достаточных оснований полагать, что подозреваемый, обвиняемый скроются от органов уголовного преследования или суда либо воспрепятствуют объективному расследованию дела или его разбирательству в суде, либо будут продолжать заниматься преступной деятельностью, а также для обеспечения исполнения приговора орган, ведущий уголовный процесс, в пределах своих полномочий вправе применить к этим лицам одну из мер пресечения, предусмотренных статьей 137 настоящего Кодекса".

      Виды мер пресечения изложены в части первой статьи 137 УПК в зависимости от степени их строгости. Расположение домашнего ареста непосредственно перед наиболее строгой мерой пресечения – содержанием лица под стражей предопределяет возможность применения более широкого круга ограничений в сравнении с менее строгими мерами пресечения.

      Степень изоляции и ограничений, применяемых к арестованному, определяется в зависимости от тяжести совершенного преступления, его личности, репутации, наличия постоянного места работы, постоянного места жительства и других обстоятельств (статья 138 УПК).

      Законодатель в части второй статьи 146 УПК определил, что при домашнем аресте в отношении подозреваемого, обвиняемого, подсудимого судом могут быть применены одно или несколько ограничений, обеспечивающих их надлежащее поведение и изоляцию от общества. Такие меры содержатся в оспариваемых субъектом обращения нормах, допускающих запреты на: выход из жилища полностью; ведение телефонных переговоров, отправление корреспонденции и использование средств связи, за исключением случаев, предусмотренных пунктом 5); принятие кого бы то ни было у себя (пункты 1), 2) и 3) части второй статьи 146 УПК).

      Нормативным постановлением Верховного Суда от 24 января 2020 года № 1 "О некоторых вопросах санкционирования мер пресечения", являющимся частью действующего права в Республике Казахстан, дано разъяснение: "при санкционировании домашнего ареста судам следует учитывать, что ограничение свободы передвижения подозреваемого, обвиняемого и запреты, предусмотренные частью второй статьи 146 УПК, должны применяться в разумных пределах. Ограничения не должны препятствовать лицу контактам с членами семьи, общению со своим защитником, осуществлению жизненно необходимых действий, например, получение медицинской помощи и т.п.".

      Правила исполнения меры пресечения в виде домашнего ареста, определенные согласно части пятой статьи 146 УПК и утвержденные совместным приказом руководителей государственных органов, осуществляющих досудебное расследование (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 сентября 2014 года за № 9741), конкретизируют, что сотрудник органа, осуществляющего надзор за соблюдением установленных ограничений, "письменно предупреждает подозреваемого, обвиняемого, подсудимого о необходимости сообщать в дежурную часть … о намерениях оставить жилье в запрещенное время, в частности, при получении вызова от следователя, дознавателя, прокурора, судебного вызова; отлучении с разрешения следователя, дознавателя, прокурора или суда; болезни, возникновении стихийных бедствий" (подпункт 2) пункта 18). Тем самым арестованному предоставляется возможность оставить жилье в запрещенное время для участия в следственных действиях и судебном заседании, а также в экстренных случаях.

      3. При рассмотрении вопроса о соответствии Основному Закону указанных субъектом обращения отдельных положений части второй статьи 146 УПК Конституционный Суд исходит из того, что домашний арест относится к одной из строгих мер пресечения и "заключается в изоляции подозреваемого, обвиняемого от общества без содержания их под стражей, но с применением ограничений" (часть первая статьи 146 УПК).

      С учетом ограничительных мер, обеспечивающих изоляцию от общества, законодатель в части четвертой статьи 62 Уголовного кодекса Республики Казахстан от 3 июля 2014 года предусмотрел, что время содержания под домашним арестом до вступления приговора в законную силу засчитывается в срок наказания в виде лишения свободы, ограничения свободы, ареста из расчета два дня за один день.

      При домашнем аресте ограничительные меры призваны обеспечить необходимую степень изоляции подозреваемого, обвиняемого от общества. Эти меры априори могут быть более строгими, чем при применении более мягких мер пресечения – подписки о невыезде и надлежащем поведении, личном поручительстве, передаче военнослужащего под наблюдение командования воинской части и других.

      Глава 2 УПК раскрывает задачи и принципы уголовного процесса, отмечая необходимость правильного применения уголовного закона, защиты лиц, общества и государства от уголовных правонарушений (статья 8), обязанность суда, прокурора, следователя, органа дознания и дознавателя при производстве по уголовным делам точно соблюдать требования Конституции Республики Казахстан, УПК и иных нормативных правовых актов (статья 10).

      В этой же главе УПК содержатся положения о необходимости соблюдения конституционно признанных норм о судебной защите прав и свобод человека и гражданина (статья 12), уважении чести и достоинства личности (статья 13), неприкосновенности личности (статья 14) и другие.

      В условиях домашнего ареста право, закрепленное в пункте 3 статьи 13 Конституции, предполагает возможность соответствующего лица пользоваться профессиональной помощью квалифицированных юристов. Это тесно связано с реализацией права на судебную защиту и принципов правосудия, закрепленных в Основном Законе.

      Конституция возлагает на адвокатов особую обязанность по оказанию квалифицированной юридической помощи как физическим, так и юридическим лицам, а на государство – по обеспечению конституционного права каждого на такую помощь (нормативные постановления Конституционного Совета Республики Казахстан от 2 июля 1999 года № 12/2, от 20 августа 2009 года № 5 и от 4 июня 2021 года № 1).

