Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының "2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 434-бабы екінші бөлігі 3) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы" 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 56-НҚ нормативтік қаулысы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 56-НҚ нормативтік қаулысы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТЫНАН

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар А.Қ. Ескендіров, Қ.Т. Жақыпбаев, А.Е. Жатқанбаева, А.Қ. Қыдырбаева, Қ.С. Мусин, Е.Ә. Оңғарбаев, Р.А. Подопригора және Е.Ж. Сәрсембаев қатысқан құрамда,

      өтініш субъектісі В.В. Колесниковтің,

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі – вице-министр Л.К. Мерсалимованың,

      Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің өкілі – басшының орынбасары А.С. Мусралиновтың,

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі – Бас Прокурордың кеңесшісі Т.Б. Адамовтың,

      Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілі – Заңнаманы жетілдіру бөлімінің меңгерушісі Б.М. Беисовтің,

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының өкілі – Заңнама бөлімінің сектор меңгерушісі Т.Ю. Сыздыкованың,

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының өкілі – Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н.А. Сартаеваның,

      Республикалық адвокаттар алқасының өкілі – ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі С.С. Дельмановтың,

      Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының өкілі – директордың орынбасары Р.М. Джангарашевтың қатысуымен,

      өзінің ашық отырысында В.В. Колесниковтің 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 434-бабы екінші бөлігі 3) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады.

      Баяндамашы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы А.Қ. Қыдырбаеваны және отырысқа қатысушыларды тыңдап, конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеп, Қазақстан Республикасының және жекелеген шет елдердің қолданыстағы құқық нормаларына талдау жасай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

анықтады:

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына (бұдан әрі – Конституциялық Сот) талап қою сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) кем болған кезде жеке тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты істер бойынша сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға белгіленген шектеу бөлігінде АПК-нің 434-бабы екінші бөлігі 3) тармақшасының Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Конституция, Негізгі Заң) 13-бабының 2-тармағына, 14 және 76-баптарына сәйкестігін қарау туралы өтініш келіп түсті.

      АПК-нің жоғарыда аталған ережесінің Конституцияға сәйкестігі мәселесін қарау кезінде Конституциялық Сот мыналарды негізге алады.

      1. Сот арқылы қорғалу құқығы абсолютті және олардан ешкім айыра алмайтын құқықтар мен бостандықтарға жатады, бір мезгілде басқа да құқықтар мен бостандықтардың кепілі болып табылады және ешбір жағдайда шектелуге жатпайды (Негізгі Заңның 12-бабының 2-тармағы, 13-бабының 2-тармағы және 39-бабының 3-тармағы).

      Келтірілген конституциялық ережелерден Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің (Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1966 жылғы 16 желтоқсандағы 2200А (ХХІ) резолюциясымен қабылданған және 2005 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған) 14-бабымен өзара байланыста мемлекет iстің құзыреттi, тәуелсіз және бейтарап сот арқылы әдiл және жария түрде қаралуын қамтамасыз етуге тиіс екені шығады.

      Конституцияда Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды мақсат етіп қояды. Конституцияда белгіленген сот төрелігі қағидаттары Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады деп белгіленген (75-баптың 1-тармағы, 76-баптың 1-тармағы және 77-баптың 4-тармағы).

      "Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар" деген конституциялық қағидат кез келген адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтіру үшін сотқа жүгінуге, сондай-ақ сот шешімдеріне шағым жасауға құқығы бар екенін білдіреді. (Конституциялық Соттың 2023 жылғы 22 ақпандағы № 3 нормативтік қаулысы). Негізгі Заңда әркімге құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалу құқығына кепілдік беріле отырып және сот төрелігінің конституциялық қағидаттары айқындала отырып, оны жүзеге асыру тәртібі тікелей бекітілмейді. Бұл мәселелер сот құрылысы және сот ісін жүргізу мәселелеріне қатысты негізгі қағидаттар мен нормаларды белгілейтін заңдарда реттеледі.

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (бұдан әрі – Жоғарғы Сот), жергілікті және басқа да соттардың азаматтық істерді қарау өкілеттіктері бекітілген. Жоғарғы Сот азаматтық істер жөніндегі жоғары сот органы болып айқындалған (17-бап).

      Түрлі деңгейдегі соттардың құзыреті заңмен олардың жүргізуіне жатқызылған істер бойынша айқындалады, бұл жағдайда істерді қараудың процестік тәртібі барлығына қатысты бірыңғай және міндетті болып табылады және тұлғалардың бір тобына қандайда бір артықшылықтар жасамауға, сол сияқты ешкімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалу құқығына нұқсан келтірмеуге тиіс (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің (бұдан әрі – Конституциялық Кеңес) 1999 жылғы 5 мамырдағы № 8/2 нормативтік қаулысы).

      АПК-де істерді қарау тәртібі белгілене отырып, азаматтық сот ісін жүргізудің негізгі қағидаттары ретінде сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы (7-бап), әркімнің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғау құқығы (8-бап), жұрттың бәрінің заң мен сот алдындағы теңдігі (13-бап) және сот актілеріне шағым жасау бостандығы (22-бап) көзделген. Әркімнің азаматтық процесс барысында білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі (АПК-нің 18-бабы).

      Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең деген адам құқықтары мен міндеттерінің тең болуын, мемлекеттің осы құқықтарды тең қорғауын және адамның заң алдында тең жауаптылығын білдіреді.

      Құқық субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінде айырмашылықтарға алып келетін құқықтық реттеуді кез келген саралауды заң шығарушы Конституция талаптарын, оның ішінде заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең қағидатына сәйкес келетін талаптарды сақтай отырып жүзеге асыруға тиіс. Конституцияның 14-бабының 1-тармағында көзделген бұл қағидат қабылданатын заңдарда адамдардың құқықтарында объективті және ақылға қонымды негіздемесі жоқ айырмашылықтар белгіленбейді дегенді білдіреді. Конституциялық Сот бірнеше рет атап көрсеткендей, адам құқықтары мен бостандықтарын заңнамалық шектеулер заңдық тұрғыда негізделген мақсаттарға барабар болуға және әділдік, пропорционалдылық және мөлшерлестік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      2. Бұзылған құқықтарды тиімді қалпына келтіру тетігін құру мақсатында АПК нормаларында апелляциялық сатыда – заңды күшіне енбеген, кассациялық сатыда заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау рәсімдері көзделген.

      Заң шығарушы тап осы бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда әркімнің құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына конституциялық құқығын іске асыру үшін құқықтық шаралар қабылдаған, өйткені апелляциялық сатыдағы сотқа істегі дәлелдемелерді, сондай-ақ бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуге неғұрлым жақындатылған жағдайларда тараптар ұсынған жаңа дәлелдемелерді зерттей отырып, бірінші сатыдағы сот олқылықтарының орнын толтыру құқығы берілген. АПК-нің апелляциялық шағым жасау рәсімі сақталмай заңды күшіне енген сот актілерінің кассациялық сатыда қарауға жатпайтыны туралы нормасы да заң шығарушының бірінші сатыдағы сот актілерін қайта қараудың негізгі ауыртпалығын апелляциялық сатыдағы сотқа ауыстыруын айғақтайды.

      Кассациялық сатыдағы сот істегі материалдар бойынша өтінішхаттың, ұсынудың немесе наразылықтың дәлелдері шегінде сот актілерінің заңдылығын (АПК-нің 449-бабының бірінші бөлігі) жаңа дәлелдемелерді зерттемей тексереді.

      Заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау негiздері болып айқындалған (АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігі).