      4. Конституционный Суд считает, что в уголовном судопроизводстве должен соблюдаться разумный баланс между достижением целей домашнего ареста – публично-правовых интересов уголовного правосудия и защитой конституционных прав, а также законных интересов лиц, подвергнутых данной мере пресечения, направленный на обеспечение неотъемлемых, первоочередных потребностей личности для нормальной его жизнедеятельности.

      Применение любой меры пресечения не должно создавать условия для нарушения закрепленных в УПК прав подозреваемого (обвиняемого, подсудимого) и защитника (статьи 64, 65, 70).

      Оспариваемые субъектом обращения положения УПК не должны в правоприменительной практике в совокупности между собой либо с иными ограничениями, применяемыми в отношении лиц, находящихся под домашним арестом, приводить к лишению их конституционных прав. Такие ограничения, обеспечивая изоляцию лица от общества, должны исключать риски угрозы его жизни и здоровью.

      Регламентация данных вопросов в иных нормативных правовых актах, кроме УПК, в целом обеспечивает соблюдение конституционных прав лиц, к которым применен домашний арест. Однако эта мера пресечения затрагивает сущность ряда конституционных прав и свобод человека, в связи с чем подобные положения нуждаются в закреплении на законодательном уровне.

      Законодатель при принятии законов обязан исходить из конституционных пределов допустимого ограничения прав и свобод человека и гражданина, не искажая их сущности и не вводя ограничений, которые не согласуются с конституционно определенными нормами.

      В этой связи ограничения, предусмотренные частью второй статьи 146 УПК, следует рассматривать в системном единстве с указанными нормами Конституции, принципами уголовного процесса и иными положениями УПК, регламентирующими права участников уголовного судопроизводства.

      Конституционный Суд считает, что при таком истолковании оспариваемых положений УПК они не допускают полного ограничения или лишения конституционных прав человека, включая право на судебную защиту прав и свобод, не связанного с целями и задачами осуществления досудебного расследования.

      Таким образом, положения пунктов 1), 2) и 3) части второй статьи 146 УПК соответствуют Конституции Республики Казахстан.

      По итогам рассмотрения обращения о проверке конституционности законов и иных правовых актов Конституционный Суд вправе признать закон или иной правовой акт либо отдельные их положения соответствующими Конституции Республики Казахстан в данном Конституционным Судом истолковании (подпункт 2) пункта 2 статьи 57 Конституционного закона Республики Казахстан от 5 ноября 2022 года "О Конституционном Суде Республики Казахстан" (далее – Конституционный закон).

      В случае, если из решения Конституционного Суда вытекает необходимость принятия законодательных и иных мер по устранению пробелов и противоречий в правовом регулировании, уполномоченные государственные органы не позднее шести месяцев после опубликования решения Конституционного Суда, если иной срок не установлен Конституционным Судом, обеспечивают внесение в Мажилис Парламента Республики Казахстан проекта соответствующего закона, принятие иных правовых актов (пункт 4 статьи 64 Конституционного закона).

      Конституционный Суд отмечает, что нормы УПК в части содержания лиц под домашним арестом должны быть сформулированы с достаточной степенью четкости и основаны на понятных и обоснованных критериях, исключающих возможность произвольной интерпретации положений закона.

      На основании изложенного, руководствуясь пунктом 3 статьи 72, пунктом 3 статьи 74 Конституции Республики Казахстан, подпунктом 3) пункта 4 статьи 23, статьями 5558, 6265 Конституционного закона, применительно к предмету обращения Конституционный Суд Республики Казахстан

      постановляет:

      1. Признать соответствующими Конституции Республики Казахстан положения пунктов 1), 2) и 3) части второй статьи 146 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан в данном Конституционным Судом Республики Казахстан истолковании:

      ограничения, предусмотренные при домашнем аресте, которые применяются судами в отдельности либо в совокупности, должны обеспечивать соблюдение прав арестованного и его защитника, гарантированных Конституцией Республики Казахстан, включая права на жизнь и охрану здоровья, признание правосубъектности, защиту своих прав и свобод всеми не противоречащими закону способами, судебную защиту и получение квалифицированной юридической помощи, а также вытекающих из них процессуальных прав, закрепленных в Уголовно-процессуальном кодексе Республики Казахстан.

      2. Правительству Республики Казахстан не позднее шести месяцев после опубликования настоящего нормативного постановления внести в Мажилис Парламента Республики Казахстан проект закона, направленный на приведение Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан в соответствие с правовыми позициями Конституционного Суда Республики Казахстан, изложенными в данном нормативном постановлении.

      О принятых мерах в указанный срок проинформировать Конституционный Суд Республики Казахстан.

      3. Настоящее нормативное постановление вступает в силу со дня его принятия, является общеобязательным на всей территории Республики Казахстан, окончательным и обжалованию не подлежит.

      4. Опубликовать настоящее нормативное постановление на казахском и русском языках в периодических печатных изданиях, получивших право на официальное опубликование законодательных актов, единой системе правовой информации и на интернет-ресурсе Конституционного Суда Республики Казахстан.

      Конституционный Суд
Республики Казахстан