      Мұндай сот актілерін кассациялық сатыда қайта қараудың санамаланған негіздері талап қою сомасы екі мың АЕК-тен кем болған кезде жеке тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін жалпы кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттың негізіне алынбайды.

      Кассациялық шағым жасау мүмкіндігін мұндай тарылту қорғалатын құқықтар мен процестік шығындардың мөлшерлестігін қамтамасыз ету мақсаттарына сәйкес келеді және заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең деген конституциялық қағидатқа жол бермейді және оны бұзады деп қаралмайды.

      Бұған дейін Конституциялық Сот 2023 жылғы 16 мамырдағы № 13 нормативтік қаулысында әркімге өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалу құқығының мазмұнын аша отырып, құқықтық ұстанымдарын жазған болатын, оларға сәйкес:

      1) Негізгі Заңда сот сатыларының саны және олардың жұмыс істеу тәртібі тікелей бекітілмейді, бұл мәселелер Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайтын процестік заңдар деңгейінде регламенттеуге жатады, ол өз құзыреті шеңберінде аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар шығаруға құқылы;

      2) Конституцияда кепілдік берілген әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалу құқығы мемлекеттің заңды күшіне енбеген сот актілерін апелляциялық тәртіппен қайта қарау шеңберінде істі мәні бойынша қайтадан қарау мүмкіндігімен тап осы бірінші сатыдағы сотта істі әділ талқылау үшін жағдайларды қамтамасыз етуін көздейді;

      3) заңды күшіне енген сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау мүмкіндігі сот төрелігін іске асырудың қосымша кепілдігі болып табылады, бұл ретте осы сатыдағы негіздер мен рәсімдерді айқындау заң шығарушының құзыретіне кіреді.

      Конституциялық Сот белгіленген құқықтық ұстанымдар мен тәсілдерді назарға ала отырып, АПК-нің қаралып отырған нормасының қолданыстағы редакциясы өзінің конституциялық-құқықтық мағынасы бойынша Конституцияға қайшы келмейді, өйткені сот төрелігін іске асырудың қосымша кепілдігі болып табылатын кассациялық сатыға қол жеткізу жол берілу шарттары сақталған кезде беріледі деп есептейді.

      Мұндай реттеуге әркімнің сот арқылы қорғалу құқығымен үйлеспейді деп баға беруге болмайды, өйткені ол заңды күшіне енген құқыққа сыйымды әрі әділ сот актілерінің орындалу тұрақтылығына, сот жүйесі қаражаты мен ресурстарын пайдаланудың процестік тиімділігіне ықпал ету мақсаттарын көздейді. Ол кассациялық іс жүргізу мақсаттарына, құқықтық табиғаты мен мәніне мөлшерлес болуға тиіс.

      Осыған орай Конституциялық Сот заң шығарушы талап қоюдың белгілі бір сомасы кезінде жеке тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты істер бойынша сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға шектеулердің белгіленуіне қарамастан, АПК-нің 438-бабының алтыншы бөлігінде (қабылданған қаулының орындалуы адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін болатын; қабылданған қаулы адамдардың әлдеқандай тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын; қабылданған қаулы соттардың құқық нормаларын түсіндіруіндегі және қолдануындағы бірізділікті бұзатын жағдайларда) аталған шектеуді еңсерудің айрықша негіздерін көздеген деп атап өтеді.

      Аталған тәсіл құқықтық айқындылық қағидатына негізделген, ол құқық үстемдігінің және әділ сот талқылауы құқығының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, құқықтық реттеудің тұрақтылығы мен сот шешімінің орындалуын көздейді.

      3. Конституциялық Сот заң шығарушы бұл мәселеде Конституция шегінде, әсіресе, адамның кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарына қатысты құқық үстемдігі призмасы арқылы ақылға қонымды дискрецияны қолдана алады деп атап өтеді. Конституциялық Сот өзiнiң қорытынды шешiмдерiнiң бiрiнде заң шығарушы сот төрелігіне қолжетімділік пен оның тиімділігі арасында ақылға қонымды теңгерімді табуға тиіс деп баса атап көрсетті (2023 жылғы 22 ақпандағы № 3 нормативтiк қаулы). Дербес кассациялық соттардың құрылуына байланысты "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 21 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы осындай шешімнің мысалы болып табылады, онда 2027 жылғы 1 шілдеден бастап АПК-нің 434-бабы екінші бөлігінің 3) тармақшасын алып тастау көзделеді. Бұл осы санат бойынша істер көрсетілген күнінен бастап тек айрықша негіздер бойынша ғана емес, жалпы негіздер бойынша да кассациялық тәртіппен қайта қаралады дегенді білдіреді, бұл азаматтардың кассациялық сатыға қол жеткізуін кеңейтеді. Сонымен бірге, заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексерудің заң деңгейіндегі ықтимал жаңа тәсілдері мен рәсімдері, олар белгіленген жағдайда, құқықтық және әлеуметтік мемлекет мақсаттарына барынша сай келуге және құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бірыңғай сот практикасын қалыптастыру және құқық үстемдігі мақсатында заңнаманы түсіндіру үшін іргелі маңызы бар құқық мәселелерін шешу міндетіне сәйкес келуге тиіс.

      Осы жазылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 3-тармағын және 74-бабының 3-тармағын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабы 4-тармағының 3) тармақшасын, 5558, 62-баптарын, 64-бабының 2, 3-тармақтарын және 65-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 434-бабы екінші бөлігінің 3) тармақшасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін кассациялық сатыға қол жеткізу бөлігінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының осы нормативтік қаулыда жазылған құқықтық ұстанымдарына сәйкес одан әрі жетілдіру мәселесін қарау ұсынылсын.

      3. Осы нормативтік қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағым жасалуға жатпайды.

      4. Осы нормативтік қаулы заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесінде және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

      Қазақстан Республикасының
Конституциялық Соты

Нормативное постановление Конституционного Суда Республики Казахстан от 24 декабря 2024 года № 56-НП "О рассмотрении на соответствие Конституции Республики Казахстан подпункта 3) части второй статьи 434 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан от 31 октября 2015 года"

Нормативное постановление Конституционного Суда Республики Казахстан от 24 декабря 2024 года № 56-НП.

      ИМЕНЕМ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

      Конституционный Суд Республики Казахстан в составе Председателя Азимовой Э.А., судей Ескендирова А.К., Жакипбаева К.Т., Жатканбаевой А.Е., Кыдырбаевой А.К., Мусина К.С., Онгарбаева Е.А., Подопригоры Р.А. и Сарсембаева Е.Ж., с участием:

      субъекта обращения Колесникова В.В.,

      представителей:

      Министерства юстиции Республики Казахстан – вице-министра Мерсалимовой Л.К.,

      Судебной администрации Республики Казахстан – заместителя руководителя Мусралинова А.С.,

      Генеральной прокуратуры Республики Казахстан – советника Генерального Прокурора Адамова Т.Б.,

      Национального центра по правам человека – заведующего Отделом совершенствования законодательства Беисова Б.М.,

      Аппарата Мажилиса Парламента Республики Казахстан – заведующего сектором Отдела законодательства Сыздыковой Т.Ю.,

      Аппарата Сената Парламента Республики Казахстан – заместителя заведующего Отделом законодательства Сартаевой Н.А.,

      Республиканской коллегии адвокатов – члена научно-консультативного совета Дельманова С.С.,

      Института законодательства и правовой информации Республики Казахстан – заместителя директора Джангарашева Р.М.,

      рассмотрел в открытом заседании обращение Колесникова В.В. о проверке на соответствие Конституции Республики Казахстан подпункта 3) части второй статьи 434 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан от 31 октября 2015 года (далее – ГПК).

      Заслушав докладчика – судью Конституционного Суда Республики Казахстан Кыдырбаеву А.К. и участников заседания, изучив материалы конституционного производства, проанализировав нормы действующего права Республики Казахстан и отдельных зарубежных стран, Конституционный Суд Республики Казахстан

установил:

      В Конституционный Суд Республики Казахстан (далее – Конституционный Суд) поступило обращение о рассмотрении на соответствие пункту 2 статьи 13, статьям 14 и 76 Конституции Республики Казахстан (далее – Конституция, Основной Закон) подпункта 3) части второй статьи 434 ГПК в части установленного ограничения на пересмотр в кассационном порядке судебных актов по делам, связанным с имущественными интересами физических лиц при сумме иска менее двух тысяч месячных расчетных показателей (далее – МРП).

      При рассмотрении вопроса о соответствии Конституции вышеуказанного положения ГПК Конституционный Суд исходит из следующего.

      1. Право на судебную защиту относится к абсолютным и неотчуждаемым правам и свободам, одновременно выступает гарантией других прав и свобод и не подлежит ограничению ни в каких случаях (пункт 2 статьи 12, пункт 2 статьи 13 и пункт 3 статьи 39 Основного Закона).

      Из приведенных конституционных положений во взаимосвязи со статьей 14 Международного пакта о гражданских и политических правах (принят резолюцией 2200А (ХХI) Генеральной Ассамблеи Организации Объединенных Наций от 16 декабря 1966 года и ратифицирован Законом Республики Казахстан от 28 ноября 2005 года) следует, что государство должно обеспечивать справедливое и публичное разбирательство дела компетентным, независимым и беспристрастным судом.

      Конституция устанавливает, что правосудие в Республике Казахстан осуществляется только судом. Судебная власть осуществляется от имени Республики Казахстан и имеет своим назначением защиту прав, свобод и законных интересов граждан и организаций. Принципы правосудия, установленные Конституцией, являются общими и едиными для всех судов и судей Республики (пункт 1 статьи 75, пункт 1 статьи 76 и пункт 4 статьи 77).

      Конституционный принцип "каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод" означает право любого человека и гражданина обратиться в суд за защитой и восстановлением нарушенных прав и свобод, а также обжаловать решения судов (нормативное постановление Конституционного Суда от 22 февраля 2023 года № 3). Основной Закон, гарантируя каждому право на судебную защиту прав и свобод и определяя конституционные принципы правосудия, прямо не закрепляет порядок его реализации. Эти вопросы регулируются законами, устанавливающими основополагающие принципы и нормы, касающиеся вопросов судоустройства и судопроизводства.

      Конституционным законом Республики Казахстан от 25 декабря 2000 года "О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан" закреплены полномочия Верховного Суда Республики Казахстан (далее – Верховный Суд), местных и других судов по рассмотрению гражданских дел. Верховный Суд определен высшим судебным органом по гражданским делам (статья 17).

      Компетенция судов разных уровней определяется кругом дел, отнесенных законом к их ведению, а процессуальный порядок рассмотрения дел в этом случае является единым и обязательным в отношении всех и не должен создавать какие-либо привилегии для одной группы лиц, равно как не ущемлять чье-либо право на судебную защиту своих прав и свобод (нормативное постановление Конституционного Совета Республики Казахстан (далее – Конституционный Совет) от 5 мая 1999 года № 8/2).

      ГПК, устанавливая порядок рассмотрения дел, в качестве основополагающих принципов гражданского судопроизводства предусмотрел осуществление правосудия только судом (статья 7), право каждого на судебную защиту прав, свобод и законных интересов (статья 8), равенство всех перед законом и судом (статья 13) и свободу обжалования судебных актов (статья 22). Каждый имеет право на получение в ходе гражданского процесса квалифицированной юридической помощи. В случаях, предусмотренных законом, юридическая помощь оказывается бесплатно (статья 18 ГПК).

      Равенство всех перед законом и судом означает равенство прав и обязанностей личности, равную защиту государством этих прав и равную ответственность личности перед законом.

      Любая дифференциация правового регулирования, приводящая к различиям в правах и обязанностях субъектов права, должна осуществляться законодателем с соблюдением требований Конституции, в том числе соответствующих принципу равенства всех перед законом и судом. Данный принцип, предусмотренный пунктом 1 статьи 14 Конституции, означает, что принимаемыми законами в правах лиц не могут устанавливаться различия, которые не имеют объективного и разумного обоснования. Как неоднократно указывал Конституционный Суд, законодательные ограничения прав и свобод человека должны быть адекватными законно обоснованным целям и отвечать требованиям справедливости, пропорциональности и соразмерности.

      2. В целях создания механизма эффективного восстановления нарушенных прав нормами ГПК предусмотрены процедуры пересмотра в апелляционной инстанции судебных актов, не вступивших в законную силу, и в кассационной – вступивших в законную силу.

      Законодателем приняты правовые меры для реализации конституционного права каждого на судебную защиту прав и свобод именно в судах первой и апелляционной инстанций, поскольку суд апелляционной инстанции наделен правом восполнить пробелы суда первой инстанции с исследованием доказательств, имеющихся в деле, а также новых, представленных сторонами, в условиях, наиболее приближенных к производству в суде первой инстанции. Норма ГПК о том, что судебные акты, вступившие в законную силу, без соблюдения процедуры апелляционного обжалования не подлежат рассмотрению в кассационной инстанции, также свидетельствует о переносе законодателем основного бремени пересмотра судебных актов первой инстанции на суд апелляционной инстанции.

      Суд кассационной инстанции проверяет законность судебных актов по имеющимся в деле материалам в пределах доводов ходатайства, представления или протеста (часть первая статьи 449 ГПК) без исследования новых доказательств.

      Основаниями пересмотра вступивших в законную силу судебных актов в кассационном порядке определены существенные нарушения норм материального и процессуального права, предусмотренные статьей 427 ГПК, которые привели к вынесению незаконного судебного акта (часть пятая статьи 438 ГПК).

      Перечисленные основания пересмотра таких судебных актов в кассационной инстанции не могут быть положены в основу ходатайства о пересмотре вступивших в законную силу судебных актов в общем кассационном порядке по делам, связанным с имущественными интересами физических лиц при сумме иска менее двух тысяч МРП.

      Указанное сужение возможности кассационного обжалования отвечает целям обеспечения соразмерности защищаемых прав и процессуальных издержек и не может рассматриваться как недопустимое и нарушающее конституционный принцип равенства всех перед законом и судом.

      Ранее Конституционный Суд, раскрывая содержание права каждого на судебную защиту своих прав и свобод, в нормативном постановлении от 16 мая 2023 года № 13 изложил правовые позиции, согласно которым:

      1) Основной Закон прямо не закрепляет количество судебных инстанций и порядок их работы, эти вопросы отнесены к регламентации на уровне процессуальных законов, принимаемых Парламентом Республики Казахстан, который вправе в рамках своей компетенции издавать законы, регулирующие важнейшие общественные отношения;

      2) гарантированное Конституцией право каждого на судебную защиту своих прав и свобод предполагает обеспечение государством условий для справедливого разбирательства дела именно в суде первой инстанции с возможностью повторного рассмотрения дела по существу в рамках пересмотра не вступивших в законную силу судебных актов в апелляционном порядке;

      3) возможность пересмотра судебного акта, вступившего в законную силу, в кассационном порядке является дополнительной гарантией отправления правосудия, при этом определение оснований и процедур на этой стадии входит в компетенцию законодателя.

      Принимая во внимание обозначенные правовые позиции и подходы, Конституционный Суд полагает, что действующая редакция рассматриваемой нормы ГПК по своему конституционно-правовому смыслу не противоречит Конституции, так как доступ к кассационной инстанции, являющейся дополнительной гарантией отправления правосудия, предоставляется при соблюдении допустимых условий.

      Такое регулирование не может расцениваться как не совместимое с правом каждого на судебную защиту, поскольку преследует цели содействия стабильности исполнения вступивших в законную силу правомерных и справедливых судебных актов, процессуальной эффективности использования средств и ресурсов судебной системы. Оно должно быть соразмерным целям, правовой природе и предназначению кассационного производства.

      В связи с этим Конституционный Суд отмечает, что законодатель, несмотря на установление ограничения для пересмотра в кассационном порядке судебных актов по делам, связанным с имущественными интересами физических лиц при определенной сумме иска, тем не менее в части шестой  статьи 438 ГПК предусмотрел исключительные основания преодоления данного ограничения (исполнение принятого постановления может привести к тяжким необратимым последствиям для жизни, здоровья людей либо для экономики и безопасности Республики Казахстан; принятое постановление нарушает права и законные интересы неопределенного круга лиц или иные публичные интересы; принятое постановление нарушает единообразие в толковании и применении судами норм права).

      Данный подход основан на принципе правовой определенности, который является одним из основополагающих элементов верховенства права и права на справедливое судебное разбирательство, предполагает стабильность правового регулирования и исполнимость судебного решения.

      3. Конституционный Суд отмечает, что законодатель может применить в данном вопросе разумную дискрецию через призму верховенства права в пределах Конституции, особенно в отношении гарантированных прав и свобод человека. Конституционный Суд в одном из своих итоговых решений подчеркнул, что законодатель должен найти разумный баланс между доступностью и эффективностью правосудия (нормативное постановление от 22 февраля 2023 года № 3). Примером такого решения в связи с созданием самостоятельных кассационных судов является Закон Республики Казахстан от 21 ноября 2024 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам реформирования судебной системы и совершенствования процессуального законодательства", который предусматривает исключение подпункта 3) части второй статьи 434 ГПК с 1 июля 2027 года. Это означает, что дела по данной категории с указанной даты будут пересматриваться не только по исключительным, но и по общим основаниям в кассационном порядке, что расширит доступ граждан к кассационной инстанции. Вместе с тем возможные на уровне закона новые способы и процедуры проверки законности и обоснованности вступивших в законную силу судебных актов, в случае их установления, должны наилучшим образом отвечать целям правового и социального государства и соответствовать задаче решения вопросов права, имеющих фундаментальное значение для обеспечения правовой стабильности, формирования единой судебной практики и толкования законодательства в целях верховенства права.

      На основании изложенного, руководствуясь пунктом 3 статьи 72 и пунктом 3 статьи 74 Конституции Республики Казахстан, подпунктом 3) пункта 4 статьи 23, статьями 55 – 5862, пунктами 2 и 3 статьи 64 и подпунктом 2) пункта 1 статьи 65 Конституционного закона Республики Казахстан от 5 ноября 2022 года "О Конституционном Суде Республики Казахстан", Конституционный Суд Республики Казахстан

постановляет:

      1. Признать соответствующим Конституции Республики Казахстан подпункт 3) части второй статьи 434 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан.

      2. Рекомендовать Правительству Республики Казахстан рассмотреть вопрос о дальнейшем совершенствовании Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан в соответствии с правовыми позициями Конституционного Суда Республики Казахстан в части доступа к кассационной инстанции, изложенными в настоящем нормативном постановлении.

      3. Настоящее нормативное постановление вступает в силу со дня его принятия, является общеобязательным на всей территории Республики Казахстан, окончательным и обжалованию не подлежит.

      4. Опубликовать настоящее нормативное постановление на казахском и русском языках в периодических печатных изданиях, получивших право на официальное опубликование законодательных актов, единой системе правовой информации и на интернет-ресурсе Конституционного Суда Республики Казахстан.

      Конституционный Суд
Республики Казахстан